Ердоған Түркияда 12 ақпанға дейін қаралы күн жариялады
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елде жер сілкінісінен екі мыңнан астам адамның қаза табуына байланысты қаралы күн жариялады. Қарлы күн 12 ақпанға дейін жалғасады. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Еске сала кетсек, 6 ақпанға қараған түні Түркияның Газиантеп қаласының маңында магнитудасы 7,4 болатын күшті жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері тағы бірнеше провинцияда, сондай-ақ Сирия мен Ливанда сезілді. 2,8 мыңға жуық ғимарат қираған.
Табиғат апатынан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдап, үкіметке Түркияға жер сілкінісінің салдарын жоюға көмектесуді тапсырды. Сонымен қатар 6 ақпан күні Түркияның орталық бөлігінде Астана уақытымен сағат 16:24-те 7,7 балдық жаңа жер сілкінісі тіркелді.
Кейбір мәлімет бойынша жерасты дүмпулері елдің шығыс бөлігінде де сезілген. Жер сілкінісі Түркия астанасы Анкарада да сезілді. БАҚ жерасты дүмпулерін көршілес Сирия мен Ливияда да сезілгенін хабарлады. Соңғы ақпарат бойынша Түркияда зілзала салдарынан 2921 адам қайтыс болды.