Ердоған Украинаның НАТО-ға кіруі туралы өз ойын ашық айтты

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған президент Владимир Зеленскиймен келіссөздерден кейін Украинаның НАТО-ға мүше болуға лайық екенін айтты, – деп хабарлайды altyn-orda.kz

“Украина, сөзсіз, НАТО-ға мүшелікке лайық. Сіздердің қатысуларыңызда бір нәрсені қайталап айтқым келеді: әділ бейбітшілік орнаған сәттен бастап ешкім ұтылмайды”, – деді Түркия басшысы Зеленскиймен бірлескен брифинг барысында.

 

Сондай-ақ Ердоған Түркия Украинаның «аяққа тұруына» көмектесетінін айтты. «Украинаның осы нарығында көшбасшы болып табылатын құрылыс компанияларымыз украиндық достарымызға елді қалпына келтіруге көмектеседі», – деді Түркия президенті.

Ердоған мен Зеленский келіссөздері жұма күні, 7 шілдеде Ыстамбұлда өтті. Ел басшылары Украинадағы жағдайды, сондай-ақ мерзімі 17 шілдеде аяқталатын астық келісімін ұзарту мәселесін талқылады.