«Ерекше сыйлық»: Қайрат Нұртасқа концертінде тыңдарманы сүрленген ет пен қазы сыйлады (видео)

Қайрат Нұртасқа Оралдағы концертінде тыңдарманы тосынсый жасады. Хитменнің фанаты әншіге бір пакет сүрленген ет пен қазы тарту еткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл сәттің видеосы TikTok желісінде пайда болды. «Мынау — бағалы сыйлық. Мынау — өзіміздің Оралдың, Жайықтың суын ішіп, көк шөбін жеген жылқының сүрленген еті мен қазысы. Ақсоғым деген ауылдың еті. Менің замандастарым Нұртас пен Гүлзира ханымға тарту.

Алда 22 наурыз, «Орал халқының атынан», «Оралдың дәмі» деп еске алып жерсіңдер. Мен саған гүл сыйлағанша, ет сыйлап отырмын», — дейді әншіге сыйлық табыстаған әйел. Ал желі қолданушылары бұл сыйлықтың ерекше екенін айтып, жарыса пікір қалдыруда. «Жарайсыңдар, Орал», «Ерекше сыйлық», «Қандай керемет», «Енді сыйлық үйіне дейін аман-есен жетсе екен», «Қандай керемет», — деп пікір білдірді желідегілер.