Ерке Есмахан: «Махаббат жас түгілі жынысқа қарап жатқан жоқ»

Танымал әнші Ерке Есмахан оқырманның “Махаббат жасқа қарайды ма?” деген сауалына жауап берді.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Ойбой, махаббат жас түгілі жынысқа қарап жатқан жоқ. Сондықтан табиғаттың заңымен еркек пен әйел өосылса шүкір деңіздер. Алда не күтіп тұрғаны бір Аллаға мәлім”, – деп жазды Ерке Есмахан.

Ерке Есмахан Ақтөбенің тумасы, ал өзінен он екі жас кіші Райымбек Орал қаласынан. Оқырманды әншінің басқа қалаға, өзге ортаға қалай сіңісіп кетекені де қызықтырды. “Оралдың сөздері басқаша ма?” деген желі қолданушысының сұрағына Ерке Есмахан: “Өзім батыстың қызы болған соң қатты өзгеріс байқамадым. Тек жеңгені ол жақта “тәтей апа” дейді екен. Сол өте қызық болды. Мені мысалы, “тятяпа” дейді. Ұнайды”, – деп жауап берді.