Ерке Есмахан үшінші рет тұрмысқа шығатынын хабарлады
Күні кеше Ерке Есмахан дүйім жұртқа жеке өміріндегі жағымды жаңалығын жеткізді. Әнші өмірлік серігін жолықтырғанын айтып, ұзату тойының күні алыс емес екендігін айтқан, деп хабарлайды Экспресс К.
Бұл жайында Ерке өзінің 7 миллион оқырманы бар жеке парақшасында жариялады. Жұрттан сүйінші сұраған өнері иесі тойды қандай форматта өткізу керектігін ақылдасып, көпшілікпен кеңесуді жөн көрген.
«Алла бұйыртса, күйеуге шығамын! Ерке Есмахан дүркіретіп, үлкен инста-той жасап, ұзатылғаны дұрыс па? Әлде тып-тыныш, сырға салып, неке қиып жүре бергені дұрыс па? Сіздердің ақылдарыңыз қажет!»,
— деп жазды Ерке.
Есмаханның өз аузынан бұл қуанышты хабарды естіген желі қолданушылары әншіге бірден бақыт тілеп, жылы лебіздерін жарыса жазған.
«Уау, ақ көйлек, әппақ келін, онлайн той жасаңызшы», «Тып-тыныш кете бер», «Күйеуге шығу керек міндетті түрде. Тыныш па, дүркіретіп пе маңызды емес», «Әрине, дүркіретіп. Кімнен кемсіз? Іші тарлар қызығып та, қызғанып та көретіндей етіп шығыңыз»,
— деді оқырмандары.