«Ешак, мен сені тауып алам»: Кішкентай қызды бейтаныс еркек мас күйінде ұрлап кеткен (видео)

Әлеуметтік желіде кішкентай қызды бейтаныс ер адамның ұрлап кеткені туралы видео таралды. Видеодан ер адамның алкогольді ішімдік пайдаланғанын байқауға болады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Видеода аталған оқиға Қарасай ауданында болған деп жазылған. Байқағанымыздай, кішкентай қыз әйел адамнан көмек сұрап жылап тұр. Ал әйел, қызды ұрлаған Руслан есімді ер адамды видеоға түсіріп алған. Жәбір көрген қыз бала:  «Бұл аға мені өнер мектебіне апарып тастаймын деген. Ал ол болса, мені алып кетті»,- дейді Осы кезде ер адам үйден жылыстап шығып кетеді. Оған әйел адам: «Сені қайда апарып тастайын, көлігім бар менің»,- дегеніне қарамай күдікті белгісіз бағытқа жүре береді. Сол кезде әйел адам: «Ешак, мені сені тауып алам. Бұл қызды не істейін деп жүрсің? Қайта құдай маған әкелген екен айдап. Руслан тауып алам мен сені», — деп айқайлап қала береді.

oinet.kz