«Ешкімді бөліп-жарған жоқ»: Тоқаевтың боксшыларға қандай қымбат сыйлық табыстағаны белгілі болды
Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан әлем чемпионаты аяқталған соң, Қазақстан құрамасының барлық мүшелері мен бапкерлерді Ақордада арнайы қабылдады. Аталған жиында мемлекет басшысының қандай сыйлық бергені анықталды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
«Qazaq Ring» жобасында қонақ болған әлем чемпиондары Асланбек Шымбергенов пен Нұрбек Оралбай президентпен кездесудің қалай өткенін айтты. «Шыны керек қобалжыдым. Бірақ сөз сөйлегенім өзіме ұнады. Қайта-қайта көрдім, жақсы сөйлеппін. Президентке қарап, айтып бердім», — дейді Асланбек Шымбергенов.
«Президентіміз қуанып жатыр. Бүкіл қазақ қуанды ғой. 13 баланың ешбірін бөліп-жармай, бәрін шақырды. Өзінің сыйлығын берді. Тілегін айтты. Құдай қаласа, алда Олимпиада ойындары. Сол сында осылай өнер көрсету керектігін айтты. Сәттілік тіледі», — деді Нұрбек Оралбай. Сондай-ақ, Тоқаевтың боксшыларға қандай сыйлық тарту еткені де белгілі болды. Асланбек Шымбергеновтің айтуынша, мемлекет басшысы барлық боксшыға iphone 14 pro сыйлаған. «Президенттің боксшыларды қабылдауы біздің жігіттер үшін үлкен мотивация. Балалар әлем чемпионатын ұтты да, бірден президенттің қабылдауына кірді. Бұл әр адамға беріле бермейтін мүмкіндік», — деді мемлекеттік жаттықтырушы әрі 2013 жылғы әлем чемпионы Мерей Ақшалов.