Еуропа елдері сириялықтарға баспана беруді тоқтатпақ
Еуропа елдері енді Сириядан босқын қабылдамайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DW сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Аустрия «репатриация және депортация бағдарламасын» дайындап жатыр. Басқа елдер де сириялықтарға баспана беруді тоқтатпақ.
Германияның көші-қон органдары сириялық азаматтардың баспана сұраған өтініштерін қарауды уақытша тоқтатты. 9 желтоқсанда Германия ішкі істер министрлігін растады.
Германия министрлігінің мәлімдеуінше, егер өтініш берушінің еліндегі жағдай түсініксіз болса, көші-қон департаменті баспана беру туралы шешімді кейінге қалдыруға құқылы. Бұл Сирияға да қатысты.
Сириядағы оқиғаларға байланысты Германияның көші-қон және босқындар ісі жөніндегі федералдық басқармасы сириялық азаматтардың өтініштері бойынша кез келген баспана шешімдерін тоқтатты. Әрі босқындар Германиядан кетуге мәжбүр болады.
Германияға баспана сұрап 47 270 сириялық өтініш жазған. Германия ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, 2024 жылдың қазанына дейін елде 974 136 Сирия азаматы болған. Олардың үштен екісінен астамы баспана сұраған. Биыл Сирия азаматтары Германиядан пана іздеушілер саны бойынша бірінші орында тұр. Қаңтар мен қараша аралығында оларға 74 971 өтініш келіп түскен. 83% жағдайда олар оң жауап алды.
Аустрия билігі 9 желтоқсанда сириялықтарды қабылдауды тоқтатты. Елдің Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 7300-ге жуық бастапқы өтінішті қарау тоқтатылған. Барлық бұрын мақұлданған өтінімдер де қайта тексерілмек. Сириялық отбасын біріктіру бағдарламасы да тоқтатылды.
Ұлыбритания, Дания, Италия, Нидерланды, Норвегия, Швейцария және Швецияның билігі де босқындардың баспана туралы өтініштерін қарауды тоқтату туралы шешім қабылдағаны белгілі болды. Францияда да босқындар қабылдау тоқтатылмақ.
Еске салайық, бұған дейін «Хайят Тахрир аш-Шам» содырлар тобы Сирия президенті Башар Асадтың елден кеткенін және Дамаск астанасын басып алғанын мәлімдеді. Дамасктегі көтерілісшілер мемлекеттік телеарна эфирінде жеңіске жеткендерін жариялады. Сириялық содырлар мемлекеттік телеарна мен Дамаск радиосы арқылы эфирге шығып, президент Башар Асад режимін құлатқандарын және саяси тұтқындарды босатқанын хабарлады.