Геосаяси тұрғыдан Ресей ұтылып қалды – Макрон

Ресей Украинадағы соғыста геосаяси тұрғыдан жеңіліп, Қытайдың вассаждығына кіре бастады, деді Франция президенті Эммануэль Макрон 14 мамырда жарияланған L’Opinion басылымына берген сұхбатында. Ол Мәскеу мен Бейжің арасындағы қазіргі қарым-қатынасты, сондай-ақ Финляндия мен Швеция арқылы Солтүстік Атлантикалық альянстың кеңеюін ескере отырып, осындай қорытынды жасады.

Макронның айтуынша, Ресей президенті Путин жұмылдыруды жариялағалы бері Ресейдің бірде-бір «арнайы әскери операциясы» мүмкін емес. Қытайға тәуелділіктен басқа, Ресей Балтық жағалауынан айырылды, өйткені оның әрекеттері Швеция мен Финляндияның НАТО-ға кіруін жылдамдатты, деп атап өтті Макрон. Екі жыл бұрын бұл мүмкін емес еді, бірақ бүгінде бұл геосаяси жеңіліс, деді Макрон. Франция президенті Ресей әскери жолмен жеңе алмайды деп есептейді.

Ол сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада еуропалық қауіпсіздік архитектурасы Украинаның болашағын толығымен қамтуы керек екенін, бірақ бұл үшін тағы да көптеген қадамдар қажет екенін атап өтті.

 

 

Керімсал Жұбатқанов