Гүлзира Айдарбекованың кіші ұлы Заңғар Нұртас ажырасып кеткен бе?

Продюсер Гүлзира Айдарбекованың кіші ұлы Заңғар мен оның жары Жібекпен арадағы қарым-қатынасы желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.  

Желіде әр қадамын аңдып жүретін оқырмандар продюсердің ұлы мен келіні ажырасып кетті деп болжауда. Себебі, соңғы уақытта жас жұбайлар уақыттарын бірге емес, екі бөлек өткізіп жүр.

Мәселен, екі күн бұрын Заңғар Гонконгке жалғыз өзі сапар шеккен. Оның үстіне ол әйелімен түскен барлық суреттерін Instagram-дағы парақшасынан өшіріп тастаған. Дәл сондай әрекетті Жібек те жасаған.

Продюсердің келіні Жібек осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіге ерекше видео жүктеді. Онда Жібек жалғыз өзі жүгіріп бара жатыр. Видеоны көрген желі оқырмандары екеуінің ажырасып кеткеніне сенімді сияқты.

«Заңғар қайда?». «Олар осыдан былай бірге емес». «Кеше ғана үйленген еді, өкінішті». «Той жасап ысырып жасады», — деп жазды желі оқырмандары.