Халқы бүрсең қаққан Екібастұз қаласының әкімі мен әйелі қалай өмір сүріп жатыр (ФОТО)
Жалпы, Екібастұз қаласына жауапты Аян Бейсекиннің отбасына қатысты дерек, үйленгендігі туралы ресми ақпарат көздерінде айтылмайды. Дегенімен, инстаграмда белсенді әкім әйелі мен қыздарының суретін желіде жариялапты.
Әкімнің әйелі Назым Бейсекин болса, инстаграмдағы парақшасында қыздарын, олардың туған күндерін жақсылап атап өткендіктерін жиі көрсетеді. Қымбат локацияда арнайы фотосессия да жасайды. Instagram парақшасында шалқыған өмірінен хабардар беретін біраз фото-суреттер байқауға болады. Бұған дейін қымбат дастархан жайып түскен суретті, устрица, шаян сияқты экзотикалық тағамдар жеген фото-видеолары да болған. Неге екені белгісіз, қазір оларды өшіріп үлгеріпті.
Отбасылық демалыстарын жағажайда, күнге қыздырынып өткізеді екен. Таңдауы қымбат қонақүйлерге түсетін секілді.
Ал, дүкен аралап, балаларына әдемі ойыншықтар алып жүргенде түскен мына фотосындағы Lacoste бас киіміне қарап, қымбат брендтерден киінгенді құп көретінін де аңғаруға болады.
Сондай-ақ, әкімнің келіншегі танымал әнші Nazima-мен жақын араласатынға ұқсайды. (Қызығы, бұл фотоның артқы фонында әкімнің өзі де көрініп қалыпты. Бір қарағанда іші пысып отырған сияқты көрінеді)
Caravan.kz