Халық Ағарту Комиссариатының тарихы
ЖОСПАР
Кіріспе.
- Халық Ағарту Комиссариаты қорының пайда болуын сынау.
1.1 Халық Ағарту Комиссариатының тарихы
1.2 Халық Ағарту Комиссариаты қорындағы құжаттардың құрамы мен сипаты.
- Халық Ағарту Комиссариаты қоры құжаттарының Қазақстанның мәдени даму тарихындағы деректік маңызы.
2.1 Халық Ағарту Комиссариаты құжаттары беттеріндегі Қазақстандағы XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы ағарту мәселесі
2.2 Халық Ағарту Комиссариаты құжаттары беттеріндегі мәдениет пен ғылым орталықтарының қалыптасу кезеңдері.)
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе.
Бітіру жұмысының өзектілігі. Казіргі уақытта халқымыз өркениетке ұмтылып, ұлттық сана-сезімді калыптастыруға кіріскен тұста және Қазақстан Республикасының бүкіл дүниежүзілік тарихи процесте алатын орны айқындалып жатқан кезде оның өткен тарихын жан-жақты оқып-үйрену мен зерттеудің қажеттілігі артып, оған үлкен мән берілуде. Әсіресе, мұндай қажеттілік Қазақстан тарихының кейбір күрделі кезеңдерін мұқият зерттеп, қалыптасқан көзқарастарды өзгертіп, қайта қарау да заңды құбылысқа айналды. Себебі, Кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйе жағдайында қалыптасқан тарих ғылымы ел өміріндегі елеулі оқиғалар мен фактілерді көп жағдайда біржақты көрсетіп, ақиқатты бұрмалап, қисынсыз пікірлерге негізделген теориялық тұжырымдымалардың пайла болып, орнығуына жол ашылды. Ал Қазақстанның тәуелсіздік алуына байланысты тарихи оқиғаларды жаңа тарихи таным бағытында шынайы, төл деректер негізінде қайта зерттеп, зерделеу мүмкіндігі туды.
Қазіргі таңда оқу-ағарту мен мәдениет мәселесінің еліміз тарихындағы ролі бағалануы. Әсіресе, кеңестік мәдени-ағарту жүйесі туралы қалыптасқан көзкарастарды қайта қарау тарихшылар алдындағы үлкен міңдст. Мәселені шынайы, ақиқатты тұрғыдан зерттеу, төл деректерді пайдаланып, деректанулық талдау негізінде жүзеге асады. Кеңес билігі орнаған бетте-ақ Қазақстандағы білім, мәдениеттің дамуына баса назар аударылды. Бұл жағдай қоғамдық өмір мен мәдениеттің тоғысқан орны – Халық Ағарту Комиссариатын үлкен рухани орталыққа айналдырды. Қазақстандағы XX ғасырдағы 20-30 жылдардағы мәдениет тарихын Халық Ағарту Комиссариаты қорының құжаттарын деректанулық талдаудан өткізу арқылы зерттеу әлі де болса қолға алынбаған.
Бітіру жұмысында зерттеліп отырылған тақырып, бүгінгі таңда Отан тарихында өзекті мәселенің бірі ретінде көптеген зерттеушілердің қызығушылығын тудырып, зерттеу обьектісіне айналғаны тарихнамаға қосылған еңбектерден белгілі. Сондықтан, кез-келген зерттеуші зерттеліп отырған мәселенің өзектілігін ашу үшін мұрағат қойнауындағы деректерге жүгінеді. Деректанулық тұрғыдан айтар болсақ, тарихи деректанудың өзекті мәселесі – деректегі барлық сақталған ақпаратты ала білу жолдарын іздестіружәне сол ақпаратты тарихи зерттеулерде ғылыми пайдалана білу тәсілдерін жасау, ал сол тәсілдерінің ең бастыларының бірі – деректанулық сын. Деректік құжаттар зерттеу мәсеелесінің шынайы түрдегі ғылыми құндылығын арттырады. Тарихтың жемі болып табылатын кез-келген шынайы дерек өзінің табиғаты жағынан обьективті, өйткені ол белгілі-бір оқиғаның немесе қоғамдық құбылыс салдарынан пайда болды. Сондықөтан сол оқиға не қоғамдық құбылысөз бойында мәлімет сақтайды. Екінші жағынан, кез-келген дерек субьективті, себебі оны белгілі бір субьект жасайды. Жазба деректердің үлкен тобын құрайтын мұрағаттық құжаттарға, Соның ішінде Халықт Ағарту Комиссариаты қорының құжаттарына, Қазақстандағы XXғасырдың 20-30 жылдарының мәдени процестерге қатысты туындаған оқиғаларға обьективті баға беру үшін, дәл осындай талдаудан өткізу қажет. Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік Мұрағатында жиналған Халық Ағарту Комиссариаты қорының құжаттарын жүйелеп, оларды деректік талдаудан өткізу қажеттілігі зерттеліп отырған тақырыптың өзектілігін дәлелдей түседі.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Халық Ағарту Комиссариаты қоры кұжаттарының зерттелуі 1920-30 жыдарда-ақ басталды. Оның себебі Комиссариат казақ зияллыларының ең көп топтаскан басты мекемелердің бірі еді. 1920 жылдардан-ақ, Қазақстандағы мәдени-ағарту мәселесі Халық Ағарту Комиссариатында қызмет еткен зиялылардың зерттеу объектісіне айналды. Халық Ағарту Комиссары А.Байтүрсыновтың ағарту саласындағы сіңірген еңбегі, алар орны белгілі казақ зиялыларының мақалаларыңда ашылды /1/. Сонымен катар, алаштық зиялылар мәселесін, олардың 20-30 жылдардағы мәдени құрылысқа сіңірген еңбектерін алғашқылардың бірі болып көтерген Т.Рыскүлов еді /2/.
Жиырмасыншы жылдардың бірінші жартысында Халық Ағарту Комиссариаты жылдық есептерін баспасөз бетінде жариялап отырды. Ағарту ісінін дәл сол кезде қалай дамып жатқандығын мекеме құжаттарының ашық жариялануы көрсетіп берді. Кейбір басылымдар Халык Ағарту Комиссариатының кұжаттарын пайдаланып, Комиссариаттың жұмыс барысы мен оның статистикалык материалдарын анықтай алды /3/.
Халык Ағарту Комиссариатының кұжаттарын партиялық және кеңестік қызметкерлердің пайдалануы кеңестік тарихнамада 30-шы жылдардан бастау алады. Халық Ағарту Комиссариатының қызметкері Г.Береза «Проблема кадров в Казахстане» атты еңбегінде әртүрлі салада даярланып жаткан маман кадрлар жағдайын, жоғары оқу орындарының мәселеге үлесін көрсетті /4/. Партиялық және кеңестік қызметкерлер де макалаларыңда 30-жылдар басындағы жалпыға бірдей білім беру мәселесін карап отырды /5/. Сонымен катар, Халық Ағарту Комиссарлары мен казақ зиялылары мәдени-ағарту саласының тарихының зерттелуіне өз үлестерін қосты. Авторлар макалаларында Халык Ағарту Комиссариатының материалдарын кең түрде пайдаланды /6/.
Казақ зиялыларының мерзімді басылымдардағы макалаларын пайдалану арқылы кеңес мектебінің кемшіліктерін М.Шоқаев ашып берді. Ол Халық Ағарту Комиссары К.Тоқтыбаев пен Ф.И.Голощекиннің газет бетіндегі материалдарын қарай отырып, «казақ халқының кеңес үкіметі тұсындағы ұлы жетістігі» деп есептелінген кеңес мектебін сынап өтті /7/. Халық Ағарту Комиссариатының кызметкері Д.Авксентьевский өз еңбегінде Казақ Мемлекетгік Унивсрситетінің ашылуын нақты құжаттармен баяндап өтеді /10/.Айтылып отырған кездегі мәдени-ағарту мәселесі, ондағы казақ зиялыларының қызметі бір-бірімен байланысты, үлкен тарихнамалық процесті құрайды.
1950-1960 ж.ж. 1920-30 жылдардағы мәдени құрылыстағы Кенес өкіметінің жетістіктерін керсеткен ғылыми жұмыстар пайда бола бастады. Алайда, бұл еңбектерді біржақты түрде карай алмаймыз. Себебі, олар мәдени құрылыстың кемшіліктерін де нақты бейнелеп отырды. Авторлардың негізгі мақсаты – Қазақстанда 1920-1930 жылдарда кең түрде жүргізілген мәдени құрылыс саясатын, сауатсыздықты жою ісін, кеңес органдарының ағарту саласындағы жстістіктерін кең талдау. Ғ.С. Сапарғалиев зерттеу жұмысында үкіметтің басшы органдарының қүжаттарын пайдалана отырып, кеңестік ағарту саясатына тоқталды /8/. Кеңес мектебінің тарихының негізін салушы ретінде біз А. И. Сембаевты айта аламыз. А. И. Сембаев өзінің монографиялық еңбегінде Халық Ағарту Комиссариатының Казақстаңдағы мектеп ісі тарихындағы рөлін фактологиялық материалдармен ашып, Казақ АКСР-і оқу ісін кең түрде баяндап өтті /9/. Кеңес тарихнамасынды мәдени-ағарту саласын терең зерттеген, монографиялық еңбектер арнаған Р.Б.Сүлейменов болды. Тарихшылардың ішінде бірінші болып, ол бүкіл мәдени-ағарту ісіне, сауатсыздықты жою мәселесіне кең тоқталған. Халық Ағарту Комиссариаты қорының материалдарын ішінара қолданып, терең зерттеулер мен методологиялық негіздер аркылы оқу ісінің тарихы, мәдени төңкеріс саясатын ашуда үлкен рөл атқарды /10/. Р.Б. Сүлейменов сонымсн катар, белгілі қазақ зиялысы, Халық Ағарту Комиссары болған Т. Жүргеновтің ғылым мен ағарту саласындағы еңбегін ашық көрсетті /11/. Кеңестік тарихнамада жоғарғы оку орындарының тарихын кеңінен зерттеген — белгілі тарихшы Қ. Жаманбаев. Ол өзінің зерттеу жүмысында Халық Ағарту Комиссариатында қызмет еткен казақ зиялыларының жоғары оку орнын ашудағы қызметтерін кеңестік заман түрғысынан кең баяндады /12/.
1970-80 жылдарда да Казақстанның мәдени құрылысы тарихынан көптегсн зерттеулер жазылды. Олар кеңестік рухта жазылған еңбектер болғандыкган, көбінесе мәдени-ағарту саласыңдағы жетістіктер баса айтылды. X. Хабиевтің, Ж. Өтебалдиевтың, М. Абдулкәрімовапардың диссертациялық жүмыстары мәдени-ағарту жүмысының дамуына арналды. Еңбектерде белгілі бір дәрежеде Комиссариат материалдары дерек ретінде алынып, Казақстанның ағарту саласының бастапқы кезеңі 1932 жылға дейінгі Кеңес өкіметінің мәдениет саласындағы кызметі ашылып көрсетілді /13/.
Қазіргі Казақстан тарихнамасында мәдени-ағарту мәселесі де зертгеушілер еңбектеріндс орын алды. Казақстанның 1920-30 жылдардағы мәдени-ағарту ісі, Кеңес өкіметінің сауатсыздықты жою бағытында жүргізген саясаты Халық Ағарту Комиссариатының қорын пайдалану арқылы зерттеуші Х.Табылдиевтің еңбегіңде кең түрде ашылды /14/. Халық Ағарту Комиссариатынын мемлекеттік мекеме ретінде калыптасуы Ш. Тәукебаеваның зерттеу еңбегінің өзекті мәселесіне айнадды. Автордың диссертациялык еңбегі Комиссариаттың кызметін Халық Ағарту Комиссариаты қорын пайдалану арқылы жан-жақты ашқан зерттеулер катарына жатады/15/.Көрнекті қазақ зиялылары О. Жандосов пен С. Сәдуақасовтың қоғамдық-саяси және Халық Ағарту Комиссариатындағы кызметтері зерттеушілер Г. Нұрымбетованың /16/, Р.Елмырзаеваның /17/ диссертациялық жұмыстарында кең түрде ашылды. Мәдени-ағарту саласының мәселелеріне тікелей араласып отырған қазақ зиялы қауымының көрнекті өкілі Ә. Бөкейхановтың қызметі А.Мамраеваның еңбегіне арқау болған. Автор көптеген деректерді ғылыми айналымға ендірді /18/. Қазақстанның 1920-30 жылдарындағы мәдени-ағарту тарихын зерттеуде М. Қойгелдиев /19/, Т. Омарбековтың /20/ қосқан үлесі зор.
Бітіру жұмысында Халық Ағарту Комиссариаты қорын деректанулық тұрғыдан зерттеген А. Мұсағалиеваның диссертациялық еңбегінее ерекше мән берілді /21/. Автор қор құжаттарына терең деректанулық талдау жасап, құжаттардың сыныпталуы, сақталу фомасы, деректерді сынау сияқты мәселелерге тоқталып өтті. Ол қор құжаттарына деректанулық талдау жасау арқылы Қазақстандағы мәдени-ағарту процестерге тоқталғанымен, оны толық ашпады деуге болады. Себебі жұмыстың негізгі бағдары – қор құжаттары арқылы қазақ зиялылырының қызметін ашу. Архив қорларына деректанулық талдау жасауда Г.А. Сексенбаева, С.А. Жакишеваның диссертациялык енбектеріне ерекше мән берілді /22/.
Бітіру жұмысын жұмысты орындау барысында деректанудың теориялық-методикалық мәселелеріне арналған Қ.А Атабаевтің /23/, және де Қ.А. Атабаев пен М.А. Қадыртаеваның /24/ бірлесіп жазған еңбектері, И.Д. Ковльченконың еңбетері /25/ кеңінен қолданылды. Іс жүргізу кұжаттарымен жұмыс жасауды Тихомировтың еңбектері ашып береді. Еңбектерде жазба деректердің спецификалық түрі іс жүргізу қүжаттарына дерекганулық теориялық-методологиялық негізінде назар аударылып көрсетілді /26/.Қазақстандық зерттеушілер ішінде іс жүргізу күжаттарын жазба деректердің түрі етіп пайдаланып, деректанулық диссертация жазған М.А. Қадіртаеваны айтуға болады /27/.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты — Қазақ АКСР Халық Ағарту Комиссариаты қорының кұжаттарын Қазақстанда 1920-30 жылдарда мәдени тарихын обьективті түрде зерттеу үшін тарихи дерек ретінде пайдалану. Осы мақсатқа байланысты жүмыста мынадай міндеттер қойылды:
— қор кұжаттарының кұрылымына қарай отырып, Халық Ағарту Комиссариатының 1920-36 жылдар аралығындағы мәдени-ағарту саласындағы қызметіне байланысты кажетті деректердің кешенін бөліп алу және қор құжаттарын сол кезеңдегі мәдениет тарихының дерек көзі ретінде пайдалану;
— қор кұжаттарының негізінде Қазақ АКСР Халық Ағарту Комиссариатының тарихын жазып, оның XX ғасырдағы 20-30 жылдардағы мәдениет тарихындағы рөлін айкындау;
— қор кұжаттарын талдау арқылы Кеңес өкіметінің мәдени-ағарту саласындағы саласындағы саясатын көрсету, істелінген шараларға баға беру;
Бітіру жұмысының мерзімдік ауқымы. 1920-36 жылдар аралығын қамтиды. Себебі, Халық Ағарту Комиссариаты осы жылдар аралығында қызмет атқарды және де оның қызметіне сәйкес Қазақстанда осы кезеңде ғылыми-мәдени орындар қалыптасты, ағарту саласының негізі қаланды. Қазақ мәдениетінің дамуындағы жаңа бір сатысы осы кезеңде болды.
Бітіру жұмысының деректік негізі. Жұмыстың негізгі деректері ретінде, Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік Архивінде № 81 «Халық Ағарту Комиссариатының» қоры алынды. Қорда Халық Ағарту Комиссариатының 1920-36 жылдар аралығындағы қызметіне байланысты құжаттар жинақталған. Халық Ағарту Комиссариатына байланысты құжаттарды тағы да мына қорлардан табуға болады: Қазак АКСР Орталық Атқару Комитеті (№ 5 қ), Халық Комиссарлар Кеңесі (№ 30 қ).
Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік Мұрағатында Халық Ағарту Комиссариатына қызметіне байланысты төмендегілей қорлар бар:
1). 1201 қ.р. – ҚАКСР ХКК-інің жанындағы ғалымдарға көмектесу жөніндегі комиссия.(1932-1933 ж.ж.)
2). 927 қ.р. – Орталық Атқару Комитеті жанындағы студенттердің жағдайын жақсарту жөніндегі комисия. (1924-1925 ж.ж.)
3). 920 қ.р. – ХАК-ының кәсіби-техникалық білім беру Бас Комитетінің Индустриялық техникумы. (1917-1922 ж.ж.)
4). 203 қ.р. – ХАК-ының кәсіби-техникалық білім беру Бас Комитетінің Политехникалық институты. (1921-1923 ж.ж.)
5). 929 қ.р. – Қазақстанның Мемлекеттік баспасы. (1921-1940 ж.ж.)
6). 1386 қ.р. – РСФСР-дің жалпы Мемлекеттік баспасының Қазақ Өлкелік баспасы. (1931-1936 ж.ж.)
7). 1252 қ.р. – ҚАКСР Орталық Атқару Комитеті Президиумы жанындағы Ғылым Комитеті. (1933-1937 ж.ж.)
8). 740 қ.р. – ҚАКСР Орталық Атқару Комитеті жанындағы жаңа Қазақ алфавиті жөніндегі Орталық Комитет. (1927-1937 ж.ж.)
9). 1308 қ.р. – Қазақстанның Орталық Мұражайы. (1927-1934 ж.ж.)
10). ҚАКСР Орталық Атқару Комитетінің балалар комиссиясы.(1921-1938 ж.ж.)
Бітіру жұмысының методологиялық жәие теориялық негізі. Бітіру жұмысының, методологиялық негізіне тарих ғылымының колданылып жүрген обьективтілік, тарихилық, жүйелілік жәнс даму принциптері алынды. Деректерді таңдаута құжаттарды жан-жақты және кешенді зерттеуді басшылыққа алынып, мәселені обьективті түрде ашуға тырыстық.
Бітіру жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдын және пайдаланған деректер тізімінен тұрады.
- Халық Ағарту Комиссариаты қорының құжаттарының пайда болуын сынау.
1.1 Халық Ағарту Комиссариатының тарихы.
Халық Ағарту Комиссариаты 1920 жылдың қазан айында Кирревкомның Халық Ағарту Бөлімі негізінде 4-12 қазан аралығында өткен І Бүкілқазақтық кеңестер сьезінің шешімімен құрылды /28/.
Құрылған күннен-ақ Халық Ағарту Комиссариаты жұмысы Кеңестік мәдени саясатында басты орын алды. Осыған байланысты, Орталық Атқару комитеті республикадағы барлық жұмысшыларды және ағарту бөлімдерін құрылған комиссариат қарамағына жіберу үшін керекті қаулылыр қабылдай бастады. Сонымен Халық Ағарту комиссариаты «республикадағы барлық мәдени және саяси-ағарту жұмысты анықтайтын және бағыттайтын орталық мемлекеттік мекемеге айналды» /29/.
Халық Ағарту Комиссариатының басты мақсаты төмендегідей болды:
1). Халық ағарту ісіндегі теоретикалық, жобалық және идеялық басшылық.
2). Халық арасында барлық саяси-ағарту жұмысына басшылық.
3). Балалар мен жасөспірімдер арасында әлеуметтік тәрбие ісіндегі басшылық.
4). Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылыққа қажетті жұмысшылар дайындау ісіндегі жалпы басшылық.
5). Әдеби-баспа ісіндегі басшылық /15, 32б/.
1920 жылдың қараша айында ҚАКСР Халық Комиссарлар Кеңесінің мәжілісінде Халық ағарту Комиссариатының Коллегиясы құрылады. Оған А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, И. Акуловжәне т.б. зиялылар кіреді /30/.
Халық Ағарту Комиссариатын құру кезінде, осы кезеңнің басқа да мемлекеттік құру кезіндегідей көптеген қиыншылықтар туындады.Олардың бастылары, әрине, мекеме қызметкерлерінің жетіспеуі және жұмысқа ыңғайлы құрылымның болмауы. Бұл мәселені шешумен өкімет айналысты. Мысалы, Қазақстандағы білім берудің маңыздылығын ескре отырып ҚАКСР Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Кеңесі Халық Ағарту Комиссаритына әң жақсы мамандарды тарту және лорды тұрғын үймен, киіммен және тамақпен қамтамассыз ету туралы шешім қабылдайды/31/. Барлық білімді халықты мобилизайиялау жарияланады /31, 10б/. Білімді қазақтарды мобилизациялау жоспарын жасау А. Байтұрсыновқа тапсырылады.
Комиссариатты құру кезіндегі қиыншылықтар тек қана осымен шектелмеді.Оған, материалдық-техникалық базаның болмауы, жергілікті халықтың өзіндік ерешіліктері (көшпелі және жартылай көшпелі өмірі) және т.б. жатқызуға болады. Өлкенің әкімшілік-территориялық бытыраңқылығы және Қазақстанның ішкі саяси жағдайы да бұл прцеске кері ықпалын тигізді.
Құрылу кезінде Комиссариат жергілікті халық ағарту бөлімдерінің жиылыстарын шақырумен, саутсыздықты жоюмен, Сібір Халық Ағарту Бөлімі мен Түрікмен Халық Ағарту Комиссариаты арасындағы қарым-қатынасты нығайту мәсәләсімен айналысты. Осыған байланйсты 1921 жылы 25 қаңтарда өткен І Жалпы қазақ ағарту конференциясында резолюция қабылдады. Резолюцияда республикадағы мәдени және саяси-ағарту жұмысының біріккен жоспарының керек екендігі айтылды. Жоспарда тәрбие және білім беру мекемелерінің жүйесін қалыптастыру ,халық арасында сауатсыздықты жою, мәдени күштенрді есепке алу және жұмысқа тарту мәселелері қаралды /28, 30б/.
Мұрағаттағы 1921 жылғы қаңтар айының материалдарына жүгінсек, біз Халық Ағарту Комиссариатының мемлекеттік мекеме ретіндегі алғашқы құрылымы туралы мәліметтерді көре аламыз /32/. Бұл кезеңде Комиссариат коллегиядан,істер басқармасынан және жалпы канцеляриядан, 4 сектордан,2 басты комитеттен тұрды. Комиссариаттың 4 секторы:
1). Әлеуметтік тәрбие секторы.
2). Ұйымдастырушылық сектор.
3). Ғылыми сектор.
4). Көркем секторы.
2 басты комитеті:
1). Саяси-ағарту жұмысы жөніндегі комитет.
2). Кәсіби-техникалық білім беру комитеті.
Комиссариаттың әрбір комитеті мен секторларының өз канцеляриясы және бухгалтериясы болды. Комитеттер мен секторлар өз алдына бөлім мен бөлімшелерден тұрды. 1921 жылы олардың саны 20 бөлім мен 55 бөлімшеге жетті. Осы жылдың ақпан-наурыз мәліметтеріне жүгінсек, Комиссариатта 85 адам жұмыс істеді.
Әлеуметтік тәрбие беру секторының функциясы мектеп және балаларды қорғау бөлімдеріне өтті. Осы жылдары мекиеп бөлімінің басшылығында Б.А. Сарсенов тұрды. Сарсеновтың қол астында 4 бөлімше тұрды: жалпы канцелярия,жалпы білім беру, мамандарды даярлау, мектеп пен ақпараттық-инструкторлық. Бөлімде 7 қызметкер жұмыс істеді, кейін инструкторлардың көбеюіне байланысты, олардың саны 19-ға жетті /33/. Балаларды қорғау бөлімін А.К. Заозерова-Яковлева басқарды. Қарамағында 4 бөлімше болды: ақпараттық-инструкторлық, жалпы канцелярия, бухгалтерия және мамандарды даярлау. Қызметшілер саны – 4.
Көркем секторының басшысы, қарамағында 14 қызметкері бар, Ж. Аймауытов болды.
Ұйымдастыру секторы 13 қызметкер, 4 бөлім мен 5 бөлімшеден тұрды.
Ғылыми сектордың басшысы – А.П. Чулошников, қарамағында 4 бөлім болды: ғылыми, мұражай, мұрағат басқармасы және көркем комитеті. Ғылыми бөлім 2 бөлімшеден тұрды: ғылыми және ғылыми-кітіапханалық. Ғылыми сектор ғылыми комиссияның негізінде құрылды /34/.
Халық Ағарту Комиссариатының басты бөлімдерінің бірі – кәсіби-техникалық білім берудің бас комитеті. Кәсіби-техникалық білім берудің бас комитетінің құрылуы 1920 жылы қаңтар айында құрылған мектеп бөлімшесенің құрамына кірген кәсіби-техникалық білім беру секциясымен байланысты /35/. Бұл секция басқару-ұйымдастыру мәселелерін шешумен ацналысты және барлық кәсіби-техникалық білім беру мекемелерін басқарды. 1920 жылы маусым айында кәсіби-техникалық білім беру секциясы мектеп бөлімшесінен бөлініп, жеке бөлімше ретінде қалыптасты /35, 108б/.
Саяси білім беру мәселесіне жауап беретін келесі бір бөлімше – саяси-ағарту бас комитеті. Комитет басшысының қызметі А. Кенжинге жүктелді. Үстіне салынған міндеттердің көптігінен, бұл комитеттің құрылымы Халық Ағарту Комиссариатының басқа бөлімдеріне қарағанда, ең күрделі болды. Комитет қарамағына 6 бөлім, 13 бөлімше және 27 қызметкер кірді. Бірақ комитеттің осындай құрылымы көп уақыт сақталмады. 1922-1924 жылдары комитет бөлімнен тұрды. Олар: жалпы, үгіт және насихат бөлімдері.
1921 жылғы аштық нәтижесінде, Халық Ағарту Комиссариаты өз жұмысын дұрыс атқара алмады. Барлық күштер аштықпен күресуге бағытталды. Комиссариат қарамағында аштыққа ұшырағандарға қөмек беру мақсатында арнайы комиссия құрылды /36/. Бұл комиссия жұмысына А. Кенжин, Лазов, Пугачевская сияқты Халық Ағарту Комиссариатының белгілі қайраткерлері белсене араласты. Осы кезеңде, аштыққа байланысты мектептердегі сабақтар тоқтатылды /36, 10б/.
РСФСР Халық Ағарту Комиссариатының қаулысына сәйкес, ҚАКСР Халық Ағарту Комиссариатының Құрылымы 1921 жылы бірқатар өзгерістерге ұшырайды. Бұл мәселе 1921 жылы 18 мамырда ҚАКСР Халық Ағарту Комиссариатының коллегиясы мәжілісінде талқыланады. Жаңа қаулыға сәйкес, комиссариа енді 4 басты комитеттерден тұрды. Олар: әлеуметтік тәрбие; орталық кәсіби-техникалық білім беру; саяси-ағарту; мемлекеттік баспа. Сонымен қатар комиссариат құрамында тағы 2 орталық болды. Ұйымдастыру орталығы барлық әкімшілік-ұйымдастыру, қызмет көрсету мәселелерімен айналысса, Академиялық орталыққа республикадағы ғылыми-методикалық мәселелер қарасты болды.
ҚАКСР Халық Ағарту Комиссариатының жұмысының функциясын бәлірек анықтау және соған сәйкес құрылымын ұйымдастыру үшін ҚАКСР Халық Комиссарлар Кеңесі 1921 жылы тамыз айында комиссариатқа байланысты жаңа қаулы қабылдайды.Қаулы бойынша ҚАКСР Халық Ағарту Комиссариатының құрылымының жүйесі РСФСР Халық Ағарту Комиссариатының жүйесімен ұйымдастырылды. Енді, комиссариат құрамында 2 орталық, 4 басты басқарма және бас әдеби комитет болды. Комиссариат құрылымы төмендегідей жүйемен құрылды:
1). Әлеуметтік тәрбие мен балаларға саяси білім беру бас басқармасы.
2). Жоғарғы оқу орындарының кәсіби-техникалық білім берудің бас басқармасы.
3). Үлкендерге мектептен тыс білім берудің барлық түрлерімен айналысатын, мектептен тыс және саяси-ағарту жұмысының бас басқармасы.
4). Мемлекеттік баспаның бас басқармасы.
Бас әдеби комитет, осы комитетке арналған арнайы қаулы бойынша, ҚАКСР Халық Ағарту Комиссариатында басты комитет хұқығында тұрып, барлық әдебиет және баспа мәселелерімен айналысты.
Комиссариат құрамында, мүшелерін ҚАКСР Халық Комиссарлар Кеңесі тағайындайтын коллегия құрылды. Колегия жұмысына ағарту саласына байланысты жалпы жұмыс жоспарларын бекіту және басқару сұрақтарын шешу міндеттері кірді. Коллегия комиссариат бөліімдерінің дамудың перспективаларын және міндеттерін бекітті, олардың қызметінің республикадағы жалпы саясатқа сәйкестігін және де комиссариат қызметінің басқа кеңестік мекемелер қызметімен ымырашылдығын қадағалады. Комиссариат коллегиясы қызметін бағалау нәтижесінде, біз Халық Ағарту Комиссариатының құрылған кездегі барлық қарастырылған мәселелердің ұйымдастырушылық сипатта болғанын байқаймыз /37/. Комиссариат аппараты нақты құрылымының ұйымдасуына көп көңіл бөлінді. Мәселені, өз қызметін реттеу, күн тәртібіне қойылатын сұрақтарды егжей-тегжейлі дайындау қажеттілігі және комиссариаттаң құрылымдық бірліктеріндегі барлық істердегі күнделікті ақпараттарды ұйымдастыру мәселелері көтерілді. Коллегия мәжілістері аптасына 1 рет өткізілді бөлім басшыларының есеп графигі бекітілді. Бұл график бойынша, бөлім басшылары әр айдың алғақы күндерінде жазба, ал қалған күндері ауызша есеп беруге міндетті еді.
1923 жылы 25 сәуірде ҚАКСР Халық Комиссарлар Кеңесі «ҚАКСР Халық Ағарту Комиссариаты туралы» қаулы қабылдайды. Кәсіби-техникалық білім туралы тура осындай қаулы қабылданады /15, 40б/. Қаулы бойынша республикада кәсіби-техникалық білімнің мынадай түрлері дамыды: ауылшаруашылық, индустриалдық, педагогикалық, өнеркәсіптік-экономикалық /38/. 1923 жылғы қаулы бойынша Халық Ағарту Комиссариаты 1921 жылғы тамыз-қыркүйек айларында қабылданған құрылымдық жүйемен жұмыс істеді. Комиссариаттың басты органдары бұрынғыдай: ұйымдастыру және академиялық орталықтар болды. Академиялық орталық қарамағына бас музей және бас архив бөлімдері кірді /15, 42б/. 4 басты басқарма сақталды. Олар: әлеуметтік тәрбие, кәсіби-техникалық білім, саяси ағарту және баспа ісі. Әдебиет пен баспаның бас басқармасы басты комитет хұқығында қалды /39/. Осы кезеңде Халық ағарту Комиссары С. Сәдуақасов болды. Өзінің «ҚАКСР-дегі халық ағарту ісінің жағдайы мен міндеттері туралы» атты мақаласында: « а) өнеркәсіпке, ауылшаруашылыққа және мемлекеттік аппаратқа кәсіби мамандар даярлау, б) ұлттық мәдениеттің дамуына өз әсерін тигізетін ғылыми және мәдени кадрларды даярлау» керектігін көрсетеді /15, 44б/.
Комиссариаттың осы кездегі басты міндеттерінің бірі, саутсыздықпен күресу еді. С. Сәдуақасов мынадай стаистикалық мәліметтерді келтіреді. 1922-23 жылдары І басқыштың 1639 мектебі, 1923-24 жылдары – 1963, 1924-25 жылдары – 2751, 1925-26 жылдары – 3228, ал 1926-27 жылдары 3571 болды /40/.
1923 жылы қабылданған Халық Ағарту Комиссариатының құрылымы көп сақталмады /38, 84б/. КСРО-ның құрылуымен Халық Ағарту Комиссариаттары орталықтандырылмаған (республикалық) комиссариаттарға айналды. 1924 жылдың соңында-ақ академиялық және ұйымдастыру орталықтары жойылды. Нәтижесінде, қаржы шаруашылығы мәселелері, статистикалық-ақпараттық, әкімшілік-ұйымдастыру функциялары жаңадан құрылған әкімшілік-ұйымдастыру бөлімінде шоғырланды. Академиялық орталықтың орнына ғңылыми және методикалық кеңес құрылды. Басты комитеттердің барлығы бөлімдерге қайта құрылды. Кәсіби-білім беру комитеті, әлуметтік тәрбие мен кәсіби-техникалық білім беру бөлімінің бөлімшесіне айналды /41/. Қарамағында 3 институт,19 техникум болды.
ҚАКСР Халық Ағарту Комиссариаты РСФСР Халық Ағарту Комиссариаты бақылауында болды. РСФСР Халық Ағарту Комиссариатының бір штаттық инспекторы Қазақ автономиясына бекітілген еді. Сонымен қатар, Қазақстаннан, тәжірибе алмасу үшін, жылда, ағарту саласының мамандары РСФСР-дің Халық Ағарту Комиссариатына жіберіліп отырды.
Кейінгі жылдарда, халық шаруашылығы мен экономикадағы өзгерістер, индустриализация мен ұжымдастыру жоспарларының іске асуы,халық ағарту мен мәдениет саласында жаңа міндеттердің қойылуына алып келді. Саяси-экономикалық жаңа құбылыстарды ескере отырып, ҚАКСР Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Кеңесі 1927 жылы көктемде ҚАКСР Халық Ағарту Комиссариатының функциясы мен құрыдымын жетілдіру жөніндегі мәселені талдап, 1927 жылы 20 наурызда жаңа қаулы қабылдайды /42/. Қаулы бойынша, комиссариат кеңестерге бөлінді. Олар: ғылыми, ғылыми-методикалық, ұлттық азшылық өкілдері арасындағы ағарту. Бөлімдері: әкімшілік-ұйымдастыру, әлеуметтік тәрбие мен саяси ағарту, кәсіби-техникалық білім беру, әдебиет және баспа істері жөнінде, ҚАКСР-дің мемлекеттік баспасы, бас саяси-ағарту комитеті, сауатсыздықты жою жөніндегі төтенше комиссия. Көріп отырғанымыздай, комиссариаттың ескі функцияларына енді саутсыздықты жою және мұғаімдерді дайындау жұмыстарын бақылау мен мектептерді оқулықтармен қамтамассыз ету функциялары қосылды.
Республиканың саяси-әлеуметтік және экономикалық өміріндегі өзгерістері комиссариаттың жұмысы мен құрылымында да көрініс тапты. Халық Ағарту Комиссариаты өз аппаратын заман талабын сай бейімдегісі келді. 1929 жылы шілдедегі «Халық Ағарту Комиссариаты туралы» жаңа қаулы осымен байланысты /15, 51б/. Қаулыда комиссариат қызмктінің басты бағыттары, құрылымы және негізгі міндеттері нақтыланған еді. Енді ағарту мекемесі салалық секторларға бөлінді: әкімшілік-ұйымдастыру, оқу, саяси-ағарту, ғылыми және ғылыми методикалық. Комиссариат жанында Қазақ баспасы, әдебиет пен баспа жөнідегі бөлімдер және ұлттық азшылықты ағрту жөніндегі кеңес болды.
Әкімшілік-ұйымдатыру секторының қызметіне комиссариаттың әкімшілік, хұқықтық, ұйымдасырушылық, ақпараттық-статистикалық,жоспарлық және қаржылық міндеттерін шешу кірді. Балаларды тәрбиелеу мен оқыту, олардың политехникалық білім алу мәселесі мектепке дейінгі және мектептік тәрбиемен айналысатын мкетеп секторының қарамағына енді. Ғылыми және ғылыми-методикалық сектор тархи және мәдени ескерткіштерді қорғаумен, мамандарды даярлаумен қатар, әлеуметтік тәрбие, кәсіби-техникалық пен политехникалық білім беру мәселелерін де шешті. Сонымен қатар, бұл сектор Халық Ағарту комиссариатының ғылыми-зерттеулік пен әдеби және ғылыми-өлкетанулық мекемелер мен ұйымдарының қызметін бақылады. Саяси-ағарту секторы Коммунистік партия идеяларын тарату мен оларды саяси-ағарту мекемелер арқылы бұқара бұқара халық санасына енгізу орталығы болып табылды. Бұл сектор мекемелеріне жоғарғы оқу орындар мен үлкендерге саяси тәрбие беру мектептерін жатқызуға болады. Сонымен қатар, сектор кітапханалар, клубтар, кино және театрлар қызметінің идеялық мазмұнын мен ұйымдастырушылығын қадағалады /43/.
Мемлекетте жалпыға бірдей білім беру жүйесінің енгізілуіне байланысты, ҚАКСР Халық Ағарту Комиссариаты құрылымының қайта өзгертілуі болды /15, 55б/. Енді секторлардың орнына басқармалар құрылады. Олар: бастауыш және орта мектептер, мұғалімдерді дайындау, жоғарғы оқу орындар мен ғылыми-зерттеулік мекемелер,кітапханалар мен театрлар, баспа ісі мен әдебиет.
Білім беру жүйесін өнеркәсіпке жақындату үшін,өкімет барлық жоғарғы оқу оындар мен техникумдарды сәйкес комиссариаттар қарамағына өткізді. Олар жоғарғы оқу орындарымен толық басшылыққа ие болды. Мәселен, Жер Халық Комиссариатына ауылшаруашылық және ветеринардық институттар мен техникумдар, Денсаулық Халық Комиссариатына медициналық институт өтті.
Қызметінің бастапқы кезінде Халық Ағарту комиссариаты көп салалы өкілділікке және функцияларға ие болды.. Кейінгі жылдары оның функциялары тарыла басталып, енді тек ғылыми-методикалық бағытпен шектеліп, білім беру, дәлірек айтқанда, мектеп құрылысы мәселесімен айналысатын болды. Ал мәдени құрылыстағы жетістіктер бастапқы кездегі революциялық қарынмен, репрессия, қатаң тәртіп, идеологизация арқылы жүзеге асқанын мойындау керек. 1929 жылғы 24 шілдедегі «ҚАКСР Халық Ағарту Комиссариаты туралы» қаулысына сәйкес, РСФСР Халық Ағарту Комиссариатына бағынышты болған ҚАКСР Халық Ағарту Комиссариаты республикадағы барлық мәдени, ғылыми, ағарту салаларын және ғылыми-мәдени, ағарту мекемелеруін қадағалады /44/. Бірақ халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдары, Халық Ағарту Комиссариаты қарамағынан ғылым мен ғылыми мекемелер, мәдениет пен баспа ісі шығып, бұл салаларға арнайы Одақтық орталықтар мен министрліктер құрылады. Комиссариат тек білім саласымен ған айналысатын болады.
1936 жылғы Кеңес Одағының конституциясы негізінде ҚАКСР Халық Ағарту Комиссариаты енді Қазақ КСР Халық Ағарту Комиссариатына айналады /15, 59б/.
1.2 Қордағы құжаттардың құрамы мен сипаты.
ҚАКСР Халық Ағарту Комиссариатының Құжатары ҚАКСР Орталық Мемлекеттік Мұрағатына РСФСР-дің Мұрағат Президиумы Коллегиясының 1927 жылы 29 сәірде шыққан «Орынбор бюросы мен ҚАКСР-дің орталық мұрағаты арасында мұрағаттық қорларды бөлу туралы» қаулысынан кейін 1927 жылы мамырда Орынбор губерниялық мұрағат бюросынан түседі /45/.
1954 жылы құжаттарды ғылыми-техникалық өткізіп, 3277 істен тұратын 3 опись құралады.
Описьтер хронологиялық принцип бойынша құралған. Барлық описьтер қор құрамындағы істердің мазмұнын ашады. Қордың негізіг материалдары мынандай: Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Кеңесінің ағарту мәселесіне байланысты декреттері, мәжілістер хаттамалары, стенограммалар, мұғалімдер сьезінің материалдары, баяндамалар, баянхаттар, хаттар, есеп-құжаттар, жоспарлар, жоғарғы оқу орындарының, техникумдардың, мектептердің, құрылуы және мәдени-ғылыми мекемелерінің қалыптасуы туралы құжаттар және т.б.
Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік Мұрағатында Халық Ағарту Комиссариатына жұмысына байланысты төмендегілей қорлар бар:
1). 1201 қ.р. – ҚАКСР ХКК-інің жанындағы ғалымдарға көмектесу жөніндегі комиссия.(1932-1933 ж.ж.)
2). 927 қ.р. – Орталық Атқару Комитеті жанындағы студенттердің жағдайын жақсарту жөніндегі комисия. (1924-1925 ж.ж.)
3). 920 қ.р. – ХАК-ының кәсіби-техникалық білім беру Бас Комитетінің Индустриялық техникумы. (1917-1922 ж.ж.)
4). 203 қ.р. – ХАК-ының кәсіби-техникалық білім беру Бас Комитетінің Политехникалық институты. (1921-1923 ж.ж.)
5). 929 қ.р. – Қазақстанның Мемлекеттік баспасы. (1921-1940 ж.ж.)
6). 1386 қ.р. – РСФСР-дің жалпы Мемлекеттік баспасының Қазақ Өлкелік баспасы. (1931-1936 ж.ж.)
7). 1252 қ.р. – ҚАКСР Орталық Атқару Комитеті Президиумы жанындағы Ғылым Комитеті. (1933-1937 ж.ж.)
8). 740 қ.р. – ҚАКСР Орталық Атқару Комитеті жанындағы жаңа Қазақ алфавиті жөніндегі Орталық Комитет. (1927-1937 ж.ж.)
9). 1308 қ.р. – Қазақстанның Орталық Мұражайы. (1927-1934 ж.ж.)
10). ҚАКСР Орталық Атқару Комитетінің балалар комиссиясы.(1921-1938 ж.ж.)
Тариха деректер өзінің саны мен көлемі жағынан аса көп,мазмұны, түрі жағынан әр-алуан. Оның бәрін қамту аса қиын. Сондықтан тарихи деректер теңізінде дұрыс жол табу , тарихи зерттеулерде оларды тиімді және пайдалы етіп қолдана білу қажеттілігі оларды сыныптау пробемасын туғызады. Басқаша айтқанда, деректерді ортақ қасиеттері бар, бірақ бір-бірінен айырылатын категорияларға бөлу /23, 31-32б.б./.
Жазба деректердің аса көп мөлшерде кездесетіндігінен, олармен жүйелі жұмыс істеуге мүмкіндік алу үшін зерттеушілір оларды әр түрге бөледі. Мұндағы негізгі принцип жазба деректердің пайда болуының формасы мен мазмұнының және арналған мақсатының бірлігі. Осыған сай зерттеуші Л.Н. Пушкарев жазба деректерді 2 сыныпқа бөле отырып, оның бірнеше түлерін көрсетті:
Құжаттық (документальные):
1). Картографиялық.
2). Стаистикалық.
3). Актілік.
4). Іс-қағаздық.
Баяндаушы (повествовательные):
1). Жеке адамдық (хаттар, күнделіктер, естеліктер, заманхаттар).
2). Көркем (очерктер, романдар, лирика және т.б.).
3). Тарихи (тарихи повестер, жылнамалар, әдебиет).
4). Ғылыми (тарихи, филиософиялық, әлеуметтік еңбектер) /23, 37б./.
Осы сыныпталуға негізделе отырып, біз Халық Ағарту Комиссариаты қорының құжаттарын іс-қағаздық құжаттар қатарына жатқыза аламыз. Іс-қағаздық құжаттар өз алдына тағы да бірнеше түрге бөлінеді:
1). Ұйымдатырушылық.
2). Басқарушылық.
3). Есеп-мәліметтік.
4). Жеке құрамдағы құжаттар /46, 572б./.
Кеңес Өкіметі алғашқы жылдарындағы мекемелер жаңадан ашылғандықтан ұйымдастырушылық және басқарушы құжаттар саны өте көп болды. Оларды Халық Ағарту Комиссариаты қорының деректік негізі деуге болады. Бұл құжаттар жайлы акададемик И.Д. Ковальченко былай деді:«Басқарушы құжаттар ұйымдастырушылық негізінде жатқан, басқару қызметін жүзеге асыру үшін жасалады. Оған шешмдер, қарарлар, бұйрықтар, нұсқаулар, өкімдер, үкімдер жатады. Бақарушы құжаттарда мекеменің, ұйымның қызметінің тек қана бастапқы қалыбы емес, оның жүзеге асуындағы белгілі шаралар көрініс табады. Ұйымдастырушы-басқарушы құжаттарындағы ерекше көптүрлілікті хаттамалар, коллегияның және коллектиті ұйымның мәжілістерінің стенографиясы құрайды. Хаттамалар және стенографиялар – мәселенің талқылануының және шешілуінің өңделген жобасы» /25, 51б/. Барлық бақарушы шешім әрқашан қаралып отырған мәселемен және обьектпен қаралады. Обьектілікпне, ақиқаттылықпен, опетративтілікпен және ақпарат толықтығынан қабылданған шешімнің дұрыстығы, нақтылығы көрінеді. Ақпаратты көрсетуші (Фактінің көріну нәтижесі обьективті шындықтың және адамның ойлау қызметінің құбылысы) құжат болып табылады /47, 3-4б.б./.
Ұйымдастырушы және басқарушы құжаттары мекеме қызметінің барысын, құрылымының мазмұнын көрсетеді. Комиссариат қорына кездескен ең көп түрлері: үкімдер, мәжіліс хаттамалары, мұғалімдер және партия-кеңес сьездерініңматериалдары болып табылады.
ХАК қорындағы іс жүргізу материалдарының көлемді бөлігін хаттамалар (мәжіліс протоколдары) құрайды.Хаттамалар арқылы біз Халық Ағарту комиссариатының оқу-ағарту мен мәдениет саласындағыатқарған жұмыстарының бағыт-бағдарын, жетістіктері мен кемшіліктерін, нәтижесін көреламыз. Қордағы хаттамалар негізінен Халық Ағрту Комиссариатының коллегия мәжілістерінің материалдары. Комиссариат коллегиясы мекеменің бүкіл әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешті. Қордағы хаттамалар 2 типті:
1). Мәжіліс хат түрінде.
2). Стенографияланған. (Бірақ көптген мәжіліс хаттар стенографияланбаған).
Хаттамалардың талқыланып отырған мәселені толық, кеңінен ашылуына қарап және қаралып жатқан сұрақты нақты көрсетуіне байланысты деректану ғылымында 2 түрге бөледі. Олар «жабық» және «таратылмалы» деп аталады /21, 36б./. Жабық түрдегіге тек қана айтылған мәселе және қабылданған шешім көрсетілген хаттамалар жатады. Мұндай хаттамаларда мәселе толық трқатылып айтылмайды, себебі мәселенің талқылану барысы айтылмайды. Егер хаттама «таратылмалы» болса , онда тек қана мәселенің өзі мен қабылданған шешім ғана көрсетіліп қоймай,сонымен қатар талқылау кезінде сөйленген сөздер де кең түрде ашылып көрінеді. Кей жағдайларда талқылауға қатысқандардың сөйлеген де хаттамға қосылып беруі мүмкін. Алайда Халық Ағарту Комиссариатының қорында хаттамалардың мұндай түрлері аз кездеседі.
Дерктану ғылымында деректанулық талдау немесе сын түсінгі бар. Ол тарихи деректанудың ретімен шешуді қажет ететін прблемалар тізбегі: түпнұсқалығын, уақытын, пайда болған жерін, авторын, пайда болу себептерінайқындау немесе «пайда блуын сынау», сонымен қатар деректегі ақпараттың толықтығын, шынайылығын, ғылыми-танымдық маңызын айқындау немесе «ішкі сын» /25, 102б/.
Құжаттың түпнұсқалығы мәселесін ашу үшін құжаттың нақты формулярын зерттеу үлкен маңызға ие болады. Хаттаманың негізгі формуляры мынадай қалыптасқан элементтерден тұрады: нөмірі,күні, қатысқан адамдар тізімі, мазмұны. Күн тәртібінде қаралған мәселелерді көрсету көбінесе партия, кеңесұйымдарының хаттамаларында көп кездеседі. Хаттамаларда мәселелер «тыңдалды» және «қабылданды» деп дәстүрлі түрде көрсетіледі. Күнін, айын, жылын көрсету тәртібі арқылы біз уақытты белгілей аламыз. Хаттама мазмұнын талдый отырып , Халық Ағарту Комиссариатының мәжіліс отырыстарының шешімдерінің Қазақстандағы XX-ғасырдың 20-30 жылдарындағы оқу-ағарту саласына, мәдени прцестерге қаншалықтыәсер еткенін байқауға болады.
Халық Ағарту Комиссариатының қорын зерттеуде белгілі-бір қиындықтар туады. Мәселен, қордағы хаттамалар хронологиялық принцип бойынша сақталғанымен, оларда белгілі бір жүйелік жоқ. Кейбір хаттамалар бірнеше рет қайталанса, кейбіреулері толық емес
Хаттамалардың ең көп жиынтығы ол 1920-25 жылдар аралығындағы іс-қағаздық құжаттарының ішінде. Зерттеуші Ш. Тәукебаеваның пікірінше, Халық Ағарту Комиссариатының алғашқы кездегі сипаты ұйымдастырушылық-нұсқаулық дәрежесінде анықталған /15, 15б/. Бұл, жаңадан құрылған мекеменің іс-жүргізу тәжірибесінің дамымағандығын, шешілмген мәселелдердің көптігін көрсетеді. Ал кейінгі жылдарда мәжілістерде қаралатын мәселелер ауқымы тарылып, нақттылына басталған. Өйткені, бюрократиялық жүйе орнығып, Комиссариаттың көптеген мәселелері жоғарғы партия-кеңес ұйымдарының мәжілістерінді шешілген еді.
Халық Ағарту Комиссариаты құжаттарымен айналысқан зерттеуші, т.ғ.к. А.С. Мұсағалиева,қордағы хаттамалардың жинақталуын 2 кезеңге бөлді /21, 37б./. Бірінші кезең, хаттамалардың бүкіл Комиссариат қызметін көрсетуге ат салысқан тұсы – 1920-25 жылдар. Бұл кезде хаттамалар белгілі-бір дәрежеде тарихи ақиқатты көрсетуге маңызды рөл атқарды, яғни обьективті факторлар орын алды. Осы жылдарда барлық мәселелер Комиссариаттың өзінде шешілді, кейбір жағдайларда ғана жоғарғы ұйымдар бекітіп отырды. Бұдан Комиссариаттың жартылай болса да тәуелсіз мекеме болғандығын байқаймыз. Екінші кезең – 1925-36 жылдар, әміршіл-әкімшіл жүйенің қалыптаса бастап,кейін мүлдем орнығып алған тұсы. Көптеген маңызды мәселелер жоғарғы партия-кеңес ұйымдарында шешіле бастап, хаттамалар формальды сипатта болды.Деректанушы ғалымдар, 20-30 жылдарда мынадай практика орын алғанын көрсетеді: Бірінші мәжілістің стенографиясы жазылып, кейін оың негізінде хаттама құрылып, тек кейбір жағдайларда стенограмма фрагменттері хаттамаларда берілген /46, 579-580б.б./. Яғни, хаттамаларда субьективтік фактор кең орын алған. Демек, мұндай жағдайларды ескеріп, құжаттарға обьективті тұрғыдан қарау керек. Хаттамалардың түпнұсқалары қорда сақталмаған және де оларды жазу немесе түпнұсқадан көшіру барысында құрастырушылардың субьективті ойларының әсер етуі әбден мүмкін. Мәселен, хаттама жазғанда немесе көшірген кезде, құрастырушы сөйлеушілердің сөздерін таңдап, тура күйінде емес, мазмұдап беруі мүмкін, мағынаны өзгертуі мүмкін немесе сөздің қысқартып жазылуына байланысты сөйлеушілердің ойлары толық айтылмауы мүмкін.
XX-ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстанның мәдени даму тарихын зерттеудегі ақпараттық ақпараттық материалдардың рөлі зор. Олардың көпшілігі ұйымдастырушы-басқару құжаттарының қалай жүзегеасқандығын көрсетеді. Әсіресе,баяндамалық хаттар мен баяндамалар нақты істің дәрежесін бейнелейді. Жеке адамдық іс-қағаздық құжаттар қатарына жататын бұл құқжаттардың басқа материалдардан ерекшелігі, белгілі-бір автордың қолымен жазылғандығы. Сондықтан да оларда белгілі бір форманың болмауы, нақты уақыттың болмауы сияқты жетіспеушіліктер бар. Көптеген баянхаттар мен баяндамалар автордың позициясын көрсеткенімен (субьективті болғанымен), олар белгілі бір мақсатта жазылған. Сол себепті, бұл деректер – ерекше, басқа құжаттарға ұқсамайды.
Халық Ағарту Комиссариатындағы ақпараттық құжаттардың пайда бола бастауы – 1921 жыл. 1920 жылы Халық Ағарту Комиссариаты құрылып, көптеген уақыт оның ұйымдастырушылық жұмыстарымен өтті. 1921 жылы Комиссариыттың алғашқы баяндамалары көріне бастады. Алғашқы баяндамаларда Комиссариатта белгілі бір қызмет жүйесі болмай, жұмыстар толық істелмегендіктен, алдағы жоспарлар беріліп отырды. Ережеге сәйкес, оның мәліметтеріне барлық ағарту мекемелеріне идеялық-саяси және бағдарламалық-әдістемелік жетекшелік жасау, балалардың әлеуметтік тәрбиесі мен политехникалық білім алуына қолғбыс тигізу, халық шаруашылығы мен кеңес құрылысы үшін мамандар даярлау және т. б. кірді /21, 68б./.
Қазақстанның XX ғасырдағы 20-30 жылдардағы мәдениет тарихының дерегі ретінде Халық Ағарту Комиссариатының қорында жинақталған сьезд, пленум материалдары үлкен рөл атқарады. Сьездердің негізгі мақсаттары – мәдени-ағарту жұмыстарын талқылау болды. Сьездерді ұйымдастырушылар мен онда сөз сөйлегендер қазақ зиялы қауым өкілдері. Құжаттардың ерекше түрін Коллегия мәжілісінің, жиналыстардың, сьездердің, конференциялардың хаттамалары мен стенограммалары құрайды /46, 578б/. Халық Ағарту Комиссариаты қорының сьезд, пленум материалдарын екіге бөлуге болады:
1). Бүкілқазақтық мұғалімдер сьездері.
2). Басқа сьездердің мәдени-ағарту ісіне байланысты деректері /21, 99б/.
Олардың маңыздылығы сонда, деректанулық талдау арқылы республикадағы сол кезеңдегі мәдени-ағарту саласындағы бүкіл мәселерді қамтуға болады. Кеңес өкіметі құрылғаннан бастап, ең көп құжаттар жиынтығын сьезд материалдары құрайды. Көптеген мәселелер жоғарғы өкімет органларының өткізген пленудердің, сьездердің, конференциялардың басты-басты шешімдеріменшешіліп отырды. Құжаттарға деректанулық сын көзбен қарағанда обьективті жіне субьективті факторлары бар:
1). Деректерде мәдени-ағарту ісінің мәселелері кеңінен ашылып көрсетілген. Осы саладағы қазақ зиялыларының қызметі құжаттарда бейнеленіп, обьективті бағалар өзгертілмей берілген.
2). Кеңес өкіметінің қысымы қатты көрінді. Мәдени-ағарту саласындағы асыра-сілтеушілік кең етек жайды. Кеңс өкіметі өз саясатын жүргізуге тырысты /21, 100/.
Сьездердің негізгі мақсаты – мәдени ағарту ісіне өз коммунистік идеологияны енгізу, социалистік рухта тәрбиеленген, өкіметтің ұтанған саясатын қолдайтын кадрлады даялау еді. Сьездер Кеңес өкіметінің саясатын жүзеге асырудағы негізгі күш, бюрократиялық аппараттың қалыптасуындағы негізгі рычаы болды.
- Халық Ағарту Комиссариаты қоры құжаттарының Қазақстанның мәдени тарихындағы деректік орны.
2.1 Халық Ағарту Комиссариаты құжаттары беттеріндегі Қазақстандағы XX ғасырдың 20-30 жылдардағы ағарту мәселесі.
Жалпы ағарту мәселесіне байланысты алғашқы өкімет құжаты ретінде 1920 жылғы 26 тамыздағы Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитеті және РСФСР ХКК-ң В.И.Ленин және М.И.Калинин қол қойған “Қазақ Автономды Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы” декретін алуға болады /21,19б./. Қазақстан Кеңесі құрылтай съезі қабылдаған ҚазАКСР еңбекшілерінің құқығы туралы декларацияда халыққа білім беру туралы мәселе қаралды. “Еңбекшілердің білімге жол ашу мақсатында, — делінген онда, — жұмысшыларға, кедей шаруаға, барлық еңбекші қазақ халқының бәріне толық жан-жақты және ақысыз білім алу мүмкіндігін беруді, бір уақытта халықтың сауатсыздығын жоюға қадам басуды, өсіп келе жатқан ұрпаққа жан-жақты физикалық және рухани дамумен қамтамассыз етуді міндет етіп қоюы керек /12, 15б./.
Комиссариат қорында оның құрылуы жөнінде, қызметін бастауы туралы бастапқы құжаттар сақталынған. Алғашқы қаулыларыңың бірі ретінде Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы В.И. Лениннің қосымша істеген жұмыс үшін қызметкерлер мен жұмысшыларға қосымша ақы беру туралы 1920 жылдың 16 қаңтарындағы құжатын айтуға болады. Қаулы үкіметтің ағарту қызметкерлерінің жағдайын көтеру үшін жасаған шарасы еді /48, 2б./. БОАК төрағасы Калинин 1920 жылдың 10 қазандағы қаулыда Халық Ағарту Комиссарының баяндамасымен танысқанын айтып, БОАҚ ХАК-ның коллегиясына Комиссариат бекіткен міндеттер мен жоспарларды жүзеге асыру үшін кең әкімшілік тәжірибе жинаған адамдарды кіргізу, комиссариатқа балалар мен ересектерге сауат үйрету және қажетті оқу құралдарын шығару, осы мақсатта бірнеше адамдарды басқа жұмыстардан босатып, тартуды тапсырды. Сонымен қатар комиссариаттың барлық тәжірибелі қызметкерлерін басқа азаматтық мекемелерден /егер олар онда жауапты қызметкерлер болмаса/ ағарту қызметіне қайтару керектігін көрсетіп өтті. Қаулыда ағарту қызметкерлерін сақтау мақсатында шаралар қабылданды: кеңестік жұмысшыларды қамтамассыз ететін комиссариатқа ХАК-ы азық-түлік пен қамтамассыз етуді іске асыру, олардың нормасын дәрігерлер мен инженермен бірдей ету, азық-түлік комисариатына арнайы киім үшін мануфактура беру, мұғалім үйлерін ұйымдастыру тапсырылды /48, 58б./. Ағарту ісі Кеңес өкіметінің кезек күттірмейтін екпінді жұмыстарының біріне айналды.
Қазақ АКСР-і құрылып, оның комиссариат бастаған елдегі 1921-1922 жж. Аштық кезіне тап келді. Сондықтан комиссариаттың жергілікті орындармен қатынасы үзіліп, елдегі ағарту жұмысына басшылық ету қиынға соға бастады.
Азамат соғысы бүкіл Кеңес респуб-н тұралатқаны соншалық, мәдени құрылыстың кеңейтілген бағдарламасын жаңа экономикалық саясат басталғанға дейін тоқтатуға тура келді. Финанстық және басқа мүмкіншіліктердің жетіспеуі онсыз да өсіп келе жатқан мектеп жүйесінің барлық қажеттіліктерін қанағатандыра алмады /49, 146б./. Комиссариат жағдайдан шығу үшін өзінің жергілікті бөлімдеріне арнап қаулыларын шығарып, оларды аштыққа ұшырағандарға көмек көрсету қызметіне шақырып, комисариат жанынан президиум құрды. Президиумды комиссардың орынбасары А.Кенжин, әлеуметтік бөлім бастығы Лазовтар басқарды. 1921 жыл – комиссариатта әлеуметтік /қаражат, материалдық негізінің/ шиеленіскен тұсы? Сол үшін комиссариаттың жергілікті комитеттері қызметкерлер арасында еңбек тәртібін көтеру туралы қаулылар шығарып отырды. 1921 жылғы 1 шілдедегі қаулыда комиссариат коллегиясы қызметкерлердің тұрмысын көтеру ісінде барлық қолдан келген шараларды қолдануды, әйтпесе еңбек тәртібінің төмендейтінін айтты /21, 21б./. Әрине, онсыз да әлеуметтік жағынан қорғалмаған жалақысы аз ағарту қызметкерлерінің аштық жыдарында әлеуметік белсенділігі төмендеп, тоқырай бастады. Әлеуметтік жағдайлардың күрделенуі тек Қазақстанға тән болмады, бүкіл Кеңес Одағында көрінді. Бұл мәселе Кеңес республикаларының толық орнап, аяғынан турып кете алмауынан келіп шықты. Сондықтан ағартуға байланысты Кеңес өкіметінің басшысы В.И.Ленин қаулылар қабылдады. 1921 ж. 16 қыркүйеке шығарыған қаулыда мектеп пен ағарту мекемелерін әлеуметтік жағынан қамтамасыз етуді жақсарту шаралары айтылды. Ол үшін ХАК-на оқушылардың көмегімен, кооперативтермен, артельдермен бірігіп, жеке шеберханалар және ауылшаруашылық фермаларын ұйымдастыруға құқық берді. Сонымен қатар фабрика-завод кәсіпорынары және кеңес органдары ағарту мекемелерін азық-түлікпен қамтамасыз етуі, аштыққа ұшыраған елдімекендерден басқа, жерлерде ағарту қызметкерлерін азық-түлікпен /болыстық съездердің ерекше қаулысымен/ ауыл тұрғындары қамтамассыз етуі тиіс болды /50, 64б./.
Осы жылдары үлкен мәселердің бірі – оқулық жазу. Оқулықтар жазу ісіне комиссариатта қызмет еткен зиялылар ғана емес, сырттан шаырылғандар да қатысты? Мысалы, 1921 жылғы 2 қыркүйекте коллегия мәжілісінде көрсетілгендей, Чуломниковтың хрестоматиясына Ә.Бөкейханов пікір жазды. Қазақстандағы білім ордасының орталығы ХАК-ы оқу әдістемелік оқулықтар шығартумен айналысқан алғашқы мекеме болды. Комиссариат құрылған күннен бастап-ақ мектептерді оқулықтармен қамтамассыз етуді бірінші орынға қойды. Бастаманы комиссариаттағы қазақ зиялы қауым өкілдері қолдап әкетті. Негізінен қазақ тіліндегі оқулықтар шығуының бастамасы А.Байтұрсыновтың Халық ағарту комиссары, Академияның орталықтың төрағасы болып тұрған кездерінде қызу қолға алынды. Халық ағарту комиссары және мүшесі А.Байтұрсынов 1 және 2 басқыш біріккен еңбек мектебі үшін оқулықтарды қазақ тіліне аудару, құрастыру туралы мәселе көтеріп, біріккен жиылыс өткізді. Жиылысқа Е.Омаров, Х.Болғанбаев, С.Сәдуақасов, Ф.Ғалымжанов, Б.Сәрсенов, Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин, Бөкейханов, С.Айтқожиндар қатысты. Жиылыста А.Байтұрсынов әлі күнге дейін 1 және 2 басқыштағы мектептер үшін қазақ тілінде оқулықтар жоқтығын, ал бар оқулықтардың еңбек мектептерінің 1 басқышының 1,2,3 тобы үшін қазақ тілінде жарайтынын айта келіп, 1 және 2 басқыш үшін қазақ тілінде оқулықтар жазу отырғанын көрсетті. Комиссар ағарту саласын дамытуда 2 өзекті мәселені дәл таба білді.
Біріншіден, оқулықсыз оқу ісі алға басуы мүмкін емес еді.
Екіншіден, жиылыста қатысқан адамдар қазақ зиялы қауымының маңдай алды өкілдері болды. Оларды А.Байтұрсынов арнайы шақырып, іріктеп алғаны көрініп тұр. А.Байтұрсынов жұмысты іске всыру үшін төмендегідей қаулы қабылдатты.
- Жоғарыда көрсетілген адамдарды орысшадан аударуға тарту.
- Бұл мақсатқа Мағжан Жұмабаев, М.Тұрғанбаев, Қожқе Кемеңгеров, Жұмағали Тілеулін, С.Мұстафин сияқты жазғасы келген адамдар пай-ну.
- 1 және 2 басқыш біріккен еңбек мектебі бағдарламасына сай келетін мынандай оқулықтарды аудару: арифметика, геометрия, жаралытыстану, физика, алгебра, география, жалпы тарих және қазақ тарихы, мектеп гигиенасы осы пәндерден әдістеме, педагогика және дидактика, оқу хрестоматиясы, синтаксис және қазақ тілінің сөйлеу теориясы;
- 3 пункт бойынша келісім және тілек білдіргендерге төменде көрсетілген пәндер тапсырылды:
1/ арифметика – И.Тұарғанбаев
2/ геометрия –Б.Сәрсеков
3/ жаратылыстану – Е.Омаров
4/ физика – Ф.Ғалымжанов
5/ география — Ө.Бөкейханов
6/ қазақ тарихы – М.Жұмабаев
7/ мектеп гигиенасы – Ж.Тілеулин
8/ Жалпы тарих – Х.Болғанбаев
9/ алгебра – Б.Омаров
10/ педагогика – М.Жұмабаев
11/ дидактика – Ж.Аймауытов
- Бұл пәндер бойынша әдістеме құрастыру осы айтылған адамдарға алған пәндері бойынша тапсырылуы керек.
- 4 пункт бойынша құрастыру төмендегі адамдарға тапсырылуы керек:
1/ хрестоматия – С.Сейфуллин, Ж.Аймауытов
2/қазақ тілінің синтаксисі –А.Байтұрсынов
3/Сөз өнері теориясы – М.Жұмабаев
оқулықтарды құрастыру мен аударуды 1-ші маусымға дейін бітіру керектігі айтылды.
- Үлкендер үшін хрестоматия құрастыруды С.садуақасов пен Ж.Аймауытовқа тапсыру. Оқулықтар туралы белгілі тарихшы М.Қойгелдиевтің пікірі: “… тарихи шындық сондай, 1920-1930 жылдары қазақ мектептері мен педагогикалық оқу орындарында пайдаланылған оқулықтар мен оқу құралдарының авторлары негізінен партияда жоқ кезінде алаш қозғалысына белсенді қатысқан ұлттық интеллигенция өкілдері болатын. Олардың қатарында А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Х.Досмұхамбетов, Ж.Аймауытов, Қ.Кемеңгеров, С.Асфендияров және басқа көптеген жазушылар бар еді. Алаштың аталған зиялылардың үлкен тобы оқу-ағарту комиссариаты жүйесінде ғылым, өнер, баспа орындарында жұмыс жасап жүрді” /51, 41б./.
Қазақ зиялылары ХЕК-ының оқулықтарының, бағдарламалық, әдістемелік жүйесінің негізін салушылар әрі педпгогикалық әдіснаманың ірге тасын қалаушылар болды. Аталған зиялылардың 1 ерекшелігі – жан-жақты, энциклопедиялық білімділігі. Кітап жазушылардың тізбесін қарап отырсақ, бәрі дерлік Алаш партиясының мүшелері болған көрнекті қайраткерлер. Қазақ зиялы қауым өкім өкілдері оқулықтар жазу ісінде ынтымақтастық көрсетіп, жан-жақты білімдерін дәлелдеді. Мұндай универсалдылықтың құпиясын қазақ ауылын ірі және көлемді әлеуметтік өзгерістерге қызу тарту жағдайында зиялылардың тұлға ретінде өте ерте қалыптасқандығынан іздеу керек шығар /21,65б./. Олардың комиссариатпен тығыз жұмыс жасауына Алаш партиясының көрнекті лидері А.Байтұрсыновтың комиссар болып қызмет етуі үлкен әсер етті. Оқулық шығарушылардың кеңестік жастарды тәрбиелеу ісіндегі практикалық қызметтерінің басы еді. Ал, Ахмет Байтұрсыновтың оқулықтар шығару ісі өзінше бір зерттеу объектісі болып табылды. 1920 жылдардың басында қазақтың Чернышевскийі деп бекер аталмаған, оны “қазақ баспасының әкесі әрі көсемі” деп көрсетті /51, 41б./.
1920 жылғы 10 желтоқсандағы қазақ орталық Атқару Комитетінің Президиумының мәжілісі А.Байтұрсыновқа жіберген жолдамасында РСФСР ХАК-ы жанындағы аз ұлттарды ағарту бөлімі қазақ республикасын мекендейтін халықтардың мәдени ағарту қызметінің очеркін құрастыруға қатысуы туралы қатынас қағазын жіберді. Орталық Атқару комитеті жұмыстың орындалуын комиссариаттардың басшы өкілдерінен тұратын жауапты комиссияға тапсырды. Комиссия құрамын ХАК-ынан А.Байтұрсынов, азық-түлік Халық Комиссариатынан Саматов, Заң Халық комиссариатынан Әлібековтер тартылды. Және жұмысқа қатысуға Ә.Бөкейхановтың С.Мендешовтың құқы болды. Жұмыс ХАК-ымен тығыз байланыста жүргізілді. Президиум алдында жауапты А.Байтұрсынов болып табылды /30, 29 б./.
Сондай-ақ, осы жылы 20 қарашда коллегия мүшелерімен қатар Ә.Бокейханов қатысқан мәжілісте Орталық Атқару комитетінің қаулысы көрсетілді, онда Халыққа білім беру мәселесі мемлекеттің ішкі өмірінде алдыңғы қатарда, екпінді роль атқаратын болғандықтан комиссариатқа мықты қызметкерледрі тартып, толық әскери паекпен қамтамассыз ету қажеттігін айтты /30, 30б./.
ХАК-ы бұл кезде республикадағы ең ірі комиссариаттың бірі болатын. Оған оқу орындары түгелдей, театр және өнер ғылым және басспа өндірісі қарады. Республика өмірінде бұл комиссариаттың рөлінің жоғары болуы сондай-ақ оның әлі де болса ұлттық көпшілік құратын жергілікті халықтың күнделікті тыныс тіршілігімен ұлттық санасының жаңару, өсу процессін бастан кешірумен тығыз байланыста болуында еді /52, 86-87б.б./.
ХАК-ының іс жүргізу құжаттарының ішінде ең көп көлемді кездесетін хаттамаларды саралайтын болсақ алғашқы жылдары олар “жабық” түрде болды. Яғни құжатта тек қана “тыңдалды”, “қаулы қабылданды” деп қысқа түрде көрсетілді,талқылану барысы айтылмады. Әрине, жағдай комиссариаттың іс жүргізу материалдары жүйесінің толық орнықпай, басқарушы аппараттың әлсіздігінен туындап жатса керек. Жалпы хаттамалардың 1920-21 жж. Барысына қарап отырсаң негізгі мәселе кадр жетіспеушілігінен туындаған вакуумды толтыру мақсатында зиялы қауым өкілдерін жаппай оқу ісіне тарту жұмысы болды. Жұмысқа алу кейінгі жылдарда жлғары партия –кеңес органдарының тікелей басшылығымен жүзеге асса, бастапқы өтпелі кезеңде зиялыларды жұмысқа орналастыру комиссариат басшылығының нұсқауымен, көрсетумен жиылып отырылды. Бірақ кейбір жағдайда жоғары кеңес – партия органдарынан да нұсқау түсіп отырды. Коллегия өзінің 15 маусымдағы мәжілісінде РКГ/б/ Облыстық Комитетінің Халық Ағарту Комиссарының орынбасарлығына С.Сейфуллинді тағайындау туралы шешімін қарады. Коллегия мүшелері комиссариат құрамы толық екенін ашық айтты. С.Сейфуллин үшін бірде-бір коллегия мүшесі қызметінен кете алмайтынын, сондықтан мәселенің шығуына түсінік беруді сұрады /53, 53б./. Комиссариат осылай жоғары орындарға ашық наразылық білдірді. Бұған жауап ретінде ХКК-і 21 маусымдағы мәжілісінде С.Сейфуллинді ұйымдастыру — әкімшілік жағынан комиссардың екінші орынбасары етіп тағайындап тастады. Комиссариаттағы қазақ зиялылар өз пікірлерін ашық көрсетіп отырды. Соның бірі 1922 жылғы 5 наурыздан РКП/б/ Облыстық комитеті Президиумның мәжілісінде айтылған С.Садуақасовтың арызы. Арызда С.Сәдуақасов былай деп көрсетеді: “барлық саяси линия Қазақстанның басқарушы органдарының жұмысына сай болмағандықтан, мен ҚАКСР ағарту органдарында істеу мүмкін емес деп есептеймін. Мен саяси ағарту бас комитетінде жұмыс істеймін. Облыстық комитет адамның жұмыс істегісі келетінін немесе келмейтіндігінен санасуы керек.” /54, 1б./. Бұл ашық қарсылық тұғын.
Комитет материалдарын саралау кезінде көп кездесетін мәселе – коллегия мәжілістерінде қызметкерлердің әлеуметтік жағдайды жиі қарауы. Комиссариат коллегиясының мүшелері ағарту қызметкерлеріне берілетін азық-түлік және мануфактураны тікелей өздері бөліп отырды /49, 170б./. Бұл ,біріншіден, әлеуметтік жағдайдың тым төмен болғандығын көрсетсе, екіншіден , коллегиядағы зиялылардың мәселені шешуді өз қолдарына алғанын байқаймыз. Бұл қалыпты жалақы беру мүмкіншілігі болмаған кезде, қиын жағдайда әділетсіздік орын алмауы үшін қабылданған шара деп айта аламыз. Орталықтан жүйе болмағандықтан, кейін басқа Халық Комиссариаттардың міндетіне енген шараны комиссатиат өзі атқаруға мәжбүр болды.
Әлеуметтік жағдай мүлдем шиеленісіп кетті. Оны 1922 жылы 17 наурызда ҚАКСР Қаржы Халық Комиссариатының Орталық Қазыналы Есеп Басқармасы жанындағы ведомстволық жиылыста қаржы халкомының орынбасары Генераловтың ХАК-ының ҚАКСР кіші ХКК-інде көтерілген ұсынысын көрсетуінен білеміз. ХАК-ы ұсынысында 1921 жылғы 22 тамыздағы РСФСР ХКК-інің декретіне сай жергілікті кіріс есебіне жататын шығындардың халық қазынасының жалпы мемлекеттік құралдарынан бөлініс алуға рұқсат сұрады/55, 170б./. Комиссариаттың мұндай шараға баруы шарасыздықтан болды. Мемлекеттің халық ағарту саласына бөліп отырған қаржысы мүлдем қанағаттанарлықсыз болуы себепті осындай көмек сұрауға мәжбүр болды.Алайда, 1922жылғы 27-30 қаңтардағы Мемлекеттік Кіріс пен Салық басармасының өкіміне сай, жергілікті қажеттілікті қанағаттандыру орталықтан тек қана губерниялық кеңестер сьезі мен губерниялық атқару коитеттері атынан сұранатын болғандықтан орындалмайтын еді. Жауап ретінде ХКК-і өкілдері осы уақытқа дейін шығындар жалпы маемлекеттік қаржыдан бөлінетіндігін, жергілікті кіріс пен шығыс туралы білмейтіндіктерін көрсетеді /55, 272б./.
Ағарту мәселелері, соның ішінде, мектептерді жақсарту, мектептерді өзін-өзі қамтамассыз етуге көшіру, ағарту қызметкерлерінің жағдайын көтеру,комиссариаттың экономикалық және өнеркәсіптік органдарға мектептер мен басқа ағарту-мәдени мекемелерді қамтамассыз етуге беру коллегия мәжілісінде қаралып отырылды. Мәжілісте мәселелердің қаралуы Қазақстандағы ағарту ісінің дамуына мүмкіндік болмай, көптеген ішкі-сыртқы қиындықтардыңтууынан шықты. Комиссариаттың шамасының жетпеуінен және аясының тарылуынан басқа комиссариаттардағы тартуға мәжбүр болды. Сондай-ақ, ХКК-іне де жиі өтініштер түсіп отырды. Мәжілісте қабылданған шараларды талдау бізге комиссариа қызметкерлерінің ағарту саласындағы шиеленіскен мәселелерді шешу үшін бар мүмкіншіліктерін салып, реформа жүргізуге күш салғнын ашады. Коллегия мәжілісі 1922 жылғы қаулысында мына шараларды қабылдады:
— Қалаларда халыққа білім беру қажеттілігіне арнлған міндеттілік салықтарын, жинақтарын қабылдау. Көрсетілген салықтарды қалалық кәсәпоындардың кірісінен алып және көңіл көтеретін көрініс-спектакльдерден түскен қаржының белгілі бір пайызын бөліп алу жолымен жеңілдету;
— Ауылдық жерлерде міндетті натуралды өзін-өзі қамтамассыз етуді енгізу;
— Міндетті өзін-өзі қамтамассыз ету ауылдық жерлерде болыстық көлемде өткізу; /55, 270б./.
Ағару саласында мемлекет тарапынан бөлінген шаралардың аздығынан комиссраиат күшті халыққа сала бастады. Халықтың қолдауыны ие болуының негізгі себептері патша өкіметінің кезінде оқу-ағарту ісінде көп тепкішек көрген хахықтың үміті Кеңес өкіметінің рухты көтеріп, жалпы халықтық білім алуға шақыруы идеясымен ұштасып және қазақзиялыларының бұл істі кең көлемде қолдап, халықты жарқын болашаққа шақыра білуінде еді. Бірақ ХАК-ы әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескре отырп, өзін-өзі қамтамассыз етуді Қазақстанның барлық аудандарында жүргізген жоқ. 1921 жылы аштыққа ұшыраған болыстарда апараттар жоқ еді, барлық ауылдық мектептер мкмлкет есебінен, күшейтілген көлемде қаржы бөлу арқылы қамтамассыз етілді/55, 269б./. Шындығында, қазақ ауылдары мұндай жағдайға дайын емес еді, біріншіден, негізгі аштыққа ұшыраған аудандар солар болды, екіншіден, мектептер ашуға жағдайлары тартпады.
Комиссариаттың әлеуметтік-экономикалық базасы төмен болғандықтан, ағарту ісінде шапшаңдатылған шаралар жүргізуге мәжбүр болды. Комиссариат бүкіл идеологиялық басшылықты, оқу-тәрбие жұмысын әкімшіліктік жұмыстыөздері атқарғанымен, ағарту ісінің әлеуметтік-экономикалықмәселелерін өнеркәсіптік ұйымдармен бірлесе шешті. Сонымен қатар, комиссариат экономикалық жағдайды көтеру үшін жеке өндірістік кәсіпорындар аша бастады /55, 82б./. Оқу-ағарту ісінде мұндай реформаның орын алуы РКП/б/ Облыстық комитетінде 1921 жылы 15 қарашада қаралған РСФСР ХАК-ының мемлекеттік қамтамассыз етілетін мектептерді тұрғындардың өзін-өзі қамтамассыз етуіне ауыстыру туралы нұсқауын өмірге енгізу жайынан шыққан еді. Бұл туралы ХАК-ның қаулысы тыңдалып, бекіткен кезде мынадай түзету енгізді: « Басқарма аппараты дұрысталмаған, жергіліккті халық қамтамассыз ете алмайтын жерлерде мектептер мелекет есебінен өмір сүрулері тиіс»/56, 103б/.
1924 жылы 3 наурызда РКП/б/ облыстық комитетінің президиумында комиссар Залиевтің баяндамасы тыңдалып, өлкелік бюджеттен ағарту қажеттілігіне жалпы соманың 50% бөлінуі қажет деп шешілді. Осы жиылыста Халық Ағарту Комиссары етіп Темірбековты сайлады. Темірбековтың комиссариаттағы қызметі 1924 жылғы 8 мамырдағы РКП/б/ Облыстық Комитетінің Президиумының мәжілісіндегі сауатсыздықты жою мәселесінің басты рөлге қойылуы Кеңес Өкіметінің Қазан төңкерісінің 10 жылдығына дейін толық жетісікке жетеміз деген ұранынан келіп шықты. Бірақ комиссардың орынбасары Темірбеков көрсетілген уақытқа дейін мәселені жүзеге асыру ҚАКСР-дың қазынасының әлсіздігінен мүмкін еместігін айтты. Қазақтар арасында сауатсыздықты 50% ғана жоюға мүмкіншілік бар деп көрсетті /57, 95б./.
Тарихшы Х. Әбжановтың пікірінше, 1926 жылғы халық санағы бойынша, республика халқының тек 25% ғана сауатты екен /58, 47б./. Сондықтан, мәжілістегі көрсетілімді Кеңес Өкіметінің ұрандатуы сарынымен айтылған пікір деп қабылайыз. Осы баяндама мектеп-коммунналар туралы айта келіп, жастарды тәрбиелеудегі Кеңес Өкіметінің негізгі мақсаты балаларды коммунистік қозғалыстың жолбастаушылары және коллектевизм рухын дамытушылар ету екенін көрсетті /59, 95б./.
Комиссариат өміріндегі жарқын кезең 16-925 жылғы 13 ақпанда РКП/б/ Облыстық Комитеті Бюросының мәжілісінде С. Сәдуақасовтың Халық Ағарту Комиссары болып бекуімен басталды /60, 42б./. Комиссариат коллегиясына С. Сәдуақасов, Стародубцев, М. Жолдыбаев, Б. Сулеев, Богачев, Киселевтар мүше болап енді. С. Сәдуақасов келген бойда облыстардағы халық білім ісінің жағдайымен танысты. Жалпы, комиссар Сәдуақасовтың көтерген ең үлкен мәселесі – мектеп ісі болды. Мектеп ісінің дамуы бүкіл ағарту саласының кеңеюіне әсер етті.
1927 жылы 2 ақпанда С. Сәдуақасов мектеп ісі туралы ХКК-інің мәжілісінде баяндама жасады. Ол ХКК-і жанында орталық мекткеп ққұрылысының комитетін құруға мүмкіндік алды. Орталық мектеп құрылысы комитеті құрамына Н. Нұрмақов, С. Сәдуақасов, Қаржы Халық комиссариатынан – Аннеков, Сауда Халық Комиссариатынан – Носов, Жер Халық Комиссариатынан — Әлімбаев сайланды. Комитеттің мәжіліс қаулысына енгізген жетістігі – мектеп құрылысына материалдық жағдай жасауға қол жеткізді /60, 48б./.
1920 жылдан 30 жылдарға өту кезеңі республикада жоғарғы оқу орындарының құрылуымен есте қалды. 20 жылдарың ортасынан қазақ университетінің ашылуы туралы сөз қозғала бастады. Ағарту саласының орталығы болып есептелетін ХАК-ында бұл мәселе қызу қолдау тауып, мәжілістердің күн тәртәбәне қойыла бастады. Комиссариат коллегиясының мәжілісінде Қазақ Университетінің ашылуының алғышарттары жиі көтеріліп отырды. Жоғарғы оқу орнын ашу идеясы 1925 жылдан басталды. Бірақ көптеген себептерге байланысты университет ашылуы кейінге ысырыла берді.
Қазақстанда университет ашу мәселесі 1925 жылы 4 тамызда РСФСР ХАК-ы мәжілісінде қаралып, республикада жоғарғы оқу орны 5-7 жылдан соң ашылуы мүмкін деген тұжырым жасалады. Бірақ осы уақыттан бастап Комиссариаи мәжіліс хаттамаларына қарап отырсақ, университет ашу идеясы қызу талқыланғанын байқаймыз. Комиссариат педагогикалық кадрларға сұраныс көп болғандықтан, Ташкенттегі Қазақ ағарту институтын Қазақ педагогикалық институт деп қайта құруды жөн көрді /61, 53б./.
Институт ректоры болып Орта Азия Мемлекеттік Университетінің түлегі, соңынан Халық Ағарту Комиссары болған Т.К. Жүргенов тағайындалды /12, 29б./. Институттың Ташкент қаласынан ашылуы Қазақстанның өз жерінде оқу орнын ашуға әзірлік болмағанын көрсетеді, екіншіден, Қазақстанның астанасының жиі-жиі өзгеруі де белгілі бір қиыншылықтар тууына әсер етпей қоймады. Бірақ, ҚАКСР-де университет ашуға деген жұмыс жүріп жатты.
1926 жылы 28 маусымда РСФСР Мемлекеттік Жоспарлау Комитетінің әлеуметтік-мәдени секциясының мәжілісінде Қазақстаннан өкіл болып С. Сәдуақасов қатысып, Қазақстан педагогикалық инсттитутының Педагогикалық жоғарғы оқу орны болып қайта құрылып, оның мемлекеттік қазынаға қабылдануы туралы тыңдалды. Алайда, бұл мәселенi қабылдамай қойды. Оның орнына 1927-28 оқу жылында Қазан Шығыс Педагогикалық Институтында немесе Саратов Университетiнiң педагогикалық факультетiнде Қазақ лингвистикалық бөлiмiн құру туралы мәселенi шешудi ұсынды. Бiрақ, қаулыға қарамастан Ташкенттегi Қазақ Педагогикалық Институты өз жұмысын бастап кеттi /61, 45б./.
Ендiгi мақсат – Қазақ Мемлекеттiк Университетiн ашу. 1927 жылдың 18 қаңтарында Қазақ Педагогикалық Институтының басқармасында мәжiлiс болып оған зиялылардан төраға Т. Жүргенов, мүшелерi — Х. Досмұхамбетов, С. Сейдузов, I. Қабылов, жаратылыс- математикафакультетiнiң деканы — Ә. Ермеков қатысты. Халық Ағарту Комиссарының орынбасары Д. Авксьентевскийдiң Қазақ Педагогикалық Институтын Қазақ Мемлекеттiк Университетi қайта құру туралы баяндамасы тыңдалды. Мәжiлiс қаулысында Педагогикалық Халық Институтын Университетке айналдыру қабылданып, оның материалдық жағдайын көтерумен қатар оқу орнын Қазақстанның өз қалаларында ашу көзделдi /61, 46б./.
ХАК-ы 1927-28 оқу жылынан Қазақ Мемлекеттiк Университетiнiң құрамында педагогикалық, ауылшаруашылық, медициналық факультеттерiн ашты /61, 50б./. 1928 жылғы 10 маусымдағы ХКК-iнiң қаулысында былай көрсетiлдi:
«РСФСР ХКК-iнiң қаулысына сай 1928 жылдың 1 қазанынан ҚазМУ педагогикалық факультетi 3 бөлiмнен ашылды: физика-математикалық, жаратылыстану және лингвистикалық-әдеби » /12, 33б./. Университет ашылуының негiзгi себебi педагогикалық кадрларға өсiп келе жатқан қажеттiлiктерден туындаған. Педагогикалық факультетке ерекше мән берiлiп, оған студенттер қабылдана бастады. Басқа факультеттер ашуға мүмкiндiк болмады, себебi, кадрлар мен студенттердi жинау қиынға соқты. Сондықтан, 1930-31 оқу жылында Университеттi ҚазПИ етiп қайта құрды.
Қазақ Университетiнiң ашылу идеясы басында жiгерлi комиссар С. Сәдуақасов тұрса, оның ашылуына нақты iстер атқарған, зиялылардың жас та талантты өкiлi – Ораз Жандосов. Университеттiң 1928 жылы жұмысқа кiрiсуi сол жылы 4 маусымда комиссариат мәжiлiсiнде шешiлдi. Бұл мәжiлiске О. Жандосов, Баруличев, Оликов, Құдабаев және Қазақ Педагогикалық Институтының ректорының орынбасары Х. Досмұқамбетовтер қатысты. Мәжiлiсте Қазақ Мемлекеттiк Университетiнiң 1928 жылы 1 қазаннан бастап iске кiрiсетiнi айтылды /62, 5б./.Осы жылғы шiлдедегi комиссариат коллегиясы О. Жандосов төрағалық етiп, Қазақ Педагогикалық Инстситутының кейбiр оқытушыларын Қазақ Мемлекеттiк Университетiне жұмысқа тарту туралы мәселе күн тәртiбiне қойылды. Қаулыда Қазақ педагогикалық институтынан Х. Досмұхамбетовты, Ә. Ермековты, А. Байтұрстыновты, сондай-ақ Орта Азия Мемлекеттiк Унивеститетiнен Кун мен Емирковты шақыру ұйғарылды /62, 20б./. Бұл кезде комиссариатта жылдар бойы жүргiзiлiп келген зиялыларға қудалаудың күшейгенiн ескерсек, БКП/б/ Орталық Атқару Комитетiнiң назарына ерекше iлiнiп жүрген Алаш партиясының лидерлерi А. Байтұрсынов, Ә. Ермеков, Х. Досмұқамбетовтардың жұмысқа алынуы Қазақ Мемлекеттiк Университетiнiң өркендеуiн шын тiлеген комиссар О. Жандосовтың арқасында жүзеге асты.
Сонымен қатар коллегия мәжiлiсiнде Университеттi ұйымдатыру комиссиясының құрамы туралы мәселе қаралды.Ұйымдастыру комиссиясының құрамына: О. Жандосов, Е. Асфендияров, Ә. Байдiлдин, Д. Авксентьевский, Х. Досмұқамбетовтар кiрдi /62, 21б./. Зиялылар арасында идеологиялық бөлiну болмады.Коллегия мәжiлiстерiнде университет жайы да қаралды.1928 жылдың 31 шiлдесiнде өткен мәжiлiсте ҚазМУ-ға түсушi жергiлiктi тұрғындарғы жеңiлдiк жасау мақсатында оқуға түсу бағдарламаларын қайта қарау үшiн комиссия құрды. Комиссия құрамына О. Жандосов, Баруличев, Асфендияровтар ендi /62, 89б./. Қазақ Мемлекеттiк Университетiнде қазақ балаларының қабылдануы өзектi мәселе болды. Қазақ зиялыларының алдында қазақ балаларын оқуға алуға байланысты қиындықтар туған едi.Олар, бiрiншiден, қазақ мектептерiнiң ақсауы, екiншiден, университет бағдарламаларын меңгерiп кетуде қазақ балаларының дайындығының болмауы, үшiншiден, ауылдағы әлеуметтiк-экономикалық қиын жағдайлардан туындаған мәселелер. Оы мәжiлiсте О. Жандосовтың тiкелей ұсынуымен М. Әуезовты Ташкент Қазақ Ағарту Институтына оқытушы етiп тағайындаужәне Орта Азия Университетiнiң аспиранттары қатарына енгiзу туралы мәселе қаралып, қолдауға ие болды /62, 90б./. Қазақ Мемлекеттiк Университетiнiң ашылуы туралы шешiм ХКК-iнiң мәжiлiсiнде 1928 жылы 15 мамырда қабылданып, материалдық және экономикалық мәселелер шешiлдi.
Университет ашудағы Кеңес Өкiметiнiң негiзгi мақсаты – коммунистiк идеологияны ұстанушыжастарды даярлау болды. Бұны 1929 жылғы БКП/б/ Қазақ Өлкелк Комитетiнiң «Қазақстан студенттерiне» арнауынан көремiз. «Жаңа инженер, техник, аргоном, педагогикалық кадрларды өсiрмей, олардың өнеркәсiпте, транспортта, ауылшаруашылығындағы дәрежесiн көтрмей тұрып, бiз халық шаруашылығын қалпына келтiре алмаймыз. Бiзге халық шаруашылығының нағыз ұйымдастырушылары болатын, марксистiк интернационалды, бiздiң кеңестiк және партиялық шешiмдерiмiздi социалистiк құрылыстың барлық салаларында дұрыс жүргiзе алатын, Қазақстан жұмысында кездесетiн барлық қиындықтарды жеңе алатын кадрларды даярлау керек » /12, 35б./. Алайда, Қазақ Мемлекеттiк Университетiн Кеңес Өкiметiнiң саясатын жүргiзушi, кеңестiк идеологияны дәрiптейтiн орын болды деп айту қиын. Хак-ының қоының деректерiн қарап отырсақ, университет ашылуының баты қызиетi демократияшыл қазақ зиялыларының қолында болды. Олар жастардың миына коммунисттiк құю үшiн емес, өркениетке жететiн демократиялық арқылықазақ жастарына бiлiге сара жол салуға көмектестi.
1920 жылдардың соңында жаңа алфавитке көшу мәселесi туындады. Яғни, араб алфавитiнен кириллицаға ауысу. Бұл мәселе ХАК-ында шешiлмей, жоғарғы партия және кеңес органдарында шешiлдi. Алайда реформабан туындаған терминологиялық мәселелер тiкелей Комиссариат мiндетiне берiлдi. Комиссариаттың 1929 жылғы 9 ақпандағы мәжiлiсiнде терминологиялық комиссияныңқұрамына төраға – М. Жолдыбаев, мүшелерi М. Мурзин, С. Сарыбаев, Қасымов, Ембергенова, Есова, Байдилдин, Ерiмбетовтер ендi /60, 78б./. Деректердi қарап отырсақ, 1929 жыл комиссариаттағы қазақ зиялыларының жаңа құрамымен толығып, өзгере бостауына батсма болды. Бұрынғы Алаш лидерлерiнiң қудалауға ұшырауына байланысты , Комиссариатқа жаңа Кеңес рухында болмаса да, өкiмет органдарында қызмет iстеп қалыптасқан зиялылар келдi. Бұлармен қатар өзгерiске ұшыраған «идеологияландырудың» басты құралы оқулықтар мен оқу құралдары болды.
1930 жылдардан бастап бүкiл оқулықтар мен оқу бағдарламаларын қайта жасау тенднциясы кең етек жайды. Бұл Кеңес өкiметiнiң бюрократиялық құрылымының күшеюiжәне ағарту саласын «жаппай тазарту» реформасының басталуы едi. 1932 жылы 20 қаңтарда мәжiлiсте оқулықтар басылуы туралы Кеңсбаевтiң баяндамасы тыңдалып, Орталық Комитет пен Өлкелiк Партия Комитетiнiң «Бастауыш және орта мектептер туралы» қаулысы негiзiнде жасалынған жаңа бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаның жасалуын мәжiлiсье мектептердi ескi бағдарламамен жасалынғын оқулықтарды пайдалануды жүзеге асырмау үшiн iстелiндi деп түсiндiрiлдi. Сондықтан Комиссариат бастауыш мектептердi оқулықтармен қамту мақсатында қаулы шығарды:
1) Жаңа оқулықтардағы бояуды түзету. 1 басқыш оқулықтар осы жылдың 1 наурызынан қалмай шығарылсын.
2) Жұмысты орындау үшiн мына авторларды 15 күнге сабақтан босату керек. Олар: М. Төлебаев, М. Қаратаев, Есбатырова, Ә: Қоңыратбаев, Ұ. Құлымбетов, Әбдiрахманов, Хасанов және т.б. Мәжiлiсте жаңа бағдарламаның идеологиялық және әдiстiк талаптарына жауап бере алмайтыноқулықтарды пайдаланудан тез алу, бастауыш және орта мектептерге арнлып бұрын шыққан кiтаптарды қарау үшiн бригада құруға қаулы қабылдады /21, 62б./.
Мәжiлiс қаулылары Комиссариатта жаңа кезең басалғанын көрсетедi, ол идеологияландырылған, орталыққы бағынған мекеме жұмысының бастамасы едi. ХАК-ын ондаған жылдар бойы өркендетуге үлес қосқан зиялылар қудалауға ұшырап, оларды жаңа кадрлар айырбастады. Бүкiл оқу-әдiстемелiк жұмысты сонау 1920 жылдағыдай қайта бастауға тура келдi. Бұл қазақстанның ағарту саласының басынан бiрнеше рет кешiрiп отырған рухани дағдарысын күшейтiп, барлықсалада қайта құру реформаларын жасауға әкеп соқты. 1940 жылға дейiн ағарту жұмысының баяу бамығындығының негiзгi себебi де осы.
Жалпы, ХАК-ы құжаттары осы тарихи кезеңдегi қазақ жерiн ағарту мәселесiн зерттеуге толық мүмкiндiк бередi. Әртүрлi деректердiң мәлiметтерiн салыстыру тарихи жағдайды бақылауға мүмкiндiк бередi, деректер бiрiн-бiрi толықтырып,құбылыстың әртүрлiлiгiн бейнелейдi. Құжаттарды талқылау ұзақ та қиын процесс. Осыған байланысты зерттеушi оларды таңдап алу принципiне, яғни, шындыққа қаншалықты сәйкестiгi, деректiк толықтығы, нақты құбылыстың мәндi белгiлерi және негiзгi мазмұнының деректе бейнелену деңгейiн көрсету маңызды /21, 67б./.
2.2 Халық Ағарту Комиссариаты құжаттары беттеріндегі мәдениет пен ғылым орталықтарының қалыптасу кезеңі.
Қазақстанда XX ғасырдың 20-30 жылдарында мәдени-ағарту саласының басты ошағы болған Халық Ағарту Комиссариаты Республикадағы барлық ғылыми-мәдени саланы және мекемелерді қадағалады. Халық Ағарту Комиссариаты қорындағы құжаттарға қарасақ, осы салаларды басқарған мекеме – Академиялық орталық екенін көреміз. 1921 жылы, қазан айының соңында Академиялық орталық туралы қаулы қабылданады /63, 187б./. Кезінде ғылыми секторға қойылған міндеттер ауқымы кеңейіп, тереңдетіледі. Жаңа қаулы бойынша, Академиялық орталықтың басты органдары – Мемлекеттік ғылыми кеңес және Мемлекеттік көркем кеңес болып табылды. Мемлекеттік ғылыми кеңес республикадағы барлық ғылыми-саяси, ғылыми-техникалық және ғылыми ғылыми-педагогикалық жұмысты басқару хұқығына ие болды. Таза ғылыми жұмыс ғылыми қоғамдарда шоғырланды /15, 46б./. Секциялары: ғылыми-саяси және ғылыми-педагогикалық. Бірақ, Халық Ағарту Комиссариатында жұмыс орындарының қысқаруына байланысты, секция басшыларының қызмет орны жойылды /64, 39б./. Мемлекеттік ғылыми сектордың қызметі 1924 жылға дейін сақталды, кейін оның функциялары алдымен Академиялық орталыққа, содан-соң Халық Ағарту Комиссариаты жанынан құрылған ғылыми және ғылыми-методикалық кеңестерге өтті.
Мемлекеттік ғылыми кеңес бастапқы кезде ғылыми сектордың жанынан құрылды және Бас көркем комитет деп аталды. Бас көркем комитетінің жұмысы Халық Ағарту Комиссариатының құрылымының өзгерулерінен және қызметкерерінің аздығынан баяу жүрді. Қызметінің бастапқы кезінде бұл кеңес республикадағы мәдени қайраткерлерін тізімге алу жұмысымен айналысты. Кейін, проф. А.В. Растропович пен А.В. Затаевич жұпысқа шақырылып, олар Қазақ мәдениетін зерттеу мен даму тарихына өз үлестерін қосады. Бас көркем кеңесі жанында музыкалық, театралдық, фонокино мен музыкалық-этнографиялық секциялар болды /65, 11б./. Сонымен, Бас көркем кеңесі республикадағы көркем жұмысындағы теоретикалық пен программалық басшылықты біріктірді және көркем жұмысымен айналысқан Халық Ағарту Комиссариатының бөлімдеріне жалпы теоретикалық директиваларды құрастырды /65, 12б./. Осы кеңестің көмегімен бірінші Қазақ театры құрылады.
Сонымен қатар, Академиялық орталықтың құрылымдық бірліктеріне 2 комитет кірді. Олар: Басмузей және Басархив. Архив ісінің басқармасы ҚАКСР-дің бірегей мемелекеттік архим қорын өз қолында біріктірді. Республикадағы архив ісін құруға кіріспестен бұрын, Басархив келе жатқан жұмыстың жоспарын жасады:
1). Орынбор қаласында Революциялық Архив секциясы мен ғылыми-анықтамалық кітапханасы бар Орталық Өлкелік Архив құру.
2). 7 губерниялық қалада архив қорларын құру және автономиялық Адай уезі үшін Александровск фортында 1 архив қорын құру /66, 50б./.
Өлкелік губерниялық архив құру аса қиынға соқпады. Себебі, 1919 жылы-ақ Орынбор-Торғай архиві құрылады. Ол РСФСР Басархивінің Орынбор бөлімінің қарамағында еді /65, 16б./. Орынбор-Торғай архиві ҚАКСР Халық Ағарту Комиссариатының жүйесіне бөлімше ретінде кірді. Оның негізінде 1922 жылы қаңтар айында, Академиялық орталыққа бағынышты Республиканың Орталық Өлкелік Архиві құрылды. 1922 жылғы 24 қаңтардағы коллегия мәжілісінің хаттамасын алып қарасақ, коллегия, архив – бір жүйеге келтірілген, тарихи маңызы бар құнды корладың басты сақтаушысы болып табылады деп бекітті /67, 1-2б.б./. Ал 1923 жылы 24 сәуірде ҚАКСР Орталық Атқару Комитеті Орталық және Губерниялық Архив туралы жаңа қаулы қабылдайды /68, 5-11б.б./. Қаулы бойынша Қазақстанның барлық архив құжаттары кіретін Республиканың біріңғай архив қоры құрылады. Енді Қазақстанның Орталық Архиві РСФСР-дің Орталық Архивінің құрамына кірді. Сонымен, Орталық Архив республикадағы архив құжаттарын жинау жөніндегі ұйымдастыру-методикалық функцияларын біріктіріп, Халық Ағарту Комиссариатының Академиялық орталығының қарамағында емес, тікелей ҚАКСР Орталық Атқару Комитетінің қарамағына енді. ҚАКСР Орталық Ахивінің губерниялық (облыстық) бөлімдері губерниялық (облыстық) Атқару Комитеттерінің бөлімдері болып табылды және орталық Архивтің архив ісі жөніндегі директиваларына бағынды.
Қарастырылып жатқан кезеңде Академиялық орталық жанында, орфографиямен, терминологиямен, қазақ тіліндегі әдебиет шығарумен айналысқан ғылыми-әдеби кеңес жұмыс істеді. Бұл кеңес өнердің барлық түрінің дамуына өз септігін тигізді. Республикадағы, баспасөзден басқа, қазақ тіліндегі барлық әдеби шығармалар кеңестің рұқсатымен ғана басылды. Сонымен қатар Академиялық орталық жанында ғылыми қоғамдарыңдәне мекемелердің басқармасы жұмыс істеді. Бұл басқарма республикадағы музей ісін, тарих пен өнер ескерткіштерін қорғау, ғылыми қоғамдар мен ғылыми мекемелер қызметін қадағалап тұрды.
1921 жылғы хаттаманы қарасақ, қазақ өлеңдерін жинау жұмысына Халық Ағарту Коммиссариатының белгілі өкілдері, зиялылар А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, Ә. Бөкейхановтар қатысқанын анықтауға болады.Жалпы А. Затаевичтің кітабының құндылығы сонда, ондағы қазақ әндеріннің жазылуына қазақ зиялы қауымының үлесі зор болды. Академиялық МУЗО саяси бөлімінің меңгерушісі А. Затаевичтің жинаған қазақ ұлттық өлеңдері әндерін қабылдау үшін 1921 жылғы 9 мамырдағы Халық Ағарту комиссары А. Байтұрсыновтың төралығымен құрылған Муза Комиссиясының баяндамасы тыңдалды. Онда А. Затаевичтің жұмысына жоғарғы баға беріліп, оған едәуір көлемде ақшалай сыйлық берілді. Қазақ зиялы қауым өкілдері қазақ әндерін жинаушысы А. Затаевичтің жұмысы барысында үлкен ынтымақтастық танытып, оған моральдық және материалдық үлкен көмек көрсетті. А. Затаевичтің қазақ әндерін жинау кезіндегі жұмысы туралы баяндамалары Комиссариат коллегиясында жиі-жиі тыңдалып отырды. Коллегия мүшелері А. Затаевичтің еңбегінің Қазақстан үшін өте құнды екенін мойындап, оған барлық жағдайлар жасауға тырысты. /69, 23б./.
Жоғарыда келтірілген мысалдардан, республикадағы барлық ғылыми-мәдени саланы бастапқы кезде Халық Ағарту Комиссариатының Академиялық орталығы басқарғанын көреміз. Академиялық орталықтың бірінші басшысы болып, қазақ зиялы қауымының белгілі өкілі – А. Байтұрсынов болды. 1922 жылдың 3айының ішінде (қаңтар-наурыз) ғана Академиялық орталықтың коллегиясы 37 мәселені қарастырып үлгерді. 1921 жылдың қазан айынан 1922 жылға дейін, Академиялық орталық коллегиясының 14 отырысы өтті. Қазақстанның флорасы мен фаунасы, тарихы мен этнографиясына арналған 16 зерртеу жұмысы қарастырылды.
А. Байтұрсыновтың еңбегі арқасында, 1922 жылы Халық Ағарту Комиссариатының Академиялық орталығының жанында Қазақ ғылыми-әдеби комиссиясы құрылады /55б./. Комиссия оқулықтарды дайындау, қазақ тіліндегі терминология мәселелерімен айналысты. 20-жылдардың І ширегінде І, ІІ басқыш мектептеріне мен сауатсыздықты жоюға арналған оқулықтар шығаруда және методичка шығаруда үлкен жетістіктерге ие болды.
1924 жылдың соңында академиялық орталығы жойылды. Академиялық орталықтың орнына ғылыми және методикалық кеңес құрылды.
Халық Ағарту Комиссариатының қорындағы құжаттарда Қазақстандағы XX ғасырдағы 20-30 жылдардағы мәдени орындарының қалыптасу тарихы айқын бейнеленеді. Соның ішінде алғашқы қазақ театрырының қалыптасуы. Бұл мәселен Смағұл Садуақасов есімімен тығыз байланысты.
1925 жылы сәуірде Қызыл-Ордада республиканың мәдени дамуының бағыттары талқыланған Қазақстан Кеңестерінің V сьезі өтеді. Мұнда Қазақ ұлттық театырының құрылуы тездетілсін деген ұсыныстар айтылады.
1925 жылы 22 қазанда Халық Ағарту Комиссары Смағұл Садуақасов Қызыл-Ордада театр мәселесі жөнінде жазушылар, ғылым мен өнер қайраткерлерінің қатысуымен жиналыс өткізеді. Олардың барлығы театр ашуды мақұлдайды. Өз баяндамасында С. Садуақасов Қазақ театры өз халқына сай, әлемдік мәдениетте жаңа үлес қоса аларлықтай болуы керек деген тұжырымға келеді /71, 25б./. Сәдуақасовтың « ұлттық ерекшелікті қазақ театырының өз халқының мәдениеті негізінде, басқа достас халықтардың, соның ішінде орыс халқының дәениетінен оқшау түрде дамыған жағдайда ғана сақтауға болады» сөзіне Кеңестік зерттеуші Н. Львов Халық Комиссары ұлтшылдық ойлармен ауырған деген пікір айтады /72, 56б./. Ол Садуақасаовқа қазақстанды Кеңес Одағынан шығарып, Мұсылмандық мемлекеттерге қосқысы келеді деген жала жапты. Бірақ бұл жаланың жасанды екені көрніп тұр. Садуақасов Қазақстанның Кеестер Одағынан шыққысы келеді деген сөздерді ешқашан айтпаған. Ол тек Қазақ театырында басқа халықтың қойылымдарын қоюға қарсы шыққан.
Қазақ театры алғашқ қойылымы 1926 жылы 13 қаңтарда Қазақстанның сол кездегі астанасы Қызыл-Ордада болды. 1928 жыл театр Алматыға көшіп келеді. Осылай, алғашқы Қазақ театырының негізі қаланады /17, 15б./.
Жалпы, Қазақстандағы қарастырылып отырған кезеңдегі мәдени жағдайы туралы екі жақты пікір айтуға болады. Қор құжаттарындағы деректерде көбіне мәдени құрылыстың жетістіктері сипатталған. Құжаттарға обьективті тұрғыдан қарау, бізге сол мәдени құрылыстағы келеңсіз сипаттарды да ашып бере алады. Әрине, мәдени-ағарту құрылысының жетістіктерін біз жоққа шығара алмаймыз. Бұл – тарихи шындық. Бірақ, бұл құрылыстың қатаң тәртіп, коммунистік идеологияны жүзеге асыру, репрессия, қазақтардың ұлттық ерекшеліктерін жерге басу, орыстандыру саясатын енгізу арқылы жүзеге асқанын да ескеру қажет. Репрессия тұсында көптеген мәдени қайраткерлерінен айырылған Қазақ мәдениетін деректерді талдау арқылы алып қарастырайық
1935 жылы 24-25 мамырда Қазақстан мәдени қайраткерлерінің І сьезі болды. Бұл сьездің алдыңғы сьездерден ерекшелігі – Кеңес өкіметінің әбден орнығып, барлық салада иделогияның ауқым ала бастаған тұсы. Сьезде оқу ісін көтерген БКП/б/ Қазақ Өлкелік Комитетінің бірінші хатшысы Л. Мирзоян алдымен ауыл мектебінің жағдайына тоқталды. Ол мұғалім кадрларды даярлауды бірінші кезекке қойды /73, 14б./.
Комиссариат қорында мәдени құрылыс қызметкерлері сьезінің материалдары сақталған. Сьезде сөз Ленинградтан арнайы шақырылған аспирант-лингвист Б. Балақаевқа берілді. Балақаев өз сөзінде диалектология мәселесіне тоқтала келіп, С. Аманжоловтың, Е. Шонановтың, Ш. Жансүгіровтың Қ. Жұбановтың пікірлеріне өз көзқарасын айтты. С. Аманжоловтың диалект туралы пікірін, оны Шонановтың қолдауын дұрыс дей келе, мәселені кең зерттеуді ұсынды /73, 17б./.
Сьезде алдын-ала хабарлама жасаған «Қазақ әдебиетінің терминдері, тілдері» атты құжатта алашордашыларды бүкіл бүкіл мәдени-ағарту ісіне, әсіресе қазақ тілінде, терминология мәселесінде кінәлі етіп шығарды. Сондықтан да сьезде сөйлеген зялылардың алашордашылар туралы пікірлері әртүрлі көрінді. Алайда, сьездегі баяндамашылар сөздерінен көргеніміздей, «алашодашылар» қудаланып, Кеңес өкіметі бюрократиялық қысым орнатса да оларды мүлдем жоққа шығарды деп айта алмаймыз. Оларды қолдау ішінара болса да көрініс тапты.
Ленинградта оқыған жас әдебиетші-аспирант М. Қаратаев өз сөзінде қазақ зиялы қауымының орфография және терминология туралы пікірлерін сынап өтті /73, 19б./. Оның баяндамасынан Е. Омаровтың, тіл маманы қ. Жұбановтың қазақ тілінің буындарының ерекшелігін ашудағы жұмысын қолдағанын көреміз. М. Қаратаев ұлттық зиялы қауымды қаншама сынға алса да, сөзінде олардың қызметтерін көрсетуге мәжбүр болды.
Баяндаманың келесі тоқталған мәселесі – қазақ әдебиеті мен әдеби шығармалар тілі туралы. Ол Ж. Аймауытовты сөздің, әсіресе, «прозаның шебері» деген пікірге қарсы шығып, «ұлтшыл» деп, оның «Қартқожа» романының тілі кеңес жазушыларынан ешқандай артық емес дей келе, Ж. Аймауытовтың 1916 жылғы көтеріліс туралы пікірін «төңкерістік оқиғаны буржуазиялық-ұлтшылдық көзқарасымен қараған» деп сыннан өткізді. М. Қаратаев бұнымен де шектелмеді, Ж. Аймауытовтың тілін прозалық та емес, поэзиялық та емес, оның сөздері тарих төңкерісіеің мазмұнын бүркеп, оқырмандарды төңкерістен басқа жаққа әкетеді деп көрсетті. Қаратаев Ж. Аймауытовқа Ғ. Мүсіреповты қарсы қоя келіп, оның метафорасы мен жолы ескі поэтикалық айналымдармен емес, жаңа революциялық қазақ тілінің сөздерімен қазақ проза тілінде жаңалық деп көрсетті /21, 78б./. Менің ойымша, 1920-30 жылдары қазақ әдебиеті саласында керемет туындылыр шығырған, ағарту саласында қызмет еткен көрнекті қазақ зиялысы Ж. Аймауытовты 1930 жылдары енді ғана щығып келе жатқан, негізгі туындылары Ұлы Отан соғысынан кейінгі уақытта шыққан жазушы Ғ. Мүсіреповпен салыстыру мүмкін емес.
Мәдени құрылыс сьезінде Қ. Жұбановтың «Қазақ әдеби тілінің жағдайы туралы» баяндамасына байланысты қарар қабылданды. Қарада комиссариаттың қалаған терминология негізі дұрыс деп табылып,баяндамадағы талас-тартыста ашылғанорфографиялық кемшіліктерінсьезд жөндеу керек деп шешті. Қ. Жұбанов КСРО Орталық Атқару Комитетінің Ұлттар кеңесі жанындағы Жаңа алфавиттің бүкілодақтық кмиттетінің түрік, татар секторының мәжілісінде Қазақ орфографиясының жобасы туралы баяндама жасады /21, 79б./. Құжатқа деректанулық сын тұрғысынан қарасақ, Қ. Жұбановтың баяндамасынан обьективті принциптер айқын көрінеді. 1935 жылдың өзінде-ақ бюрократиялық қоғамның қазақ тіліне тигізген зиянын, әсіресе латын тіліне өтуін сынау батылдық еді.
1935 жылы Қазақстанның 9-шы Кеңстер сьезінде Халық Ағарту Комиссариатында Т. Жүргенов сөз сөйлеп, ағарту саласының маңызды мәселелеріне тоқталды. Т. Жүргенов баяндамасында мәдениет төңкерісін жасауға, оқу ісінің сапасын көтеруге бөгет болған кемшіліктерді айтудан бастады /74, 21б./.Талқылауға түскен мәселе – мектеп ісі. Халық Ағарту Комиссары т. Жүргеновтың баяндамасында 1926-36 жылдар арасында ағарту ісін, соның ішінде, әсіресе, мектептің қаншалықты дамығандығын көреміз. Көптеген ақпараттарда, кеңестік әдебиеттерде бұл жылдары оқу ісінің асыра айтылғандықтарына да мәліметтер дәлелдейді. Зерттеуші ғалым Х. Табылдиев идеологияландыру мен асыра сілтеушіліктің ықпалы саутсыздықты жою ісінде де көрінгенін айтқан /14, 17б./.
Қорыта келе Қазақ жерінде мәдени-ғылыми орындарының қалыптасу кезеңін екіге бөлуге болады. Бірінші кезеңде, яғни репрессияға дейінгі кезеңде, Қазақ жерінде осындай орындарының жоқ болғанынан, олардың жаппай салына бастауы. Бұл кезеңдегі ерекшелік, мәдени-ғылыми орындарының қалыптасуына қазақ зиялылары үлкен ықпале етті. Бұл халыққа оң әсерін тигізді. Бұған Халық Ағарту Комиссариатының құжаттары дәлел. Мәселен, А. Байтұрсынов комиссар болған тұста, ешбір құжат, соның ішінде мәдени-ғылыми орындарының ашылуына байланысты құжаттар оның қолынсыз іске аспады. Және де бұл тұста көптеген мәселелер Комиссариаттың өз ішінде шешілді. Бұл, әрине, шешімдердің ұлт мүддесіне қарай қабылдануына оң әсерін тигізді. Екінші кезең Кеңестік билік құрылымындағы бюрократиялық жүйенің қалыптасуымен, тоталитарлық-коммунистік жүйенің нығаюымен ерекшелінеді. Бұл кезеңде шешімдердің көбісі Жоғарғы Партия Органдарынан ұлттық мүддені, ерекшеліктерді ескерілместен қабылданып отырды. Сол кезеңдегі қазақ мәдениетін мен ғылымын қалыптастырған зиялы қауым өкілдерінің көбісі репрессияға ұшырады. Мәдени-ғылыми мекемелер Коммунистік идеологияны бұқара халық арасына енгізуші, таратушы орындаға айнала бастады. Осы кезеңдегі жағдайды анық ашып бере алатын, ол – Халық Ағарту Комиссариатының құжаттары. Құжаттарда 1920-30 жылдардағы мәдени-ағарту саласындағы жетістіктер басым болғандықтан, оларға бьективті тұрғыдан қарау қажет. Әрине, бітіру жұмысының бұл бөлімінде мәдени-ғылыми орындарының қалыптасуы туралы қор құжаттарына деректанулық талдау жасау негізінде толық ашылмады. Тіпті, кішкене бір бөлігі ғана. Көптеген мәселелер қарастырылмады. Себебі, берілген уақыт арасында қор құжаттарына деректанулық талдау жасау мүмкін емес. Қор құжаттары ауқымы жағынан үлкен. Сондықтан да болашақта бұл мәселе әлі де зерттелу керек.
Қорытынды.
XX-ғасыр дүрбелеңге толы. Елдің қоғамдық саяси өмірі өзгеріп, рухани сала да шетте қалмады. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін елде руханияттың көзі – мәдени-ағарту ісі үлкен маңызға ие болды. Жаңа өкімет халықты жаппай сауаттандыру мен мәдени саланы күшейту реформаларымен қатар, ұлттық ұстанымдарға қарсы, қазақтарға зиян әкелген орыстандыру саясатын да енгізді. Қазақстанда мәдениет пен ағартудың орталық мекемесі ретінде Халық Ағарту Комиссариаты пайда болды. Комиссариат қызметі XX-ғасырдың 20-30 жылдарындағы мәдениет тарихында елеулі орын қалдырды.
Қазақстанның XX-ғасырдың 20-30 жылдарындағы мәдениет тарихын зерттеуде Халық Ағарту Комиссариаты қорының құжаттары қандай дәрежеде көріне алды? Бұл сұраққа мынадай нақты жауап айтуға болады. Бұл өте бай, құнды құжаттар жинақталған, деректік маңыздылығы жағынан кең ауқымдағы бірегей мәліметтері бар қор болып табылады. Халық Ағарту Комиссариатының құжаттарын талдау бізге мәдени-ағарту саласының аталған жылдардағы дамуы туралы әр-түрлі пікірлерді қалыптастырады. Бір жағынан, Кеңес өкіметінің мәдени-ағарту саласындағы реформалары белгілі бір нәтижелерге, жетістіктерге алып келді деп толық айтатын болсақ, екінші жағынан, мәдени-ағарту саласының дамуы қатты қысыммен жүргізілді.
Дегенмен, кеңес өкімет органдары қатты қысым жасау арқылы белгілі бір жетістіктерге жетті. Кеңес өкіметінің мәдени ісінде жетістіктерге жетуінің ең басты себептері мыналар: жоғарғы органдардың мәдени-ағарту ісіне тікелей араласуы, құрал-жабдықтармен қамтамассыз етуді қадағалау, материалдық көмекті үсті-үстіне көбейтіп отыруы, жиі-жиі қаулылар арқылы Халық Ағарту Комиссариатының қызметіне ықпал жасау,мәдени мен педагогикалық кадрларды күшейтуге тырысу, қазақ зиялыларын Комиссариатқа тарту арқылы мәдени-ағарту ісінде білімді адамдардың қызмет етуі. Мұрағат қорындағы құжаттарға деректік талдау жүргізе отырып, олардың мазмұнын, ерекшеліктерін ескеру барысында құжаттардың түрлі сипатын айқындауға мүмкіндіктер туады. Халық Ағарту Комиссариатының құрылған күннен бастап, мәдени-ағарту саласының жұмыстың қалай жүзеге асқандығын байқауға болады.
Қазақстанның XX-ғасырдағы 20-30 жылдарының мәдени тарихын Халық Ағарту Комиссариатының құжаттарын пайдаланбай зерттеу мүмкін емес.
Пайлаланған әдебиеттер тізімі.
- Умаров И. Ученая деятельность А.Б. Байтурсынова // Труды общества изучения Казахстана. 1922. вып.3.; Дулатов М. Ахмед Байтурсынович Байтурсынов // Труды общества изучения Казахстана. – 1922. вып.3.
- Рыскулов Т. Избранные труды. – Алма-Ата: Наука, 1984.
- Абаимов Н. Октябрь в просвещении // Советская Киргизия. – 1924. – №10.; Школьные работники и их переподготовка КССР // Советская Киргизия. – 1923. – №1.
- Береза Г. Проблема кадров Казахстане. – Оренбург. – 1931.
- Амрин Х. Всеобшее обучение в кочевых и полукочевых районах. // Народное хозяйство Казахстана. – 1931. – №8-9.; Альджанов Ш. Национальная школа на данном этапе. // Просвещение национальностей. – 1923. – №4.
- Джандосов У. Советская наука и найиональность. // Фронт науки и техники. – 1932. – № 1.; Жүргенов Т. Қазақстандағы мәдени революция. – Алматы: Қазақ баспасы, 1935.
- Чокаев М. Туркестан под властью советов. – Алам-Ата: Ғылым, 1993.
- Сапаргалиев Г. Советское государство в борьбе за развитие социалистической культуры в Казахстане. – Алма-Ата: Издательство АН Каз ССР, 1957.
- Сембаев А. Очерки по истории казахской школы. Алма-Ата: Казахское государственное учебно-педагогическое издательство,1958.
- Сулейменов Р., Бисенов Х. Социалистический путь культурного прогресса отсталых народов. – Алма-Ата: Наука, 1967.
- Сулейменов Р. Т. Жургенов. – Алма-Ата: Казахстан,1968.
- Жаманбаев К. Высшая школа в Казахстане. – Алма-Ата: Казахстан,
- Хабиев. Х. Культурное строительсто в Казахстане в период социалистической реконструкции народного хозяйства и создания экономического фундамента социализма (1926-1932 г.г.): Автореф.дис.канд. – Алма-Ата. – 1957.; Утебалиев Ж. История развития народного образования в Казахстане в годы первой пятилетки (1928-1932 г.г.): Автореф. дис.канд. – Алма-Ата. – 1985.; Абдулкаримова М. Культурно-просветительная работа в Казахстане в 1917-1932 г.г.: Автореф.дис.канд. – Алма-Ата. – 1975.
- Табылдиев Х. Қазақстанда сауатсыздықты жою: тарихи тәжірибе мен тағылым: Докт.дис.автореф. – Алматы. – 1997.
- Таукебаева Ш. Становление гоударственных учреждений Казахстана по образаванию, культуре и науке (1917-1936 г.г.): Канд. дис. – Алматы. – 1999.
- Нұрымбетова Г. О.Қ. Жандосовтың қоғамды-мемлекеттік қызметі (1916-1938 ж.ж.): Канд.дис.автореф. – Алматы. – 1995.
- Елмурзаева Р. Жизнь и деятельность Смагула Садвакасова: Атореф.дис.канд. – Алматы. – 1997.
- Мамраева А. К. Общественно-политическое развитие Казахстана в начале XX века и Алихан Букейханов: Автореф.дис.канд. – Алматы. – 1997.
- Қойгелдиев
- Омарбеков Т. А. Қазақстан тарихының өзекті мәселелері
- Мусағалиева А.
- Сексенбаева Г. А. Документы фонда Наркомата земледелия КазССР по аграрной реформе в Казахстане в 20-е годы (источниковедческий анализ): Автореф. дис. канд. – Алматы. – – 21с.; Жакишева С.А. Баи- «полуфеодалы» в казахстане на рубеже 20-30-х годов XX века: историко-источниковедческий анализ проблемы: Авторе. дис. канд. – Алматы. – 1996. – 25 с.
- Атабаев Қ.М. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 31 б.
- Атабаев Қ.М., Қадыртаева М.А. Дерктанудың теориялық мәселелері. – Алматы: Қазақ университеті, 1999. – 17 б.
- Иточниковедение по истории СССР. Под ред. И.Д. Ковальченко – Москва: Высшая школа , 1981.
- Тихомиров М. Н. Источниковедение истории СССР. ч.1. – Москва: Соцэкгиз, — 1940. – 495 с.
- Қадыртаева М.А. Документальные материалы ЦГА КазССР по истории освения целинных залежных земель как исторический источник. (1954-58 г.г.): Афтореф. дис. канд. – Алма-Ата. – 1974. – 24 с.
- ҚРОМА 5-қ. – 1-т. – 1-іс – 16-п.
- ҚРОМА 81-қ. – 1-т. – 54-іс – 9-п.
- ҚРОМА 81-қ. – 1-т. – 1-іс – 14-п.
- ҚРОМА 81-қ. – 1-т. – 2-іс – 34-п.
- ҚРОМА 81-қ. – 1-т. – 89-іс – 43-п.
- ҚРОМА 81-қ. – 1-т. – 34-іс – 21-п.
- ҚРОМА 81-қ. – 1-т. – 28-іс – 10-п.
- ҚРОМА 81-қ. – 1-т. – 21-іс – 106-п.
- ҚРОМА 81-қ. – 1-т. – 46-іс – 49-п.
- ҚРОМА 81-қ. – 1-т. – 55-іс – 1-п.
- ҚРОМА 81-қ. – 1-т. – 807-іс – 2-п.
- ҚРОМА 81-қ. – 1-т. – 586-а-іс – 14-15-п.
- ҚРОМА 81-қ. – 1-т. – 567-іс – 17-п.
- ҚРОМА 81-қ. – 1-т. – 757-іс – 60-п.
- ҚРОМА 44-қ. – 9-т. – 262-іс – 58-59-п.
- ҚРОМА 5-қ. – 19-т. – 143-іс – 236-п.
- ҚРОМА 5-қ. – 3-т. – 216-іс – 1-2-п.
- ҚРОМА 544-қ. – 1-т. – 100-іс – 83-п.
- Источниковедение. – Москва: Российский Гуманитарный Университет, 1998.
- Документы и делопроизводство. Справочное пособие. – Москва: Экономика, 1991.
- ҚРОМА 81-қ. – 1-т. – 39-іс.
- ҚРОМА 81-қ. – 1-т. –15-іс.
- ҚРОМА 81-қ. – 1-т. – 47-іс.
- ҚРОМА 81-қ. – 1-т. –258-іс.
- Тәукебаева Ш. Қазақстандағы Халық ағарту ісі мекемелерінің қызметі (1920-1930 ж.ж.). // Ақиқат. – 1998. – №6.
- ҚРОМА 81-қ. – 1-т. – 105-іс.
- ҚРОМА 81-қ. – 1-т. – 266-іс.
- ҚРОМА 81-қ. – 1-т. –41-іс.
- ҚРОМА 81-қ. – 1-т. –13а-іс.
- ҚРОМА 81-қ. – 1-т. – 818б-іс.
- Әбжанов Х. Мәдени құрылыстың ақтаңдақтары. // Қазақ тарихы. – 1993.
- ҚРОМА 81-қ. – 1-т. – 564-іс.
- ҚРОМА 81-қ. – 1-т. –1196-іс.
- Авксентьевский Д. Казахский Гоударственный Университет. – 2 издание. – Кзылорда: Каазахское Государственное Ихдтельство, 1927.
- ҚРОМА 81-қ. – 1-т. – 1361-іс
- ҚРОМА 81-қ. – 1-т. – 429-іс.
- ҚРОМА 81-қ. – 1-т. – 62-іс.
- ҚРОМА 81-қ. – 1-т. – 428-іс.
- ҚРОМА 44-қ. – 3-т. – 87-іс.
- ҚРОМА 544-қ. – 1-т. – 4-іс.
- ҚРОМА 544-қ. – 1-т. – 160-іс.
- ҚРОМА 81-қ. – 1-т. – 57-іс.
- ҚРОМА 81-қ. – 1-т. – 429-іс.
- ҚРОМА 81-қ. – 1-т. – 651-іс.
- Львов Н. Казахский театр. Москва: Наука, 1964.
- ҚРОМА 81-қ. – 3-т. – 428-іс
- ҚРОМА 81-қ. – 3-т. – 600-іс