Химиялық және бактерилогиялық қарулары, олардың құрылысы, жарылыс ошағы және олардан қорғану әдістері, Диплом

Түйін

 

      Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Химиялық және бактерилогиялық қарулары, олардың құрылысы, жарылыс ошағы және олардан қорғану әдістері»

 Осы дипломдық жұмыста жаппай жою қаруынан мектеп ұжымын қорғауды   ұйымдастыру мен өткізу сұрақтары қарастырылған. Зерттеу нәтижелері бойынша ядролық, химиялық, биологиялық қарулардан қорғану жолдары  жан-жақты зерттелген.

 

Аннотация

 

 Тема дипломной работы: «Химическое и бактериологическое (биологическое) оружия, их устройство, очаги поражения и способы защиты от них». Работа освещает вопросы организации защиты, их методы и способы, а также применяемые средства. Результаты исследований охватывают виды химического и биологического оружия.                                                                                                                             

 

 

 

 

 

Abstract

 

In the given degree work various kinds of extreme situations, questions of the organization and carrying out of salvage operations in extreme situations are considered{examined}. By results of researches the technique carrying out of employment{occupations} on the organization and carrying out of salvage operations in extreme situations is resulted.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе……………………………………………………………………………………………………………9

 

Бірінші бөлім:  Химиялық және бактерилогиялық қарулары,

олардың құрылысы, жарылыс ошағы және олардан қорғану

әдістері 

Азаматтық  қорғаныстың  міндеттері  мен  алатын  орны………………………………..13

1.1. Химиялық және бактерилогиялық қарулары, олардың құрылысы,

жарылыс ошағы және олардан қорғану әдістері

Азаматтық  қорғаныстағы  ұйымдастырудың  жалпы  принциптері…………………13

1.2. Химиялық және бактериологиялық қарулар тақырыбы

бойынша ұйымдастырудың негізгі формалары……………………………………………….17

1.3 Химиялық және бактериологиялық қарулар тақырыбы

бойынша оқыту әдістері…………………………………………………………………………………18

 

Екінші бөлім:  Химиялық және бактерилогиялық қарулары, олардың

құрылысы, жарылыс ошағы және олардан қорғану әдістері…………………………….22

2.1. Химиялық қару………………………………………………………………… …………………….22

2.2.  Бактериологиялық (биологиялық) қару……………………………………………………31

 

 

Үшінші бөлім: Химиялық және бактериологиялық (биологиялық)

қаруларды қолданған  кезіндегі  ошақтар  сипаттамасы…………………………………..35

3.1. Күшті  әсер  етуші  улы  зат  тардың  (  КӘЕУЗ  )  сипаттамасы…………………36

3.2. Әсері  күшті  улы  заттар  мен  улану  кезінде  көрсетілетін 

алғашқы       медициналық  көмек……………………………………………………………………39

3.3. Зақым  ошақтарында  жүргізілетін  авариялық  құтқару  және шұғыл 

қалпына  келтіру  жұмыстары………………………………………………………………………….40

 

Төртінші бөлім:  Жаппай қырып жоятын қаруды қолданған

аудандарында  жүргізілетін  құтқару және авариялық қалпына келтіру

жұмыстары …………………………………………………………………………………………………….41

4.1. Ядролық  зақым  ошағындағы  құтқару  және  қалпына 

келтіру  жұмыстары………………………………………………………………………………………..41

4.2.Төтенше оқиғалар жағдайында адамдардың  өзін

өзі ұстау  ережелері………………………………………………………………………………………..43

 

Бесінші бөлім: Жарақаттанғандарды  тасымалдау  құралдары 

мен  тәсілдері…………………………………………………………………………………………………44

  • .Төтенше оқиғалардан елді  мекендерді  қорғау………………………………………..45
  • Химияға, радияцияға   қарсы,  халықты  қорғау  тәсілдерінің 

негіздері. Қорғанудың ұжымдық құралдары……………………………………………………………..53

5.3 Химиялық қарудан сабақ өткізу…………………………………………………………………61

Қорытынды …………………………………………………………………………………………………..64

Қолданылған әдебиеттер ………………………………………………………………………….65

           Кіріспе

 

           Қазақстан  Республикасы   тәуелсіздік   алғаннан  кейін   жоғары   оқу   орындарының  оқу   жоспарына  өзгерістер  енгізілді . «Еңбек   қорғау»   және  «Тіршілік   әрекетінің   қауіпсіздігі»   пәндер   жеке  пән  ретінде  оқытылатын   болды .

           «Тіршілік   әрекетінің   қауіпсіздігі»      пәнінің  типтік   бағдарламасы   1993  жылғы  қыркүйекте  тұрғындарды  және  мамандарды   төтенше   жағдайда   әрекет  жасауға  арналған,  оқыту   жүйесін  ұйымдастыру   мәселелері  атты  Қазақстан  Республикасының  Министрлер   кабинетінің   №969   қаулысының  негізінде  Оқу   министрлігімен  Азаматтық  қорғаныс  бас  штабының   1994   жылғы   10   ақпанындағы  №  46 / 27   бірлескен   бұйрығына  негізделіп  жасалған .

           Бұл   пәннің   негізгі   қарастыратын   мәселесі  — адам   өмірі  , себебі , ол   қоғамның  дамуының  негізгі   тұтқасы, экономикалық   байлығы  болып   табылады.

           Тіршілік   әрекетінің   қауіпсіздігі —  қауіпсіздік  туралы   оқытып  және  одан  қорғауды   үйрететін   ғылыми  пән . Қауіпсіздік   деген  бұл  пәнде  негізгі  ұғым  болып  есептеледі . Қауіпсіздік  деп  белгілі  шарттарда адамның   денсаулығына  тікелей  және  жанама  зиян   келтіретін қажетсіз   салдар  қалдыратын  құбылыстарды , үрдісмтерді, нысандарды   айтады .

            Химиялық және бактериологиялық қарулардың зақымдаушы факторлары әр түрлі жарақатты және жұқпалы ауруларды туғызады. Адам денесі, белгілі бір органы немесе барлық ағзасы тіндерінің қүшпен зақымдануы жарақат деп аталады, мысалы: соғып алу, жаралар, сүйектердің сынуы, мидың шайқалуы және т.б.Терінің жамылғыш қабаты немесе шырышты қабықша тұтастығының бұзылуы жара деп аталады. Жаралар ластанған және таза болып келеді. Ядролық ошақтағы барлық жаралар ластанған болады.

           Жаралар беткі қабаттағы және терең болуы мүмкін. Адам денесінің ішкі қуыстарына — кеуде, іш және бас сүйегі ішіне еніп кеткен жаралар аса қауіпті болып саналады, өйткені бұл кезде белгілі бір ішкі орган зақымдануы мүмкін.

           Жаралаушы құрал түрі мен тіндердің бұзылуы сипатына байланысты жаралардың төмендегідей түрлерін ажыратуға болады:

— кесілген (пышақпен, алмаспен, әйнек, шыны жарықшақтарымен жаралану — жара шеті ажырап, қатты қанайды);

— шабылған ( балтамен — сүйектер зақымдануы мүмкін);

— шаншылған, ( түйрелген жаралар( пышақ, шеге, біз, қанжар, айыр, сүңгі-найзамен— кейде терең болуы мүмкін, ішкі органдар, мысалы, кеуде немесе іш қуысы зақымдануы ықтимал);

— соғылған және т.б.

           Химиялық және бактериологиялық қаруларды қолданған жағдайда екіншілей снарядтар әрекеті әсерінен мылжаланған және жұлынған, соғылған жаралар көп кездеседі. Бұл жаралардың шеттері тегіс емес, кесілген болып келеді және айналасындағы тіндердің едәуір зақымдануымен, қанның аз кетуімен сипатталады.

           Жаралар оқ тиген тесіп өткен немесе соқыр (оқ немесе жарықшақ тіндерде қалып қойса, ағни денеде жаттекті зат болады) болуы мүмкін. Оқ тиген жаралардың ерекшелігі — бұл кезде ірі қан тамырлары, нервтер, сүйек және буындар) жараланғанда енген зақымданулар болады. Кейде аралас зақымданулар болуы мүмкін, яғни жаралар зақымданудың басқа түрлерімен

( күйік, сәуленену ауруы және т.б.) қабаттасып келеді.

           Кез-келген жаралану кезінде әр түрлі асқынулар болуы мүмкін. Қан тамырлары жараланса, нәтижесінде, міндетті түрде қан кету байқалады, ол кейде қатты болып, адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Қатты қан кету кезінде жедел журек-қан айналым жеткіліксіздігі күшейіп, өлімге әкеп соқтыруы ықтимал. Ауқымды зақымданулар — жаралар, сыну, күйік кезінде зардап шегуші шок деп аталатын ауыр жағдайда түсуі жиі кездеседі. Шок өте күшті ауырсыну тітіркенгіштері, қан кету және басқа да себептерге байланысты нерв жүйесінің  қозуы нәтижесінде пайда болады.

           Қан кетуден басқа әрбір жара үшін ең қауіптісі — жараға микроптардың түсуімен байланысты туатын асқынулар мүмкіндігі.

Микробтар жараға жаралану кезінде немесе алғашқы көмек , ем көрсету кезінде асептика ережелерін бұзу салдарынан түседі. Бір жағдайларда ірің туғызатын ұшыну процесі дамуы мүмкін ( іріңтекті микробтар стафилококтар, стрептококтар), ал кейде тілме ушығуы жүреді ( қалшылдау, дене ыстығының көтерілуі, жара айналасының қызаруы, оның шеттерінің тегіс еместігінің анық байқалуы).

           Соғылған және мылжаланған тіндері бар жараларда және топырақ пен ластану кезінде газды гангрена туғызатын газды инфекция пайда болуы мүмкін ( оттек жоқ жерде дамитын микроптардың көбеюінің, яғни анаэропты инфекцияның көрінісі — тіндердің тез өлі еттене бастауы). Жараның инфекцияға ұшырауымен байланысты дамитын тағы бір қауіпті ауру — сіреспе. Клиникалық тұрғыда сіреспе бұлшық еттердің тырысып қалуы, тыныс алу мен жүрек жұмысының бұзылуы, шайнау бұлшық еттердің қарысуы, тыныс алу мен кіші дәретке отырудың қиындығынан сипатталады. Соңғы екі жағдайда гангренаға және сіреспеге қарсы сарысу егу қолданылады.

           Жаралану кезінде алғашқы көмек көрсеткенде, қан кетуді тоқтату, жараны таңғышпен жабу, тыныш қалыпта ұстау үшін дененің зақымданған бөлігін иммобилизациялау жұмыстарын жүргізу керек.

Қанды уақытша тоқтату — алғашқы медициналық жәрдем көрсету кезіндегі маңызды шаралардың бірі және қан кетудің түріне байланысты оның тәсілдері таңдалады.

 

           Пәннің  негізгі  мақсаттары: 

           — болашақ   мамандарды  теориялық  біліммен,  тәжірибелік  дағдылармен  қаруландыру;

           — төтенше  жағдайларда  елді  мекендерді  және  шаруашылық  нысандарын  апаттан,  табиғи  апараттардан  сақтауды  және  қазіргі  зардаптарды  жоюда  дұрыс    шешім  қабылдау  және  апатты  жағдайды  алдын  ала  болжау,  тұрғындарды    қорғау,  өндірістердің  тұрақтылығын  жоғарылатуды,  сонымен  бірге зақымдау  ошағында табиғи  апат,  ірі авария  және  катастрофа  салдарын  жою  кезінде  құтқару  және  басқа да  шұғыл  жұмыстарды  жүргізуге  үйрету; 

           — өз  мамандықтарына  сәйкес  білімгерлерді  төтенше  жағдай  кезінде  әскери  емес  құрылымдардың  басшысы  ретінде  шаруашылық  нысандарында  азаматтық  қорғаныс  шараларын  тәжрибе  жүзіде  қолданумен  таныстырады.

           Дипломдық жұмыс тақырыбы. «Химиялық және бактерилогиялық қарулары, олардың құрылысы, жарылыс ошағы және олардан қорғану әдістері» тақырыбы бойынша сабақ өткізу әдістемесі  

           Дипломдық жұмыстың мақсаты:  «Химиялық және бактерилогиялық қарулары, олардың құрылысы, жарылыс ошағы және олардан қорғану әдістері»  деген тақырыпты жан-жақты талдау жасау және оның оқыту ерекшеліктерін анықтау.

           Дипломдық жумыстың зерттеу нысаны «Химиялық және бактерилогиялық қарулары, олардың құрылысы, жарылыс ошағы және олардан қорғану әдістері» деген тақырып бойынша сабақты жүргізу.

           Зерттеудің пәні    «Химиялық және бактерилогиялық қарулары, олардың құрылысы, жарылыс ошағы және олардан қорғану әдістері» деген сабақты өткізудің  әдістемелік ерекшеліктері.

           Зерттеудің мәселелері:

  1. «Азаматтық қорғаныс және Төтенше жағдайлар» пәнінен «Химиялық және бактерилогиялық қарулары, олардың құрылысы, жарылыс ошағы және олардан қорғану әдістері» тақырыбы бойынша сабақтың ұйымдастыру және жоспарлау ерекшеліктерін  айкындау және талдау;
  2. «Химиялық және бактерилогиялық қарулары, олардың құрылысы, жарылыс ошағы және олардан қорғану әдістері» атты сабақтың үйлесімді мазмұнын және жоспарлауын анықтау;
  3. «Химиялық және бактерилогиялық қарулары, олардың құрылысы, жарылыс ошағы және олардан қорғану әдістері» тақырыбы бойынша сабақ өткізу әдістемесі» атты сабақтың әдістемелік ерекшеліктерін айкындау;
  4. «Химиялық және бактерилогиялық қарулары, олардың құрылысы, жарылыс ошағы және олардан қорғану әдістері» атты сабақты үйлесімді өткізуге байланысты әдістемелік нұсқау беру.

           Зерттеудің әдістері:

  1. Зерттеу мәселері бойынша ғылыми — әдістемелік әдебиеттерді талдау;
  2. Мектеп мұғалімдердің тәжірибелік жұмыстарын зерттеу ;
  3. Сабақтың үстінде педагогикалық бақылау жүргізу;
  4. «Химиялық және бактерилогиялық қарулары, олардың құрылысы, жарылыс ошағы және олардан қорғану әдістері» тақырыбы бойынша сабақ өткізу әдістемесі» тәжірибелік сабақтың  нәтижелерін талдау.

           Зерттеудің қайнарларымен Азаматтық қорғаныстың дамуын аңықтаушы  ресми құжаттар болды (Қазақстан Республикасы – 2030 даму стратегиясының концепциясы  мен Азаматтық қорғаныс агенттігі), жалпы білім беретін орта мектептердегі алғашқы әскери дайындықтың типтік бағдарламалары,  алдыңғы педагогикалық тәжірибе.                       

           Зерттеудің ұйымдастыру мен кезеңдері: Зерттеу 2011/2012 оқу жылында, екі кезеңде Сарысу ауданының Жаңатас қалалық  орта мектебінің базасында өткізілді.

           I кезең —  зерттеу тақырыбын айқындау, педагогика теориясында тап осы зерттеу түралы күй – жағдайын анықтау, зерттеудің ғылыми апаратын айқындау, зерттеудің жоспары мен мазмұнын күру.

           II кезең   — осы мәселе туралы әдебиеттерді талдау, зерттеу және өндеу, мектептің үздік мұғалімдерімен кеңес өткізу, мектептің және жаттығу сабақтарын талдау, мектептегі мұғалімдердің сабақтарын бақылау, алынған мәліметтерді өндеу және жүйеге келтіру. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Химиялық және бактерилогиялық қарулары, олардың құрылысы, жарылыс ошағы және олардан қорғану әдістері

 

1.1. Химиялық және бактериологиялық қарулар туралы түсінік

 

           Химиялық қару дегеніміз жалпылай улау заттарын қолданатын әскери қару. Химиялық улау заттарын жеткізу үшін зымырандар, бомбалар, снарядтар және т.с.с. құралдар пайдаланылады. Улау заттары адамдарды, мал-жануарды, тірі организмдерді, өзен-көлдерді, су қоймаларын, сол ошақ төңіректерін, егіндерді, өсімдіктерді жояды, қатты зақымдайды.

           Бактериологиялық (биологиялық) қару деп терлеткі (патогенные) микроорганизмдері, олардың шығаратын улары және жеткізетін құралдарының жиынтығын айтады.

           Бұл қарудың қауіптілігі – приборлардың жоқтығынан іздеп табудың қиындығы. Ал олардың әсерін анықтау үшін, сол қару қолданылған жерден, судан, ауадан, заттар алып, арнайы жабдықталған зертханада талдау жасап қана анықтауға болады. Оған көп уақыт кетеді, ал жаппай улану басталғанда әрбір минут, секунд қымбат.

           Төтенше  жағдайларда  халықтың, экономиканың  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  үшін  ҚР АҚ  тағайындалған.

           Қазақстан  Республикасының  «Азаматтық  қорғаныс  туралы»  Заңы, Қазақстан  Республикасының  «Табиғи  және  техногендік  сипаттағы  төтенше  жағдайлар  туралы», «Авариялық  құтқару  қызметі  және  құтқарушылардың  мәртебесі»  заңдар  кешенімен  және  басқаларымен  халықты, аумақтарды  және  шаруашылықты  жүргізетін  нысандарды  сенімді  қорғауды  қамтамасыз  ету  жөніндегі  заң  базсын  құрайды.

           Азаматтық  қорғаныс —  басқару  органдарының  мемлекеттік  жүйесімен  бейбіт  және  соғыс  уақытында  ел  халқын, шаруашылық  жүргізу  нысандарымен  аумағын  осы  заманғы  зақымдау  құралдарымен (қирату) факторларының  әсерінен, табиғи  және  техногендік  сипаттағы  төтенше  жағдайлардан  қорғау  мақсатында  жүргізілнтін  жалпы  мемлекеттік  шаралардың  жиынтығы.

           1997  жылы  мамырдың  7-де  Қазақстан  Республикасының  «Азаматтық  қорғаныс»  туралы  заңы  шықты, Азаматтық  қорғанысты  басқару  және  ұйымдастыру – мемлекеттік  ең  маңызды  функцияларының  бірі, оның  қорғаныс  шараларының  негізгі  бөлімі.

           Бұл  заң  Қазақстан  Ресіпубликасының  әр  бір  азаматының  міндеттері  мен  құқықтары, орталық  және  жергілікті  басқарушы  және  атқарушы  оргондардың  өкілділігін, Қазақстан  Республикасы  Азаматтық  қорғаныстық  негізгі  міндеттері  мен  құқықтары  орталық  және  жергілікті  басқарушы  және  атқарушы  оргондардың  өкілділігін, ҚРАҚ-ың  негізгі  міндеттері  мен  ұйымдастыру  прициптерін  анықтайды.  

 

           Азаматтық  қорғаныстың  негізгі  міндеттері

 

     1) басқару  және  байланыс  жүйесін  қолдау  және  дамыту;

     2) азаматтық  қорғаныс  күштерін  жасақтау, төтенше  оқиғалар  әрекетіне  дайындау;

     3) орталық  және  атқарушы  ұйымдар  мен  оргондардың  қызметкерлерін  дайындау, тұрғын  халықты  оқыту;

     4) бактериологиялық, химиялық, радияциялық  жағдаиларда  лабаратория  арқылы  бақылауды  қабылдау;

     5) АҚ – ың  жасақтарының  дайындығын  қамтамасыз  ету;

     6) шаруашылық  нысандарын  және  салалар  қызметінің  тұрақты  жұмыс  істеуін  нығайтудағы  кешенді  шараларын  өткізу;

    7) АҚ – ың  мүліктерін  және  қорғау  қорын, қорғаудағы  ғимараттың  қажетті  қорын  дайындауда  қолдау  және  жинақтау;

    8) тосын  жағдайларда  адамдар  өмірі  мен  денсаулығын  ретке  келтіретін  роталық  және  жергілікті  атқарушы  оргондарды  басқару;

    9) іздеу – құтқару  жұмыстарын, сондай – ақ  т.б.  кезек  күттірмейтін  жұмыстарды, зардап  шеккендерді  қауіпті  аймақтардан  көшіру  жұмыстарын  ұйымдастыру;

    10) бактериялық  химиялық  радиоактипті  зияннан  азық – түлікті, су  қоймаларын, өсімдіктермен  жануарларды  қорғау.

     Қазақстан   Республикасының    Азаматтық  ұйымдастырушылық   құрылымына:

      —   Азматтық  қорғаныстың   басқару   органдары;

      —   Азаматтық   қорғаныс   күштері;

      —   Азаматтық   қорғаныс  және   төтенше   жағдайлар   қызметтері;

      —   Азаматтық   қорғаныстың   материалдық  —  техникалық  құралдары; 

      —   Азаматтық   қорғаныстың   жұмылдыру  резервтері   жатады.

 

           Төтенше   жағдайларда  құрылатын  тұрақты  комиссиялардың  ұйымдастырылуы    мен   міндеттері 

 

           Бейбіт  және  соғыс  кездерінде  төтенше   жағдайлар  пайда  болады.

           Төтенше  жағдай  (  ТЖ )  —  адамдардың   қаза  табуына   әкеліп  соққан  немесе   әкеліп  соғуы   мүмкін,  олардың   дансаулығына,  қоршаған  ортаға  және   шаруашылық   жүргізетін  нысандарға   нұқсан  келтірген    немесе   келтіруі   мүмкін ,  халықты   едәуір   дәрежеде    материалдық   шығындарға   ұшыратып  ,  тіршілік   жағдайын   бұзған  немесе  бұзылуы  мүмкін, аврия, зілзала  немесе  апат    салдарынан  бір  аумақта   туындаған   жағдай.                                                                                                                                                                                                             

           Халықты,  аумақтарды  және  ұйымдарды  төтенше   жағдайлардан   қорғау  жөніндегі   шаралар  төтенше   жағдайлардың  алдын  алу   және  оны  жою  Мемлекеттік   жүйелердің  (  ТЖМЖ )  талаптарына  сәйкес  алдын  ала   өткізіледі.

           ТЖМЖ   аумақтық,   функционалдық,  салалық  және  нысандық   жүйелері   кіреді   және   оның;   жергілікті   және  республикалық  екі   дәрежесі  бар.   Ұйымдардың  орталық   және   жергілікті  атқарушы   органдарының  іс — әрекетін  үйлестіру  үшін  Республикада   Қазақстан  Республикасының  Үкіметінен  мынандай   ұйымдар:

           — Төтенше   жағдайлардың  алдын  алу   және   оларды  жою    Ведомствоаралық    мемлекеттік   комиссиясы     (ТЖВМК); 

           — Республикалық  жэне   эпидемияға   қарсы  төтенше   комиссиялар;

           — Көлікте   қауіпсіздікті   қамтамасыз   ету  жөніндегі     Ведомствоаралық   комиссиясы,  оның  аумақтық  комиссиялары   құрылады .

           — Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің   шешімімен  мемлекеттік  және   республикааралық  және   басқа  бағыттар  бойынша   комиссиялар  құрылуы   мүмкін;

           — Іс —  қимылдарды   үйлестіру   үшін  орындарда   және   салаларда;

           — Облыстарда,  қалаларда,  аудандарда   төтенше   жағдайлар   жөніндегі   аумақтық   комиссиялар;

           — Орталық   атқарушы   органдарында,  ұйымдарда  —   төтенше   жағдайлар   жөніндегі   комиссиялар    құрылады.

           Төтенше   жағдайлар   жөніндегі   комиссиялардың     басшылары   болып   ереже   бойынша  ұйымдардың,  орталық   және   жергілікті   атқарушы   органдарының   бірінші    басшыларының   орынбасарлары   тағайындалады.

           Табиғи   апаттар,  авариялар,  катострофалар   зардабын  жою  үшін  ұйымдастырылу   жұмыстарын    басқару   органдарының  және   төтенше   жағдайлар   кезінде    жұмсалатын   күштердің   үздіксіз   дайындықтарын  қамтамасыз   ету  үшін    сол   сияқты  зиянды   төмендетуге   бағытталған   шараларды   өткізетін     бақылауды   іске  асыру  үшін  Қазақстан  Республикасының  Министрлер  кабинетінде, облыстарда,  аудандарда  тұрақты   комиссялар   өздерінің   міндетті   жұмыстарын   атқарады .

           Республикалық  және  аумақтық  эпидемияға  қарсы  төтенше  комиссиялар;

Көлікте  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  жөніндегі  Ведомствоарлық  комиссиясы  облстарда,  оның аумақтық  комиссиялары  құрылады.

           Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  шешімімен  мемлекеттік  және  Республикааралық  және  басқа  бағыттар  бойынша    комиссиялар  құрылуы  мүмкін.

           Іс – қимылды  үйлестіру  үшін  орындарда  және  салаларда:

           Облыстарда, қалаларда, аудандарда  төтенше  жағдайлар  жөніндегі  аумақтық  каммиссиялар;

           Орталық атқарушы  органдарында, ұйымдарда  — төтенше  жағдайлар  жөніндегі  коммиссиялар  құрылады.

           Төтенше  жағдайлар  жөніндегі  комиссиялардың  басшылары  болып  ереже  бойынша  ұйымдардың, орталық  және  жергілікті  атқарушы  оргондардың  бірінші  басшыларының  орынбасары  тағайындалады.

           Табиғи  апаттар, авариялар, катастрофалар  зардабын  жою  үшін  ұйымдастырылу  жұмыстарын  басқару  оргондарының  және  төтенше  жағдайлар  кезінде  жұмсалатын  күштердің  үздіксіз  дайындықтарын  қамтамасыз  ету  үшін, солсияқты  зияндарды  төмендетуге  бағытталған  шараларды  өткізетін  бақылауды  іске  асыру  үшін  Қазақстан  Республикасының  Министрлер  кабинетінде, облыстарда, аудандарда  тұрақты  комиссиялар  өздерінің  міндетті  жұмыстарын  атқатады.

           Жоғарыда  айтылғандай   төтенше  жағдайлар  туралы  комиссиялар  Республиканың  Министрлер  кабинетінің  жұмысы  мүшесі.Төтенше  жағдайлар  туралы  комиссияны  Республиканың   Министрлер  кабинетінің  төрағасының  орынбасары  басқарады.

 

           Азаматтық  қорғаныс  күштері

           АҚК – і  бейбіт  уақытта  төтенше  оқиғаларды  жою  және  алдын  алудың  мемлекеттік  жүйесінің  белгілі  бір  бөлігін  құрайды. ҚР – ң Үкіметі  мұны  қаулыда  бекіткен.

           АҚ Күштері  мынадан  :

            — азаматтық  қорғаныстың  әскери  бөлімдерінен;

            — азаматтық  қорғаныстың  аумақтық  және  обектілік  құрамаларынан;

            — азаматтық  қорғаныс  және  төтенше  жағдай  құрамаларынан;

            — республикалық  және  аумақтық  жедел  құтқару  отядтарынан  тұрады.

           Облыста, қалада, ауданда  АҚ  жасақтарын  құру  аумкқтық  және  нысандық  бөлімдерге  бөлінеді.

           Нысандық  құрамалық  ұйымдарда  жекеменшік  формаларына  тәуелсіз,тұрған  жеріне  орай  азаматтық  қорғаныстың  жасақтары  пайдаланылады.АҚК – ің  негізін  шаруашылық  нысандары,мекемелер, оқу  орындарының  базасында  ұйымдастырылған  жасақтар  , әскери  күштер, құралдар  құрайды.

           АҚ  бастығына  тәуелді  аудан, қала, облыстық, аумақтық  жасақтар  жатады.

           АҚ  жасақтарының  саны  мен  құрамытұрғын  халықты  қорғау  қажеттілігіне  байланысты  болады.

           Қазақстан  Республикасының  аймақтарында  АҚ  жасақтарынан  жер  сілкінісі  болғандатұрғын  халықтың  10  адам  санына  1  құтқарушы  беріледі. Өнеркәсіпті  аудандарда  су  тасқыны, өрт, т.б. қауіп  қатерге  душар  болған  жағдайда  15-20  адамға  бір  құтқарушы  сәйкес  келеді.

           Жасақтардың  ұйымдық  құрлысы  мен  техникалық  жабдықталуы  ең  алдымен  олардың  міндеттеріне  қарай  белгіленеді.

           АҚ  құрамалардың  негізгі  түрлері: құтқарушылар, АҚ  құрамаларының  инженер  қызметкерлері.

           АҚ  жасақтарына  әскери  дайындыққа  шақырылғандар, 1,2,3 – топтағы  мүгедектер  , аяғы  ауыр  әйелдер, 8 жасқа  дейінгі  балалы  әйелдерден  басқа, еңбекке  жарамды  барлық  ерлер  мен  әйелдер  кіреді.

 

           Шаруашылық  нысандарында  азаматтық  қорғанысты  ұйымдастыру

           Табиғи  апаттар, авариялар  катастропалар  адамдарды  қорғауға  алдын  ала  дайындау  мақсатында  шаруашылық  нысандарының  барлығында  АҚ топтары  ұйымдастырылады.

           АҚ – ы  барлық  нысандарда  бірдей  ұйымдастыру  мүмкін  емес  АҚ – ың  жағдайы, оның  күші, құралдары  әрдайым  дайын  тұруы  шаруашылық  нысандарының  басшысына  байланысты.Нысандағы  АҚ  бастығы  өзінен  жоғары  тұрған  министірліктен  қызметтік  тұлғаға  тәуелді  болады.Материалдық  техникалық  жабдықтау  бөлімдері  бойынша  инжинер – техниктерді  қызметкерлер  мен  жұмысшыларды  бөліп-бөліп  орналастыруына  орай  орынбасар  тағайындалады.

           Нысандардағы  АҚ – ның  бастығы  өз  қарамағында  АҚ штабын  құрады – ол  АҚ  басқармасының  бастығы  болып  табылады. Штаб  құрамы  нысанға  байланысты. Ол  штаттағы  жұмысшыларынан  құрылады, сондай-ақ  әскери  міндетті  және  тұлғалардан  да  жасақталады.

           Нысанның  АҚ  бастығының  бұйрығымен  тағайындалған  штабтың  бастығы  АҚ  бастығы  болмаған  кезде  басшылықты  жүзеге  асырады.

           Басқару  қызметі  және  байланыс  әдетте  нысанның  байланыс  негізінде  құрылады. Соғыс  және  беибіт  уақыттағы  жұмысшылар  елді  мекендердегі  нысандағы  жұмысшылар  мен  қызметкерлер, басшылық  құрамындағы  басқаруды  ұйымдастыру  қызметі  жүктеледі.

           Бас  механика  бөлімі  немесе  өндірістік  техникалық  бөлім  негізінде  техникалық  апат  қызметі  ұйымдатырылады.

 

1.2 Химиялық және бактериологиялық қарулар тақырыбы бойынша ұйымдастырудың негізгі формалары.

           Оқыту – оқу материалдарының белгілі мазмұнымен жұмыс істеуде оны меңгеру мақсатында және таным әрекетінің тәсілдерін меңгеру мақсатындағы оқушы мен мұғалім арасындағы қарымөқатынас үрдісі. Оқыту үрдісін асыру үшін, оны ұйымдастыру керек.

           Оқушылармен белгілі білім жүйесін және біліктілікті игеру үрдісі, оқушыларды тәрбиелеу мен дамыту оқыту үрдісін ұйымдастырудың әртүрлі формаларында жүзеге асырылады.

 

           Белгілі дәрежедегі білім жүйесі мен біліктілікті игеру, оқушыларды тәрбиелеу мен дамыту оқу үрдісін ұйымдастырудың әртүрлі формаларында жүзеге асырылады. Алғашқы әскери дайындықты оқыту әдістемесінекөп түрлі формалар қалыптасқан: сабақтар және онымен байланысты міндетті түрдегі танымжорықтар, үй жұмыстары, сабақтан тыс жұмыстар және міндетті емес сыныптан тыс сабақтар (жекелеген, топтық, немесе үйірмелік және жаппай). Осылардың барлығы бірге орта мектепте биологияны оқыту формаларының жүйесін береді, осыларды байланыстыратын негізгі бөлшегі болып, оқытудың негізгі формасы – сабақ тұрады.

           Жоғарғы сыныптарда жоғары оқу орындарындағыдай дәріс (лекция), семинар сабақтары жүргізіледі. Олар бірігіп лекция-семинарлық оқу формасы деп аталады. Оқыту формаларының көптігі оқу үрдісін түрлендіруге олардың өзара байланысын құруға, бір форманы екіншісіне қосымша ретінде қолдануға т.б. мүмкіндік береді. Танымжорықтардағы, сыныптан тыс, сабақтан тыс жүргізілетін бақылаулар нәтижелері сабақтарда қолданылып, білім қорытындылау үшін сабақ өткізуді талап етеді. Танымжорықтар өткізу үшін, жазғы тапсырмаларды қалай орындауды түсіндіру үшін дайындық сабақтары өткізіледі.

 

1.3 Химиялық және бактериологиялық қарулар тақырыбы бойынша оқыту әдістері

           Еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу барысында білім беруді реформалау жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Осыған орай әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мұғалімдердің тәжірибесінде енгізілуде. Осыған орай, мектептерде қолданып жүрген технологияларының бірі – саралап–даралап оқыту технологиясы. Бұл технология бойынша оқушылардың білімді өздігінен саналы түрде меңгеруіне ерекше мән берілген. Оқушыларға тек білім берумен шектелмей, танымдық әрекетін арттырады және ойлау қабілетін, елестету мен есте сақтауын, белсенділігін, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.

           Тәжірибенің жаңашылығы: компьютерлік технологияны қолдану арқылы оқушылардың Алғашқы әскери дайндыққа қызығушылығын арттыру, интерактивтік тақталарының мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып оқушылардың ынтасын, белсенділігін арттыру.

           Тәжірибенің тиімділігі:  пәнге деген қызығушылығын арттырады, оқытуда саралау және жіктеуді қамтамасыз етеді, оқушылардың танымдық процестері мен танымдық қабілеттерін дамытады, оқушылардың сауаттылығын ашуға септігін тигізеді, оқушылардың оқу әрекетінде жетістіктерге жетуіне жағдай туғызады, оқушылардың рухани бай жеке тұлға болуына қалыптасады.

           Алғашқы әскери дайндық пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың жеке бас ерекшелігіне қарай қабілетін аша отыра, осы пәнді теориялық және тәжірибелік жағынан сараланған түрде даралап оқыту, сөйлестіру, жазу мәдениетін жетілдіру, өзіндік ой- пікірін дамыту.

           Саралай оқыту әрекеті – білім алуға бағыттаған әрекет. Ол өз бетінше әрі мұғалімнің жетекшілігімен жүзеге асады. Саралай оқытуды ұйымдастыру арқылы баланың ойы абстрактіден нақтыға қарай өрлейді, ілімдік ойлауы қалыптасады. Оқушы дамуының негізгі болып табылатын әрекет, оқу әрекеті әрбір сабақтың өзегі деп түсіну керек. Саралай оқытуды ұйымдастыру арқылы бала ақыл-ой  деңгейі мен белсенді әрекеті арқасында репродуктивті емес өнімді нәтижеге жетеді.

           Оқушылардың дербес ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім алдымен олардың ықылас-жігерін, еске сақтау мен ойлау қабілеттерін, ынтасын жалпы білім деңгейін зерттеу қажет. Бұл ерешеліктерді айқындау үшін білімді менгеру денгейін анықтауға арналған тапсырмалар дайындау, оқушы біліміне диагностика жүргізу, оқушыларға сауалдама, психологиялық тәжірибе жасау ата-аналарымен әнгіме жүргізу керек. Оқушылардың жеке ерекшеліктері сабақтың сұрақ беру, кіріспе әнгіме, оқыған материалды, тағы да басқа тиянақтау сатыларында ескерілуі тиіс. Мәселен, үлгерімі жақсы оқушыларға берілген сұраққа тікелей жауап беру талап етілсе, орташаларына ойланып, қажетті есептеулер жасауға, суреттерін салуға уақыт беріледі, ал үлгірімдері төмендеріне нақты сұрақтың тізімі, жауап берудін жоспар үлгісі ұсынылады. Оқыту үрдісін оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сай ұйымдастыру үшін оқу – тәрбие жұмысында мұғалім өзіне лайық әдіс енгізеді.

           Өзіндік әдісті жүзеге асыруда мына мәселелер көзделеді:

  1. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін зерттеп, типтік топтарға бөлу.
  2. Оқу үрдісінің барлық сатыларында әр түрлі топтардағы оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамытудың әдістемелігін жасау.
  3. Әр алуан мақсатта жеке дидактикалық материалдардың жүйесін құру.
  4. Білімді бағалау, бақылау жүйелерін жетілдіру.

           Оқушыларды топтарға бөлгенде олардың оқуға және жұмысқа деген қабілеті ескеріледі. Оқуға қабілеттілік деп оқушының неғұрлым қысқа мерзім ішнде білімнің биік деңгейіне жету қабілетін түсінеміз. Бұл белгі бойынша оқуға қабілеті жоғары, орташа , стандартты немесе төмен деп 4 топқа бөлуге болады.

           Сыныпта барлық балалардың ойлау қабілеті бірдей емес. Сондықтан сабақ кезінде әрқайсысының деңгейіне қарай жұмыстың түрін таңда, сол тақырыпты егеру көзделсе, өте пайдалы. 

           Бірінші деңгей (оқытушылық деңгей) – білімнің минималдық шегі. Граммаикалық тапсырмалар, жазба жұмыстарын орындау, мәтінді түсініп оқу, жаңа сөздерді сөздікке жазып алу, сұрақтарға түсініп жауап беру.

           Екінші деңгей (алгоритімдік деңгей) —  үйренушілік деңгейдегі білімін толықтыру күрделі материалдарды жүйелей алуы, алған білімдерін басқа тапсырмаларды орындағанда пайдалана алуы, сол тақырыпты еркін меңгергені ескеріледі.

           Үшінші деңгей (эвристикалық деңгей) – материалды саналы түрде меңгеру. Бұл деңгейде оқытушылардың меңгерген білімдерін тереңдету үшін танымдық ізденіс, әр – түрлі логикалық тапсырмаларды талдай, жинақтай алатын және салыстыра білуді қажет етеді.

           Төртінші деңгей (шығармашылық деңгей) —   өз бетімен оқу материалдарын менгеру. Құбылысты өз бетімен талдай келіп, шағын шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу.

           Деңгейлік тапсырмалардың өзі дамытпалы түрде болады. Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана келесі деңгейге көшіп отырады. Бұл оқушылар арасында жарысу жағдайларын туғызады және әр оқушының мемлекеттік стандарт деңгейде білім алуына кепілдік береді. Әр оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғары жағдай жасайды.

           Деңгейлік саралау оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін дамыту мен қатар, оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік береді. Меселен, оқушылардың алған бағасы арнайы таблода көрсетіліп тұрады. Әр деңгейдің өз бағалауы бар. Олардың барлығы оқушылардың көз алдына тұрады. Мұның өзі білім берудегі демократия критерийлері болады.

           Даралап–саралап оқытудың маңыздылығы:

   1.Сынып оқушыларын жаппай жұмыс істеуге әкеледі.

   2.Бос отырған оқушы болмайды.

   3.Әркім өзінің білім деңгейін біліп, оны дамытуға тырысады.

   4.Қиындықтарды жене білуге дағдыланады, пәнді оқып үйренуге                         қызығушылығы пайда болады.

   5.Ізденіс дағдысы қалыптасады.

  Даралап-саралап оқытуда күтілетін нәтиже:

  1. Алдына қойған мақсатына жете алатын оқушы тәрбиелеу.
  2. Әр оқушы өз білім деңгейін, мүмкіндігі, іскерлігін біліп ғана қоймай оны дамытады.
  3. Өз бетімен ізденіс дағдыларын шығармашылық қабілетті жетілдіретін, шығармашыл тұлға тәрбиелеу.

Ерекшелігі:

  1. Таланттылар өздерінің қабілеті мен икемдігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен айырылады.
  2. Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады.
  3. Білім дәрежесі бірдей топтарды оқыту ісі женілдейді.

           Даралап – саралап оқыту технологиясы оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қабілетін дамытумен қатар оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік береді. Оқушының білімі мен білігіндегі жетістіктерді, кемшіліктерді, олардың себептерін анықтап, мұғалім өз жұмысына талдау жасайды, оны жетілдірудің жолдарын белгілейді.       Сонымен қатар даралап – саралап оқыту барысында оқушылар да өзінің оқу жұмысындағы жетістіктер мен жіберген кемшіліктері туралы мәліметтер алып, өз еңбегіне талдау жасайды. Ең бастысы, оқудан ләззат алуға, білім мен ғылымға деген құштарлығын арттыруға дағдыланады. Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі түрде орындап болғаннан кейін ғана, келесі деңгейге көшіп отырады. Бұл оқушылардың арасында өзара жарысу жәнеоқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғарғы деңгейге көтерілуіне жағдай туғызады.

Сондықтан да мұғалімдерге саралап — даралап оқыту технологиясын Алғашқы әскери дайындық сабағында пайдаланған өте тиімді.        

           Ұжымдық оқыту технологиясы оқушының қабілетін дамытуға, еңбек етуге баулып, ынтымақтастық, ұйымшылдық қабілеттерін оятуға тәрбиелейді. Өзін –өзі басқаруын қалыптастырып, байқампаздыққа таратады.

           Оған мынадай басты талаптар қойылады:

  1. әр оқушының еңбектенуі және оның еңбегін пайдаға жарату;
  2. өзінің еңбегімен қоса басқаның да еңбегіне жауапкершілікпен қарау;
  3. өзі оқи отырып, қасындағы оқушыны да оқыту;
  4. серіктесінің түсінбегенін түсіндіріп көмектесу;
  5. әрбір оқушы кезектесіп (ауысып)не оқушы, не мұғалім болады;
  6. әр оқушы кезек тәртібін сақтап барлығын үйретеді, ал жұп жекеше түрде барлық мүшесін үйретеді.

 

           Әдістеменің ерекшелігі:

  1. жекелеу оқыту;
  2. қасындағы оқушымен жұптасып оқыту;
  3. топпен оқыту;
  4. ұжымдық оқыту.

 

           Бұл технологияның тиімділігі сол, жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгеруі тиіс. Сондықтан сабақтарда оқушылардың ынтасын, белсенділігін арттыру үшін, оларға мәселелік сұрақтар қойылып отырады. Тақырып бойынша жасалған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.

           Оқушылардың білімін жүйелі түрде меңгеруіне және жеке оқушының қабілет деңгейлерін дамытуда “Сын тұрғысынан ойлау”,  “Модульдік оқыту ”  технологияларын күнделікті сабақтарымда қолданамын. Сын тұрғысынан ойлау – сынап қарау емес, оқушының шыңдалған ойлау әрекеті. Бастауыш сынып оқушыларының оқытуда тиімді әдістерді пайдалана арқылы оқушының білімге деген қызығушылығын арттырады, терең ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыруға болады. Бұған дейін оқушы мұғаліммен оқулыққа ғана бағынатын тыңдаушы ғана еді, енді ол сын тұрғысынан ойланып, өз ойын дәлелдей алатын. Сынып оқушылары топпен, жұппен жұмыс істей арқылы өзара пікірлесіп, ең ұтымды жауапты тауып айтуға үйренеді. Берілген сұраққа тынымсыз іздене отырып, әр оқушы өз ойын еркін айтуға, оны дәлелдеп, қорғай білуге мүмкіндігі бар.

           Оқу процесін жеделдету міндетіне байланысты, орыс мектептерінде қазақ тілін үйретуінде әр түрлі әдіс тәсілдерді, методикалық құралдарды қолдану қажеттілігі туып отырғаны белгілі. Мен бастауыш сыныптарында өзім жасаған  «Дыбысты бағдаршам» деген құралды жиі қолданам. Алғашқы кезеңдерінде уақыттың тығыздығына байланысты тақырыпты қайталауға, бекітуге үлгере алмайтын жағдайлар болды. Енді «Дыбысты бағдаршамды » қолданғаннан бері уақытымды үнемдеп, бірнеше секундта сыныптағы барлық оқушының жалпы білім әсерін көремін. Жалпы сыныптың айқын білім деңгейі анықталады. Мұғалім сабақ барысында барлық оқушыларды көз аясында ұстап, әр баланың өткен материалды қалай меңгергенін біледі. Бұл құралды оқушылар  мұғалімнің басшылығымен өздері жасай алады.

           Екінші “Бақылау сұрау” деген құралды  үлкен тақырыпты қайталау және бекіту кезеңдерінде, әрбір тоқсан соңында, немесе жыл аяғында оқушылардың қорытынды білімін тексергенде қолдану өте тиімді.

           Мұндай бақылау құрал ұжымдық және топтық әрекетті пайдалана отырып жүргізгенде нәтиже береді. Тәрбиелік мағынасы өте зор — әр оқушы өз тобы үшін жауапкершілігін арттырады, өз үшін  ғана емес, өз тобы үшін ынтасын көтереді.

 

  1. Химиялық және бактерилогиялық қарулары, олардың құрылысы, жарылыс ошағы және олардан қорғану әдістері

 

2.1 Х  и  м  и  я  л   ы  қ     қ  а  р  у

           Химиялық  қару – уландырғыш  заттар, яғни  уытты  байланыстар. Олар  қорғанышсыз  адамдарды, жануарларды, ауаны, азық – түлікті, жемді, суды  зақымдандырады  және  солармен  бірге  тұрған  заттар  мен  жерлерге  зиянын  тигізеді.

           Химиялық  қару – уландырғыш  заттармен  құралдарды  авияциондық  химиялық  бомбалар  қолдануға  арналған  машиналар, приборлар,қару – жарақтар. Химиялық  қару жаудың адам  күшін жоюға  арналған.

           Химиялық  улы  заттар  адам  организіміне  көз, тыныс  алу, ас  қорыту  мүшелері, тері  арқылы  енеді.

           Химиялық  қаруды  алғаш  рет  немістер  1915  жылы  22  сәуірде  қолданған. Бірінші  дүние  жүзілік  соғыста  тек  ағылшын, франсуз  және  америка  армияларында  ғана  химиялық  қарудан  450  мыңдай  адам  шығын  болды.

           Соғыс  жағдайында  ( аэрозоль, тамшы, бу ) уландырғыш  заттар  желмен  бірталай  жерге  дейін  жайыла  алады.Соғыс  техникасына  кіріп, жабық  жерлерде  өз  уын  ұзақ  уақытқа  дейін  ұстай  алады.

           Улану заттары адамдарды, мал-жануарларды, тірі организмдерді, өзен-көлдерді, су қоймаларын, сол ошақ төңіректерін, егіндерді, өсімдіктерді жояды, қатты зақымдайды.

     Улану заттарының жіктелуі келесі белгілермен анықталады:

  • зақымданудың клиникалық зақымдау белгілері бойынша улау заттарын 6 топқа бөлуге болады: нервті-салдық әсері (зарин, зоман, V типті заттар); тері жарасы әсері (иприт, люизит), жалпы улану әсері (синильдік қышқыл, хлорциан), тұншықтыру әсері (фосген, фифосген), псикаға әсері (ВZ), тітіркендіру әсері (СS – адамсит, хлорпикрин, хлорацетофен және т.б.);
  • улану заттарының сақталу қасиетіне байланысты, оларды 2 топқа бөледі: сақталмайтындар (синильдік қышқылы, хлорциан, фосген, дифосген), ұзақ сақталатындар (иприт, зоман, V типті заттар), бұлар ұзақ уақытқа (тіпті айлар бойы) дейін улау қасиетін жоғалтпайды;
  • соңғы зақымдау нәтижесі бойынша: өлімге алып келеді (иприт, зоман, U типті заттар, синильдік қышқыл және басқалары) және адамдарды уақытша есінен айырады;
  • әсер ету уақыты бойынша: тез әсер ететіндер (удың әсері тез арада білінеді (V), жәй әсер ететіндер (әсері бірнеше сағат өткен соң біліне бастауы мүмкін), мысалы, азотты және күкіртті иприттер, фосген, дифосген;
  • қолданылуы ықтимал заттары (V) және фосфорорганикалық заттар.

 

           Қазіргі  уландырғыш  заттар  адам  оргонизіміне  әсер  ету  күші  бойынша  былай  бөлінеді:

 

  1. нерв  жүйесіне  әсер  етуші  ( зарин, зоман, ВИ – газдары );
  2. теріге  әсер  етуші  ( иприт, люизит );
  3. жалпы  уландырушы ( синал  қышқылы, хлорциан );
  4. тұншықтырушы ( фосген, дифосген );
  5. жындандырғыш  (би – зет ).

 

           Нерв  жүйесіне   әсер  етуші  фосфор-органикалық   заттар  (ФОЗ)  организмге   тыныс  алу  жолдары,  тері,  сілемейлі   қабықша,  сондай–ақ  асқазан  жолы  арқылы  оңай  сіңе  алады.  Зақымдану   дәрежесі  ауыр,  орташа,  әлсіз  болуы  мүмкін. ФОЗ —  бен   зақымданушылардың  өмірін  сақтап   қалу  үшін  арнаулы  емдік   дәрі —  дәрмектер   және  мынандай  шаралар  қолданылады: 

—    зақымданушыға  ең  алдымен  газқағар   кигізу  керек;

—    антидот  (уытқа  қарсы  дәрі)  жіберу  керек;

—    керекті  кезде   қолдан   тыныс  алғызу   қажет, содан  кейін  таза  ауаға  шығару  қажет.

           ГП-5   газқағарын  кигізу  үшін  екі  қолдың  басбармағын  сыртқа  қалдырып   саусақтарын  шлем   масканың   ішкі  жағына   келтіріп  иекке  қарай  апарып,  басбармақпен   шықшыттан  сүйемелдей   отырып  шлем  масканы  иектен  жоғары  қарай,  көзілдіріктері  көзге  дәл  келетіндей  етіп  басқа  кигізу  керек.

           Шприц-тюбик   корпусынан  оң  қолмен   канюляның  қырлы   жиегін  сол  қолмен  ұстап.  корпусты   толық  тірелгенге  дейін   бұрайды. Инені   жауып  тұрған  қақпақшаны   шығарып  алады. Инені,  қол   тигізбестен  санның   жоғары   бөлігіндегі   иық   үстіндегі.  құйрықтағы   жұмсақ  ұлпаға   киімнің   үстінен   шаншылады.

           Шприц-тюбиктің  корпусын   саусақтармен  қатты   қысып,  ішіндегісін   шығарған  соң,  инені   суырып  алады.

           Келесі   көшіру  кезеңінде  зақымданушыға,  уытқа  қарсы   дәрі   енгізілгенін білу  үшін  пайдаланылған  тюбикті   киім  кеудесіне  шаншып  қояды.

           Түншықтырушы    уыт  заттарға  фосген,  дифосген,  жатады.  Организмге  негізінен  тыныс  алу   мүшелері   арқылы  енеді. Зақымдалғандарда   ауыз   татымының,  дәмділігінің   бұзылуымен, тамақтың   жыбырлауымен,  жөтелмен,  бастың   мең —  зең  болуымен,  кеуденің   қысылуымен,  жалпы   әлсіздікпен   сипатталады.

           Тыныс  алу  және  қан  тамыр – қимыл  орталық – тарының  таралуы  дем  алу  жолдары  бұзылады,  жүрек  қызметі  әлсіреп,  науқас  дүниеден  қайтуы – да  мүмкін.

           Алғашқы   медициналық  көмек  көрсеткен  кезде  алдымен  газқағар  кигізіледі  да,  қозғалтпай  зембілде  таза  ауаға  шығарылады.

           Зақымданушы  психотомиметикалық  улы  зат  BZ  ( би – зет  )  пен  уланған  кезде   эйфория  (мастық)  сезім  пайда  болады.  Бұдан  соң  жүріс  үйлесімдігі  бұзылып  бұлшық  еттерде  әлсіздік  байқалады. Зақымдану  дәрежесі   ауыр  болғанда   ойынан  алжасып,  уақытпен  тұрған  кезде  бағдарлай  алмай  қалды.  Зақымданғандарда қорқу  сезімі,  есту  галюцинациясы  дами  түседі.

           Зақымдалғандарға  көмек  көрсету  үшін  оларды  ұстап  алып, зембілге  байлап, керекті  антидотын  денеге  енгізіп, таза  ауаға  алып  шығу  керек.

           Нерв жүйесін зақымдайтын фосфорорганикалық уландырғыш заттар

 

           Олар аз мөлшерде буланатын түссіз сұйық түрінде кездеседі. Оның исі болмайды. Суықта қатпайды. Суда баяу ериді, ал органикалық еріткіштер мен майларда жақсы ериді.

     Ашық жатқан су көздерін, өте ұзақ уақыт бойы – 6 айға дейін зақымдаушы күшін жоймайды. Адамның терісіне, тыныс жолдары, киіміне сіңу арқылы уландырады. Жазды күндері бір жерде -12 тәулік бойы, ал қысты күні 2-3 айға дейін сақталып улайды.

    Зарин – бұл түссіз немесе сарғыштау түрде кездесетін, ауада жақсы буланып ұшатын, қыста қатпайтын сұйық зат. Оны кез келген мөлшерде суға немесе органикалық еріткіштерге араластырып қолданады. Судың әсеріне тұрақты қарсылық көрсететіндіктен тұйық су көздерін ұзақ уақыт бойы уландырады. Адамның терісіне, киіміне тез сіңеді. Оның буы 20 км-ге дейін тарайды. Ойлы жерлерде жазда бірнеше сағатқа, қыста 2 тәулікке дейін сақталады.

    Бұл да теріге өтіп және тыныс алу орындарын улайды. Организмге сіңгеннен кейін орталық нерв жүйесіне зардабын тигізеді.

    Иприт – теріні күйдіріп,іріңдетіп улағыш заттарға жатады. Ол сарымсақтың исі бар сарғыш немес қара қошқыл түсті сұйық. Органикалық ерігіштерде жақсы ериді. Ол адам терісіне сіңу арқылы улайды. Бұл жағдайда адам терісі 2-3 сағатта қызарады да, жараға айналып 20-30 тәулік бойы жазылмайтын жара пайда болады.

    Адам тыныс жүйесі арқылы уланғанда бірнеше сағаттың ішінде-ақ ауыра бастайды да, тез арада өкпесі қабынып, ісініп, тынысы тарылып, тұншығып өледі. Синильдік қышқыл. Бұл тез буланып кететін түссіз зат. Ашық жерде тез арада бұға айналып ұшып кетеді. Қату температурасы – 140С, адам синиль қышқылы тараған ауаны жұтқаннан уланады. Фозген – бұл тұншықтырғыш улы заттарға жатады. Ол түссіз газ түрінде болады және ауадан 3,5 есе ауыр. Шіріген көптің исі бар. Адамды буланған күйінде тыныс алу органдары арқылы уландырады. Тегіс жерде 30-50 мин, ал ойлы жерлерде 3 сағатқа дейін өзінің уландыру күшін сақтайды.

 

           Әсері күшті улы заттар (ӘКУЗ)

 

           ӘКУЗ – шаруашылық мақсатта қолданатын зат, олардың қалай болса солай сақтаулы немесе төгілуі адамдарды жаппай улануына алып келеді.

     ӘКУЗ – жабық ыдыста қысыммен сақталады. ӘКУЗ қайнауға бейім, олардың қайнау температурасы +200С, ал атмосфераға газ немесе бу ретінде бөлінеді, олар үлкен қашықтыққа тарайды. Химиялық зақымдау ошағының көлемі, оның адам терісіне тамшы сұйық түсуі және бумен дем алу нәтижесінде болуы мүмкін.

     ӘКУЗ төгілген кезде көрсетілген немесе істелінетін іс-әрекеттер:

  • хлор – төгілген кезде (ол ауадан ауыр) ең биік орындарға көтерілу керек;
  • аммиак төгілген кезде (ол ауадан жеңіл) тез буланып жоғары көтеріледі, яғни төмен жерлерді таңдау қажет.

     Аммиактан, метилхлоридтен, винилхлоридтен және басқа улы заттардан тыныс органдарын қорғау үшін 30-100 минут бойы қорғайтын противогаз кию керек. Аммиак суға жақсы жайылады. Осыған орай суланған мақта-дәке таңғышы көмектеседі.

     Тыныс органдарын хлордан қорғау үшін өзінің немес балаңыздың дәретімен шайылған мата таңғышпен пайдаланамыз.

     Бұл уланғыш заттардың бәрінен тиімді жеке және ұжымдық қорғау құралдары қорғайды.

           Халықты қорғаудың  ұжымдық  құралдары

 

   Халықты қорғаудың ұжымдық құралдарытұрғындарды апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ кәзіргі замандағы қырып-жою құралдарының зақымданғыш факторларының қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі. Солардың бірі- адамдарды ұжымдық қорғау құралына жататын қорғаныс ғимараттарына жасыру. АҚ және ТЖ жүйесінде пайдаланылатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радиациядан қорғау орындары (РҚО) және қарапайым жасырыну орындары жатады.

     Панаханалар толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткір радиациядан және радиоактивті зақымданудан, ядролық жарылыстың зақымданғыш факторларынан, сондай-ақ уланғыш заттардан (УЗ), бактериалдық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардан (ҚУЗ) сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.

     Өндіріс күштерін қазіргі заманғы  қырып-жою құралдарынан, зілзаладан, радиациялық және химиялық қауіпті объектілердегі апаттардан қорғау – маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі. Қорғаныс ғимараттары адамдар жасырынуға тиіс жерлерге мүмкіндігінше жақын орналасуы тиіс.

          

           Халықты қорғаудың негізгі әдістері мен жолдары

 

     Ядролық қарудың ауа толқынының соққысынан, тек осы күшті есептеп салынған баспана немесе панахана (убежище) ғана сақтай алады.

     Жарықтық сәулеленуден кез келген жарық өткізбейтін бөгет қорғай алады: ағаштың көлеңкесі, үйдің тасасы.Жауын, тұман, қар оның әсерін азайтады. Жаз кезінде оның әсерінен өрт болуы ықтимал.

     Өткір радиация — әр түрлі нәрселерден өткенде гамма сәулелері әлсірейді, неғұрлым кедергі көп болса, соғырлым ол әлсірей береді. Мысалы, ашық траншея – 3 есе азайтады; жабық траншея – 7-10 есе азайтады; бір қабатты ағаш үй – 10-15 есе; Жер астындағы үй – 7-15 есе (земляка), арнай дайындалған жер асты үйі – 400 есе; Көп қабатты үй подвалы – 100-400 есе; арнай салынхан баспахана – 1000 есе; темір бетоннан салынған баспана, шахта, тау қуысы – түгел қорғайды еш зиянсыз.

     Радиоактивті ластану – жарылыс болған жердегі топырақ, шаң жоғары көтеріліп жетмен ыққа қарай жылжи береді де, жол бойы жерге түсіп ластайды.        Ол үш  зонадан тұрады:

  • қауіпті зона;
  • күшті ластанған зонасы;
  • аздау ластанған зонасы.

 

    Ластау мөлшеріне байланысты:

  • жарылыс түрінен (бомбаның);
  • оның күшінен (неше мегатонна);
  • жарылыс болғаннан кейінгі өткен уақыттан;
  • эпицентрден қашықтығынан;
  • жер бетінің рельефінен (таулы, жазық дала т.с.) убежище), радиацияға қарсы панаханалар (РҚП) және қарапайым панаханалар жатады.

           Арнайы қорғану құрылымы бұл соғыс және бейбіт уақыттағы ядролық және химиялық қауіп қатерде пайдаланатын герметикалық қорғау құрылымы. Арнайы қорғану құрылымында паналайтын адамдар тері мен тыныс жолдарын қорғайтын құралдарды пайдаланбайды. Радиацияға қарсы панахана бұл адамдарды жедел сәуле мен радиоактивті заттар және биологиялық аэрозольдерден қорғайтын құрылым. Қарапайым панахана бұл жер қабатындағы саңлау, арық, траншея, арнайы қазылған үңгір (землянка). Бұларды жасауға көп уақыт кетпейді және оларда адамдар тиімді қорғана алады.

    Қорғаныс құрылымдары қызметіне, орналасу уақытына, қорғану қасиетіне және  сиымдылығына байланысты топталады (Сурет 4 ).

Қызметіне байланысты қорғаныс құрылымы жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы қызметтегі қорғаныс құрылымы қаладағы халықты қорғау үшін, ал арнайы қызметтегі құрылымы басқару органдары қызметіндегі қызметкерлер, байланыс және хабарлау жүйелері және емдеу мекемелерінің қызметкерлерін  олардың құралдарымен қоса қорғау үшін пайдаланады. Себебі бұл органдар тоқтаусыз жұмыс жасау керек.

 

 

 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      

 

 

 

 

                                       

 

 

  

 

 Сурет 1: Көпшілікті қорғау құралдарының  топталуы

 

      Көпшілікті қорғау құралдарына арнайы қорғану құрылымы орналасуы бойынша қосылып салынған және жеке тұрғызылған қорғану құрылымы болып бөлінеді. Қосылып салынған құрылымға ғимараттың подвалын жатқызуға болады. Бұл қорғаныс құрылымдардың ішінде кең тарағаны. Қорғану құрылымының жеке тұрғызылған түрі ғимараттан бөлек орналасады.

           Тұрғызылу уақтысы бойынша алдын ала тұрғызылған және тез арада тұрғызылған болып келеді. Алдын ала тұрғызылған қорғаныс құрылымы  жанбайтын құрылыс материалдарын пайдаланып салынған салынған тұрғылықты құрылым. Ал тез арда тұрғызылатын қорғаныс құрылымы қолдағы бар материалдармен төтенше жағдай туындағанда ғана тұрғызылатын құрылым.

           Қорғаныс қасиеті бойынша қорғану құрылымы (убежище) бірнеше топқа бөлінеді. Атап айтқанда қорғану мүмкіншіліктеріне, оның қабырғаларының конструкциясына  және оның соққылы толқынының қысымының белгілі бір шамасына шыдамдылығына байланысты болуы.

           Сиымдылығына байланысты олар кіші сиымды (600 адамға дейін), орта сиымды (600-2000 адамға дейін) және үлкен сиымды (2000 адамнан артық) болып бөлінеді.

     Жеке қорғаныс құралдары теріні және тыныс алу органдарын радиоактивті, улы заттар және биологиялық құралдардан қорғау үшін пайдаланады. Осыған орай жеке қорғаныс құралдары қызметіне байланысты тыныс органдарын және теріні қорғау, сонымен қатар медициналық қорғау құралдарына бөлінеді.

     Тыныс органдарын қорғау құралдарына противогаздар, респираторлар және қарапайым қорғау құралдары жатады.

     Противогаздар изоляциялық және фильтрлік болып бөлініп, азаматтық, жалпы әскерлік және балаларға арналған түрлерден тұрады. Изоляциялық противогаздар адамдарды ауа құрамындағы зиянды заттардан  қорғаса, ал филтрлік противогаздар ауадағы әр түрлі зиянды қоспалардан фильтр арқылы тазалап қорғайды. Фильтрлік противогаздардың ГП-5, ГП-7(азаматтық), РШ-4, ПМГ-2 (жалпвәскерлік), ДП-6, ДП-6М, ПДФ-Ш (балаларға арналған) және т.б. маркалары пайдалануда. Изоляциялық противогаздардың ИП-4, ИП-5, КИП-5, КИП-7 және т.б. маркалары бар. Респераторлар тыныс алу логагын радиоактивті шаңдардан қорғайды. Мата және маталы-дәке таңбалар да тыныс алу жүйесін радиоактивті шаңдардан, бактериялық заттардан қорғайды (5-сурет).

 

           Теріні қорғайтын құралдар

 

       Теріні қорғайтын құралдар қорғау және қорғауға икемднлген күнделікті пайдаланатын киімдерден тұрады. Қорғау киімдері изоляциялық (жалпы әскелік қорғаныс комплекті, жеңіл бөлуші костюм Л-1 және т.б.) және фильтрлік (қорғаныс фильтрлі киім ЗФО-52 және т.б.) болып бөлінеді.

       Егер қарапайым киімдерге сабындымайлы эмульсияны сіңірсе, оны қорғаныс құралдары ретінде пайдалануға болады.

           Медициналық қорғаныс құралдары

     Медициналық қорғаныс құрардары радиоқорғаныс құралдарынан, антидоттардан, бактерияға қарсы құралдардан және жартылай санитарлық тазалау құралдарынан тұрады. Радиоқорғаныс құралдары бұл адам организмін  радиоактивті заттарға қарсы төтеп беру мүмкіншіліктерін арттыратын препараттар. Антидоттар деп улы заттарды адам организмінен жоюға арналған препараттарлы айтады. Антибактериялдық құралдарды биологиялық қауіпте пайдаланады. Жартылай санитарлық тазалау құралдарына ИПП-8 пакеті, АИ-2 жеке аптечкалары жатады.

 

           Жеке химиялық пакет

 

     Жеке химиялық пакет дененің ашық бөліктеріне және киімге түскен тамшы – сұйық улы заттарды залалсыздандыру үшін қолданады.

     Комплектегі бұранды қақпаға  жеке дегазды ертіндісі бар флакон және 4 мақталы-дәкелі тампондар кіреді.

     Тамшы сұйық улы заттар дененің ашық бөліктеріне және киімге түскенде тампондарды флакондағы сұйыққа малып, ластанған дене бөліктерін және киімді сүртеді. Егер жеке химиялық пакет болмаса, тампон ретінде кәдімгі мақта мендәкені қолдануға, ал дегазды ертіндіні қолдан дайындауға болады. Бірдей мөлшердегі 3% тотыққан сутегі ертіндісі мен 3% сілтіті натрий ертіндісінің қоспасын немесе 3%  тотыққан сутегі ертіндісі мен 150 г. конторлық силикатты желімнің қоспасын қолдануға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
 
Сурет 2:  Жеке қорғаныс құралдарының  топталуы

 

           Жеке аптечка

 

     Жарақат және күйік кезінде, улы заттарды, бактериялық заттарды жеке ионды сәулені әлсірету және алдын алу үшін, өзара  және өзіне көмек көрсету, антидот препараттары және радиопротекторлар бар.

    Жеке аптечка бірнеше ұялардан тұрады:

1–ші ұяда – ауруды басатын заты бар шприц-тюбик орналасқан. Ол қатты жарақат алғанда, сүйек сынғанда және күйгенде колданады. Оны пайдаланғанда сол колымен бұдыр дөңгелегінен ұстайды да тюбиктің денесінен оң қолысен ұстап сағат тіліне қарай айналдырады. Сосын инені жауып тұрған қалпағын алып, шприц-тюбикті жоғары қаратып, ине ұшына тамшы пайда болғанша ауаны шығарады. Сосын инеге қол тигізбей, санның жоғары жағынан егеді. Жедел жағдайда киімнің сыртынан да егуге болады.

2-ші ұяда —  фосфорорганикалық улы заттармен улануды әлсірететін және алдын алатын зат – торен (6 дана) таблеткасы дөңгелек қызыл түсті пеналда орналасқан. Оны «Химиялық кауіп» белгісі берілгенде 1 таблеткадан қабылдайды. Улану белгісі күштірек болса, таблетканың тағы 1 данасын қабылдайды. Келесі    қайталап   қабылдау  5-6 сағаттан кейін болады.

3-ші ұяды – түссіз үлкен пеналда N2 бактерияға қарсы қолданылатын зат – сульфадимотксин (15 таблеткасы) орналасқан. Оны сәуле алғаннан кейін азқан-ішек қызметі бұзылуы пайда болғанда 7 таблеткасын ішеді, кейінен 2 тәулікте 4 таблеткадан қабылдайды.

4-ші ұяда – алқызыл түсті, сегізқырлы 2 пеналда, әр қайсысында 6 таблеткадан N7 радиоактивтіуланудан қорғайтын зат – цистамин орналасқан. Оны сәле алу қаупінде 6 таблеткадан бір қабылдайды және тағы сәуле қауіпі төнгенде6 таблеткасын 4-5 сағаттан кейін қабылдайды.

5-ші ұяда – түссіз төрт қырлы 2 пеналда, әр қайсысы 5 таблеткадан тұратын N4 бактерияға қарсы қолданатын зат тетракциклин гидрохлориді орналасқан. Оны бактериялық улану және қауіп төнгенде, жарақат және  күйік алғанда пайдаланады. Алдымен 5 таблетканы су ішумен бірге қабылдайды. Сосын 6 сағаттан кеиін 5 таблетка қабылдайды.

6-ші ұяда – ақ түсті төрт қырлы пеналда N2 радтоактивті уланудан қорғайтын зат калий иодиді        10 таблетка) орналасқан. Оны радиоактивті заттар түскенде күніне 1 таблеткадан 10 күн қабылдайды. Ең алдымен балаларға 1 таблеткадан береді.

7-ші ұяда – көгілдір түсті дөңгелек пеналда құсуға қарсы қолданатын зат этаперазин           5 таблетка) орналасқан. Оны сіуле алғаннан кеиін тез арада және бас жарақатынан кейін лоқсу пайда болғанда 1 таблеткадан қабылдайды.

           Ескерту! 8 жасқа дейінгі балаларға таблетканың 4/1 бөлігін, 8 жастан 15 жасқа деиінгі бплаларға 2/1 бөлігін береді.

 

2.2 Б а к т е р и о л о г и я л ы қ  (б и о л о г и я л ы қ)    қ а р у

           Бактериологиялық (биологиялық) қару  аса  жұқпалы  аурулар  туғызатын  микроптарға  және  олардың  токсиндеріне  негізделген. Бактериялық  қару  қоздырғыштары  оба, холера, қанды  бізгек, туляремия, шешек  және  т.б.  ауыруларын  туғызады.

           Бактериялық  микроптар  өте  ұсақ  тірі  заттар, ол  кәдімгі  көзге  көрінбейді  және  ешқандай  иісіде  болмайды. Микроп  клеткалары  көлемінің   құрлысына  байланысты  ауру  тудырушы  микроптардың  биологиялық  қасиеттері  әртүрлі  болады.Олар  микроплазма, вирустар, рикетсиялар, спирохеттер, бактериялар, грибоктар  болып  бөлінеді.     

           Микроплазма – қабырғасы  болмайтын  клетка, бірақ  сыртынан  үш  қабатты  цитоплзмалы  мембрана  қаптап  жатады. Олардың  көлемі  әртүрлі: бірнеше  микрометрмен  125 – 150 мм  дейін  болады.

           Бактериялар – бір  клеткалы  организм. Пішініне  қарай  бактериялар  әртүрлі  болады.

           Шар  тәрізді  бактериялар  кокк  деп  аталады.  Коккті  сыртқы  ортада, сондай – ақ  адам  мен  жануарлар    организімінде  де  кең  арналған.

 

           Биологиялық төтенше жағдай

            Биологиялық төтенше жағдайға эпидемия, эпизоотия және эпифитотия жатады. Эпидемия дегеніміз адамдар арасындағы инфекциялық аурудың кең таралуы және бұл аурудың сол территориядағы тіркелген санының бірнеше есе өсіп кетуі.

          Инфекциялық аурулар 4 топқа бөлінеді.

  • ішек инфекциялары;
  • тыныс алу жолдарының инфекциясы;
  • қандық (кровенные) (трансмиссиялық)
  • сыртқы қабат (покров) инфекциясы (контакты).

 

           Қазақстанда климаттық географиялық сипатына қарай обаның, туляремияның табиғи ошақтары дамыған. Сонымен қатар Қазақстанда іш сүзегі, дизентерия және басқа да ішек аурулары, тұмар, көкжөтел, қызылша полиомемит, бруцеллоз, туберкулез, мидың қабыну, вирустық гепатит, сүзек, безгек, тыныс жолдарының вирустық инфекциялары және т.б. тіркелген. Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары бұл аурулар бойынша аса қиын аймақтарға жатады.

           Қазақстан аумағында, атап айтқанда, Атырау мен Қызылорда облыстарында обаның белсенді табиғи ошағы орналасқан. Оны таратушылар кішкентай сарышұнар және тышқандар болып табылады.

           Тырысқақ Оңтүстік Қазақстан обылысында, әсіресе Өзбекстан мен шекаралас аудандар, сондай-ақ Алматы облысында байқалды.

 

           Жұқпалы аурулар және одан сақтандыру

 

           Қазақстанның ланғайыр аймағында әртүрлі климаттың географиялық сипаттамалардың әр түрлігіне орай обаның, туляремияның табиғи ошақтары дамыған, коптеген елді мекендердегі гигиеналық жағдайлардың төмендігінен ерекше қауіпті және басқа да жұқпалы аурулардың таралуына барлық алғы шарттар жасалған. Сонымен қатар олардың пайда болуына халықаралық байлааныстардың кеңеюі, қанағаттанарлыќсыз санитарлық-гигиеналық жағдайлармен ұштасқан үлкен өзгерістер, халықтың көшіп қонуы, елдердің арасындағы медициналық құралдарды дер уақытында жеткізуге кедергі келтіретін экономикалық байланыстардың тұрақсыздығы сияқты факторларда ықпал етеді.

           Қазақстанда іш сүзегі, дизентерия және басқада ішек аурулары, тұмау, көкжөтел, қызылша, полиомелит, бруцеллез, туберкулез, мидың қабынуы, вирустыќ гепатит, сүзек, безгек, іш сүзегі, тыныс жолдарының вирустық инфекциялары және т.б. тіркелген.

           Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары бұл аурулар кеңінен тараған аймақ болып табылады.

   Бактериялы дизентерия мен ішек инфекциялары бойынша, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары ең қолайсыз аймақ болып табылады.

   Жыл сайын Қазақстанда вирустың гепатиттің 40-70 мың жағдайы тіркеледі.

   Қазақстан аумағында обаның белсенді табиғи ошағы орналасқан. Оны таратушылар кішкентай кіші сарышұнақ, тышқанның түрлері болып табылады.

   Туляремияның жайылымдық және далалық ошақтары Батыс Қазақстан мен Алматы облысында орналасқан. Оны таратушылар тышќан тәріздес кеміргіштер. Мидың кенеден қабынуы тіркелген. Оның табиғи ошағы Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы ќаласында кездеседі.

   Қазақстанда ара тұра Қырым безгегі таралған. Қу безгегі Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Республикада сырттан келген малярия жағдайы кездеседі.

   Сібір жарасы барлық облыстарда жыл сайын ішінара кездесіп отырады. Етті даярлаудың ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-гигиеналық ережесі бұзылған кезде осы жұќпалы ауру кеңінен таралуы мүмкін.

   Жұқпалы аурулардан саќтандыру шаралары үш бағыт бойынша жоспарланып жүргізілуге тиіс:

  • инфекция көзін залалсыздандыру;
  • инфекция берілетін жолды бекіту;
  • адамдардың жұќпалы ауруларға төзімділігін арттыру.

 

   Инфекция көзіне ықпал етуде жұқпалы ауруларды өз уақытында анықтаудың, оларды ертерек оқшауландыру және дәрігерлік емнің маңызы зор. Мұнда халықтың санитарлық сауаттылығын арттыру, жұқпалы аурулардың негізгі белгілерін білудің, дәрігерге өз уақытында барудың маңызы зор.

           Инфекцияның берілу жолын бұзу үшін жеке және қоғамдық гигиена ережелерін сақтауды, азық-түлікпен  дайын өнімді әзірлеуді, сақтау мен тасымалдауды, суды пайдаланудың санитарлық-гигиеналық және технологиялық ережелерін орындауды бақылау қажет.

           Халықтың инфекция қоздырштарына төзімділігін арттыру үшін сақтандырғыш вакциналарын жаппай егу және арнайы сарысуларды немесе гамма глобулиндерді егу жолымен де котеруге болады.

   Дезинфекция-топырақта, суда және сыртқы ортаның басқа да объектілерінде ауру таратқыш микробтарды жою.

   Дезинфекция әдістері физикалық, механикалық және химиялық болып бөлінеді.

   Физикалыќ әдістер: от, ыстық ауа, қайнаған су, ультракүлгін сәуле. Механикалық әдістер: ылғалды шүберекпен сүрту, сулап сыпыру, сілку, ғимаратты желдету. Химиялық әдістер: хлор әгін, хлораминді, лизолді, формалдегидті, этилен қышқылын т.б. заттарды пайдалану.

    Дезинсекция-жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын тарататын жәндіктермен (бит, бүрге, кене) күресу. Химиялық әдіс гексохлоран, хлорофост, ДДТ-ны пайдалануға негізделген.

    Дератизация-кеміргіштермен (егеуқұйрық, тышқан, май тышқан, сарышұнақ, суыр) күрес. Ол механикалық және химиялық әдіспен жүргізіледі.

   Адамдардың жұқпалы ауруларға төзімділігін көтеруге байланысты саќтандыру шаралары сау адамның организіміне вакцина мен анатоксинді егу жолымен жасалады.

           Обсервация-инфекцияның таралуын ескертуге бағытталған оқшауландыру, шектеу, емдеу, сақтандыру және арнайы эпидемияға қарсы шаралардың жүйесі. Обсервация кезінде мыналар қарастырылады: күшейтілген медициналық бақылау, қолайсыз аймақтың халқы мен байланысты шектеу немесе толық тоқтату, арнайы емдеу, сақтандыру және санитарлық-гигиеналық шараларды жүргізу.

           Карантин-ошақты толық оқшауландыруға және ондағы жұқпалы ауруды жоюға бағытталған әкімшілік, шаруашылық және медициналық шаралар. Карантин кезінде ол қамтылған аймаққа қарулы күзет қойылады.

   Карантин кезінде оның аумағына кіріп шығуға тиым салынады, күшейтілген медициналық бақылау, арнайы емдеу-сауықтыру және эпидемияға қарсы шаралар қарастырылады.

   Әрбір адам, егер оның ауданында арнайы шара белгіленсе (карантин, обсервация) мына ережелерді орындау керектігін естерінде ұстаған жөн:

  • жалпы пайдаланылатын жерді, жићазды, киімді, аяқ-киімді, тұрақты дезинфекциядан өткізуді, жәндіктер мен кеміргіштерді жоюды, санитарлық тазалықтан өтуді;
  • дезинфекциялаушы заттарды пайдалана отырып, ғимаратты күн сайын ылғалды әдіспен жинауды;
  • тыныс органдарын жеке ќорғау құралдарын (маска) киюді;
  • балаларға үйден рұқсат етпеуді;
  • өздері бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасамауды;
  • жеке гигиена ережесін қатаң сақтауды: әсіресе тамақ ішердің алдында қолды дезинфекциялаушы ерітіндімен және сабындап ыстық сумен жууды;
  • тамаққа қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауды: суды тек тексерілген көзден ғана алуды, су мен сүтті қайнатуды;
  • барлық азық-түлікті қуырып, қайнатқаннан кейін ғана пайдалануды, нанды отта немесе пеште қыздыруды, жеміс пен көкөністі ыстық сумен жууды;
  • егілу мен дәрі қабылдауды вакцинаны, сарысуды, антибитиктер мен басќа да дәрі-дәрмекті дәрігердің рұқсаты бойынша өз уақытында қабылдауды-құрбандықтар санын қысќартып қана қоймай, жұқпалы ауруларды тез жоюға көмектесетіндігін есте ұстаған жөн.

 

           Эпизоотия  мен эпифитотия  

 

            Қазақстан Республикасында хайуанаттардың эпизоотиялық аурулардың мынадай түрлері таралған: бруцеллез, туберкулез, шешек, құтырғандық, қанды бездек, аусыл және лептоскулез.

          Соңғы жылдары республикаға сырттан ет өнімдерінің әкелу көлемі ұлғайып, шекаралас елдердегі эпизоотиялық ахуал нашарлығы ол республиканың ветеренарлық ахуалына кері ықпалын тигізуде.

          Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтобе облыстарында шешек етек ала бастады. Өсімдік аурулары арасында тозу және сентериоз инфекциясы қауіпті болып отыр, ол Солтүстік Қазақстанда байқалып, осы аурулардың таралуына түрткі болып отыр.

 

  1. Химиялық және бактериологиялық (биологиялық) қарулар қолдан   кезіндегі  ошақтар  сипаттамасы  

 

Х  и  м  и  я  л  ы  қ      о  ш  а  қ 

           Химияляқ  зақым  аумағы  деп  химияляқ  қару  мен  күшті  әсер  ететін  улы  заттардың  әрекетіне  ұшыраған   адамдар,  жан–жануарлар  мен  өсімдіктер  зақымданған   терреторияны  айтады.

           Химияляқ   ошақтың  екі  аймаға  болады.  Жарылыс  болған  жердің  аймағы,  жел  бағыттап  кеткен  аймақ.

           Химияляқ   ошақта  соғыс  кезінде    химиялық  қару  қолданылады  (нерв-паралитикалық,  теріге  әсер  ететін,  жалпыұландырғыш,  түншықтырғыш,  психото — мимитикалық).  Беибіт  кезде  күшті  әсер  етуші  ұлы  заттар  (хлор, аммиак,  фосген,  күкірт  ангидриды,  т.б.)  төгіледі. 

 

Б  а  к  т  е  р  и  я  л  ы  қ      о  ш  а  қ 

           Бактериялық  зақым  ошағы  деп  бактерияллар  (аса  жұқпалы  ауру  туғызатын  қоздырғыштармен  ауырған)  бір  там  немесе  пәтерде  жұқпалы  ауырулармен  ауырған  адам  шыққан жерді  және  зақымданған  жұқпалы  ауру  көзі  болып  табылатын  еді  мекенді,  шаруашылық  нысандары  мен  терреторияны  айтады.  Бакериялық  ошақта  адамдар  жаппай  қысқа  уақыт  ішінде  жұқпалы  ауыруларға  шалдығуы  мүмкін.

           Бакериялық  ошақта    бактериялық  құралдарды  пайдаланудың  негізгі  бөліктері:  жарылыс  орнында  сынған  қаур,  Шөпте,  өсімдікте,  жерде,  айналадығы  заттардың  бетінде  тамшы  пайда  болады,  төмендеп  ұшқан  самолер  соңында  тұманның  немесе  түтіннің  жолағы  контейнерлер  ауырған  өлген  малдар  көрінеді.  Әсіресе  жарылыс  болған  дерде   құрт – құмырсқа,  кеміргіштер,  кенелер  кенет  көбиеді,  үй  жануарлар  мен  адамдар  жаппай  ауырады.

 

3.1. Күшті  әсер  етуші  улы  заттардың  (  КӘЕУЗ  )  сипаттамасы

 

           Күшті  әсер  етуші  улы  заттар  шығарушы,  тасушы,  пайдаланушы,  немесе  сақтаушы  нысандарда,  химияның,  мұнай  өндірістік,  мұнайхимиялық  және  басқа  да  оларға  салалық  тектес  өнеркәсіп  кәсіп  орындарда  болады.

           Бейбіт   уақытта  әсері  күші  улы  заттар  атмосфераға  өндірістік  авария,  ал  кейде  стихиялық  апат  (өрт, жер  сілкіну)  салдарынан  таралуы  мүмкін,  Қазақстан  Республикасында  511  жуық  өндірістік   кәсіп  орындарда  КӘУЗ  істеп  шығарылады  және  паидаланылады,

           КӘУЗ   сапасында  аммиак, хлор,  көгерткіш  қышқыл,  күкіртті  ангедрид,  олеум,  күкіртті   сутек,  хлорпикрин,  және   де  химиялық  қару   ретінде  қолданылатын  улы   заттар   ретінде  қолданылатын  улы   заттар  жатад:  заман,  зарин,  табун,  V  —  газдары,  иприт,  синил   қышқылы   т . б .

           Қазақстан   Республикасындағы   КӘУУЗ  төмендегідей   топтарға   бөлінеді  :

  • тұншықтырушылылығы басым  заттар  ( хлор,  хлорпиктин );
  • жалпы улылығы  басым  заттар  ( көгерткіш  қышқыл,  ионды  сутегі,  көміртек  тотығы );
  • жалпы улы  және  тұншытырушы  қасиеттерге  ие  заттар  ( күкіртті  ангедрид,  күкіртті  су  тегі );
  • метоболикалық улар  ( метил  бромид,  демитилсульфат ).

           КӘУЗ  ауамен  араласқан  жағдайда  не  жергілікті,  не  белгілі  бір  заттардың  үстіне  төгіліп  сол  жерде  адамдар  байқамай  денесімен  тиген  жағдайда  зақымдалады.   КӘУЗ  — дер  токсикалық  әскери  негізінен  жалпы  уылығымен    не  тұншықтыру  қасиетімен  әртүрлі  жағдайда  уланады. 

           Кейбір  Қазақстандағы  күшті  әсер  ететін    улы  заттар,  мысалы  аммиак  және  көмір  тегі  қышқылы  адамға  онша  сезілмейді,  сондықтан  да  ондай улы  заттардан   қорғануда  бұл  заттардың  өте  жоғары  концентрациясы  дем  алу  органдарын  арнайы  ауыруға  шалдықтырады.

           Әсері  күшті  улы  заттар  үлкен  қысымымен   жабық  ыдыстарда  сақталынады.  Ыдыс  бүлінгенен  кейін    сұиық  заттың  бетіндегі   қысым  атмосфераға  газ  немесе  бу  түрінде  бөлінеді.  Өте  тез  ұшатын,  яғни  табиғи  жағдайлардың   өзінде  өлтірілетін  күшінен  он  және  жүз  есе  жоғары  бу  немесе  газ   концентрациясарын  жасай  алатын  күшті  әсер  ететін  улы  заттар  адамдарда  өлтіреді,  немесе  өте  қатты  уландырады.

           20 С  температурада  қайнайтын  улы  заттар  баяу  буланады  да  толық  буланып  біткенше  төгілген  жерінде  ұзақ  уақыт  жатады;  мұндай  заттардың  булары  жақын  маңдарға  таралады.

           Қайнау  темпере  турасы  20 С  дейінгі  улы  заттар  төгілген  дағдайда    тез  буланып  кетеді,  олардың  булары  жел  бағытымен  қозғалады,  сондықтан  қауіпті   концентрациялы   мұндай  заттарды  алыс  қашықтықтардын  да  байқауға  болады.

 

                                                 А  м  м  и  а  к                                                                                         

           Қалпы  жағдайларды  түссіз  нашатр  спирті  тәрізді  өткіриісті  газ.  Ол  ауадан  екі  еседей  жеңіл. Атмосфераға  тарағанда  түтіндеййді,  қалыпты  қысымда    -78 С  қатады,  -34 С  сығымдалады.    Басқа  газдарға  қарағанда  аммиактың  судағы  ерітіндісі  көп.   

           Сұйық  аммиак – көптеген  органикалық,  неограникалық  қосындылардың  жақсы  еріткіші.

           Әлемдік   өндіріс  жыл  сайын  90  млн.   тоннаға  жуық   аммиакты  өндіреді.  Ол  азот  қышқылын,  соданы,  көгертетін  қышқылды  істеп   шығару,   тоңазтқыштар   үшін   пайдаланылады.

           Сұйық   аммиак  мұздатқыштарда,  мұздатқыш    орындарында  кеңінен   пайдалынылады.  Ол   жоғарғы  қысымда,  сығымдалған  күйінде   тасымалданады .  РШМ   (  рұқсат    шама   мөлшері  )   жұмыс  аймағында   —   0,02  мл \  л,  экспозициясы   2   сағ   —   0,21  мг\ л.

 

Х  л  о  р 

           Хлор  —  кең   таралған  күшті   әсер   етуші  улы   заттардың  бірі.  Әлемде    жыл   сайын   40   млн. т  жуық   хлор   өндіріледі. Өндірісте   хлорганикалық  қосындылар   пайдаланылады .  Ішетін   суды   ағарту,  маталар  мен  қағаздарды   дезинфекциялау  (  залалсыздандыру  )  үшін   пайдаланылады.

           Хлор    сарғыш  —   жасыл,  өзіне  тән   өткір   иісті   болады.  Ол  қалыпты   қысымда – 10 С  қатады,  34 С сығымдалады,   болат  балондарда  сығылып,  сақталып  тасталады.  Атмосфераға  шығарды  түтінденіп  жерді  зақымдайды.  Адамның  өкпесін  зақымдап,  тері  қабыршығын  тітіркендіреді.  Хлор  30 – 60  минутта  100 – 200 мг/м  әсер  еткен  кезде  адам  өміріне  қауып  тұғызады,  оның  жоғарғы  концентрациясы  көзді  ашып – жұмғанша  өлімге  әкеп  соқтырады.  Жұмыс  зонасында   РШМ —  0,001 мг/л.,  РШМ   экспозитциясы  1  сағ.  – 0,01  мг/л.

К  ө  г  е  р  т  к  і  ш        қ  ы  ш  қ  ы  л  .

           Бұл  —  цианды  сутегі  қышқыл,  түссіз,  мөлдір,  ащы  миндал  иісті,  сұйық  зат.  Балқу  темперетурасы –13,3 С,   қайнауы     25,7  С.  Қалыпты   температурада  ол  өте  ұшқыш.  Оның   тамшылары    ауада  жазды   күні   5  мин, қыста   1  сағ.     ішінде    буланады.  Сумен   жақсы   араласады ,  спиртке,  бензинге   жеңіл   жайылады.  Көгертқыш    қышқылы  акрипат  алу   үшін,  ауыл    шаруашылықта    пайдаланылады,  пластмасс   өндірісінде   қолданылады.

 

К  ү  к  і  р  т  т  і        с  у  т  е  к

           Ол   жағымсыз   исі  бар  түссіз   газ ,  -60,3  С    температурасында   сұйылады.   Күкіртті   сутек  ауадан   1,5   есе   ауыр,  ауада   баяу   буланады,  күшті   тотықтандырғыш.  Сондықтан    апатты   жағдайларда,  түнелде,  ғимараттардың  1-ші  этаждарында  жиналады,  су  көздерін   ластайды. Өндірісте   күкірт   қышқылын,  күкіртті   сульфидті,  күкірттіорганикалық    қосындыларда  қолданылады.   

           Күкіртті   сутек    тыныс  алу   жолдарына   қауіп  келтіреді.  Күкірт   қышқылы   жұтылғанда,  теріге   түскенде     қауіпті.   Ондай   жағдайда   тыныс  алу   ауырлайды,  адамда   түншығу   пайда   болады  және   ентігу   пайда   болады.  Ерін,  тері,  бұғанақ   күйеді,  кеудесі   кенеттен  қатты   ауырады,  қан   құсады.   Мұны   пайдаланарда  газқағар,  қорғаныш   костюм,  көзілдірік,   резина   етік,  резина   қолғап   кию   қажет .

 

О  л  е  у  м 

           Олеум  —   түссіз,  ауыр   сұйықтық ,  ауада   баяу   буланып,  түтінденеді .  сумен    жақсы   араласады .    Егер   олеум  теріге  түссе,  кір    киімді   шайып    теріні   ұзақ    уақыт   соданың   2  %  ерітіндісімен    жуып   жедел   емханаға   жөнелту   керек.

 

Х  л  о  р  п  и  к  р  и  н

           Хлорпикрин  —    түссіз   сұйықтық.  Адамды тұншықтыратын  улы  зат,  қайнау  темпере  турасы  112 С.

           Улану  белгілері:  зақымданушыда  күшті  сілекей  ағады,  жоғары  тыныс  алу  жолдары  тітіркендіреді,  адам  жөтелген  кезде  қан  қақырады,  жүрегі  айниды,  құсады,  іші  ауырады,  іш  өту,  бас  ауыры,  әлсіздік  пайда  болады.

 

К  ү  к  і  р  т  т  і    а  н  г  и  д  р  и  д

           Күкіртті  ангедрид – дәмі тәтті,  өткір  иісті,  түссіз,  газ  жанбайды.  Өндірісте  күкірт  қышқылы  ағартушы  зат  ретінде  пайдаланылады.Төқыма  өнеркәсібінде  қолданылады.  Күкіртті   ангедрид    тыныс  алу   жолдарын  тітіркіндіреді ,  жөтел   тудырады,  жұтқыншақ,   кеуде  тұсында   ауырсыну  пайда   болады    және   жас   ағады .  Ал  қатты   әсер   еткенде  құсу,  ентігу,  есін   жоғалту    белгілері   пайда   болуы   мүмкін.  Өкпедегі   қан   айналымы  бірден   тоқтағанда  адам  өледі .

           Улы   заттармен    ауаның   зақымдануы   оның  концентрациясына,  ол    жергілікті   жердің  зақымдануы  тығыздығына   байланысты   болады.   Концентрация   деп,  ауаның   белгілі  бір  көлеміндегі   улы  заттар  санын  айтамыз.  Мысалы,  0 ,7   мг/л   синил   қышқылы  концентрациясы   дегеніміз   1л.  Уланған   ауада  0,7  мл   синил   қышқылы   бар  дегеніміз.

           Зақымдану   тығыздығы  —  ауа  бірлігіндегі   улы  заттар   мөлшері.  Оның   әдетте  шаршы   метрге  граммен   белгіленеді.  Мысалы,  улану   тығыздығы   20    г /м     дегеніміз  1  м  зақымдану   ауданына  20 г   улы   зат  таралады.

 

 

З  а  р  и  н 

           Зарин  —   түссіз   немесе  иіссіз  сары   сұйықтық,  ол  өте   ұшқыш   болады,  қыста  қатып  қалмайды,  майларда   жақсы  ериді,  қалыпты   температурада  ерітінділердің  әсерінен   бұзылады . Зарин  тыныс  алу   мүшелері,  тері,  ас   қорыту   жолдары    арқылы   нерв  жүйесін  улайды. 

           Улану   белгілері  тез   пайда  болады ,  дем   алу   қиындайды,  есті   жоғалтады,   уланған  адам  1  —  5  минуттан  соң  миоздың   жеңіл   түріне   ұшырайды,  көз   қарашығы   тарылады. 

           Жалпы   денені  уландырғыш   заттарына  синил   қышқылы    мен  хлорциан  жатады.

                                            

С  и  н  и  л        қ  ы  ш  қ  ы  л  ы

           Синил  қышқылы  —  түссіз,  жеңіл    миндаль     иісті    газ. Адам   организміне   уланған  ауа  арқылы  енед. Күшті   және  тез  улағыш   улар  болып   саналады.  Синил   қышқылымен     уланған  адамдарда   тамақтың   ауыруы,  бастың   айналуы,  ауызда  металдың  дәмі  пайда  болады.

                                                       

И  п  р  и  т 

           Иприт  —   түссіз,  әлсіз  иісі  бар  майлы   сұйықтық,  чеснок  немесе   горчица    иісін  еске  салады.

           Иприт  —  күшті   уларға   жатады ,  тамшы   теріге  түскен  кезде,  бірінші   қызару,  содан  кейін   (  бір  тәуліктен  кейін  )    көбікшіктердің   пайда  болуы;  2  —  3  тәуліктен  кейін  олардың   орнына   жазылмайтын  жаралар  пайда  болуымен   сипатталады.

           Иприт   буларының  тыныс  алу  жолдарына  енгеннен  кейін  тамақтың   қабынуы,  ашуы,  мұрынның   ауруы  пайда  болады. Ипритті  әсіресе  көз  тез  сезеді . Иприттің   бір  тамшысын  тері  қабығына  тамуының  өзі  адамды  4  —  8  сағат   ішінде   зақымдандырады.

 

Ф  о  с  г  е  н .

           Фосген   —  тұншықтырғыш    түссіз,  әлсіз,  шіріген   шөптің   иісін  еске   салатын  газ.   Суда   онша   ерімейді,  нашатырлы   спирт,  су  ерітінділері,  сода   фосгенді   тез   бұзады. Фосген    тыныс  алу  жолдарын,  өкпені   улайды.  Уланудың   бірінші  белгілері:   ауызда   тәтті   дәмнің    пайда  болуы,  жеңіл   жөтел,  бастың   айналуы,  жалпы   әлсіреу   пайда   болумен   сипатталады.     

 

3.2 Әсері  күшті  улы  заттар  мен  улану  кезінде  көрсетілетін  алғашқы       медициналық  көмек.

 

           Аммиак   буларымен  зақымданушыларға  жедел  түрде  КД  маркалы  сұр  түсті  газ  қағарын  кигізіп, жедел  түрде  залалды  аймақтан  алып  кету  керек. Залалды  жерден  алып  шығу  шыққаннан  кейін  уланған  адамға  сірке  қышқылын  иіскету  немесе  су  буын  жұтқызып, ауыз  қуысын, көзін, ұзақ  уақыт  мол  таза  сумен  жуу  керек, қажет  болған  жағдайда  жасанды  дем  беріледі. Егер  өкпесі  іскен  болса, жасанды  дем  берудің  керегі  жоқ.

           Хлормен  зақымдалғандарға  дәрігерлік  көмек  көрсету  кезінде  міндетті  түрде  сарғыш  қорапты  В  газқағарын  кигізіп, зақымданғандарды  залалды  аймақтан  алып  шығып, нашатыр  спиртін  иіскету  керек. Жылы  жауып, көзін, мұрнын, ауыз  қуысын, тамақты  2%  сода  ерітіндісімен  шайып, ыстық  сүт, шай  беріп, тыныш  жатқызу  керек.

           СО  — иісті  газбен  уланғанда  бас  ауырады, құлағында  шу  тұрғандай  болады, басы  айналады,содан  кейін  есін  жинай  алмайды, ауыр  жағдайларда  өлім  болуы  мүмкін. Зардап  шегушілерге  алғашқы  көмек  көрсеткенде  оны  залалды  атмосферадан  алып  кетуден  бастау  керек.Таза  ауа, тар  киімді  шешу, арқасынан  төмен  қарата  жатқызу  керек  басын  денесінен  төмен  қою  қажет.

           Көгерткіш  қышқылымен зақымданғанда  жедел  булау  арқылы  дем  беру  керек.  Зақымданушы  демала  алмаса  немесе   дем  алу  қиындаса  жедел  түрде  жанды  дем  беру  қажет.

           Синиль  қышқылымен  және  хлороцианмен  зақымданғанда  дереу  газқағарды  кигізіп,  антидот – амилнитриті  мұрынға  жақын  тұсқа  енгізеді. Сонан  сон  зақымданушыны  зақым  ошағынан  жедел  алып  шыққан  жөн. Егер  зақымданушы  нашар  дем  алса  немесе  дем  алмай  қалған  болса, газқағарды  шешпей, дереу  қолдан  дем  алдыру  әдістерінің  бірін  қолданып  қолданып, дем  алдыру  керек.

 

3.3 Зақым  ошақтарында  жүргізілетін  авариялық  құтқару  және шұғыл  қалпына  келтіру  жұмыстары

 

           Зақым  ошақтарында  құтқару  жұмыстары  неғұрлым  ерте  басталып, тез  жүргізілсе, соғұрлым  зақымданушылардың  көпшілігіне  дер  кезінде  көмек  көрсетіледі. Құтқару  жұмыстары  күні – түні  үздіксіз  жүргізіледі.

           Зақым  ошағында  жүргізілетін  жұмыстар  авариялық  құтқару  және  шұғыл  қалпына  келтіру  жұмыстары  болып  бөлінеді.

           Азаматтық  қорғаныс  міндеттерінің  бірі – авариялық  құтқару  және  шұғыл  қалпына  келтіру  жұмыстары  болып  есептеледі. Оларды  жүргізу  және  зардап  шеккендерге  уақтысында  көмек  көрсету  болып  табылады.

           Зақым  ошағында  құтқару  және  қалпына  келтіру  жұмыстарын  жүргізу  үшін  күштер  мен  құрал – жабдықтар  топтары  құрылады.

           Күштер  тобы  териториялық  және  обектілік  жасақтардан  сондай – ақ  қызмет  жасақтарынан  тұрады.

           Құтқару  және  авариялық   қалпына  келтіру  жъмыстарын  жүргізуде  алға  қойылған  міндеттерді  ойдағыдай  орындау  үшін азаматтық  қорғаныс  үйлесімді  күштерінің  әрекет  етуін  қамтамасыз  ету  жоспарланады. Күштер  әрекетін  қамтамасыз  етудің  маңызды  түрі – барлау. Барлау  командирлері  азаматтық  қорғаныс  күштерінің  әрекетін  ұйымдастыруға  қажетті  мәліметтер  беріп  тұрады.

 

  1. Жаппай қырып жоятын қаруды қолданған аудандарында жүргізілетін құтқару және авариялық қалпына келтіру жұмыстары

 

4.1 Ядролық  зақым  ошағындағы  құтқару  және  қалпына  келтіру  жұмыстары.

 

           Ядролық  зақым  ошағында  мынадай  құтқару  жұмыстары: 

           — жұмыс  учаскелері   мен  қорғау  маршуттарындағы  өртті  сөндіру;

           — жанып  жатқан  үйлердің  ішінен  зақымданушыларды  іздеп  алып  шығу;

           — құралған  паналау  ғимараттарын  арту  және  одан  қалған  адамдарды  құтқару;

          — зақымданушыларға  алғашқы  медициналық  көмек  көрсету;

          — тұрғындарды  қауіпсіз  зонаға  көшіру  жұмыстары  жүргізіледі.

           Радиациямен  зақымданған  аймақты  адамдар  жеке  қорғау  құралдарын  пайдалану  керек  АИ – 2   аптечкасын.   Радиация  мөлшері  жоғары  болған  жағдайда  адамдар  зақымданбаған  ауданға  көшірілуі  мүмкін.

           Паналанған  орын  зақымданса,  сол  жерден  шығу  шараларын  іздеу  қажет.  Негізгі  шығатын  есік  қирап,  басылып  қалған  болса,  авариялықшығу  жолының  жай – күйін  тексеру  қажет.   Егерде  олда  құлап  қалған  болса,  жолды  артуға  немесе  жаңадан  шығатын  жолжол  жасауға  шара  қолдану  қажет.  Бұл  үшін  көрші  подвалға  жол  ашып,  қабырғаны  ойып  тескен  абзал.  Алдымен  шұңқыр  істеп,  сосын  үйінділерді  соған  тастауға  болады.

           Құлаған  баспанадан  шығу  басқаша.  Бұл  үшін  құлаған  үйінділерді  іштен  аршыған  дұрыс.  Егер  баспананың  шығар  ауызы  өте  қатты  қираған  болса,  немесе  құлаған  үйлер  басып  қалса,  төбесінің  біржерін  іш  жағінан  тесу  қажет.

           Аудандарда  құлаған  үйлердің  астына  қалып  қоюы  мүмкін.  Оларды  тез  қираған  сынықтардың  астынан  босату  қажет.  Құлаған  нәрселерді  аршығанда  әрбір  кесек  сынықты  сақтықпен  көтеру  қажет.  Ең  алдымен  зардап  шегушінің  басы  мен  кеудесінбосату  қажет. 

           Ортеніп   жатқан  үйлерді  тез  әрекет  жасап,  өртін  сөндіріп  адамдарда  құтарған  жөн.

 

           Химиялық  зақым  ошағында  құтқару  жұмыстарын  жүргізу.

 

           Химиялык закым ошагында кұткару жұмыстарын жүргізудің ерекшелігі, улағыш немесе күшті әсер ететін улы заттардың сипатынан туындайды.

           Химиялык улану туралы мәліметтерді алысымен дереу барлау жұмыстары ұйымдастырылады. Олар зақым ошағының шегін анықтап, оны айналып өту жолын белгілейді, топырақтың, судың айналадығы баска да сыртқы нысандардың сынамасын алып, оны лобороторияға жібереді, химиялық закымның кайталама көздерін іздейді және олардың  қасиетін аныктайды, химиялық зақым ошағындағы химиялық өзгерістерге бақылау орнатады.

           Химиялық  зақым  ошағындағы  құтқару  жұмысының барысындағы  зақымданғандарды  тез  тауып  және  оларға  алғашқы  медициналық  көмек  көрсетіледі.  Табылған  зақымданушыларға  газ  қаққыш  кигізіліп,  антидоп  салынады,  дененің  ашық  жерлері  газсысдандыратын  ерітіндіментазартылады  да  емдеу  мекемесіне  жөнелтіледі.

           Осы  шаралармен  бір  мезгілде  зақым  ошағынан  қалған  тұрғындарды  қауіпсіз  аумаққа  шығару   ұйымдастырылады 

 

           Бактериологиялық (биологиялық) ошақтарда  құтқару  жұмыстарын  жүргізу

           Дұшпанның  бактериялық  құралдарды қолданғаны белгілі болысымен  бактериялық ошаққа  барлаушылар  жіберіледі, олар  ошақтың  шегін, уақытша  тиым  тәртібін  орнатады. Санитарлық  жасақтар  санитарлық  сыраптама, азық-түлікшикізатын, су ,жайылым, оларды  залалсыздандыру, індетке  қарсы  санитарлық – гигеналық  арнаулы  санитарлық  емдік –сызықша  көшіру жұмыстарын   жүргізеді.  

           Бактериялық  құралдармен  зақымданған  жағдайда  алғашқы   медициналық  еөмек  көрсету  кезінде  АИ – 2 – дегі  NI  бактериядан  қорғайтын  құралдырды  пайдаланған  жөн. 

           NI  бактериядан  қорғайтын    құрал – жасыл  түсты  таблеткалар,  апқ  түсті  екі  пеналда  сақталады,  бактериялды  зақымдану  қаупі  немесе  жұқпалы  ауырулар  ошағында  жұмыс  кезінде  шұғыл  сақтандыру  үшін  қабылдайды.  Әуелі 5 таблетка  қабылдайды  (бірінші  пеналдың  ішінде)  және  6  сағаттан  кейін  тағыда  5  таблетканы  (екінші  пеналдың  ішінде)  қабылдайды.

           Емханаға  дейінгі  кезеңге   дәрігерге  дейінгі  және  алғашқы  дәрігерлік   көмек  көрсетіледі.

           Дәрігерлерге    дейін  мынадыай   шараларды  жүргізу  керек:

  • қарым – қатынас жасаған  адамдарды  анықтау
  • қолданылу аясы  кең  антибиотиктерді  беру
  • дезинфекциялық шараларды  жүргізу
  • ошақ ішіне  санитарлық  тазалауды  жүргізу
  • сырқаттардың киімдерін  микробиологиялық  зерттеу  үшін  лабараторияғажеткізу,

           Бакткриялық  ошақта  пәтерді,  мебельдерді,  ыдыстарды,  кйімдерді,  төсек  орындарды  және  де  басқа  заттарды  хлоры  әкпен,   феномен  дезинфекциялайды.  Жұқпалы  ауыруларды  тарататын   жәнжіктерді,  тышқандарды,  атшалмасындарды,  шыбын – шіркейлерді,  т.б.  жәндітерді  жою  қажет.  Карантин  арқылы  тиым  салу  немес  бақылауды  күшейту  кезіндеқажетті ережелерді сақтау қажет.  Карантин  жарияланған аудандарда бактериялық ошаққа  кіріп шығуға тиым салынады.

 

4.2. Төтенше оқиғалар жағдайында адамдардың  өзін өзі ұстау  ережелері 

                

           Радиоактивті  заттармен  уланған  аймақта  жасалатын  іс-әрекет

           Радиоактиті    аймақта  тұрғын  халық  дереу  дайындыққа  кірісіп  жеке  адамды  корғайтын  құралдарды,  противогазды  /немесе  респираторды,  матадан  тігілген  тозаңға  қарсы  масканы,  мақта  дәке  повясканы/,  жамылғыны,  шұлықты,   қолғапты  пайдалануы  АИ-2  аптечкадан   арнайы  дәрі  қабылдап  қорғаныс  баспанаға  тығылу  қажет.

           Бір  қабатты  ағаш  үйде  сәуле  мөлшері  2,  ашық  сай  жырада —  есе  өндірістік  үйлер  мен  ағаш  үйдің  подлында – 7  есе,  тас  үйде  10  есе,  жабық  үңгірлерде  және  тас  үйдің   подвалдарында  40-100  есе  азаяды.

           Егер  паналайтын  арындарда,  шахталарда  немесе  кең  орындарында  қорғайтын  баспаналарда  бірнеше  сағат  қана  қорғанып,  сосын  үйлерде   қорғануға  болады,  бірақта  үйге  кірген  кезде  киім-кешектерді,  аяқ  киімді  радиоактивті  тозаңнан  тазарту  керек.   Үйден  сыртқа  шығу  бірінші  тәулікте  4  сағаттан  аспауы   керек,  қорғаныс  құралдарды,  желді  ауа  райында,  шаңдақ  жолмен  жүргенде  ғана  киіп  алу  қажет.

           Қатты  уланған  аймақта  баспаналарды  3  тәулікке  дейін  болып,  келесі  төртінші  тәулік  үйге  баруға  болады.

           Уланған  аймақта  баспанада  3  тәулікке  дейін  болып,  соңында  үйге  кетуге  болады,  үйден  сыртқа  аз  уақыт  ғана  шығуға  болады.

 

           Химиялық  заттармен  уланған  аймақта   адамдардың  іс — әрекеті

           Улы  заттар  тараған  кезде  үйде  болған  жағдайда  барлық  адамдардың  назарына  хабарды  ести  салумен  радио,  телевизорларды  қосып,  төтенше  жағдайлар  туралы  тыңдау  қажет.  Тыңдаған  хабарларды  көршілерге  айту  керек.  Есік – терезелерді  мықтап  жабу  керек.  Улы  затпен  уланбас  үшін  сүлгі  немесе  марлядан  таңғыш  жасау  керек.  Газды,  электр  аспаптарын,  пешті  сөндіру  керек. 

           Химиялық  заттармен  уланған  аймақта  дереу  газқа-ғарды  және  денені  қорғайтын  киімдерді  киюге  тура  келеді.   Улы  заттардың  организмге  әсері  азырақ  болу  үшін  ИПП-8  сұйықтығын  пайдаланып  зақымданған  аймақта  тез  және  желге  қарсы  жүру  керек.

           Жүріп  келе  жатқанда  жан-жақтағы  заттарға  жақындауға,  улағыш  заттардың  көрініп  жатқан  тамшыларын  басуға  болмайды.  Тіпті  қатты  шаршаған  кезіндегі  қорғаныс   құралдарын  шешпеңіз,.  Уланған  нанды,  суды  қабылдауға  болмайды.

 

           Жұқпалы  аурудан  сақтану

           Өте  қауіпті  аурулар  пайда  болған  аймақта  қатал   тәртіп-карантин  жарияланады.  Карантин  кезінде  ешқайда  шығуға  болмайды,  балаларды  ешқайда  жібермеу  керек,  үйден  сыртқа  шыққанда  газқағар,  респиратор  немесе  мақта-дәке таңғыштарын  паайдалану  керек.  Тамақтанар  алдында  қолды  жуу  қажет,  қайнамаған  су  мен  сүтті  ішпеу  керек.  Асты  қайнатып,  нанды  духовкада,  пеште  қатты  ысытып  алған  жөн.

           Айнала  төңірегіндегі  заттарға  жоламау  керек.  Семьяда  біреу  ауырған  жағдайда  медицина  қызметкерлері  келгенге  дейін  оны  семьяның  өзге  мүшелерінен  бөліп  ұстау  шаралары  қарастырылады.

 

  1. Жарақаттанғандқарды тасымалдау  құралдары  мен  тәсілдері

 

           Жаппай  зақымдану  ошақтарындағы  құтқару  жұмыстары  жарақаттанғандарды    көтеріп,  иыққа  киетін  қайыс,  санитарлық  зембілдермен  тасиды.

           Азғантай  қашықтықтарға  және  зембілді  қолдануға  болмайтсын  жерлерге  қолмен  тасиды.  Мұндай  тәсілдерді  бірнеше  түрлері  бар,  солардың  біреуі  мынадай:

           Өзінің  алдына  таман  қолына  салып  тасу  тәсілін  есінен  танбаған  және  денесінің  сүйектері  сынбаған  адамдарға  қолдануға  болады.  Зембілші  тізесін  бір  бүиінөрінен  бүгіп  тұрады  да  жарақаттанушы  бір  қолымен,  ал  екінші  зембілші – арқасынан  ұстайды.  Жарақаттанушы  зембілшінің  екеуініңде  мойнынан  қапсыра  құшақтап  өзіне  қыса  түседі.

           Сосын  зембілші  тізесімен  көтеріліп,  жарақаттанушыны   өзінің  алдана  таман  көтеріп  алып  жүреді.

           Жарақатанушыны  қайыстардың  көмегімен  тасыған  аса  қолайлы.  Иыққа  киетін  қайыстың  ұшында  металл  тоғасы  бар,  ұзындығы    360см,  ені  6,5  см  брезент  белбеу.  Тоғадан   100  см  қашықтықта  нақ  осындай  материялдың  өзінен   бастырма  жапсырылап  тігілген,  бұл  қайысты  « сегіздеп »,  « сақиналап »  салуға  болады.

           Жарақаттанғандарды  санитарлық  зембілдермен  тасу.  Санитарлық  зембілдер  жарақаттанғандарды  жатқан  қалпында  тасу,  транспорттың  әр  алуан  түрлерімен  тасымалдау  үшін  қолданылады.

           Зембілдердің  көлемі:  ұзындығы  221  см,  ені  55см,  биіктігі  16см,  салмағы  10кг – ға  дейін  болады.  Санитарлық  жасақтың  әр  звеносына  бір  зекбілден  бөлінеді.  Ол  жалпақ  жүқа  брезенттен  жасалған,  бас  жағына  қалташа  тігілген.

           Жол  жүргенде   зекбілдер  бүктелген  күйде  болады.  Зембілдерді  бір  мезгілде  екі  адам  ашады.  Олар  зембілдің  тұтқаларынан  ұстап  тұрып  брустарды  жан-жағына  ысырып  жылжытады  да  жалпақ  жұқа  жағын  әлі  жеткенше  керіп  тартады.  Содан  кейін  тіреушілерді  ілгектеріне  сарт  бекінкенге  дейін  тіземен  қысады.

           Зембілдерді  бүктеу  керісінше  тәртіппен  орындалады,  бұған  қоса  оның  жалпақ  жұқа  жағын  тегіс  жазып,  сосын  үш  бүктеп  орауға  және  екі  жерінен  белбеумен  бекітуге  тиіс.

           Жарақаттанушы  зембілге  жатқызу  үшін  звено  командирі  «Зембілге!» — деген  команда  береді,  сол  кезде  санитарлық  жасақшы  әйелдер  зембілдерді  жарақаттанушының  жанына  қатар  қояды,  ал  өздері  командирден  басқасы  қрама-қарсы,  жақтан  тұрады.  «Кіріс!» — деген  бұйрық  бойынша  олар  бір  тізерлене  отырып  зақымданушының  астына  қолдарын  өткізеді,  зардап  шегушінің  басында  тұратын  құтқарушылар  бір  қолдарымен  оның  желкесін,  екіншісі   құймышақпен  белін,  ал  үшінші  саны  мен  тізелерін  ұстап  тұрады.  «Көтер!» — бұйрығы  бойынша  звено  мүшелері  бір  уақытта  зардап  шегушіні  көтеріп,  өздеріне  қарай  кішкене  тартып,  тұрады.  Содан  звено  командирі  зембілдерді  зақымданушының  астына  қарай  жылжытады.  «Түсір!»   бұйрығы  бойынша  оны  зембілджерге  ақырын  қояды.

           Зақымданушыны  зембілге  салған  кезде  зардаптың  сипатын  еспке  алу  қажет.  Сонымен  омыртқа  сынғанда  алдын-ала  фанераны  немесе  тақтайды  салады,  соған  зардап  шегушіні  арқасымен  жатқызады.

           Жрақаттанғандарды  қолда  бар  нәрселерден  жасалған  зембілдермен,  бар  құралдың  көмегімен  тасуға  болады.

 

 5.1. Төтенше  оқиғалардан  елді  мекендерді  қорғау.

 

           Төтенше  оқиғалар  жағдайындағы  елді  мекендерді  қорғау  азаматтық  қорғаныстың  ең  басты   мақсаттарының  бірі. 

           Қорғаудың  негізгі  тәсілі:  халыққа  дер  кезінде  әртүрлі  тәсілдермен  хабарлау,  адамдарды  жабық  ғимаратта  жасыру,  елді  қауіпсіз  аймаққа  көшіру,  қорғаудың  дәрігерлік,  жеке  құралдарын  пайдалану.

 

Х  а  б  а  р  л  а  у  .

           Байланыс  және  хабарлау  жұмысын  ұйымдастырудағы  жауапкершілік  төтенше  оқиғалар  және  АҚ  істері  жөніндегі  штаб  басшысына   жүктеледі.  

           1998  жылдың  аяғынан  бастап,  бейбіт  уақыттағы  хабарлау  тәртібіне  өзгеріс  енгізіледі.  Сол  уақыттан  бері  хабарландыруда  әртүрлі  өзгерістер  қолданылады.   Гудок  уілдеп,  үздік-үздік  кідірмелі  гудок  (сигнал)  беріледі.  Гудокті  ести  салысымен  шапшаң  телевизор,  радиостанциялардан,  репродуктор  торабын  қосып  жергілікті  басқару  органдарының,  немесе  жергілікті  АҚ  істері  жөніндегі  штабы  хабарлауын  тыңдау  керек.

 

Х  а  б  а  р      м  ә  т  і  н  і

           Кез  келген   төтенше  оқиғалар  жағдайында  жергілікті  өкімет   органдары  ТЖ  және  АҚ  штабымен  бірлесе  отырып  хабарландырудың  мәтінін  дайындайды.  Мысалы,  химиялық   қауіпті   аймақта  апат  болды  делік «Тыңдаңыздар !  Сөйлеп  тұрған  қаланың  ТЖ  бөлімі!  Азаматтар!  Тараз  қаласының  байланыс   көшесінде  авария  болып, соның  салдарынан  қатты  әсер  ететін  улы  зат — хлор  төгілді.  Зақымданган  ауа  бұлты…..  (мынадай)  бағыттарда  таралуда.  Химиялық  зақымдау  аймағындағы    …..   (мына)  көшелерінің  тұрғындары  үй  жайдан  шықпаңыздар.  Есік  терезені  жауып,  пәтерге  (үйге)  қымтаныңыздар.  Жертөледе,  төменгі  қабатта  жасырынбаңыз,  өйткені  хлор  ауадан  ауыр  болғандықтан,  ол  төмендегі  жерлермен  үй  астына  ағады.

           ( мына )  көшенің  тұрғындары  пәтерден,  мекемеден   көшіру   жоспарынан  тез  шығыңыздар  және  ….. ( мына )  ауданға  барыңыздар.  Бұдан  әрі  ТЖ  бөлімінің  нұсқауына  сәйкес  қимылдаңыздар!»

           Жаудың  шабуыл  төмендегі  жөніндегі  хабарлаудың    артынан   дереу  ядролық,  химиялық  немесе  бактериялық  қарудың   қолдану  қаупі   төнгендігі  жөніндегі  азаматтық  қорғаныс  мекемесінің  халыққа  ескерту  хабары  таратылуы  мүмкін.

           Қазіргі  кезде  жау  шабуыл  жасаса  хабарлаудың   мынадай  белгілері  қолданылады:  «Әуе  дабылы», «Әуе  дабылы қайтты»,  «Радиоактивтік  зақымдану  қаупі   төнді»,   «Химиялық   шабуыл»,  «Бактериялық   зақымдану» .

           Қиын   кезеңде   не  істеу  керегін  тез   шешу   үшін,  әр   адам  осы  хабарларды  білу, ол  бойынша   дұрыс   та  нақты  әрекет    жасау    және   ересек   адамдар  тез    киінеді  де  жас   балалардың   киінуіне  көмектеседі, жеке  басты   корғайтын  құралдарды,  бұрыннан  дайындап  қойған  азық  —  түлік   пен  суды  алады.   Әр   адам  документтерін  алып  терезені   жауып,  жарықты  және  барлық   қыздырғыш   аспаптарды  сөндіреді,  газ  жүйесін  жабады,  пешті  сөндіреді   де  жол  —  жөнекей  көршілерді  ескертіп,  тез  арада  баспанаға  немесе  панажайға  кетеді.

 

           Химияға,   радияцияға   қарсы,  халықты  қорғау  тәсілдерінің   негіздері  

           Химияға   қарсы,   радияцияға   қарсы   қорғаныс  —  АҚ  —  тың  комплексті   шараларынан  тұрады . 

           Химиялық,   радияцияға   қарсы  қорғаныс  тәсілдерінің  негізі  болып   химиялық,  радияциялық  жағдайды  бағалау ;  дозиметрлік ,  химиялық   бақылау   жасауды  ұйымдастыру ;  химиялық ,  радияциялық  зақымданудың  зардаптарын   жою   т . б .

           Радияциядан  қрғану  тәртібі  : 

           адамдардың      радияциялық    сәулелену  дозасын  азайту   мақсатында   қорғаныс  құралдарын  пайдаланудың  белгілі  бір   тәртібі .

 

           Қорғанудың ұжымдық құралдары

 

                                           Б   а   с   п   а   н   а   л   а   р

           Қорғанудың   ұжымдық   құралдарына    баспаналар,  радияциядан  қорғайтын   паналау   орындары  және  үсті  жабық   оржыралар  мен  жертөлелер  жатады.

           Баспана  деп  —  ғимараттың  герметикалық  түрін  айтамыз.  Баспана   адамдарды  стихиялы   қауіп  —   қатерден   , апат   зардаптарынан,  жаппай   зақымдағыш   қару  —   жарақ   факторларынан  қорғауға   арналған .

           Баспана   жеке  тұрған  ғимарат   немесе  шахталар,  метрополитен  болуы   мүмкін .

           Баспана   негізгі   және   көмекші   болып  бөлінеді .  Негізгі  баспанаға   басқару   және  дәрігерлік   пункттер   жатады  .   Көмекші   баспанаға  —  филтровентиляциялы.  санитарлық   көмек   көрсету  пункті  бар.  қорғаныстағы   дизельді   электростанция,  азық  — түлік    сақтаға   арналған  орын   жатады.

           Баспана  көлемі  ондағы  отыратын, жататын  орындар  2, 3 қатарда 0,55х1,8м  жататын  орындар.

     Баспаналарда  әйелдер  мен  ерлер  әжетханалар  бар. Бір  унитаз  75  әйелге, бір  унитаз 150  ерлерге  қызмет  етеді. 200 адамға  бір  қол  жуғыш  арналады.

           Баспана  есіктері  оның  көлеміне  байланысты. Оның  есіктнрінің  барлығы  герметикалық  жабылады.

           Барлық  баспаналардың   апатты  жағдайларда  шығатын  есіктері  болады.

           Филтірлі  вентеляциялыв  камера  ереже  бойынша  баспананың  сыртына, шығу  және  кіру  есіктеріне  жақын  орналасады.

           Фильтірлі  вентиляция  жүйесі  екі  тәртіппен  жұмыс  істейді:

            1) ауаны  шаң – тозаңнан  тазалайды;

            2) ауаны  уландырғыш  заттардан, бактериялық  зақымдағыштардан, радияциялық  заттардан  тазалайды.

           Баспана  басқада  түрлі  инжинерлік  жүйелермен  қамтамасыз  етіледі.Баспанаға  ауыз  су  құбырлары  торабынан  келеді. Сыртқы  су  құбырлары  бүлінген  жағдайда, іштегі  әр  адамды  6л  ауыз  сумен  жабдықтау  (баспанадағы  уақытша  болған  уақытында) қамтамасыз  етіледі.

           Әр  баспана  телепонмен, дауыс  күшейткіш, т.б. байланыс  құралдарымен  қамтамасыз  етілген. Баспана  әр  адамға  екі  тәүлікке  жететін  азық – түлік  қорымен  қамтамасыз  етіледі.

           Баспана  сондай – ақ  жылумен  де  қамтылады. Баспананы  жарықпен  қамту, жалпы  электро – жүйелерден  қамтылған.

 

                          Б а л а л а р д ы ң    с ү з г і л і    г а з қ а ғ а р л а р ы .   

           1.5   жастан   жоғары   балалардың   тыныс   алу  органдарына  ,  бетіне,  көзіне, УЗ ,  РЗ ,  БЗ ,  КӘУЗ    түсуінен  сақтайтын   газқағарларды  балалар   газқағарлары   дейді .

           Балалар  газқағарларының  құрамына  :  газқағар  .  көз   ойығын   терлетпейтін  арнайы  қаламнан  тұрады .

           ДП  —  6М   газқағары  (  1,5   жасқа  дейінгі  )  жас   балаларға  арналған,  МД-1,  2,  3  және  4  өлшемдегі  маскалармен   жинақталған. ДП-6   газқағары   ересек  жас   балаларға,  КЗД4 — 1  жасқа  дейінгі  жас   балаларға  арналған.

 

Р  е  с  п  и  р  а  т  о  р  л  а  р  .

           Лабораториялар   өндіріс   тәжірибесінде    Р-2,  ШБ-1,  ШБ-2,  ШБ-3  респираторлары  кеңінен   қолданылады.  Салмағы   жеңіл,  жақсы   сүзгілі,  респираторлар  тыныс  алу  органдарын     қорғау  үшін  пайдаланылады .

           Р-2  респираторы  ауаны  жұтатын  және  шығаратын  екі  клапанды   филтрлі   маскадан,  мұрын   қысқышынан,   жүгеннен   тұрады .

           Респиратор   мөлшері мен  өлшемі  иекке  қарай  үш   түрлі  болады .  Әр   адам  өзіне  шақ  респираторды  таңдауы  үшін    бет  ұзындығын   өлшеуі  керек:  109 мм  —  1-ші рост;  109  —  119  мм  —  2-ші рост;  119  мм  -ден   жоғары  — 3-ші рост.

 

Д ә к е   —   м а қ т а л ы    т а ң ғ ы ш .

           Дәке  —  мақталы   таңғыш   төмендегідей  жломен   дайындалады:  ұзындығы   100 см ,  ені  50  см  дәке   кесіп   алынады :  Дәке   ортасына  30   20  мөлшеріне   қалыңдығы   шамамен  2  см  етіп  мақта  салынады ;  мақта   салынбаған  дәкенің   бос   жерлерін  ұзына   бойына  екі   жағынан  түреді ;  дәкенің   шетін   екі   жағынан  (  шамамен  30  —  35  см  етіп  дәл   ортасынан,  екі  бау   жасап  қайшымен   қияды ) 

           Дәке  —   мақталы    таңғыштың  төменгі   жағы  ,  бұған ,  жақты  тұтастай  үстіңгі   жағын  көзге   дейін  толық    жабады  .   Ауыз   бен   мұрын   жақсы     жабылады  ,  таңғыштың    кесілген   төменгі   бауы  бас   төбеге  ,  жоғарғы   бауы   желкеден   байланады  .

           Тыныс   алу    мүшелерін  қорғау   үшін   шаңға   қарсы  ,  мата   маскалар  пайдаланылады .  Шаңға   қарсы   мата   маска  көрсетілгендей   дайындалады.

 

Т е р і н і     қ о р ғ а й т ы н     қ ұ р а л д а р   .

           Ядролық  ,  химиялық  ,    бактериологиялық   зақымдану   кезінде  және  КӘЕУЗ  —  дің   таралуы  жағдайында   адамдардың  бүкіл   денесін  қорғау   ең  басты  мәселе .  Бұл  құралдар   шартты  түрде  арнайы  және  қосалқы  теріні  қорғау  құралдары  болып  бөлінеді .

           Арнайы   теріні  қорғау   құралдары  УЗ ,  КӘЕУЗ ,  РЗ ,  БЗ – ы  заттар   тамшыларынан  ,  будан   теріні  жақсы   қорғайды ,  Ядролық   жарылыстан  пайда   болатын   сәулелену   деңгейін   төмендетеді .  Теріні   қорғау   құралдары   жұмыс   істеу   принціпіне  қарай  сүзгілі  және  жекеленгіш   (  изоляциялық)  болып  бөлінеді .Теріні  жекеленгіш  қорғау  құралы  резекеленген  матадан  жасалады.  Ол  зақымдану  ошақтарында  дезинфекциялау,  дезактивиацалау,  дегазациалау  жұмыстарын  жүргізу  кезінде  қолданылады. Теріні  жекеленгіш  қорғау  құралы  тек  жасақ  құрамының  жеке  тұлғаларын  қорғау  үшін  пайдаланылады.

           Жекелегіш  теріні  қорғау  құралына: Л-1  жеңіл  қорғау  кастюмі, ттеріні  қорғқйтын  комбинизон, жалпы  әскери  қорғау  кастюмі  жатады.

           Теріні  қорғау  құралдары: а) Л-1  кастюмі, в)комбенезон, с) жалпы  әскери  қорғау  кастюмі.

           Л-1  жеңіл  қорғау  костюмі  капюшонды  көйлектен, шалбар  мен  шұлғау, екі  қолғап, подшлемниктен  тұрады. Л-1 костюмінің  размерлері: 1- бойы  165см-ге  дейінгі, 11-бойы  165 – 172 см-ге  дейінгі, 111- бойы  172 см-ден  жоғары  адамдарға  арналған.

           Костюмнің  размері  шамамен  5ші.

           Теріні  қорғайтын  комбинизон  және  костюм. Комбенезон  басқа  киетін  капюшон, күртеше, шалбарымен  тұтастай  бірге  тігілген  комбенизон  подшлемникпен, резиңкелі  қолғаппен  бірге  пайдаланылады. Комбенизон  өлшемі  Л-1  костюмімен   бірдей.

           Жалпы  әскери  қорғау  плашынан, шұлық, қолғаптан  тұрады. Плащтың, капюшонның  жеңі  болады. Плаш  өлшемі  мынандай: бойы  165см  адамдарға – 1-ші өлшем,  бойы – 165 – 170см-ге  адамдарға – 11-ші  өлшем, бойы  170 – 175см  адамдарға – 111-ші өлшем, бойы 175 – 180см  адамдарға – 5-ші  өлшем, бойы  180см – ден  жоғарылар  үшін – 5-ші өлшемдер  лайық  келеді. Плаш  салмағы  шамамен  1,6  кг.

 

           Жеке  адамға  арналған  медициналық  заттар

           Жеке  адамға  арналған  АЙ – 2  медициналық  құтышаның   құрылысы мен  атқаратын  қызметі 

           Жеке  адамға  арналған құтышада  радиоактивті, уландырғыш  заттармен  және  бактериалық  дәрі – дәрмектермен  зақымданушылардың  және  жеке  профилактика  (аурудың  алдын  алу) жұмысын  жүргізуге  арналған  медициналық  дәрі – дәрмектердің  жиынтығы  бар. АИ – 2  құтышасы  пластмассадан  жасалған  қораптан  тұрады.

           Қораптың  көлемі  90х100х20мм, оның  мынадай  жеті  ұяшықтары  бар.

           №1  ұяға  ауыртпайтын  дәрі – дәрмегі  бар  шприц – тюбик  салынады.

           №2 ұяда  қызыл  түсті  пеналдың  ішінде  фосфороорганикалық  уландырғыш  заттарға  қарсы  қолданылатын  6  таблетка  андидотуытқа  қарсы  дәрі  болады. Профилактика  ретінде  пеналдың  ішіндегі  6  дәрінің  біреуі  ішіледі, уланудың  алғашқы  белгілері  біліне  бастағанда  тағы  да  бір  дәрі  ішіледі.

           №3  ұяда – ақ  түсті  ұзындау  келген  пеналда  бактерияға  қарсы  қолданылатын  дәрі — дәрмек  болады, онда 15 дәрі   бар, радиациялық  сәулелендіру  соңынан  ішек- қарын  қызметі  бұзылған  кезде  алғашқы  тәулікте 7, келесі  екі  тәулікте  күнделікті 4 дәріден  қабылданады.

           №4  ұяда – ақ  қақпақпен  жабылған  қызғылт  түсті  екі  пеналда  радиациядан  сақтану  12  дәрі  болады. Радиациялық  зақымданудың  алдын  алу  мақсатында  сәулеленуге  дейін  30 – 60  минут  ішінде  бір  мезгілде  6  дәрі  қабылданады. Адам  радиоактивті  заттармен  зақымданған  територияда  4 – 5  сағаттан  кейін  6  дәріні  қайтадан  қабылдайды.

           №5 ұяда  ақ  түсті  екі  пеналда  бактерияға  қарсы  пайдаланылатын  дәрі – дәрмек  болады. Онда  10  дәрі  бар. Бактериялық  дәрі – дәрмек  жұғу  қаупі  туғанда  немесе  солар  жұққан  кезде,жарақаттанғанда  және  күйгенде  шұғыл  алдын – алу  құралы  ретінде  әрқайсысын  арада  6  сағат  өткізіп, 5 дәріден  қабылдайды.

           №6 ұяда  — ақ  түсті  пеналда  радиацядан  сақтану 10 дәрі – дәрмегі  болады. Оны 10 күн  бойы 1 дәріден  қабылдайды.

           №7  ұяда – көк  түсті  пеналда  құсуға  қарсы  пайдаланылатын 5 дәрі  бар. Басты  соғып  алғанда, ми  шайқалғанда, алғашқы  сәуле  реакциясы  кезеңінде  құсқызбау  үшін  1  дәріден  қабылдайды.

 

           ТӨТЕНШЕ  ЖАҒДАЙЛАР  КЕЗІНДЕ  ТУАТЫН  ЖАРАҚАТТАР, ӨТКІР  АУРУЛАР

           Жарақаттар

           Жарақаттардың  түрлері. Балалар  жарақаты

           Жарақаттар  екі  түрлі  болып  келеді:

           1.Жабық  жарақаттар

           2.Ашық  жарақаттар

           Ұлпалардың, мүшелердің  тұтастығының  бұзылуы  жарақат  деп  аталады.

 

           Жабық  жарақаттар

           Өнеркәсіп  орындарында, ауыл  шаруашылығы  салаларында, үйде  адамдар  кейде  механикалық  күштер  әсерінен  оқыс  жарақаттанып  қалады. Жабық  жарақаттар  кезінде  терінің, шырышты  қабықтарының  бүтіндігі  бүлінбейді. Оларға  дененің  соғылуы, бұлшық  еттердің, сіңірдің  созылуы, ішкі  мүшелердің  жарылуы, сүйектердің  буын  аймақтарынан  шығуы  (тізе, білек және  т.б), сүйектердің  іштен  сынуы, кеуденің  жаншылуы  жатады. Жабық  жарақат  алған   жер  ауырады, қан  ұйиды.

 

           Дененің  соғылуы

           Денені  соғып  алғанда  сыртқы  тері  талшықтарымен  бірге  ішкі  мүшелердің  зақымдануыда  мүмкін. Сыртқы  жұмсақ  тері  талшық  талықтарды  соғып  алған  кезде  ауртып,  ісінеді,  қаңталайды.

           Кеуде  немесе  қарнды  қаттырақ  соғыпалғанда  ішкі   мүшелердің  өкпе,  бауыр,  тамақ,  бүйректің  зақымдануы   мүмкін.  Бұл  мүшелер  зақымданғанда    ауыртып,  тіпті  ішке  қан  кетеді.  Басты  соғып  алғанда  ми  зақымдалуы – соғылуы  немесе  шайқалуы мүмкін.

           Бүкіл  организімге  өте  күшті  соққы  толқыны  әсер  еткенде  адамның  жалпы  контузияға  ұшырауы  мүмкін,   олкөбі  несе  естен  тану,  басы  айналу,  сөйлей  алмау,  нашар  естіп,  нашар  көруі,  ұмытшақтанып,  естен  танады.

           Алғашқы  медитциналық   көмек   көрсеткенде  соғылған  денелерді  таңғышпен  қатты  байлап,  салқын  зат  қолданылады,  тыныштық  жағдай   туғызады.  Бүкіл  организмге  өте   күшті  соққы  толқыны  әсер  еткенде  зақымданушылар  медициналық   мекемелерге  ұқыптылықпен  жедел  көшірілуді  қажет  етеді.

           Ыңғайсыз  секіргенде,  жығылғанда,  ауыр  жүк  көтергенде  сіңір  созылады,  үзіледі.  Бұл  кезде  зақымданған  буын  ауыра  бастайды,  ісік  түзіліп,  қимыл  тежеледі.   Алғашқы    көмек   көрсету  кезінде  бинтпен  қысып  байлап,  зақымданған  буынға  салқын  зат  басады,  зақымданған  аяқ  қолдары  тыныштандырылады.

           Сүйек  буындарының  беті  бір – бірінен  тайып  кетсе  буын  шығады.  Бұл  кезде  буын  қалтасының    тұтастығы  бұзылып,  кейде  сіңір  үзіліп  кетеді.  Иық,  қол,  жамбас  буындарының  шығыуы  жйі  кездеседі.  Аяқ  пен  қолдардығы  буын  шығуының  негізгі  белгілері:  буынның  ауыруы,  қимылының  бұзылуы,  буын  пішінінің  өзгеруі,  аяқ – қолдардың  тартылып,  ыңғайсыз  қалыпта  қалуы  болып  табылады.

           Астыңғы  жақ  сүйекпен  омыртқалар  арасындағы  буындарда  шығады. Омырқа  аралығындағы  буындар  шыққанда  омыртқалар  орнынан  тайып, оның  атқаратын  қызметі  бұзылады. Буыны  шыққан  адамдарды  дәрігерлерге  көрсетуді  ешқашан  ұмытпаған  жөн. өйткені  уақыт  өткен  сайын  буын  қуысының  арасына  сары  су  жиналып, қабына  ісінуі  мүмкүн.

           Көп  жағдайларда  адам  құлағанда, немесе  қатты  затқа  соғылғанда  сүйек  сынуы  жйі  кездеседі. Сүйек  жабық  сынған  кезде  терінің  қабаты  бұзылмайды, яғни  жарақаттана  жыртылмайды.Сынған  жердің  терісі  күлдірей  ісініп, белдеуленіп  тұрады, қатты  ауырады, адам  қозғалыс  жасай  алмайды, сәл  қозғалғанда  сүйек  жарықтарының  сықырлаған  дыбысы  естіледі.

                                                    

           Балалар  жарақаты  және  одан  сақтану

           Статистика  бойынша, соңғы  15 – 20  жыл  ішінде  1 – 15  жас  аралығындағы   балалардың  қайтыс  болуында  жарақаттар  бірінші  орын  алады. Бел  омыртқа, тыныс  алу  мүшелеріне, көзге, бас миына  ауыр  зақым  келуі  қазіргі  кезде   адамдардың  мүгедектігінің  негізгі  белгісі  болып  табылады.

           Балалардың  жарақаты  бала  туғаннан  басталады. Туғанда  болатын  жарақаттар  баланың  бүкіл  өмірінің  мүгедектігіне  әкеліп  соғады. Емшектегі  баланың  жарақаттануы  коляскадан, төсектен, ата – анасының  қолынан  құлағаннан  болады. Осындай  жағдайда  бала  көбінесе  басымен  ұрынады, өйткені  жаңадан  туылған  және  емшектегі  баланың  басы  өз  денесінен  бес  есе  үлкен  болады. Бала  1  жасқа  толғанға  дейін  оның  миы  дамып, қалыптасады, ал миханикалық  жарақаттар  бұл  процесті  бұзады.Орталық  жүйке  жүйесінің  жасушалары  жойылады, ал  ағзаның  психикалық   қызметі (ес, көру, есту, сөйлеу  және т.б.) бұзылады.

           Жарақаттың  басқа  түрі – ыстық  сұйықтықпен  күю. Ол  көбіне  ата – анасы  суық  суды  қосуды  ұмытып  баланы  ыстық  суға  түсіруі, немесе  баланың  үстіне  ыстық  суды  төгіп  алу  себептерінен  пайда  болады.   

           7 – 9  жастағы  балалар  көбінесе  мектептерде  сабақтар  кезінде, көшедегі  транспорттардың  әсерінен  жарақаттануы  мүмкін.

           Балалар  жарақатын  алдын  алу  үшін  бала  туылғаннан  бастап  ата – аналар  оларды  қадағалап, жығылуға, ыстық  суға  күйюіне, машіне  соғуына  жол  қоймаулары  қажет.

           Бала – бақшаларда, мектептерде  балаларды  қадағалау  жұмыстары  тәрбиелеушісі  мен  мұғаліміне  жүктеледі.

 

           Таңғыштардың  түрлері

           Тағайындалу  мақсатына  орай  барлық  таңғыштар  жұмсақ (бинтті,гипсті  және  крахмалды ) болып  бөлінеді.

           Шиыршықталған  оралған  дәке  тілкемі  бинт  деп  есептеледі.Бинттің  шиыршықтала  оралған  жағы – басы , бос  ұшы – бастамасы  деп  аталады.Стерілденген  бинт  пергамент  қағазымен  ауа  кірмейтіндей  етіп  оралады.

           Стерілді  мақтаның  бір  орамы  25 – 50г  етіп  шығарылады.Стерілденбеген  мақтаның  бір  орамында  50 – 250г   болады, ол  қысып  таңатын  жаралардың  бетіне  салып  байлау  үшін  қолданылады. Мақтаның  орнына  лигнинді (сүрек  мақтасын) пайдалануға  болады.

           Үшкіл  орамалдан  жасалған  таңғышпен  басты, кеудені, иық, шынтақ, тізе, толарсақ  буындарын, саусақтар  мен  аяқ  басын  байлауға  болады. Шығындау  жараларға  клеол  және  леикопластырь  таңғыштар  салып  байлайды.Жараның  бетіне  стерілді  мата  салып, дәке  салфетканы  кері  жауып, майланған  теріге  жиегін  желімдеп  жапсырады.

           Сүйектер  сынғанда  гипстық  таңғыштар  жапсырады.

 

           Таңғыш  тану  ережелері

           Бинт  орау  тәртібінің  маңызы  өте  зор. Дұрыс  оралған  таңғыш  зақымданған  жерді  (мысалы  жараны)  толық  жауып  тұруы, аурудың  мазасын  алмауы, ронынан  жылжып  кетпеуі  тиіс  және  қан  айналымына  әсер  етпеуі, ауырған  жерді  қатты  қыспауы  керек. Дененің  бинт  оралатын  жері  жалаңаш, әрі  орауға  қолайлы  болғаны  жөн. Бинт  орауды  дененің  жіңішкерек  жағынан  бастаған  жөн, мысалы, қол  мен  аяқ  бинтпен  төменнен  жоғары  қарай  таңылады.Сол  қолмен  бинттің  алғашқы  роамын  ұстап  тұрып, оң  қолмен  солдан  оңға( сағат  тілімен) қарай  таңады.Бинттің  бірінші  және  екінші  орамы  бірінің  үстінен  бірі  түсуі  керек, ал  кейінгі  әрбір  орам  алдынғысын  бекіте  түсетіндей  етіп, бинт  енінің  жарымын  жаба  қамтуы  керек.Егер  бинт  денеден  жылжып  алдынғы  орамды  қамти  алмаса  және  оны  төменірек  орау  керек  болса, бинттің  ішкі  бетін  сыртқа  қаратып, аударып  орау  керек, сонда  ол  дұрыс  оралады. Орап  біткен  соң , бинттің  ұшын  екі  жарып  жыртадыда, танған  жерді  сонымен  байлайды.

           Соңғы  кезде  контрулды  және  торлы  таңғыштар  барған  сайын  кеңінен  пайдаланылып  келеді.Контрулды  таңғыштар  әдетте  күйік  кезінде  қолданылады.

 

           Аяқ  қолға  жасалытын  таңғыштар

           Қолдарды  әдетте  иректеп  бидайдың  масағы  тәрізді  етіп  және  айқастыра  таңып  байлайды.

           Саусақты  иректеп  орап  таңуды  білезік  сүйекті  айналдырып  орауды  бастап  одан  әрі  қолдың  сырт  жағы  мен  бинтті  саусақтың  тырнақ  орналасқан  буынына  дейін  жеткізіп,  саусақтың  ұшынан  түбіне  дейін  иректеп  лрап,  тағы  да  қолдың  сырт  жағымен  білезік  сүйекке  апарып  бекітеді.

           Алықан  немесе  қолдың  сыртқы  беті  жарақаттанған  кезде  алдымен   білезік  сүйектен  орнықтыра  байлап  одан  ары  сырт  жағынан  алақанға

 қарай  айқастыра  таңады.

           Қолдың  қары  мен  білекті  төменнен  жоғары  қарай  мезгіл – мезгіл  бинтті  бұрай  отырып  иректеп  орап  таңады.

           Шынтақ  буынын  таңғандабинітті  мезгіл – мезгіл  білек  пен  қарда  кезектестіріп  шынтақ  шғңқырында  айқастыра  отырып,  иректеп  орап  байлайды.

           Иық  буынын  таңғанда  сау  жақтағы  қолтық  асты  шұңқырынан    кеудемен  және  зақымданған  иықтың  сырына  ала  қолтық  асты  шұңқыр  арқылы  иыққа,  арқаны  байлап  сау  қолтық  асты  шұңқыр  арқылы  бинт  буынды  толық  орап  жапқанша  қайталай  отырып  байлайды  бинттің  ұшын  кеудеге  орнықтырып  барып  түйрегішпен  түйреп  бекітеді.

           Аяқ  басы  мен  тізе  төңірегін  аяқ  киімді  шешіп  алғаннан  соң  таңып  байлайды.  Өкшені  байлағанда  оның  ең  шығыңқы  бөлімін  бинтпен  бір  орап  одан  әрі  сол  орамның  үстіңгі  және  астыңғы  жағынан  алма  кезек  жүргізе  отырып  бинтті  орнықтыру  үшін  қиғаштата  сегіздік  тәрізді  етіп  байлайды.

           Балтыр  мен  санды  қолдың  қары  мен  білегін  ораған  тәрізді  иректеп  орап  таңады.

           Тізедегі  буында  алдымен  тізе  ұршіғі  арқылы  бинтті  айналдыра  жүргізіп  соңынан  бірде  томенірек  бірде  жоғарырақ  кезектестіре  бинт  орамын   айқастыра   отырып  таңады.

 

           Басқа   жасалатын   таңғыштар

 

           Бас   жарақаттанған   кезде  бинтпен  таңып  байлаудың   көптеген  түрлері  белгілі  ,  мысалы  :  Гиппократ  қалпағы  бір  және екі  көзге  аиналдыра  байлау  тақия  тәрізді  сақпан  тәрізді  және  басқалар.  Бас  жарақаттанған  кезде  тағыда  бинт  үшкіл  орамал    лейкопластырлар  пайдаланылады.  Бас  жарақатына  қарай  қажетті  таңғыш  таңдап  алынады.

           Тақия  тәрізді  танғыш  былай  жасалынады:  ол  үшін  1м  бинт  қиылып  алынады  оны  төбедегі  жараны  жауып  тұрған  стерілді  салфетканың  үстіне  тең  ортасын  келтіре  салады  да  бинттің  екі  ұшы  құлақтың  алдыңғы  жағынан  төмен  салбырайтындай  етіп  зақымданушы  керіп  ұстайды.  Басты  айналдыра  бір  рет  орап  іліп  алып  байламға  жеткенде  бинтті  шалып  алып  шүйдеге  қарай  қйғаштай  тартады.  Бинтті  екінші  жақтағы  іліп  алатын  байламнан  да  дәл  осылай  шалмалап,  саңдайға  қарай  қиғаштай  тартып  орайды.  Бастағы  шаш  түгел  жабылғанша  бинтті  шүйдеден  маңдайға  қарай  біртіндеп  жақындата  түседі.  Бұдан  соң  басты 2 – 3  рет  орап,  таңғышты  бекітеді.

           Бір  көздітаңғанда  алдымен  басты  орнықтыра  айналдыра  орайды. Одан  әрі  оң  көзді  таңу  үшін   бинтті  желкеден  оң  құлақтың  астына  қарай,  ал  сол  көзді  таңу  үшін  сол  жақ құлақтынң  астына  қарай  жүргізеді.  Бұдан  соң  бинтті  кезектестіре  отырып  бір  жолмен  көзді  бастырып ,  екіншісімен  басты  айналдыра  жүргізіп  орайды.

           Екі  көзді  таңғанда  сол  және  оң  көзді  байлағандағыдай  екі  таңғышты  үйлестіре  байлайды.

           Мұрын,  маңдаймен  иекті  сақпанша  таңғышпен  таңады.  Сақпан  таңғыш  астына  жарақаттың  үстіңгі  жағынан  стерілді  салфетка,  стерілді  дәке  қиығын  төсеп  салу  қажет.

 

5.2 Үсуден мұздау және осы кезде алғашқы медициналық жәрдем көрсету

           Төмен температураның ұзақ уақыт әсер етуі салдарынан адам ағзасында тіндердің зақымдануы — үсу, ал ағзаға төмен температураның жалпы әсер етуі кезінде органдар мен тіндердегі терең өзгерістер — жалпы мұздау деп аталады.

           Үсу — ылғал ауа, жел, ылғал киім, тар және су аяқ киімі әсерінен болады. Сондай-ақ, шаршау, ашығу, қан аздық, шок, тамырлардың ауруы, алкогольдік мас блуы және басқа да себептер үсудің дамуына жағдай жасайды. Жалпы мұздаудың симптомдары: қалтырау, шаршау, ұйқы басу, ақырында ұйықтап кету. Дене сіресіп, тыныс алу мен жүрек жұмысы әлсірейді. Мидың қан аздығы дамып, аяғында адам өледі.

Жергілікті үсу арасында көбіне аяқтың, оның ішінде, башпайлардың үсуі жиі кездеседі. Жергілікті үсу симптомдары бойынша оның мынадай дәрежелері ажыратылады.

           Бірінші үсу дәрежелі үсу — терінің бозаруы, оның сезгіштігінің жоғалуы, жылытқан кезде терінің ашып, ауыруы, қызыл күрең түске боялып, ісінуі және ауыруы. Екінші дәрежелі — жоғарыда көрсетілген өзгерістерден басқа іші сұрғылт қан түсті сұйықтыққа толған күлдіректер пайда болады. Үшінші дәрежелі — барынша ауқымды және терең өзгерістер тән; тіндер сезгіштігін жоғалтады, қара көк түске еніп, өлектіктік белгілері пайда болады; Төртінші дәрежелі — үсіген тіндер терең өлі еттеніп, сезгіштік жойылады. Аяқ — қол суып, бозарып, көгереді.

           Үсудің әр түрлі дәрежелері қабаттасып келуі жиі кездеседі, мысалы, үшінші дәрежелі үсу екінші және бірінші дәрежелі үсу учаскелерімен; аяқтан басқа, қол, мұрын, құлақ, бет және маңдай үсуі мүмкін.

Жеңіл үсіктер қайталанғанда немесе суық ұзақ уақыт әсер еткенде (аязда немесе ылғалды, суық көктемгі — күзгі уақытта)қалтырау мүмкін: жан ауыртар домбығу, көгеру, салқындау байқалып, тері қышиды; ол қалқанында, кейде аяқ басынан байқалады.

 

           Алғашқы медициналық жәрдем

           Зардап шегушіні жылы бөлмеге орналастыру керек. От немесе ыстық пеш жанында жылытуға болмайды. Жылыта ртырып, ауруға ыстық шай, кофе, шарап немесе арақ беруге болады. Жалпы қату кезінде зардап шегушіні шешіндіріп, денесін спирт немесе арақпен сылайды, есін жинатқызып, сусын береді, жылы етіп қымтайды. Егер зардап шегуші дем алмаса, онда жасанды тыныс алдырады, тері астына камфора немесе кофеин, қажет болса, эфедрин, кордиамин енгізеді. Содан кейін ауруды жібереді. Клиникалық ауру белгілері байқалғанда реанимация іс-шараларын жүргізеді. Жергілікті үсу кезінде жалпы жылыту, үсіген бөлікті жеңіл түрде уқалау ұсынылады. Бұл кезде суықтан ағарып кеткен бөлікті таза жуылған ылғал қолмен сылап ысқылайды., жылытатын таңғыш қояды. Ең жақсысы, үсіген жер қызарып, жылынғанша спирт немесе арақпен ысқылау қажет. Үсіген жерді қармен ысқылауға болмайды.

           Үсудің алғашқы кезінде, ең алдымен, аяқ-қолды жылы су ваннасында (су температурасын 20-дан 37С-қа дейін ақырындап көтере отырып) жеңіл массаж жасай отырып жылыту керек. Ысқылағаннан кейін мақтаның қалың қабатымен таза (ең жақсысы стерильді) таңғыш салу керек.. аяқ-қолды жоғары көтеріп, дәрігерге жіберу керек. Үсіген бөлік домбығып іссе немесе күлдірік пайда болса, ысқылауға болмайды. Ең дұрысы, үсіген бөлікке мақтаның қалың қабатымен стерильді таңғыш салады, аяқ-қолды жоғары қалыпта ұстайды және зардап шегушіні дәрігерге жібереді.

           Жалпы қату және жергілікті үсу ( бірінші дәрежелі үсуден басқасы) кезінде госпитациялау ұсынылады. үсуді емдеу антибиотиктер, әр түрлі жақпа майлар сіндірілген таңғыш салу, физиотерапевтік процедура ауа ванналары, кварц қолдану, ал қажет болса, оператифтік емдеу жүргізіледі.

2 ,3, 4, дәрежелі үсулер кезінде сіреспеге қарсы сарысу мен анатоксиннің профилактикалық дозасы енгізіледі. Қан айналымының жақсаруы үсуге кедергі келтіретінін атап өту керек. Мысалы, үсу немесеқату пайда болғанға дейін суықтағы қозғалыс жүру, жүгіру қан айналымды жақсартады, денені жылытады, сөйтіп, суықтың зиянды әсеріне қарсы тұрады, мұның профилактикалық мәні зор.

 

           Күн және ыстық өту туралы түсінік, олардың алдын алу және алғашқы медициналық жәрдем көрсету

           Күн өту — тікелей күн сәулесінің ұзақ уақыт әсерінен немесе ыстық, нашар желдетілген бөлмеде, жоғары температура жағдайында жұмыс істеу салдарынан дененің қызып кетуі.

           Күн өтудің негізгі белгілері — жалпы әлсіздік, бейжайлық, естен тану немес естен айырылу күйі, құсу, жүрегі айну, дене температурасының көтерілуі. Кейде мұрыннан қан кетуі, жүрек қызметі әлсіреуі және тіпті кома күйіне түсуі мүмкін.

           Зардап шегуші ең алдымен, шұғыл көмекке мұқтаж болады, оны таза ауға, көлеңкеге шығарып, киімін шешу керек. Содан кейін салқын сусын беріп, басына суық компресс қояды, суық су құяды немесе суық нәрсеге орайды.

           Зардап шегушінің жағдайына және қолда бар мүмкіндіктерге сәйкес емдеу құралдары қолданылады. Мысалы, жүрек жұмысы әлсіреп, артериалық қан қысымы төмендегенде кофеин ерітіндісін, комфора, лобелин ерітіндісін жібереді. Тыныс алу тоқтап қалғанда немесе қатты бұзылғанда, жасанды тыныс алдыру, оттек, корбоген пайдаланылады.

           Алғашқы жәрдем көрсетіп, зардап шегушіні ауыр жағдайдан алып шыққаннан кейін ауруханаға жатқызады.

           Ескерту. Күн өтудің патогенетикалық тұрғыда ыстық өтуден айырмашылығы — күн өткенде дененің қызып кетуімен бірге күн сәулесі тікелей әсер етеді.

           Дененің қызып кетуі, әдетте дене жұмысы кезінде, әсіресе шеруде байқалады. Дененің қызып кетуіне себепші болатындар: ауаның ылғалдылығы және желсіз болуы, бұл тердің булануын қиындатады, сондай-ақ сұйықтықты аз қолдану. Ең әуелі продромольді белгілер дамиды — тері күрт қызарады, тер бөлінісі күшейеді, шырышты қабықша құрғайды, күрт шөлдейді, тыныс алу мен тамыр соғуы жиілейді, сондай-ақ қан қоюланады, жүрегі айнып, жұтыну қиындайды. Қызып кету процесінің үш формасын ажыратады:

           1) жүдеу — бұлшық ет әлсіздігі, бас айналу, тамыр соғуының төмендеуі мен жиілеуі, терінің қызаруы және құрғауы, дене тампературасының 39 -39,5 С-қа дейін көтерілуі, қан айнаымының жеткіліксіздігі — терінің бозаруы және мұздауы;

           2) асқын қызыну формасы — дене температурасының 39 — 40 С-қа дейін көтерілуі, жалпы әлсіздік, бейжайлық, бастың ауыруы; команың дамуы — терінің қуқылдануы және құрғауы, пульстің жиілеуі және төмендеуі, тыныс алудың жиілеуі, бұлшық еттің жыпылықтауы; тартылып құрысу, көз қарашығының үлкеюі, тізе рефлексінің жоғалуы; елестету — нерв жүйесінің қозуы; қан айналымының жеткіліксіздігі — тыныс алудың төмендеуі, ционоз өкпе ісігі;

           3) бас ауыру формасы немесе жедел гастроэнтрит белгілері бар форма (құсу, жүрегі айну, іші өту)

           Қызару кезінде теріні майлау керек, күлдіректер пайда болса, калий магний қышқылдарының әлсіз ерітіндісінен компресс қою керек; қалтырау, бас ауыру және жалпы әлсіреу кезінде аспирин, пирамидон, кофеин беру крек.

           Элекртжарақаты кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық жәрдем және осы кездегі қауіпсіздік ережелері.

           Электржарақаты — найзағай немесе жоғары кернеулі электр тогы әсер ету кезінде электр тогымен зақымдану. 100 вт-тан жоғары кернеулі ток әсері қауіпті, ал 500 в жоғары ток әсері апатқа соғады деп есептелінеді.

           Электржарақатының жиі кездесетін себептері — қауіпсіздік техникасы ережелерін және жеке қорғану ережелерін сақтамау, электр құралдардың, аппараттардың істен шығуы. бірқатар жағдайлар: терінің ылғалдылығы, су киім немесе аяқкиім, шаршау, жүдеу зақымдануға себеп болады. Ток әсері нәтижесінде ауырлығы жағынан әр түрлі термикалық, тіндердің химиялық және механикалық зақымдануы болады.

           Токпен жарақаттану белгілері:

            — жалпы құбылыстарға: естен тану, артериалық қан қысымының төмендеуі, аритмия, есінен айырылу, тыныс алудың тоқтауы, шок, құрысып-тырысу, сал болып қалу;

            — жергілікті белгілерге: термикалық күйік түрінде тіндердің бұзылуы, терідегі тармақталған ағаш түріндегі қызыл немесе ақ сұр түсті жоақтар түріндегі ток белгісі немесе найзағай белгісі.

           Токпен ауыр жарақаттанғанда, адам жүректің сал болып қалуынан дереу өліп кетуі мүмкін. Бірақ көбінесе клиникалық өлім байқалады.

 

           Алғашқы медициналық көмек беруді ұйымдастыру

           Шұғыл көмек оқиға болған орында көрсетіледі және ол өмірге қауіп төндіретін құбылыстарды жоюға бағытталуы тиіс. Медициналық жәрдем көрсеткенге дейін токты ажыратып, зардап шегушіні ток көзінен абайлап айыру керек. Зардап шегушіні электр сымынан босатқан кезде, көмек көрсетуші өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс — қолға резина қолғап киюі немесе резиналанған немесе жүн материямен орау қажет, резина аяқкиім кию немесе құрғақ тақтай, әйнек үстіне тұру, болмаса құрғақ таяқша пайдалану керек. Ешқашан да зардап шегушіге жалаң қолды тигізбеу керек.

           Зардап шегуші бойында тіршілік нышандары білінбесе, дереу «ауыздан — ауызға» әдісімен жасанды тыныс алдыру және жүрегіне массаж жасауға кірісу керек. Бұл іс-шаралар тыныс алу және жүрек жұмысы қалпына келгенше немесе биологиялық өлім белгілері пайда болғанша жалғасады. Бұл іс-шаралармен бір мезгілде зардап шегушіге мүсәтір спиртін иіскетеді, денесін ысқылайды, жылытады, тері астына лобелин ( 1 пайыз ерітіндінің 1 мл) жібереді, көмір қышқылын, оттек иіскетеді, артерия ішіне қан құяды, вена ішіне кардиомин, коразол немесе басқа дәрілер жібереді, ционоз кезінде — қан ағызады( 300- 500), артынан 5 пайыздық глюкоза ерітіндісін енгізеді, күйген қабаттарға стерильді таңғыш салады.

           Алғашқы медициналық жәрдем көрсеткеннен кейін зардап шегулер емделу үшін алғашқы медициналық жәрдем көрсету жасақтарына жіберіледі. Зардап шегушіні ауыр жағдайдан алып шыққаннан кейін, жедел ауруханаға жатқызады. Көлікпен тасымалдағанда тыныс алу және жүрек жұмысын бақылап отыру керек. Электр тогынан күюді емдеу күйіктерді емдеудің жалпы ережелері бойынша жүргізіледі. Жалпы белгілер байқалған кезде жүректің және басқа дәрілер қолданылады.

           Токпен немесе найзағаймен зақымданған адамды жерге көму — пайдасыз және зиянды!

 

           Суға кеткен кезде көрсетілетін алғашқы медициналық жәрдем

 

           Суға кету тыныс алу жолдарына су немесе сұйық масса толып қалған кезде туындайды. Бұл кезде тыныс алу күрт бұзылады, ал шұғыл көмек көрсетілмеген жағдайда — тыныс алу тоқтап, зардап шегуші өліп кетеді. Суға кету кезінде өмірлік маңызды функциялардың тоқталуы гипоксияға негізделеді. Суға кету кезінде тыныс алу және жүрек жұмысы күрт төмендейді немесе тіпті тоқтайды. Бәрімізге белгілі, көбіне суға кеткендерді судан клиникалық биологиялық өлім жағдайында алып шығады, ес, тыныс алу және жүрек жұмысы сирек сақталады.

           Есті жоғалту жиі байқалады. Тері мен көрініп тұратын қабықшалар бозарған( тыныс алу рефлекторлық тоқтау кезінде бұл сирек кездеседі)  немесе көгерген (өкпеге сұйықтықтың аспирациясы кезінде). Ауыз және мұрыннан көбіртікті сұйықтық, кейде қан аралас сұйықтық көп мөлшерде бөлінеді. Суға кету диагнозын анықтау көп қиындық туғызбайды.

Суға батқан адамның су астында болған уақыты мен жағдайына қарамастан, дереу кідіріссіз оны тірілту шараларын жасауға кірісу керек.

Суға кеткен адамды тірілту шаралары оны судан алып шыққаннан соң бірден жүргізіледі.

           Егер зардап шегуші есінен айырылмаса, онда оның су киімін шешіп, денесін құрғатып сүртеді, құрғақ киім кигізеді, жылытады, шай, кофе немесе спирт ішкізеді. Естен танған жағдайда, бірақ өздігінен тыныс алып және тамыры соғып тұрса, онда:

1) зардап шегушінің басын төмен қаратып зембілге жатқызады; 2) су киімді шешу немесе қысып тұратын киімдердің түймелерін ағытып, ашу керек; 3) мүсәтір спиртін иіскету және мүмкіндік болса, жүрек дәрілерін (кофеин, кордиамин- 1 мл, лобелин — 1 мл)  салу қажет; 4) денеге және аяқ-қолға жүрек бағытында массаж жасау қажет. Ақтық жағдай кезінде реанимацияның қарапайым тәсілдері қолдалынады — жасанды тыныс алдыру ) жағдайларға байланысты «ауыздан — ауызға, «ауыздан — мұрынға»,қолмен, аппарат көмегімен),  жүрекке жабық массаж жасалады. Жасанды тыныс алдыру жасамас бұрын қан айналымы мен тыныс алуды қиындатып тұрған киімді босату және тыныс алу жолдары мен асқазанды судан босату керек.

           Тыныс алу жолдарын судан босату үшін төмендегідей тәсілді қолданады: көмек көрсетуші бір тізесін бүгіп тұрады, суға кеткен адамды бүккен аяғының санына етпетінен жатқызады, яғни зардап шегушінің басы мен иығы төмен түсіп салбырауы қажет, сөйтіп арқасын басады, дәкемен оралған саусағымен зардап шегушінің ауыз қуысы мен жұтқыншағын құм, балдырдан тазалайды, осыдан кейін ғана жасанды тыныс алдыру мен жүрекке массаж жасауға кіріседі. Тыныс алу және жүрек жұмысы қалпына келгеннен соң зардап шегушіні одан әрі емделіп, бақылауда болуы үшін жібереді.

           Тұшшы су және теңіз суына бату әр түрлі болады, сондықтан зардап шегушіні тірілту шаралары да әр түрлі.

           Тұшшы өзен суы, тыныс алу жолдарына түскеннен кейін қанға тез сіңеді де, қан айналымға еніп, гемолиз туғызады. «Ақ өлім» болған кезде ( көмейден февлекторлық жиырылу нәтижесінде дыбыс желбезектері жабылып, қылғыну дамиды, тыныс алу тоқтағаннан кейін 5 — 6 мин-тан соң, жүрек тоқтайды, тері қабаты кенет бозарады, су өкпеге өтпейді), ауыз қуысы мен жұтқыншақ дереу тазаланады, жасанды тыныс алғызу мен жүрекке сыртқы массаж жүргізіледі, бұл кезде өкпеден суды шығару пайдасыз және мағынасы жоқ.

           Ашшы теңіз суының өзінің осмотикалық қасиеттеріне сәйкес тұщы судан айырмашылығы — қанға сіңбейді, сөйтіп тыныс алу жолдарында тұрып қалады және қан құрамындағы сұйық альвеолдар мен кеңірдекшілерге құйылады. Суға кеткен адамның тыныс алу жолдарын су мен көбіктен қолда бар құралдармен тазалау қажет, көмек көрсетуші адамның санына етпетінен бірнеше секунд жатқызуға болады. Содан кейін массаж бен жасанды тыныс алдыру қайта жалғасады.

 

           Жүрек жұмысы мен тыныс алудың тоқтауын анықтау әдістері

           Кенеттен жүректің тоқтауы электр тогы немесе найзағаймен зақымданғанда, ауыр жарақат, улану, суға кету, жедел қан кету, наркотикалық заттардың уытты әсері, миокард инфаркт нәтижесінде болуы мүмкін, сондықтан тыныс алу мен қан айналымға жасанды қолдау көрсету іс-шараларын жүргізу қажет.

           Тыныс алудың тоқтау себептері әр түрлі: тыныс алу жолдарының жаттекті заттармен бітелуі, шырышты көмей ісігінің асқынуы.

Зардап шегушіні тірілтуге кіріспес бұрын, ең алдымен, клиникалық өлімнің туындауын анықтау керек. Оның белгілері: есті жоғалту, ұйқы артериасында тамыр соғуының болмауы, тыныс алудың жоқтығы, қарашықтың үлкеюі және оның жарыққа әсерсіз қалуы. Диагноз мейлінше өте қысқа уақыт ішінде қойылуы тиіс.

           Тыныс алу мен қан айналымға жасанды қолдау көрсету жөніндегі іс-шаралар жүрек пен тыныс алу тоқтағаннан кейінгі алғашқы 5 мин ішінде басталуы тиіс. Оны кенеттен клиникалық өлімді бастан кешірген зардап шегушілер мен аурулардың барлығына жасау керек. Жазылмайтын аурудың соңғы деңгейіндегі ауруларда, сондай-ақ өліктің сіресу, яғни нағыз биологиялық өлімнің толық сипаты білінген кезде реанимациялық іс-шаралар жүргізуге болмайды.

 

           Жүрекке тікелей емес массаж жасау тәсілдері

           Жүрекке массаж жасау жүрек тоқтағанда қолданылады және төс пен омыртқа арасында жүректі ырғақты қысу жолымен жүргізіледі.

           Жүректі қысу тәсілі арқылы қан айналымның үлкен және кіші шеңберінің ірі тамырларына қан айдауға, сөйтіп қан айналым мен өмірлік маңызды органдардың қызметін жасанды түрде қолдауға мүмкіндік туады.

           Массаж техникасы — ауру шалқасынан қатты тегістікке жатқызылады. Көмек көрсетуші аурумен қатар тұрады  ( егер ауру еденде жатса, онда тізесін бүгіп) және алақандарын аурудың төсінің төменге үштен бір бөлігіне қояды; өз салмағын пайдалана отырып, ырғақты және соққы түрінде төсті 3 — 4 см тереңдікке итереді, әрбір итерістен кейін қолдарын дереу кеуде клеткасынан босатады.

           Ескерту. Жүрекке массаж жасағанда саусақтарды кеуде клеткасына тигізбеу аса маңызды. Тіпті адекватты массаж көмегімен қан жүруді қалыптыдан 0 — 40 %-ға қолдауға болады, сондықтан массажды бірнеше секундқа тоқтатуға болады. 10 — 12 жасқа дейінгі балаларға массаж бір қолмен, емшектегі нәрестелерге екі саусақ ұшымен жасалады. Соққы саны тиісінше минутына 70 — 80 және 100 — 120 рет.

           Жүрекке сырттай массаж жасауды «азыздан — мұрынға», «ауыздан-ауызға» әдісімен жасанды тыныс алдыру немесе аппарат көмегімен жасайды, тыныс алдырумен үйлестіруге болады. Қан айналымен қалыпқа келу сәтін анықтау үшін( әрбір 2 — 3 минут сайын жүрекке массажды бірнеше секундқа тоқтатып)  ұйқы артериасының соғысын және көз қарашығы өлшемін бақылап отыру керек. Жүрек жұмысы мен ұйқы артериасында тамыр соғуы қалыпқа келгенде — массажды тоқтатады, ал жасанды вентиляцияны өз бетінше тыныс алу пайда болғанша жалғастыру беру керек.

 

           Өкпеге жасанды желдету жасау тәсілдері («ауыздан — ауызға», «ауыздан — мұрынға», Сильвестр, Каллистов тәсілі бойынша)

           Өкпеге жасанды желдету жасаудың неұғрлым тиімді әдісі — зардап шегушінің тыныс алу жолдарына ауаны белсенді түрде үрлеу әдісі. Зардап шегушінің өкпесіне ауаны енжар түрде үрлеуге негізделген әдіс (Сильвестер бойынша, Нильсен — Каллистов бойынша, Говар бойынша, Шеффер бойынша, Хольгер — Нильсен бойынша) онша тиімді емес. Неғұрлым тиімдісі — аппарат көмегімен жасанды тыныс алдыру болып саналады. «Ауыздан — ауызға» немесе «ауыздан — мұрынға» әдістері қарапайым әрі кез келген жағдайда қолдалынатын әдіс қатарына жатады. Ауруды шалқасынан жатқызады, басын мейлінше шалқайтады, осы кезде жоғарғы тыныс алу жолдары барынша ашылады.

           «Ауыздан — мұрынға» әдісі кезінде аурудың төменгі жағы алға және жоғарыға жылжытылады, бұл кезде ауыз толығымен жабылады. Көмек көрсетуші терең дем алады да, аузымен зардап шегушінің мұрнына ауа жібереді, кеуде клеткасы кеңіген кезде аузын зардап шегушінің мұрнынан босатады.

           «Ауыздан — ауызға» әдісі кезінде аурудың иегі ақырын алға жылжытылады, аузы кішкене ашық болады. Көмек көрсетуші терең дем алып, аузын аурудың аузына түйістіріп, бетімен оның аузын жауып, дем шығарады.

Дәке салфеткасын, арнайы бүркеме, мундуштук арқылы, ауа жіберу қолданылу мүмкін жерде «ауыздан — мұрынға» тәсілін қолданған жөн. Аурудың тыныс алу жолдарына ауа үрлеу минутына 16 — 18 рет жасалады. Тыныс алу тек дәке немесе орама көмегімен ғана емес, сонымен бірге Т — түріндегі немесе С — түріндегі түтік, қол респиратор қабының тыныс алу терісінің қолданып жүргізуге болады. Баланың аузы мен мұрнын бір мезгілде еріндермен жауып, кеуде клеткасының көтерілуін бақылай отырып, ауаны шағын мөлшерде жіберуге болады (тыныс алу жиілігі — минутына 15 — 18 рет).

           Зардап шегушінің жағы қарысып қалған жағдайда «ауыздан — мұрынға» тәсілі тиімді.

Жасанды тыныс алдырудың мақсаты — өз бетінше толыққанды тыныс алу қалпына қанның О2- мен толығуын және СО2 жойылуын қамтамасыз ету. Сондықтан оны қалыпты тыныс алу жұмысы орнына келгенше жасайды немесе жүрек тоқтауының айқын белгілері байқалғанда тоқтатады. Ол оқиға орнында жасайды. Ең әуелі жоғарғы тыныс алу жолдарының өткізгіштігі тексеріледі (саусақпен тексеру және қарау, тіл ұстағышпен тілді сыртқа шығару, қысып тұрған киімді, жағаны белбеуді босату). Қолмен жасанды тыныс алдыру әдістері жергілікті түрде өкпені желдетуді қамтамасыз ете алмайды. Оның ішінде төмендегі тәсілдер жиі қолданылады:

           а) Сильвестер әдісі — аурудың бас жағында тұрып, 1 — 2 адам оның екі қолымен шынтақ буыны астынан ұстайды және иықтарын мейлінше артқа және жоғары қайырады; осылайша тыныс алу жүзеге асырылады. Қолды осы қалыпта бірнеше секунд ұстап түрады да, төмен түсіреді, сөйтіп кеуде клеткасын басып итереді, осылайша дем шығару жүзеге асырылады. Осындай қозғалыстар минутына 12 — 16 рет жасалады;

           б) Нильсен — Каллистов тәсілі — зардап шегуші етбетінен жатады, оған оралған сүлгі ұштары қолтық астынан өтіп, жауырынның акромальды өсіндісі мен бұғананың шеткі ұштары аумағына шығарылады, қол денеден алшақталады. Зардап шегушінің бас жағында тұрған көмек көрсетуші сүлгінің екі ұшынан ұстап, жоғарыға тартады. Осы кезде кеуде клеткасы едәуір кеңиді, иықтар арқа жаққа жайылады, жауырындар жақындайды, жүрек аумағында кеуде клеткасының алдыңғы бөлігі қысымнан босайды.

           Көмек көрсетуші бұл кезде, негізінен, өзінің арқа бұлшық еттерінің күшін   қолданады, ол қол, әсіресе білек күшінен 3 — 4 есе артық. Егер екі сүлгінің ұштарын байласа, онда оны көмек көрсетушінің арқасына кигізіп, қолдарын босатуға болады ( зардап шегушіні көтеру көмек көрсетушінің арқасының бүгіліп жазылуы нәтижесінде жүзеге асады).

 

           Улы жыландар және жәндіктер шыққан кезде көрсетілетін алғашқы медициналық жәрдем

           Жылан шыққан кезде адам ағзасы улануы мүмкін. Бұл кезде уланудың төмендегідей белгілері білінеді: шыққаннан қалатын екі ірі нүкте түріндегі жаралар, қатты ауыру, шаққан жерден тез таралатын ісіну және қызару, лимфатикалық тамырлар мен түйіндердің асқынуы, шаққан жердегі тері асты қан құйылуы, кіші дәреттегі қан( гематургия), тынышсыздық, ауыздың құрғауы, шөлдеу, іш өту, суық тер басу, коллапс, тартылу, сөздің бұзылуы, жұтынудың қиындауы, қозғалыстың сал болып қалуы.

           Аяқ-қолды шаққан кездегі шұғыл көмек — удың сіңірілуінің алдын алу үшін шаққан жерден жоғары тұсты қатты байлау, уды алып тастау үшін шаққан жерге қан соратын банка қою, көмек көрсетушінің ауыз қуысында зақым болмаса, жарадан уды сорып алып тастау.

           Сондай — ақ қыздырылған темірмен, сілтімен, азот қышқылымен күйдіруге болады; мүмкін болса, дереу тері астына поливалентті сарысу (сарысудың 1 бөлігін стерильді судың 10 бөлігіне еріту керек) енгізу керек. Бұдан ьасқа шаққан жер айналасындағы тері астына марганец қышқылды калийдің 2 % ерітіндісін шашу ( күніне 2 — 3 мл-ден 2 — 3 рет) шаққан жердің айналасына 10 — 20 мл сарысу түйреу жүргізіледі, қою тәтті су, мол сусын ішкізу, тері астына — физиологиялық ерітінді, глюкозаның 5%-дық ерітіндісін (вена ішіне де) жіберуге болады.

 

  • Химиялық қарудан сабақ өткізу

           Тақырыбы: Химиялық барлау аспаптары, олардың сипаттамалары. Индикаторлық түтікшелердің арналу мақсаты, олардың таңбалануы және олармен жұмыс істеу принципі.

           Сабақтың типі:  дәстүрлі                          

           Пәнаралық байланыс:    химия

           Мақсаты:

           Білімділік:  Оқушыларға химиялық барлау аспабының жұмыс принципін меңгерту. Қолдану әдісін үйрету.

           Дамытушылық: Оқушылардың ізденушілігін арттыру, өз бетінше мәлімет алу дағдысын арттыру.

           Тәрбиелік: Окушылардың экологиялық сауаттылығын ашу, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауды қалыптастыру.

           Көрнекілігі: плакат, прибор.

           Уақыты – 45 минут

           Өтілетін орны: сынып

 

           Сабақтың жоспары :

  1. Химиялық барлау әскери аспабы (ХБӘА)
  2. Ауадағы УЗ- ны анықтау

III. УЗ- ның топырақта және сусыма материалдарда болуын анықтау

  1. Жергілікті жерде, техникада, киімде және әр түрлі заттарда УЗ болуын анықтау

 

           Сабақтың барысы:

           І  Ұйымдастыру кезеңі:

1.Взвод командирінің доклады. 2.Әнұран. 3. Сабаққа дайындығы. 4.Сыртқы көріністеріне баға, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. 5. Жаңа сабақтың мақсатын және тәртібін хабарлау.

           ІІ  Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Халықты жаппай жою қаруынан қорғау.

2.Қорғаныш құрыстарынана халықты паналату.

  1. Қызметшілер мен жұмысшыларды бытырап орналастыру және халықты эвакуациялау (қоныс аудару)

4.Жеке қорғану құралдарын жіктеу.

 

           ІІІ  Жаңа сабақты түсіндіру.        

           Ауада, жергілікті жерде, техникада және басқа да объектілерде улағыш заттардың болуы химиялық барлау аспаптарының көмегімен немесе сынамалар алып кейін оларды химиялық лабораторияда талдау жолымен анықталады. Аспаптардың барлығының дерлік жұмыс принципі индикацияның химиялық әдісіне негізделген; оның мәнісі улағыш заттар (УЗ) реактивпен әрекеттескенде реактивтің түсі өзгереді не реакция сұйық ортада жүрсе тұңба түзіледі.

 

  1. Химиялық барлау әскери аспабы (ХБӘА). Ауада, жергілікті жерде және объект бетінде УЗ-ны тауып анқтауға арналған (121 — сурет). Ол қақпағы, алып жүретін аспалары бар корпусқа орнатылған. Корпуста қол сорғы, сорғы саптамасы, индикаторлық түтікшелермен үш қағаз кассет, түтінге қарсы сүзгілер қорғаныш қалпақшалары, фонарь, жылытқы және оған арналған патрондарорналастырылған. Корпустың сыртында сынама алатын күрекше бекіліеді.

 

  1. Ауадағы УЗ-ны анықтау. УЗ-ны анықтауды зариннан, зоманнан және VХ – тен бастайды. Бұл үшін аспаптың қақпағын ашып, бекіткішін ысырып, сорғыны алады. Кассеттен қызыл шеңбері мен қызыл нүктесі бар екі индикаторлық түтікшені алып ұштарын қиып, ашады. Температура 5 С және одан төмен болғанда түтікшелерді жылытқыда 40С – дан асырмай жылытады. Ампула ашқыштың көмегімен индикаторлық түтікшелердің таңбасына сәйкес келетін таңбамен екі түтікшенің де жоғарғы ампулаларын сындырып ( таңбаланған ұштарынан ұстап), 2-3 рет қатты сілкеді. Бұдан соң түтікшелердің біреуін (тәжірибелігін) таңбаланған ұшымен сорғыға қойып 5-6 рет тартып – суырады (екінші түтікше – бақылаулық, ол арқылы  ауа айдалмайды ).нақ сол ампула ашқышымен екі түтікшенің төменгі ампуласын ашып сілкеді де, олардың толтырғыштарының бояуы өзгеруін қадағалайды.

           Тәжірибелік түтікше толтырғышының жоғарғы  қабатының қызыл түске боялуы (бақылау түтікшесінде) сары түс пайда болған сәтте ауада зарин мен ви- икстің бар екенін

           Егер екі түтікшедегі де толтырғыштың түсі бір мезгілде сары болып өзгерсе, ауада бұл У3 қауіпті концентрацияда болмағаны.

           Нақ осы У3-ның қауіпсіз концентрацияда болуын осы ретпен, бірақ ауаны 30-40 рет сорғызып, төменгі ампулаларды бірден емес, сорудан кейін 2-3 минуттан өткен соң ашу арқылы анықтайды.

           Қызыл шеңбері мен қызыл нүктесі бар түтікшенің не көрсеткеніне қарамастан, қалған түтікшелердің көмегімен У3-ны анықтауды жалғастыру қажет.

           Ауада фосгеннің (диофосгеннің), синил қышқылының не хлороцианның бар екенін анықтау үшін үш жасыл шеңбері бар түтікшені ашып, оның ампуласын сындырып сорғыға қою керек те 10-15 рет сорғызу керек.

           Одан соң түтікшені сорғыздан алып, түтікше толтырғышының түсін кассетке салынған эталонмен салыстыру керек. Бұдан кейін ауада иприт буының болуын ( бір сары шеңбері бар түтікшенің көмегімен)  анықтайды; бұдан соң оны сорғыдан шығарып алып 1 минут ұстайды да кассетада бейнеленген түспен салыстырады. СS мен BZ-ке деген индикаторлық түтікшелері бар  кассет болған жағдайда осы У3-ның ауада бар екенін анықтауға болады.

           Температура төмен кезде ауаны тексеру жүргізгенде түтікшелерді қыздырып алу керек. Бұл үшін жылытқының орталық тесігіне патрон қояды да,  патрон қалпақшысындағы тесік арқылы ішіндегі  ампуланы қадалықпен сындырады. Ампуланың сынғанына көз жеткеннен кейін қадалықты патроннан суырып алады. Жылытқыны іске қосқаннан кейін оны индикаторлық түтікшелерді  бүйірдегі ұяларға тығып қыздырып не жібітіп алуға пайдаланады. Мына бір жайтты еске ұстау керек: индикаторлық түтіктердің  түсі ауада У3 болуынан ғана емес, улы не бүркеніш түтіндерінің негізгі сипаты қос қышқылдығынан да өзгеруі мүмкін. Сондықтан күмәнді жағдайларды ауаны тексергенде түтінге қырсы сүзгіні қолданып тағы бір рет тексереді.

           ІІІ. У3-ның топырақта және сусыма материалдарды болуын анықтау. Бұл үшін қажетті индикаторлық түтікшені алып оны сорғының басына орнатады. Бұдан соңсорғыны саптамаға жалғап, қысқыш шығыршықты ысырып саптаманың құйғышына топырақтың (сусыма материалдың) үстіңгі қабатынан күрекшемен іліп алып қорғаныш қалпақшаның ернеуіне дейін салу керек. Құйғыш түтігіне қарсы сүзгімен жабылады да, қыспа шығыршықпен бекітіледі, сөйтіп сорғы қажет мөлшерде сорылады. Бұдан әрі түтінге қарсы сорғыны, сынама мен қалпақшаны лақтырып, индикаторлық түтікпен қалпақшаны лақтырып, индикаторлық түтікшені шығарып алады да, жоғарыда көрсетілгендей амалдармен У3-ны анықтайды.

           ІV. Жергілікті жерде, техникада, киімде және әр түрлі заттарда У3 болуын анықтау. Анықтауды ФОЗ-дан бастайды. Дайындалған түтікшені сорғыға орнатады, саптаманы жалғап, қорғаныш қалпақша кигізеді де, саптаманы зақымдану белгілері неғұрлым анық тұстарды қалпақша қамтитындай етіп топыраққа  не тексерілетін объектінің бетіне кигізеді; осыдан соң қажетті мөлшерде сору жасалады. Бұдан әрі саптаманы ағытады, қалпақшаны тастайды, сорғының басынан индикаторлық түтікшені алады; кассеттік құлаққағаздағы нұсқауларды ала отырып УЗ-ны анықтауды жүргізеді.

 

           ІV Сабақты бекіту:  Оқушылар 4 топ болып жұмыс істейді.

           1-ші топқа тапсырма: Химиялық барлау аспабымен жұмыс принципін білу.

           2-ші топқа тапсырма: Ауадағы улы затты анықтау. 

           3-ші топқа тапсырма: Улы заттың топырақта және сусыма материалдарда болуын анықтау.

           4-ші топқа тапсырма: Жергілікті жерде, техникада, киімде және әр түрлі заттарда улы заттың болуын анықтау.

 

           V  Оқушылардың білімін бағалау

 

           VІ Үйге тапсырма: ХБӘА сипаттамасын оқып үйрену, оның құрлысымен танысу,  ауадағы және басқа обьектідегі улы заттарды анықтау.

 

 

           Қорытынды

 

           Дипломдық жұмысты қорытындылай келіп жаппай қырып жоятын қарулардан болатын төтенше жағдайларға баға береміз. Химиялық қару  дегеніміз жалпылай улау заттарын қолданатын әскери қару. Химиялық улану заттарын  жеткізу үшін зымырандар, бомбалар, снарядтар және т.с.с. құралдар пайдаланады. Улану заттары адамдарды, мал-жануарларды, тірі организмдерді, өзен-көлдерді, су қоймаларын, сол ошақ төңіректерін, егіндерді, өсімдіктерді жояды, қатты зақымдайды.

Улану заттарының жіктелуі келесі белгілермен анықталады:

  • зақымданудың клиникалық зақымдау белгілері бойынша улау заттарын 6 топқа бөлуге болады: нервті-салдық әсері (зарин, зоман, V типті заттар); тері жарасы әсері (иприт, люизит), жалпы улану әсері (синильдік қышқыл, хлорциан), тұншықтыру әсері (фосген, фифосген), псикаға әсері (ВZ), тітіркендіру әсері (СS – адамсит, хлорпикрин, хлорацетофен және т.б.);
  • улану заттарының сақталу қасиетіне байланысты, оларды 2 топқа бөледі: сақталмайтындар (синильдік қышқылы, хлорциан, фосген, дифосген), ұзақ сақталатындар (иприт, зоман, V типті заттар), бұлар ұзақ уақытқа (тіпті айлар бойы) дейін улау қасиетін жоғалтпайды;
  • соңғы зақымдау нәтижесі бойынша: өлімге алып келеді (иприт, зоман, U типті заттар, синильдік қышқыл және басқалары) және адамдарды уақытша есінен айырады;
  • әсер ету уақыты бойынша: тез әсер ететіндер (удың әсері тез арада білінеді (V), жәй әсер ететіндер (әсері бірнеше сағат өткен соң біліне бастауы мүмкін), мысалы, азотты және күкіртті иприттер, фосген, дифосген;
  • қолданылуы ықтимал заттары (V) және фосфорорганикалық заттар.

           Бактериологиялық қарудың жарылыс ошағы Бактериологиялық (биологиялық) қару деп терлеткі (потогенные) микроорганизмдерді, олардың шығаратын улары және жеткізетін құралдарының жиынтығын айтады.

          Бұл қарудің қауіптілігі – приборлардың жиынтығынан іздеп табудың қиындығы. Ал олардың әсерін анықтау үшін, сол қару қолданылған жерден, судан, ауадан заттар алынып, арнайы жабдықталған зертханада талдау жасап қана анықтауға болады. Оған көп уақыт кетеді, ол жаппай улану басталғанда әрбір минут, секунд қымбат.

           Табиғат салдарынан болатын төтенше жағдайлар олардың алдын алу шаралары  бойынша сабақ беру әдістемесінде оқушыларға қауіпсіздік шараларымен таныстыру, мектепке дейінгі балаларға өрт қауіпсіздігі мен, жер сілкінісі болған кезде болуы мүмкін жағдайларға баға беру әдістемесімен таныстыру.

           Мұғалімнің оқытылатын тақырып бойынша терең білімі болуы және оқушылар қойған сұраққа жоғары дәрежеде жауап бере алуы үшін оқу материалы жеткілікті түрде толық берілген.

           Мұғалім жергілікті жерде жер ерекшелігіне байланысты  қолда бар материалдарды пайдаланғаны дұрыс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Қолданылған әдебиеттер

 

  1. Алғашқы әскери дайындық «Әдістемелік нұсқау» 10 сынып, Алматы, «Мектеп», 2006ж.
  2. Алғашқы әскери дайындық «Әдістемелік нұсқау» 11 сынып, Алматы, «Мектеп», 2006ж.
  3. Алғашқы әскери дайындық «Қоғамдық гуманитарлық бағыт» 10 сынып, Алматы, «Мектеп», 2006ж.
  4. Алғашқы әскери дайындық «Жаратылыстану бағыты» 10 сынып, Алматы
  5. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар
  6. Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі
  7. Өмір тіршілік қауіпсіздік негіздері
  8. «Казахская правда» газеті 2005ж. №14
  9. Методика дедактического исследование 1981ж.
  10. Методология общий этнотически педогогика и логика структурных схемах Қожахметова, Таубаева, Жанзакова.
  11. Методически основа дедактики. Марев И. Москва 1982
  12. Начальная военная подготовка, А.И.Аварин, 1993 г.
  13. Начальная военная подготовка, Ю.А.Науменко, 1987 г.

14.Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары.

Алматы: Заң әдебиеті, 2005 ж.

15.Назимко И.Г., Штыкало Ф.Е. Методика начального военного обучения.

1987 г., Москва.

16.Науменко Ю.А. Начальная военная подготовка., 1987 г., Москва

  1. 17. Науменко Ю.А. Начальная военная подготовка., 1985 г., Москва
  2. 18. Штыкало Ф.Е. Организация внеклассной работы по начальной военной подготовке и военно-патриотическому воспитанию учащихся — М., 1985 г., Москва

19.Алғашқы әскери дайындық «Әдістемелік нұсқау» 10 сынып, Алматы, «Мектеп», 2006ж.

20.Алғашқы әскери дайындық «Әдістемелік нұсқау» 11 сынып, Алматы, «Мектеп», 2006ж.

21.Алғашқы әскери дайындық «Қоғамдық гуманитарлық бағыт» 10 сынып, Алматы

22.Алғашқы әскери дайындық «Жаратылыстану бағыты», 10 сынып, Алматы

23.Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар

24.Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі

25.Өмір тіршілік қауіпсіздіі, оқулық, Алматы, 2004 ж.

26.«Казахская правда» №14 газеті, 2005ж.

27.Методика дидактического исследование, 1981 ж.

28.Методология общий этнотически педогогика и логика структурных схемах Қожахметова, Таубаева, Жанзакова.

29.Методические основы дидактики. Марев И., Москва, 1982