Хорватиялық азамат «Қазақстан халқына» қорына 22 миллиард теңге аударған
Биыл қаңтар-маусым айларында «Қазақстан халқына» қорына 23,4 млрд теңге түскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
23,4 млрд теңге сомадан 22,3 млрд теңгені Хорватия азаматтығы бар ресейлік кәсіпкер Василий Анисимов аударған. Анисимов Алматының тумасы екен.
2022 жылы Анисимов 1,6 миллиард долларлық байлығы бар адам ретінде Ресейдің ең бай кәсіпкерлерінің тізімінде 54-орынға ие болды.
Қорға тағы 1,05 млрд теңгені «Сәтті жұлдыз» компаниясы тапсырды.