I-тарау. Шарль де Голльдің Еуропалық саясатына байланысты басты тұжырымдамалары

Мазмұны

 

Кіріспе…………………………………………………………………………………3-5

 

Iтарау. Шарль де Голльдің Еуропалық саясатына байла-

нысты басты тұжырымдамалары………………………………….6-11

1.1. Шарль де Голльдің сыртқысаяси доктринасындағы Еуропа…….6-9

1.2. «Еуропалық Еуропа» — АҚШ-на тәуелсіз Еуропа………………….9-11

 

II-тарау. Шарль де Голльдің тұжырымдамаларын іске асы-

рудағы басты қадамдары……………………………………………………12-28

2.1  Франция мен ГФР арасындағы қарым-қатынастар………………12-16

2.2  1961-1962 жылдардағы «Фуше жоспарлары»………………………17-24

2.3 Англияға қатысты Шарль де Голльдің жүргізген саясаты……..24-26

2.4 Люксембург компромисі………………………………………….26-28

 

Қорытынды…………………………………………………………..29-30

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі…………………………………………….31-32

 

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың өзектілігі. Әлемдік соғыстардың соңғысы әлемнің көптеген елдерінің мүддесіне әсер етті, соның алғашқыларының бірі Франция болды. Соғыстың аяқталуын ол жеңгендер жағында қарсы алса да, оған жеңілмеу және күресті жалғастыру көп күш жұмсауды талап етті. Барлық сындардан өтуге француз халқының ерлігі, батылдығы мен табандылығы және Иосиф Сталин, Франклин Рузвельт, Уинстон Черчиль сияқты атақты фигуралардың қатарында әлемдік тарихқа енген нағыз патриот Шарль де Голльмен елдің білікті ұйымдастырылған басқарылуы көмектесті.

Түрлі түсінік пен көзқарастардың тарихшылары мен саяси қызметкерлері де Голльдің көбіне болашақты алдын ала болжау мен осы болжам негізінде қимылдау дарындылығын атап көрсеткен. Көптеген француздық және шетелдік зерттеушілер де Голльдің қызметі мен көзқарасында екі маңызды құлқы: патриотизм мен реализм.

1950 жылдардың соңы мен 1960 жылдардың ортасында Еуропаның Саяси одағын құру бойынша француздық инициатива бұл елдің ұлы держава ретінде саяси және экономикалық амбицияларымен, Еуропада және әлемде өзінің тәуелсіз жағдайын орнату талпынысымен және де ішкісаяси даму ерекшеліктерімен анықталды.

Шарль де Голльдің еуропалық саясатының басты бағыты АҚШ-тан тәуелсіз Францияның бастауымен «кіші Еуропа» негізінде Саяси одақ құру еді. Еуропаның Саяси одағын құру туралы француз бастамалары бұл мемлекеттің саяси және экономикалық шамданушылықтарымен, Еуропа мен дүниежүзінде өзінің тәуелсіз жағдайын нығайту мақсатымен түсіндіріледі. Генерал де Голльдің ұсынған еуропалық интеграцияның конфедеративті моделінде ортақ атқарушы және сот орғандарының болмауына байланысты конфедерацияның мүшелері өз егемендігін сақтайды. Қарастырылып отырған мәселе қазіргі таңда өте өзекті болып табылады, себебі Еуропаның Саяси одағын құру күн тәртібінде тұр және еуропалық бірігу үрдісіне қатысып жатқан мемлекеттердің санының ұлғаюына байланысты бұл мәселе тереңдей түсуде.

Зерттеу объектісі. Францияның 1950-1960 жылдардағы саясаты және Шарль де Голльдің АҚШ-тан тәуелсіз Еуропаның Саяси одағын құру әрекеті кезіндегі саясаты.

Жұмыстың хронологиялық шекаралары 1958 жылдан 1968 жылдар аралығын қамтиды, себебі дәл осы жылдары билік басына генерал де Гольдің келуіне байланысты Францияның сыртқысаяси бағытының өзгерісі болады.

Жұмыстың мақсаты. Еуропаның Саяси бірлестігін құру жөніндегі Франция басшысы Шарль де Голльдің тұжырымдамаларын зерттеу болып табылды. Осы қойылған мақсат шеңберінде келесі нақты міндеттер шешілді:

— Шарль де Голльдің АҚШ-тан тәуелсіз Саяси одақ құру жөніндегі бастамаларын қарастыру;

— Еуропаның Саяси одағын құрудың конфедеративті және федеративті принқиптерін қарастырған кездегі франко-бельгиялық және франко — голланд қайшылықтарының ерекшеліктерін көрсету;

— Францияның де Голь тұсындағы сыртқысаясатындағы приоритеттерін анықтау;

— Францияның еуропалық Саяси одақты фрако-герман негізінде құру әрекетіне анализ жасау;

— Францияның АҚШ-тан тәуелсіз  болу мақсатымен Англияның «Ортақ нарыққа» кіруіне вето жариялауының себептерін қарастыру;

— 1965-1966 жылдары Франция мен ЕЭҚ мемлекеттері арасындағы саяси-экономикалық  қайшылықтардың  негізгі  себептерін қарастыру.

            Курс жұмысында отандық және ресейлік авторлардың еңбектері, сонымен қатар Бесінші Республиканың бірінші президенті Шарль де Голльдің естеліктері қолданды. Оның «Әскери мемуарлары» мен Еуропалық құрылыс жөніндегі тұжырымдамалары түсіндіретін «Үміттер мемуарлары» қолданды. Шарль де Голльдің естеліктері «еуропалық құрылысқа», әсіресе, Еуропаның Саяси бірігуінің қажеттілігіне байланысты автордың көзқарасын білуге мүмкіндік береді. «Үміттер естеліктерінде» Шарль де Голль конфедерация негізінде қаланатын бірлестік ретінде көретін Еуропаның саяси интеграциясының проблемаларына ерекше кеңіл бөлінеді.

           Бірінші топқа Еуропаның тарихы мен еуропалық интеграцияның тарихы бойынша жалпы еңбектер кіреді; екінші топқа Францияның сыртқысаяси тарихы бойынша еңбектерді қамтиды. Отандық және ресейлік тарихнамада бірінші топқа интеграциялық үрдістердің жалпы мәселелерін қарастырған түрлі ғылыми мектеп өкілдеріне жататын еңбектер, зерттеулер тиесілі. Соның ішінде Ж.У. Ибрашев, К.Н.Макашева, Э.Т.Енсебаева, М.Быченко және т.б. редакциясымен жазылған «Анатомия Европейской интеграции» атты еңбегінде (Алматы, 2003) Еуропалық Одақ құру идеялары, алғышарттары айқын көрсетілген, Еуропаны біріктіру мәселелері қарастырылады. А.О.Чубарьянның «Европейская идея в истории. Проблемы войны и мира» (Москва, 1987) монографиясында еуропалық бірігу идеяларының соғыс пен бейбіт мәселелерімен өзара байланысының дамуы зерттеледі. А.И.Безруковтың «Проблемы западноевропейской интеграции» (Москва, 1987) және П.А.Зубченконың «Еуропейское сообщество на пути к единому рынку» (Москва, 1990) атты еңбектерінде интеграцияның жалпы теориялық сұрақтары қарастырылады, оның Еуропаның «үлкен» және «кіші» елдеріне экономикалық және әлеуметтік салдарлары, сонымен қатар еуропалық «Ортақ нарықтың» әлеуметтік экономикаға ену мәселелері қарастырылады. В.Г.Барановскийдің «Европейское Сообщество в системе междуранодных отношении» (Москва, 1986), «Западная Европа: Политическая и военная интеграция» (Москва, 1984) атты еңбектерінде Еуропаның Саяси Одағы құрылуының мақсаттары мен тапсырмалары қарастырылған, еуропалық елдердің әскери-саяси блок НАТО-да қатысуының анализі беріледі. Батыс Еуропаның 1950-1960 жылдардағы сыртқысаяси интеграциясының дамуының ерекшеліктеріне келтірілген бағалар «алтылық» елдерінің әр қайсысының интеграциялық бағытын түсінуге мүмкіндік береді, сонымен қатар Еуропаның саяси интеграциясының мәселелеріне түрлі елдердің көзқарастарына анализ беріледі.

          Екінші топқа Францияның сяртқысаяси тарихына, Бесінші Республика кезеңіндегі Шарль де Голльдің жүргізген сыртқы саясатына арналған еңбектерді жатқызуға болады. Ж.У.Ибрашевтың «Политическая концепция Ш. Де Голля» (Алматы, 1971) еңбегінде Шарль де Голльдің жүргізген саясаты, саяси концепциясы қарастырылады. И.А.Колосковтың «Внешняя политика Пятой Республики» (Москва, 1976),  В.С.Шиловтың «Политические партии и внешняя политика Франции (1958-1969)» (Москва, 1977), В.П.Славенованың «Внешняя политика Франции» (Москва, 1981) атты еңбектерінде Францияның Бесінші Республика периодындағы сыртқы саясаты зерттеледі. Сыртқы саясат облысындағы, соның ішінде «еуропалық» саясат облысындағы әлеуметтік сфераның жалпыеуропалық экономиканың жаңа талаптарына адаптациясының қиындықтары қарастырылады. Аталған еңбектер де Голльдің еуропалық бағытының Францияның сыртқы саясатының басқа бағыттарымен өзара байланысын тереңірек зерттеп білуге мүмкіндік береді.    

Курс жұмысы барысында тарихи оқиғаларға шолу жасалынып тарихи, конвент анализ әдістері қолданылды.  

Курс жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Генерал де Голльдің Еуропа саясатына байланысты басты тұжырымдамалары деген бөлімінде француз президентінің басты тұжырымдамаларына сипаттама беріліп, олардың негізгі ойын ашады. Шарль де Голльдің өз тұжырымдамаларын іске асырудағы басты қадамдары деген бөлімде француз-батысгерман қарым-қатынастарындағы келісушіліктер мен шиеленістер, «Фуше жоспарларындағы» басты идеялар, Францияның Англияға вето жариялауының негізгі себептері және 1965-1966 жылдары Еуропалық қауымдастықта болған ең ауыр дағдарысқа тоқталынады.

Курс жұмысы Шарль де Голльдің еуропалық саясатының басты бағыттарының мәнін ашуға тырысады.

 

  1. Шарль де Голльдің Еуропалық саясатындағы басты тұжырымдамалары

 

  • Шарль де Голльдің сыртқысаяси доктринасындағы Еуропа

 

          Еуропалық саясат де Голь үкіметінің сыртқысаяси қызметінің басты бағыттарының бірі болды. Айта кету керек, өткен жүз жылдықтың 50-60 жылдардағы сыртқысаяси концепциясын Екінші дүние жүзілік соғыс пен Төртінші республика кезеңінде құрылудан Бесінші республика кезеңінде іс жүзінде іске асырылуына дейін қарастыру керек. Еуропаға қатысты де Гольдің саяси концепциясында бірінші жағынан, Францияның еуропалық елдерге қатысты саясатын, екінші жағынан, Францияның еуропалық мемлекет ретінде еуропалық емес елдерге қатысты саясатын белгілеу қажет.

Сыртқы саясаттың құрылуының ұлттық ерекшеліктеріне келесілерді жатқызуға болады. Францияда ел ұлы әлемдік держава болып табылады деген тұрақты іштей келісім бар. Дәл осы де Голь «Франция тек алдыңғы қатарларда болған жағдайда ғана нағыз Франция болады»[1] деп құрған голлистік дәстүр болып табылады.

Басқа елдермен салыстырғанда, Франция өзінің колониальды өткен шағы бойынша кінәлілігін аса сезінбейді, бұл оған әлемдегі ғаламдық рөлге талпынуға ілгерілік береді және жетекші батыс елдері мен «үшінші әлем» мемлекеттері арасында делдалдық рөлді атқарі талпынысында көрінеді. АҚШ-қа қарағанда, Франция ешқашан бір жақты гегемонизмге талпынған емес. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету ұлы державалардың көпполярлық әлемдік құрылым шеңберінде тепе-теңдігі арқылы дәстүрлі қарастырылады. Осыдан Францияның жұмсақ балансталған саясатты жүгізу мен көпжақты одақтар пайдасына екіжақты одақтардан бас тартудың дәстүрлі талпыныстары шығады.

Франция сонымен қатар әскери құралдарды қауіпсіздік саясатын қамтамасыз ету негізі ретінде қарастырады, бұл НАТО және Еуропаның басқа мемлекеттерінен ұлттық қорғаныс мәселелерінде ерекшеліктерінде және өзінің жеке ядролық саясатын жүргізуде растығын табады.

Геосаяси тұрғыдан Франция өзін бір уақытта тек континенталды және теңіз держава ретінде ғана қарастырып қоймайды, сонымен қатар бір уақытта Атлантикаға және Жерорта теңізіне шыға алатын жалғыз (Испаниядан басқа) еуропалық ел екендігін нақтылайды. Францияның мұндай жағдайы геосаяси спецификасын да алдын ала анықтады – біріншіден, өзінің бұрынғы колонияларымен байланысы, екіншіден, Францияның Жерорта теңізі, Солтүстік Африкамен қоса Таяу Шығыста және оған жақын акваторияларда аймақтық тәртіпті құруда қатысуы. Үшіншіден, Еуропада қауіпсіздік жағдайының ерекше маңыздылығы мен еуропалық істерде қатысу, мұнда Франция АҚШ, Ұлыбритания (англосаксондық топ), Германия және кейбір жағдайларда Ресейдің еуропалық тәбеттерін ұстап қалып отырып, өзін аймақтық көшбасты деп дәстүрлі санайды.

Франция соғыс аяқталғаннан кейін негізгі сыртқысаяси талпыныстарын өзінің колониялдық иеліктерінде күштік саясатын жүргізуге шоғырланды. Үндіқытай мен Алжирдегі соғыстардан қолы тимеген Франция Еуропада бірінен соң бірі позициялерын жоғалтты. Француздық қарулы күштердің НАТО-ға интеграциясы, яғни іс жүзінде АҚШ-тың бақылауы астына, 50-ші жылдардағы ремилитаризация және ФРГ-ның ұстанымдарының күшеюі  Франция АҚШ пен НАТО-ға қатысты дербестігін ала алмауынсыз, өзінің дәстүрлі күштік саясатын қайта қарауынсыз өзінің мүдделерін қамтамасыз алмайтындығын көрсетті.

Шарль де Гольдің 1958 жылы билік басына келуі және Бесінші Республиканың режимінің орнауы Францияның ұлттық доктринасының радикалды қайта қарауының басталуын білдірді. Ұлттық доктрина негізіне де Голь «ұлттық тәуелсіздік» және «Франция ұлылығы» ұрандарын қойды. Ұлт идеясы абсолютті құндылықтар категориясына қойылды.

Де Голь сонымен қатар Францияның көп полярлық әлемдік тәртіпке ориентациялануын және әлемді биполярлы бөлуді қабылдамау ориентациясын жариялады. Де Голь бұрынғы саясатты қайта қарауды келесі схема бойынша құрды: АҚШ өзінің билеушілік жағдайын бара-бара жоғалтады, Ресей Еуропада біршама шегінеді, үшінші әлем өзінің тәуелсіздігін алады, бірақ пассивті болып қала береді. Әлемдік тәртіпке мұндай ұстаным Францияның негізгі миссиясын ірірек державалардың күштер балансында ойын және олардың қайсысы бірімен одақтан бас тарту ретінде анықтады. Мұнда Франция геосаяси факторларды ескеріп көпжақты одақтар құру үшін шықты. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұзақ мерзімді мақсаты ретінде де Голль әлемде басқарушы орындардың бірін ұлттық күш қуат құралдарын және тез экономикалық өсімді комплексті қолдану арқылы алу қажеттілігін анықтады. «Жоспарлау-келісім-ынтымақтастық» формуласы алға тартылды.

Алғашында (1958-1962жж.) бұл мақсат Францияның НАТО-да  АҚШ және Ұлыбританиямен бірігіп «үш жақты көшбасшылыққа» негізделу шеңберінде іске асырылды. Бұған негіз ретінде Францияның ядролық статусы және әскери күшке арқа сүйеуі болып есептелді. Алайда, кейіннен әскери-стратегиялық автономияға АҚШ-тың НАТО-дағы басымдылығын баланстайтын еуропалық одақты параллельді іздеумен қатар ие болу бағыты басымдылыққа шықты. Ол үшін қарастырылды: 1961-1962 жж. Әскери-саяси одақ «алтылық Еуропасы» (Ұлыбританиясыз); француздық ядролық кепілдіктермен Франция мен ФРГ-ның «одақ негізі ретінде жалғыз және бірыңғай қорғаныс» жобасы (Елисей келісімінің француздық жобасы, 1962-1963 жж); франко-ағылшын ядролық одақ (60 жылдардың соңы – 70 жылдардың басы).

Францияның жеткіліксіз экономикалық қуаты, голлистердің ойынша, оған батыс әлемде дербестікті кепілдендірмеді, бұл елдің тек дипломатиялық, саяси және моральдік резервтерін күшейту ғана емес, сонымен қатар ядролық қуаттың қатаң демонстрациясының қажеттілігін тудырды: «Францияда ұлттық ядролық қаруының болуы Еуропа дамуының негзгі факторы болады».

Бұл көзқарастар француздық әскери доктринаның негізіне жатты, бұл доктрина КСРО-АҚШ сызығы бойынша стратегиялық тепе-теңдігінің басталуынан, Стратегиялық Ядролық Күштердің Жалпы Бағытталған Күштер үстінен приоритеті және әлемде ұлттық қауіпсіздікті тәуелсіз қамтамасық етуден шықты.

Де Голльдің доктринасы шақырушы біржақтылық пен ұлттық қауіпсіздік саясатына ғаламдық араласуға претензияларға негізделі арқылы іске асырылды. Бұл саясат Францияны қайтадан ішкі жағдайдың дестабилизациясына әкеп соқты және де Голль доктринасының көптеген конфронтациондық жағдайларын қайта қару талаптарын түсінуге әкелді. Деголльдік Еуропалық саяси одақ концепциясы, яғни суверенді мемлекеттер одағына негізделген конфедерациялар, «Мемлекеттер Еуропасын» құру идеясына негізделеді.   

Шарль де Голльдің еуропалық жоспарлары екінші дүниежүзілік соғыс кезінде-ақ пайда болды. Бірақ сол кезде де Голль еуропаның бірігу формаларын айтпаған болатын. Оның еуропалық позициясын дұрыс түсіну үшін «Мемлекеттер Еуропасы», «Еуропалық Еуропа» және «Атлантикадан Оралға дейін» атты тұжырымдамаларын айта кету кереқ Бірінші тұжырымдама еуропалық мемлекетаралық институттарымен байланысты, екіншісі Батыс Еуропа мен АҚШ-мен қатынастарына қатысты, ал үшіншісінде Еуропалық географиялық шекаралар туралы айтылады.

Генерал де Голль өзінің сыртқы саясатының ең маңызды мақсаты ретінде «Рейн, Альпы және Пиренеи бойында орналасқан мемлекеттердің саяси, экономикалық және стратегиялық одағын құру» және осы ұйым үш әлем күштерінің біріне айналып, кеңес және англосаксон лагерлері арасында арбитрға айналу мүмкіндігін қарастырады. Бесінші республика өкілдері Батыс Еуропада ірі дербес топты құруды жоспарлады.

Бесінші республика құрылғаннан бастап, де Голль Батыс Еуропаның континентальды мемлекеттерді бірігуде еуропалық экономикалық қауымдастықты пайдалануға үлкен сенім артты. Бұл экономикалық топ алты мемлекетпен Франция, Италия, ФРГ, Бельгия, Нидерланды, Люксембургпен құрылды.

Бұған француз сыртқы саясаты негізінен алты мемлекетттің «еуропалық бірлестіктеріне»  сүйенді: «Ортақ нарық», ЕКББ, Еуроатом. Осы бірлестіктерде Франция тәуелсіздігіне қауіп төндіретін ұлт ұстіндегі элементтері бар еді.

Осы жағдайларда Шарль де Голль «еуропалық» ұйымдардың француз басшылығымен тәуелсіз мемлекеттердің саяси блогын құру арқылы Францияның беделі мен қуаттылығын қайта жаңғыртқысы келді.

1961 жылы Шарль де Голль «кіші Еуропа» негізінде АҚШ-тан тәуелсіз Францияның бастауымен саяси блокты құру туралы өз жобасын алға тартады. «Батыс Еуропа мемлекеттерінің ынтымақтастығын қамтамасыз ету- бұл Францияның ойы бойынша қажет, мүмкін және саяси, экономикалық, мәдениет және қорғаныс салаларында тәжірибе жүзінде орын алады»[2] — деген еді ол.

Батысеуропалық интеграциялық үрдістерге қарсы болмай, Шарль де Голль интеграцияланған Батыс Еуропаның басқа формасы мен деңгейін ұсынады. Ол «Мемлекеттер Еуропасын» немесе әрбір мемлекеттің ұлттық егемендігіне қол сұқпайтын батысеуропалық конфедерацияны құруды ұсынады. Ал «кейбір едәуір болса да ұлт үстіндегі органдарға» келсек «олардың тек техникалық құндылығы бар, бірақ саяси беделділікке ие емес және бола алмайды».

Шарль де Голль «Жалпы нарыққа» кірген мемлекеттерінің саналы түрде үделендіріліп жатқан үрдістің орнына интеграциялық саяси ынтымақтастықты ұсынды. Ал интеграциялық үрдістің өзіне келсеқ ол де Голльдің ойынша, эволюциялық түрде, жалпы нарықтық мемлекеттерінің халықтарының біртіндеп және жүйелі жолы арқылы дамуы керек және осындай бірігудің соңғы мақсаты ол батысеуропалық конфедерацияның құрылуы еді.

Алайда бұндай конфедерация, Ш. де Голльдің пайымдауынша, Батыс Еуропа елдерінің толықтай жақындасуы мен бірігуін қарастырмайды. Бұл осы халықтардың одағы болады. Осындай конфедерацияда немесе батысеуропалық мемлекеттердің одағында әрбіреуінің ұлттық ерекшелігі сақталынады.

Бірақ осындай жолмен интеграцияланған Батыс Еуропа еуропалық мәселелерді шешуде тәуелсіз болуы керек. Бұл ешбір еуропалық емес державаның еуропалық мәселелерді шешуде қатыспауы керек. Басқаша сөзбен айтқанда, Батыс Еуропа АҚШ-қа тәуелсіз болуы керек, осы ойын нақтылау үшін «Еуропалық еуропа» атты ұғым енгізеді.

 

1.2. «Еуропалық Еуропа» — АҚШ-на тәуелсіз Еуропа

Францияны біріккен Еуропаның басқарушысы ретінде қарастырған де Голль өзінің елін тек тәуелсіз ұлттық саясатты құқықты іске асыра алатын ғана емес, сонымен бірге Батыстың жалпы саясатын шығару міндеткерлігіне ие ұлы держава ретінде қабылдауына талпынды.

Бесінші республика орнала салысымен оның басқарушылары «ұлттық күш» — мемлекеттік саясат рангіне шығарылған француздық ядролық қаруды құру бағытын алды. 1960 жылы 13 ақпанда Сахарадағы Регган полигонында алғашқы француздық атомдық бомба сынақтан өтілді. Сосын Франция өзінің қарулы күштерін термоядролық қарумен (алғашқы сынақтан өту 1968 болды) және жеткізудің қазіргі заманғы құралдардың толық комплектімен қамсыздандырады: жерге негізделген ракеталар, стратегиялық бомбардировщиктер, суасты кеме-ракетатасушылар. Осылайша ол АҚШ пен КСРО-дан кейінгі үшінші ядролық державаға айналды, алайда оның қуаты бұл екі аса державалардың потенциалдарына жеткіліксіз. Елдің сапалы жаңа дербестікке ие болғандығын айқындау мақсатында де Голль Францияның біріккен әскери басқару НАТО-дан шығуы туралы шешім қабылдайды, алайда сонымен қатар сол уақытта Солтүстікатлантикалық одақтың мүшесі болып қала береді.

1960 жылдың өзінде Франция АҚШ пен Англиядан кейінгі батыстық «ядролық клубтың» үшінші мүшесі болады. Парижде бұл оқиғаға үлкен мән берілді. «Ядролық аргумент» француздық дипломатияның маңызды «козырьларының» біріне айналды.

Соымен қатар Атлантикалық одақтан бөлек Батыс Еуропаның континенталды елдерінің әскери-саяси блогын құру үшін талпыныстар бағытталды. Оның экономикалық негізі «Ортақ нарық» болу керек еді.     

Францияның ЕЭҚ-қа қатысуы Шарль де Голль үшін тек қана экономикалық маңызы болған жоқ. Француз президенті «Ортақ нарықтың» Франция басшылығымен құрғысы келген «Еуропалық Еуропаның» экономикалық негізі болатынына сенді. Ол бұл экономикалық блоктағы басты рөл Париждің НАТО-да көрнекі орын ала алуға және «Евроафрика» жобасы арқылы Африка континентіндегі орнықты күйінен шыққан француз позицияларын нығайтуға көмектесетініне кәміл сенген болатын.

«Еуропалық Еуропа» атты ұғымын іске асыруда Батыс Еуропа мемлекеттері арасында қолдау таппады. Алайда Шарль де Голль өзінің осы жоспарларын іске асыруда одақтасы ретінде Батыс Еуропаны таңдайды.

Генерал де Голль Аденауэрге саяси одақтың концепциясын айтып,  ЕЭҚ мемлекеттерінің саяси одағының жобасын іске асыруда нақты мақсаттарды көрсетеді: мемлекет, үкімет басшыларының, сыртқы істер, экономика, мәдениет, әскери министірлерінің әрдайым болып тұратын кездесулерін ұйымдастыруды, арнайы мәселелерге арналған комиссияларды құруды және Парижде орналасатын тұрақты саяси хатшылықты құруды ұсынады.

Саяси одақтың қатысушыларынан Шарль де Голль ЕЭҚ-қа мүше емес деп, Англияны ысырып тастайды. Генерал де Голль Англияны шынымен континенталды держава деп санаған жоқ. Оның ойынша ол АҚШ-ң кіші бауыры еді. Сондықтан өзінің мақсаттарына жету үшін, де Голль ЕЭҚ-қа Англияға кіруге екі рет вето жариялайды.

Атлантикалық блок ішіндегі Еуропалық елдердің дербес одағын құру француз жоспарлары француз — американ және француз-ағылшын қайшылықтарын шиеленістірді. АҚШ басшылығы бірнеше жылдар бойы өзінің қамқорлығымен батысеуропалық мемлекеттердің бірігуін жақтады. Сол кезде де Голль жоспарларында американ экономикалық және саяси гегемониясына қауіп төнді.

АҚШ үкіметі сол кезде кең атлантикалық қауымдастық ұйымының жобасын көздеді, осы ұйымның мүшелері өзінің қарулы күштері және сауда-экономикалық жүйелерін біріктіру керек еді. Жаңа американ жобасы «Кеннедидің ұлы жобасы» деп аталынды. Жоба бойынша НАТО-ның барлық мүшелері, оның ішінде, Англия кіретін кең экономикалық қауымдастық құру болды[3]. АҚШ жобасы екіжақты мақсатты алға тұтқан болатын: біріншіден, «алтылықка»  экономика және саяси-стратегиялық жағынан дербес бірлестік болуға кедергі жасау; екіншіден, Батыс Еуропа мен АҚШ-тың «қырғи-қабақ соғысында» социализмге қарсы бірлігін сақтау.

Бесінші республиканың дипломатиясы «Кіші Еуропаның» алты мемлекеттерін тек сауда-экономикалық ғана емес, сонымен қатар НАТО-мен байланысты, бірақ одан тәуелсіз әскери-саяси блоктың ұрығы ретінде қарастырған болатын. Бұл «Еуропалық Еуропаның» негізгі мәні еді.

Осыған орай француз дипломатиясы «көпжақты ядролық күштерді» құру арқылы ГФР-дің ядролық қаруға қол жеткізуіне мүмкіндік беретін жоспарларға қарсы болады. Осы кезде француз-батысгерман қайшылықтары шеиленісе түседі.

«Көпжақты ядролық күштер» бағдарламасының жүзеге асырылуы ұлттық соққы күшін құру туралы француз жоспарлары мен әсіресе, «Еуропалық Еуропа» атты тәуелсіздік саясатын жоққа шығаратын еді.

1964 жылы қазанда де Голль НАТО-дағы еуропалық серіктестеріне еуропалық бірлік пен көпжақты ядролық күштер арасында таңдау жасау керек екендігін мәлімдейді.

Сол жылдың қараша айында министірлер Кеңесінің отырысында Шарль де Голль алғаш рет егер ГФР мен Англия Франциядан одан ары алыстап бара жатқаны расталса, одақтардың жойылу мүмкіндігі туралы мәлімдейді. Сонда Ж.Помпиду жұрт алдында былай деген болатын: «Егер көпжақты күштер батысгермандық-американ әскери одағының құрылуына алып келсе, біз бұны ГФР-мен орнатқан және француз-батысгерман келісімімен айқындалған қатынастармен мүлдем сәйкес келмейтіндігін көрсететін едік»[4].

Кизингер-Брандт коалициялық үкіметінің ГФР-да билік басына келуі батысгерман-француз қатынастарын жылыта тұстіреді. 13 желтоқсан 1966 жылғы Кизингердің декларациясында Франциямен қатынастардың дамуына арналған болатын және осы қатынастарға «еуропалық сипат» берілген еді. Осылайша, француз-батысгерман қатынастарының жаңа кезеңі басталады.

Англияның «Ортақ нарыққа» кіруіне генерал де Голльдің кедергі жасауы «Еуропалық Еуропа» тұжырымдамасымен байланысты еді.

 

 

 

 

  1. II. Шарль де Голльдің өз тұжырымдамаларын іске асырудағы басты қадамдары

 

2.1 Франция мен ГФР арасындағы қарым-қатынастар

Голлистердің жоспарларында Герман Федеративті Республикасы аса маңызды орнында еді және онымен ынтымақтастықты нығайту Бесінші Республиканың еуропалық саясатының негіздерінің бірі болған. Бесінші республиканың басшыларының Аденауэр үкіметімен ресми саяси ынтымақтастығы Коломбэде 1958 жылдың қыркүйек айында өткен франко-герман келіссөздерінен басталады[5]. Келіссөздер жабық есікте өткен болатын, ал бұл келліссөздердің коммюникесіне көз жүгірсек, де Голль мен Аденауэр келесі мәселелерді талқылады: «еуропалық институттардың» болашағы; Еуропа және саяси бірлік; атомдық энергия мәселелері; Африканың болашағы; Кеңес Одағы, Қытай және Таяу Шығысқа қатысты саясат. Алайда келіссездердің басты мәселесі Еуропадағы бірлескен саясат женіндегі мәселе («еуропалық институттарға» қатынас, Еуропаны «біріктіру» жоспарларындағы франко-герман ынтымақтастығының орны) болып еді.

Шарль де Голль мен Аденауэр алғашқы кездесуінде франко-герман одағын Еуропаның «бірігуінің» негізі ретінде және Атлантикалық одақты бекітудің тәсілі ретінде қарастыруға келісті. «Германия Федеративті Республикасының және Француз Республикасының тығыз қарым-қатынасы Еуропадағы барлық конструктивті бастамалардың негізі болып табылады. Ол Атлантикалық одақтың бекуіне септігін тигізеді» делінді коммюникеде. Сондай-ақ, франко-герман «ынтымақтастығына» Франция мен ГФР байланыс орнатқан Батыс Еуропаның басқа мемлекеттерін де тартып, ынтымақтасуды «мүмкіндігінше еуропалық мемлекеттердің максималды санын тарату» туралы шешім қабылданды.

Коломбэдегі келіссөздерден кейін Бад-Крейцнахта 1958 жылы қарашада еткен келіссөздер өтеді[6]. Берлин мәселесіне қатысты батыс державаларының саясаты халықаралық жағдайдың шиеленісіне алып келеді. Франко-ағылшын қатынастары «еркін сауда зонасы» туралы мәселедегі қайшылықтардан қиындады. НАТО-да дағдарыс генерал де Голльдің «реформаторлық» тенденцияларынан тереңдей түсті. Сондықтан Бад-Крейцнахтағы келіссездердің күн тәртібінде үш мәселе алға шықты: халықаралық жағдай және Берлиндегі жағдаят; атлантикалық саясат; «еркін сауда зонасымен» байланысты экономикалық мәселелер.

Келіссөздердің нәтижесі туралы ресми коммюникеге жүгінсек, Бад-Крейцнахта Шарль де Голль мен Аденауэр өз позицияларын ризаласты. Келіссөздердің қатысушылары «Берлиннің бар мәртебесін» қорғау және француз әрі батысгерман үкіметтері Италия, Бельгия, Голландия, Люксембург үкіметтерімен бірге экономикалық әрі саяси салаларда ынтымақтастықты жалғастыру туралы келісті. Біріншісі Батыс Берлинде оккупациялық режимнің сақталуына, ал екіншісі қатысушылардың санын шектеу және «кіші Еуропаны» — «алтылық Еуропаны» нығайтуға бағытталған еді. Іс жүзінде бұл еркін сауда зонасын қорғау туралы жоспарларын қабылдамау болатын.

Француз-батысгерман саяси ынтымақтастығы әскери ынтымақтастықтың күшеюімен бірге жүрді. 1959 жылы қаңтарда Франция, Италия және ГФР арасында «қаруды стаңдартизациялау мақсатында әскери техника саласында біріккен зерттеу мен өндіру» туралы келісімге қол қойылды. Кейін Франция, ГФР мен Италия арасындағы әскери ынтымақтастық барлық салаларда дамыды. ГФР қарудың жаңа түрлерін жасап шығарудың француз жұмыстарын қаржыландарды, сонымен қатар, ғылыми-техникалық көмек берді, ал өз кезегінде ГФР француз технологиясына жету мүмкіндігін алды. Батыс Германияға қаруды сату бойынша Франция АҚШ-тан кейін екінші орынға ие болады.

1960 жылы Бесінші республика үкіметі бундесвердің оқу базалары мен складтары үшін француз территориясын пайдалануға береді. 1962 жылы біріккен екіжақты француз-батысгерман әскери жаттығулар өткізіле басталды. 1962 жылы мамырда құрлық әскерлерінің жаттығулары, ал маусымда әскери-теңіз күштердің жаттығулары болып өтеді. Бұл жаттығулар НАТО жоспары бойынша емес, «екі жақты ынтымақтастық» негізінде етеді.

Алайда Францияның және ГФР-ң әскери негізіндегі жақындасуы осы мемлекеттер арасында негізгі қайшылықтарды жоя алмады. Франция да ГФР да Батыс Еуропадағы өзінің ұстемдігін орнатқысы келді. Сондықтан еуропалық және еуропалық емес саясаттың маңызды саяси мәселелерді шешкенде әр түрлі позицияларды ұстанған болатын.

Осындай мәселелердің бірі екі неміс мемлекеттерінің ГДР мен ГФР арасындағы шекара мәселесі еді. Осы мемлекеттер арасындағы шығыс шекарасы Ялта және Потсдам конференцияларымен Одер мен Нейсе бойынша анықталды. 1959 жылы 25 наурызда пресс-конференцияда генерал де Голль егер де осы мемлекет батыста, шығыста, солтұстікте және оңтұстікте қазіргі шекараларына қауіп төндірмесе, Франция мемелекеттің бірігуіне қарсы шықпайтындығын мөлімдейді[7]. Осылайша, француз үкіметі Одер-Нейсе бойынша шекарасының зандылығын күмән етпейтінін көрсетеді. Бұл Батыс Германияның басқарушы топтарында наразылық тудырды.

ГФР мен Франция арасында қарама-қайшылықтар «еуропалық» орғандардың Еуропаның болашағына байланысты қызмет атқару әдіснамалары туралы мәселеде бірталай келіспеушіліктер пайда болады. Төртінші республика кезінде бұл мәселелер жөнінде ЕКББ, ЕЭҚ және Еуроатомды құру туралы келісім шарттарында анықталған Париж бен Бонн арасында келісімге қол жеткізілген болатын. Батысгерман және француз жақтары «салалық экономикалық интеграцияның» мақсаты Батыс Еуропаның федерация түріндегі «саяси интеграцияға» қол жеткізу болып табылады деп мәлімдеген еді. Бұндай саясатты ГФР де Голльдің билік басына келуіне дейін ұстанған болатын. Аденауэр 1959 жылы «Санди таймс» газетіне сұхбат берген кезінде, ол үкіметтің «Жалпы рынок» арқылы континенталды Батыс Еуропаның саяси интеграциясына қол жеткізуге тырысатындығын, себебі ол Батыс Еуропаны Шығыстың қысымынан қорғаудың жалғыз ғана тәсілі деп мәлімдеме жасаған болатын.

Алайда Шарль де Голль және оның жақтастары өзгеше ойлады. Олар негізінде Батыс Еуропаның бірігу идеясына қарсы болған жоқ. Дегенмен олардың бірігу идеясында федеративті бастамалардағы «ассоциация» емес, конфедерация принципіне біріккені «Мемлекеттер Еуропасы» қарастырылды. Сондықтан бұған байланысты голлистер «еуропалық институттарының» қызмет атқаруында олардың ұлт ұстіндегі функцияларын әлсіретуге тырысты.

Интеграцияның формаларына қатысты түрлі көз қарастар әскери күш интеграция саласында да келіспеушіліктерге әкелді. Бесінші республиканың басшылары әскери интеграцияға мүлдем қарсы болды және өз мемлекеті үшін олар француздық «ұлттық соққы беруші күштің» құрылуын жақтаған болатын. Бірақ ГФР-ң басқарушы топтары «қазіргі заманда ұлттық армияның болуы мүмкін емес және бундесвер бола алмайды және болғысы келмейді»- деп өз позиқиясын бекіткен болатын.

Сонымен қатар айтып кететін бір жайт, екі ел арасында Францияның Алжирге байланысты жүргізген саясаты қайшылықтарға алып келеді. Бірнеше жылдар бойы ГФР үкіметі француз үкіметіне қаржы көмегін керсетіп тұрған болатын. Бұл өз кезегінде алжир соғысының қаржыландырылуы еді. Алайда француз отарлық саясатының әдістері ГФР басшыларының қарсылығын туғызды. ГФР отарлауға қарсы болуының себебі, Алжирдегі соғыс Солтұстік Африка мен Еуропа арасында қарама-қайшылыққа алып келетінін және батысгерман капиталына сол аймаққа өтуге, Африкадағы оның саяси-стратегиялық позицияларының күшеюіне кедергі болатынынан қауіптенуі еді.

Осылайша, жоспарланған франко-герман одағы ішкі қайшылықтарға толы болды және терендей тұсті.

1962  жылы сәуірде еткен ЕЭҚ мемлекеттерінің өкілдері арасында келіссөздер сәтсіздікке ұшырағаннан кейін ресми француз-батысгерман кездесулері жиеленіп, екі ынтымақтастықтың нығаюына бағытталған болатын.

1963 жылы қаңтарда француз-ағылшын және француз-американ қайшылықтардың шиеленісуі жағдайында Аденауэр Францияға сапар шегіп, генерал де Голльмен келіссөздер жүргізеді. Бұл Шарль де Голль мен Аденауэрдың 13-кездесуі еді. Нәтижесінде 1963 жылы 22 қаңтарда ынтымақтастық туралы екіжақты француз-баттысгерман келісіміне қол қойылады. Келісім бойынша, түрлі деңгейдегі үкіметаралық кеңестер үнемі өткізілуі керек еді. Мемлекеттер мен үкіметтер бастылары жылына екі рет, сыртқы істер министірлері үш айда бір рет, бас штабтарының басшылары екі айда бір рет кездесуі тиіс еді. ГФР мен Франция үкіметтері барлық маңызды мәселелер бойынша кеңес өткізіп отыруы тиіс. Экономикасы әлсіз мемлекеттерге көмек көрсетілуі көзделді.

Әскери стратегия мен тактика саласында доктриналардың жақындасуы мен біріккен тұжырымдамаларды жасау, әскери персоналмен алмасу қарастырылды. Азаматтық қорғанысты ұйымдастыруда ынтымақтастықты орнатуға міндет алынды.

1963  жылы 14 маусымда бұл келісім Ұлттық жиналыспен ратификақияланып, шілде айында күшіне енеді.

ЕЭҚ-ң басқа мүшелерімен секілді ГФР-мен одақтасу де Голльмен АҚШ және Атлантикалық пактінің қалған мүшелерімен одақтасудан тыс емес, қайта бұл пактінің шеңберінде қарастырылды, себебі ол оның сақталынып қалуы үшін маңызды тетік еді. Бұл француз-американ қайшылықтарына қарамастан голлистік сыртқы саясаттың маңызды принципі болған еді.

Француз — батысгерман келісімінің күшіне енуіне қарамастан, оған қол қойылғаннан кейін, Париж бен Бонн арасында қатынастар шиеленісе бастайды. Бұл Аденауэрдың кетуімен және Л.Эрхардтың билікке келуімен байланысты еді. Эрхард проамерикандық бағыт ұстанған еді.

Шарль де Голль француз-батысгерман ынтымақтастығын Батыс Еуропа мен Атлантикалық одақ күштерінің ұйымдастырудың негізі ретінде қарастырды, бірақ бұл ынтымақтастықтың АҚШ-ң бастамасымен іске асырылмауы керек болатын деп тұжырымдайтын.

1964 жылы өзінің сыртқы саясатын белсендіре тұсті. ГФР-мен қарым-қатынастарына ерекше көңіл бөлінді. Алайда «Еуропаны бірігіп басқару» туралы ұсыныстардың Эрхардпен қабылданбауы француз-батысгерман қатынастарын шиеленістіре түседі.

Француз-батысгерман қайшылықтары 60-жылдардың 1-жартысында көпжақты ядролық күштерді құру мәселесінде анық көрінеді.

Көпжақты ядролық күштерді құру және «Еуропалық Еуропаның» тәуелсіздік саясатын туралы француздық жоспарларды жоққа шығаратын еді. Сондықтан генерал де Голль бұл жобаның іске асырылуына кедергілер жасады.

1964 жылы қазанда де Голль НАТО-дағы еуропалық серіктестеріне еуропалық бірлік пен көпжақты ядролық күштер арасында таңдау жасау керек екендігін мәлімдейді.

1966 жылы Франция НАТО-ң өскери ұйымынан шықаннан кейін француз-батысгерман қатынастары шиеленіскен кезеңінің ең соңғы нүктесіне жетеді. Алайда 1966 жылдың желтоқсан айына таман француз-батысгерман қатынастары қайта жыли бастады. Кизингер-Брандтың коалициялық үкіметі құрылғаннан кейін ГФР-ң сыртқы саяси бағыты өзгерді: ол Шарль де Голльдің еуропалық саясатына жақын болған болатын. Бұл келесі жағдайлармен байланысты болған: 1) халықаралық қатынастарда халықаралық қысым көрсетуді жою тенденциясы нығаюы; 2) Бесінші республика президентінің көзқарасын көп жағдайларды қолдаған батысгермандық деголльдіктер деп аталған топқа кірген «үлкен коалиция» қайраткерлерінің үкімет құрамына енуі; 3) социал-демократтардың үкіметте болуы мен әсіресе, «жаңа шығыс саясаты» бағытын құруға қатысуы. Осының бәрі Бесінші республика мен ГФР-ң жақындасуына және ынтымақтастық туралы франко-батысгерман келісімінің «жандануына» әсер етті.

1966  жылы 13 желтоқсандағы Кизингер-Брандт үкіметінің шығарған  декларациясы  француз-батысгерман  қатынастарының атмосферасын жылыта тұсті.

1967 жылдың басында  француз-батысгерман қатынастардың жақсаруы барлық салаларда ынтымақтастықтың күшеюіне алып келеді. Кизингер мен Брандт өзінің бірінші ресми сапарын АҚТП-ка емес, Францияға шекті. Пікір алмасу барысында екі мемелекет басшылары ынтымақтастықты дамытуға, 1963 жылғы келісімді қайта жаңартуға, Шарль де Голль мен Аденауэр анықтаған саясатты жүргізуге келісті.

Бесінші республика басшыларының ГФР-ң жаңа басшыларымен екінші кездесуі 1967 жылы 12-13 маусымда Боннда еткен болатын. Осы кездесу халықаралық жағдайдың шиеленіскен кезінде өтті. Сол кезде Израильдың араб мемлекеттеріне қарсы агрессиясы мен Вьетнамдағы американ интервенциясының кеңеюі байқалды.

Шарль де Голль мен Кизингер халықаралық жағдайды, оның ішінде, Таяу Шығыстағы жағдай, «Ортақ нарыққа» Англияның кіру мәселесін, француз-батысгерман ынтымақтастығын талқылады.

Ресми құжаттарда келесі үш біріккен шешімдер туралы айтылды:

  1. Экономикалық, өнеркәсіптік және   техникалық ынтымақтастық  жөнінде  тұрақты  біріккен  француз-батысгермандық комиссиясын құру көзделді.
  2. 1963 жылғы келісімге  сәйкес  барлық  салаларда ынтымақтастықты   дамыту   үшін   әр   мемлекетте министірлікаралық органды құру шешілді.
  3. 70-жылдары Еуропада саяси және әскери-стратегиялық жағдайды болжауды бірігіп жасау туралы келісімге қол жеткізілді.

Осылайша, 1967 жылы шілдедегі кездесу экономикалық, саяси және әскери-стратегиялық салаларда ынтымақтастықты дамыту үшін тұрақты ұйымдасқан құрылымның құрылуы жоспарланды.

Шарль де Голль мен Кизингердің үшінші кездесуі 1968 жылы 15-16 ақпанда Парижде өткен болатын. Осы келіссездердің негізгі тақырыбы «ағылшын мәселесі болатын», яғни Англия мен басқа мемлекеттердің «Ортақ нарыққа» кіру мәселесі және «алтылықтың» дамуы туралы мәселелері еді.

Төртінші кездесу 1968 жылы қазанда еткен еді. Келіссөздердің күн төртібінде Кеңес Одағына қатысты саясат туралы тұрған болатын.

Франция мен ГФР арасындағы қатынастар он жыл ішінде біресе жақсарып, біресе шиеленісіп отырған. Басшылардың басты келіспеушілігі де Голль ұстанған саясатпен тығыз байланысты.

 

 

2.2. 1961-1962 жылдардағы «Фуше жоспарлары»

Шарль де Голльдің өз саясатын жүзеге асырудағы «Фуше жоспарларының» мәні зор.

1958 жылы қыркүйекте Ж.Рюэфф басшылығымен эксперттер комитеті құрылды. Бұл комитетке «Ортақ нарық» механизмін күшіне енуге Франция экономикасын дайындауға тапсырма берілді. Комитет жасаған ұсыныстар 1958 жылы желтоқсанда үкіметтің экономикалық және қаржы бағдарламасына айналды. Бірқатар шаралардың жасалуына байланысты Франция ЕЭҚ үшін өтпелі кезеңнің мерзімін қысқартуды ұсынды. Бірақ Францияның бұл ұсынысын қалған мүшелер қабылдамады, әсіресе ГФР. Бұл мемлекет «кедендік қарусыздандыруды» «алтылық» пен «жетілік» (Еуропалық еркін сауда ассоциациясы) арасында келісімге қол жеткізбейінше кейінге қалдыру керек деп ұсынды. Алайда барлық қарсылықтарға қарамастан, «кедендік қарусыздандыру» туралы француз ұсыныс қабылданды.

«Экономикалық интеграциядағы» генерал де Голльдің дипломатиясы осымен шектелген жоқ. 1959 жылы француз өнеркәсіп пен сауда министрі М.Жанненэ ЕКББ құрылуы туралы Париж келісімін өзгертуге және осы келісімді Рим келісмімен ауыстыруға ұсынды. Бірақ «Ортақ нарықтағы» әріптестері бұл ұсынысты қабылдаған жоқ.

Еуропалық экономикалық интеграция жүйесіндегі ұлт үстіндегі элементтерді жоюға бағытталған француз курсы, 1960-1962 жылдары Батыс Еуропаның саяси бірігу жоспарын талқылағанда анық көрінді. 1960 жылдың ортасында халықаралық жағдай шиеленіскен кезінде Франция президенті өз жоспарларын жария етті. Алғашқы кезде бұл жоспарлар ресми түрде 1960 жылдың маусымында генерал де Голль мен Аденауэр келіссездер кезінде айтылған болатын.

Шарль де Голльдің егеменді мемлекеттердің одағына сүйенген конфедерациясы, яғни, Еуропалық саяси одақтың концепциясы «Мемлекеттер Еуропасын» құру идеясына негізделген болатын. Бұл терминді алғашқы рет М.Дебре Француз Ұлттық Жиналысының алдында сөз сойлеген кезде қолданған болатын, одан оны 1960 жылдың қыркүйек айында «Монд» газетінде пайда болған мақалада голлистік партияның депутаты Ален Пейрефит қолданған. «Мемлекеттер Еуропасы» тұжырымдамасында ұлтты еуропалық бірлестіктің легитимдік іргетасы ретінде мойындауы басшылыққа алынды. Ал бұл V республика үкіметінің ұлт ұстіндегі жүйесін жасаудан бас тартудың себебі болды. 1949 жылдың өзінде-ақ Шарль де Голль «Еуропалық қауымдастыққа енетін әрбір мемлекет өзінің ұлттық егемендігін сақтауы тиіс» деп тұжырымдаған болатын. 1960 жылы де голль қайтадан: «Біздің міндетіміз — Еуропаны біріктіру, ал бұл дегеніміз — еуропа халықтарын біріктіру, ал мемлекеттердің оның салдары болып табылады… ал бүған біріккен ұлттар өзінің ұлттық сипатын жоғалтпауы және олар мемлекет арасындағы ұйымдасқан ынтамақтастық жолыменен жүруі керек және бұл болашақта алып конфедерацияға алып келуі мүмкін. Франция бүгінгі таңда әлемнің тепе-тендегі ретінде көрініс тауып отырған мұндай Батыс Еуропаның қажеттігін мойындады». Шарль де Голль Францияны біріккен еуропаның басшысы ретінде қарастыра отырып, өзінің мемлекетін тәуелсіз ұлттық саясатты жүргізуге ғана құқықты емес, сонымен қатар Батыстың жалпы саясатын жасауға жауапты болатын ұлы держава айналдыруға ұмтылды.

Еуропалық сыртқы саясаттың координациялау мәселесі алғашқы рет генерал де Голльмен 1959 жылдың маусым айында Италияның премьер-министрі Фананимен кездесу барысында көтерілген болатын. Одан француз президенті еуропалық «алтылықтың» саяси одағы туралы өз концепциясын батысгерман канцлері Аденауэрге 29-30 шілде 1960 жылы Рамбуйде өткен кездесуде айтқан болатын. Бір жағынан, Шарль де Голльдің жоспары әлемдік аренадағы батысеуропалық континенталды блоктың саяси рөлінің ары қарайғы ұйымдасуы мен жоғарлауын ескерсе, екінші жағынан, ортақ Еуропаны құруда ұлт үстіліктің кеңеюіне қарсы бағытталған болатын. Тығыз мемлекетаралық ынтымақтастық принципі тек мемлекет басшылары мен үкімет басшыларына ғана таралған жоқ, ол сонымен қатар сыртқы істер министірлеріне, әскери министірлерге, экономика және мәдениет министірлеріне де қатысты еді.

Рамбуйдағы кездесуде Шарль де Голль мен Аденауэр 1961 жылы ақпанда Парижде өткен «алтылықтың» мемлекет басшыларының кеңесін шақыруға келіскен болатын. Бұл кеңесте француз презизенті алты мемлекеттердің «саяси мемлекетаралық ынтымақтастығын» құруға ұсынды. Нәтижесінде қатысушылар, яғни, генерал де Голль, ГФР канцлері ҚАденауэр, Италия премьер-министрі А.Фанфани, Бельгия үкіметінің басшысы Г.Эйскенс, Люксембургтың Үкімет басшысы П.Вернер және Голландияның үкімет басшысы Ж.-Э. Де Куаль тығыз ынтымақтастықтың формалары мен принциптерін айқындамай-ақ, сыртқы саясат, қорғаныс және мәдениет салаларында тығыз қарым-қатынас жүргізуге келісті.

Конференцияның аз жемісті болуы заңды еді. Біріншіден, мемлекетаралық бірігудің деголльдік тұжырымдамасы ЕЭҚ-ғы Францияның әріптес-мемлекеттері жақтаған саяси бірігудің ұлт ұстілік идеясына қайшы келді. Сонымен қатар, олар Еуропалық саяси бірлестіктің құрылуы генерал де Голльдің көп ретте қатал сынға алынатын АҚШ-мен тығыз әрі қалыптасқан байланыстарының жоғалуына алып келеді ден қауіптенген болатын. Келіссөздердің сәтсіздікке ұшырауына әкелмеу үшін кеңес болашақ саяси ынтымақтастығын ұйымдастыруға қатысты нақты ұсыныстар жасау міндеті бар «Ортақ рыноктың» өкілдерінен тұратын арнайы комиссия ИҮРУ туралы шешім қабылдады.

18 шілде 1961 жылы Боннда «алтылықтың» келесі кездесуі болып өтеді[8]. Онда жоғарғы деңгейде мемлекет және үкімет басшыларының жүйелі кеңес берулері арқылы саяси ынтымақтастықтың белсенді ету туралы келісімге қол жеткізілді. Олардың негізгі мақсаты Қауымдастық мемлекеттерінің сыртқы саясатын үйлестіру және Батыс Еуропа мен Солтүстік Атлантикалық одақтың саяси тұтастығын нығайтудың бірлескен тұжырымдамасын жасау еді. Серіктестер болашақтағы Саяси одаққа қатысты мәселелердің жете зеттелуі үшін ЕЭҚ-ң сырқы істер министірлерімен тағайындалған мамандардан тұратын арнайы Халықаралық саяси комиссияны құрады. Оның қатысушыларымен бұл ұйғарылған одақ ортақ сыртқы саясат және қорғаныс жүргізу, мәдениет және ағарту саласында ынтымақтастықты ұлғайту және нығайту, сонымен қатар адам құқықтарын сақтау мақсатымен құрылған еді.

7 қыркүйек 1961 жылы Францияның Даниядағы елшісі, ЮНР голлистік партияның Басқарушы Кеңесінің мүшесі, деголльдік «Мемлекеттер Еуропасы» тұжырымдамасы шеңберінде Еуропалық саяси одақтың құрылуы идеясының иланған жақтаушысы Кристиан Фуше сол кезден бастап бұқаралық ақпарат құралдарында «Фуше Комиссиясы» деп атала бастаған Халықаралық саяси комиссиядағы француз делегациясының басшысы боп Шарль де Голльмен тағайындалады. Француз президенті ХСК жұмысын зер салып бақылап, француз делегациясының әрекеттерін басқарып отырған.

Бірінші рет Саяси комиссияның мүшелері, ЕЭҚ мүше-мемлекеттерінің алты делегациясы толық құрамда 28 қыркүйек 1961 жылы Парижде пленарлық отырыста кездесті. Бельгиялық делегацияны барон Олве, батысгермандық делегацияны Жансен, итальяндық делегацияны Каттани, люксембургтық делегацияны Пескатор, голландық делегацияны де Вос ван Стинвийк, француздық делегацияны Фуше басқарды. Отырыста Италия, Бельгия, ГФР және Люксембург үкіметтерімен ұсынылған келісімнің төрт жобасы қарастырылады. Келіссөздерге дейін Италия, ГФР және Люксембург, негізінен, үкіметаралық саяси ынтымақтастық туралы де Голльдің ұсыныстарын қолдап, алайда «алтылық» мемлекеттердің саяси бірігуі ЕЭҚ болып табылатын экономикалық негіздің ұстінде тұрған тек қондырма болады деп санай отырып, «Ортақ нарықты» құру туралы келісіммен қарастырылған құрылған органдарды (Министірлер Кеңесі, Экономикалык Комиссия, Ассамблея және Сот) сақтауды талап еткен болатын. Бельгиялық делегациядан басқа барлық делегациялар ұлттық үкіметтердің бақылауының астында әрекет ететін Одақтың тағы бір орғаны Саяси комиссияны құруға өз келісімдерін білдіреді. Бельгиялық үкімет федеративті, ұлт ұсті негізіндегі Саяси одақтың құрылуын жақтады.

Халықаралық саяси комиссияның 19 қазан 1961 жылы откен келесі отырысы «Фуше жоспары I» деп аталатын саяси одақтың француз жобасын талқылауға арналған болатын. Ол преамбуладан және Одақтың мақсатына, Одақтың органдарына, Одақтың мүше-мемлекеттерінің міндеттемелеріне, Одақтың қаржысына, негізгі жарлықтарына арналған бес белімдерден тұрды және Одақ терминімен керсетілген мемлекеттердің Саяси одағын бекітті. Саяси одақ мүше-мемлекеттердің арасындағы ынтымақтастық жүйесіне негізделді және бұзылмайтын еді. Құжаттың преамбуласында құрылған Қауымдастықтардың органдарының прерогативаларын сақтау кепілдіктері жайлы айтылды, алайда Одақтың алты мүше-мемлекеттің еуропалық саясатының НАТО-ның қалған мүшелерімен, әсіресе, Ұлыбритания мен АҚШ-мен жүргізілген саясатпен қатысы арнайы түрде жария етілген жоқ.

Саяси одақтың негізгі мақсаттары келесілер болды: 1) Одақтың барлық мүшелерінің мүдделері үшін ортақ сыртқы саясат жүргізу; 2) ғылым және мәдениет саласында мүше-мемлекеттер арасында тығыз қарым-қатынас; 3) серіктес-мемлекеттерде адам құқықтарын, негізге алынатын бостандықтар мен демократияны қорғау; 4) ортақ қорғаныс саясатын жүргізу (2 бап).

Келісімнің жобасы еуропалық ұйымдарда құрылған аналогтарынан тәуелсіз Одақтың органдарын құруды жоспарлады. 5 бабына сай, Одақтың басты орғаны— Кеңес мемлекет немесе үкімет басшылары деңгейінде төрт айда бір рет, ал сессиялардың араларында сыртқы істер министірлері деңгейінде төрт айда бір реттен кем емес кездесіп отыруы тиіс еді. Кеңестің шешімдері бір ауыздан қабылдануы тиіс болатын, оның қаулылары дауыс беруден қалып қалған мемлекеттер үшін міндетті емес еді.

Одақтың басқа орғаны— ЕЭҚ, ЕКББ және Еуроатом үшін бір, бірақ ЕЭҚ пен Саяси қауымдастықта әр түрлі прерогативаларға ие болған Еуропалық парламенттік ассамблеяда тек кеңес беру прерогативалары ғана бар еді. Ол тек «Кеңеске өз сауалдарын жібере алатын және өз кепілдемелерін оған керсететін еді», сондай-ақ, өз ықыласы бойынша немесе Кеңестің бұйрығы бойынша Саяси одақ айналысып жатқан мәселелерді талкылай және өз ойын білдіре алатын еді (7 бап). Кеңес Ассамблеядан сауалдарын алғаннан кейін терт айдың ішінде оған өз жауабын беруі керек болатын. Онымен қоса Кеңес жыл сайын ез әрекеттері жайлы Парламенттік ассамблеяның алдында есеп беретін (8 бап)[9].

Келісімнің жобасында мүше-мемлекеттер арасында Одақтың бюджетін үлестіру арнайы түрде ескеріліп кеткен еді. Сонымен қатар Келісімнің күшіне енуінен үш айдан кейін ревизия мүмкіндігі мен Еуропа Кеңесінің басқа мүше-мемлекеттерінің одаққа мүмкіндігі «олардың Одақтың қойылған мақсаттарымен келімуі жағдайында» (16, 17 баптар) және басқа Еуропалық қауымдастықтарға алдын ала кіру мүмкіндігі қарастырылды.

Осылайша, бұл Жарғы генерал де Голльдің «Мемлекеттер Еуропасы» тұжырымдамасына сай жасалынды. Ол Саяси одақтың конфедерациялық түрін бекітті және ұлт үстіндегі билікке қарсы шықты. Одактың басты органы болып мемлекетаралық орған Министірлер Кеңесі бекітілді.

Қатысушылар болашақ келісімнің негізі ретінде «Фуше жоспарының» бірінші вариантын негізінен толықтай қабылдаса да, Саяси одақтың тек мемлекетаралық принциптер негізінде құрылуы және НАТО-дан оның оғаштығы сияқты кейбір жағдайларымен келіскен жоқ.

Француз жобасында болашақ Одақтың Еуропадағы өз сыртқы саясаты мен қорғаныс және қауіпсіздік саясатын НАТО-мен тығыз байланыста және Солтұстікатлантикалық одақтың шеңберінде жүргізетіндігі туралы ешбір сілтеулер жоқ еді. Конференцияның қатысушылары НАТО-га өз берілгендіктерін білдіруді жөн санады және Саяси одақтың міндетіне еуропалық қорғаныс мәселелерін кіргізе отырып, Америка мен Солтүстікатлантикалық одақпен тығыз байланысты жоғалту қауіптерін білдірді.

«I Фуше жоспары» делегациясы ХСК-ң қазан отырыстары кезінде жоқ болған голландықтардың қатысуымен екінші рет 10 қараша 1961 жылы қаралды. Бельгиялық және голланд делегациялары жаңа ұйымды құру туралы келіссөздер Ұлыбританияның қатысуымен жүргізілуі керек деп санап, француз жобасына қарсы шығады. Олар Саяси одақтың мемлекетаралық негізде құрылуына келісім беретіндіктері туралы мәлімдеді, алайда Ұлыбританияның жаңа Қауымдастықтың және ЕЭҚ-ң жаңа мүшесі болуын талап етеді. Өз естеліктерінде Шарль де Голль былай деп жазады: « «кіші» мемлекеттердің әдеттегідей «үлкендерге» қарсы шыққандығы анықталды және сондай-ақ ағылшындармен тығыз байланыста болған олар англоскастер кірмеген жүйеде өзін елестете алмайды»[10]. Францияның сыртқы істер министрі М.Кув де Мюрвилль кіші еуропалық мемлекеттер «олардың дауыстарына едәуір салмақ береді деп көрінген» ұлт ұстіндегі институттарды бағалаған болатын және вето құқығын қолдану кезінде «үлкендердің артынан еруге» мәжбүр болатын жағдайда қалудан қауіптенді. Өйткені еуропалық құрылымдардың ұлт ұстіндегі орғандарында жүзеге асатын квалификациялық көпшілік принципі шешім қабылдау үрдісін бірауыздық принципіне қарағанда жеңілдеткен болатын. Сондай-ақ «кіші» мемлекеттер франко-герман күшті қысымы мен АҚШ-тан Батыс Еуропаның оқшаулануынан Саяси одакқа Англияның қосылуы оларды қауіпсіздендіреді деп ойлады.

Англия Саяси одақ құру туралы келіссөздердің жүріп жатқаны туралы біле отырып және «Ортақ рынок» мемлекеттерінен экономикалық және саяси жағынан оқшауланғысы келмей, 1961 жылдың шілде айынан кіруге үмтылған ол ЕЭҚ-қа өз кандидатурасын қабылдау шешімін күтпей-ақ саяси талқылауларға қатысу өтінішін білдіреді. Бельгия мен Голландия ағылшындармен білдірілген алдын-ала өтінішін қолдады, алайда француз жағынан қарсылыққа тап болады.

Алгаш рет 1961 жылдың тамыз айында Англия Еуропалық қауымдастықтарға мүше болу өтінішін білдірген кезде Франция оның «Жалпы рынокқа» кіруіне келісімін береді. Бірақ оған АҚШ-тан тәуелсіз біріккен франко-ағылшын «еуропалық» атом күштерін құру туралы жалғыз ғана талап қояды. Бұл генерал де Голль мен Макмиллан арасындағы бұл мәселе женіндегі астыртын келіссездері 1962 жылдың жазының соңына шейін болып етеді. Англия таңдауға мәжбүр болады: не АҚШ-пен «ерекше қатынастарды» сақтап, «Жалпы рынокқа» кіруден бастарту, не Францияның талаптарына келісіп, ЕЭҚ-ң мүшесі болу. Ағылшын үкіметі бірінші жолды таңдайды. 1962 жылдың аяғында ол американдықтармен американ басшылығымен НАТО-ң жоспарланған көпұлтты күштеріне ағылшын атом қаруын қосу туралы келісімге Нассауда қол қояды.

Франция Англияның тәуелсіз еуропалық күштерді құруға қатысудан бас тартуын Макмилланның еуропалық мүдделерге жасаған «опасыздық» ретінде бағалады. Сондықтан Франция 1963 жылдың қаңтар айында Англияның «Ортақ рынокқа» кіруіне вето жариялаған болатын, себебі ол де Голльдің сезінше Еуропалық континентте Американың «троялық ат» рөлін ойнайтын еді. Генералдың бұндай әркеттерінде, бір жағынан, біріккен Еуропаға тауар өткізуші рыноктарда, әсіресе ауыл шаруашылық өнімнің рыногтарына, Францияға қатаң қарсыласықты өткізбеу және екінші жағынан «Жалпы нарықта» Американың ықпалының күшеюінен қауіптену байқалған болатын. ЕЭҚ-қа Англияның қосылуына өз қарсылығын Шарль де Голль оның бұл қауымдастыққа қатысуы нәтижесінде ЕЭҚ-ң мүшелерінің бірлігіне нұқсан келтіріп, «Еуропалық қауымдастықты тез арада өзіне тартып алатын американдықтар мен американ басшылығына тәуелді алып атлантикалық қауымдастықтың пайда болуына әкеледі» деп түсіндіреді.

1961 жылдың аяғында француз үкіметінің «алтылық» Еуропа шеңберінде Англиямен ынтымақтастыққа қатысты көз қарасы дұшпандыққа қарағанда қырағы болса да, ХСК-ң отырыстарына қатысқан Бельгия мен Голландияның өкілдерінде бұл наразылық тудырды. Француздың «Фуше жоспарын» шектеулі әрі кептеген өзгертулерді қажет ететіндігін керсете отырып, бельгиялықтар мен голландықтар оның қайта қаралу керек екендігін мәлімдеді. «Жалпы рынокқа» Англияның ғана емес, сонымен қатар Еркін сауданың еуропалық ассоциациясының қалған мүше-мемлекеттерінің кіруі туралы сөз қозғалған болатын. Бұл талап француз жобасының шеңберінен шығып, келіссөздердің жүруін қиындатты. Ымыраға келе алмай Халықаралық комиссияның мүшелерінің келесі отырысын 1961 жылдың 29 қарашасына белгілейді.

Алайда жақын арада «Фуше жобасының» екінші вариантын талқалауға салуға дайын Комиссия бельгиялық сыртқы істер министрі әрі Бельгияның премьер-министрінің орынбасары болған және Саяси одақтың жаңа жобасын Фуше Комиссисында емес, ЕЭҚ-ң Министірлер кеңесінің деңгейінде талқылауға ұсыныс берген П.-А. Спаактың бастауымен таратылды. Оның ұсыныстарына «Жалпы рыноктың» барлық мүше-мемлекеттері келісті әрі сыртқы істер министірлерінің келесі кездесуі 1961 жылдың 15 желтоқсанда Париж қаласында өтетін болды.

Генерал де Голль Еуропаның Саяси одағы жөніндегі келіссөздердің нәтижесіне көп көңіл аударған болатын және «Фуше жоспарына» кейбір өзгертулерді өзі енгізген еді.

Жаңа құжаттың мәтіні V республиканың президенті өзінің серіктестеріне көптеген мәселелерде кенді. Біріншіден жобаның 2-бабында Саяси одақтың өзінің сыртқы және қорғаныс саясатын НАТО-мен тығыз байланыста жүргізетінін айқын көрінді: «Одақпен жүргізілетін ортақ қорғаныс саясаты Солтұстікатлантикалық одақтың нығаюына себептеседі». «Еуропалық парламент сыртқы саяси мақсаттардың айқындалуымен және барлық мүше-мемлекеттердің бір саяси бағытының жүргізілуімен тығыз байланыста болады» делінген 1 бап та түрін өзгерткен болатын. Бірақ парламент те шешім қабылдау құқығына ие болған жоқ.

Франция Еуропалық қауымдастықтарда болған ұлт үстіндегі органдарын танығысы келмесе де, Фуше жобасының жаңа вариантында ол Саяси одаққа ұлт ұстіндегі құрылымдар енгізгісі келетін өзінің әріптестеріне кенуге бел буып, бас хатшы лауазымын тағайындады. Министірлер кеңесімен тағайындалатын ол Парламенттік ассамблеяның алдынды жауапты болатын; мүше-мемлекеттердің үкіметтерінен тәуелсіз бола отырып, Қауымдастықтың мүддесі үшін еуропалық саясат жүргізуге және Кеңестің терағалық қызметін атқаруы тиіс еді. Бас хатшы кеңестің жарлықтарын орындап, өзі шешім қабылдауға құқылы еді. Оның қызметі НАТО-ң бас хатшысының атқаратын функцияларына сәйкес болатын.

Бірақ «II Фуше жоспары» да Бельгия мен Голландия жағынана қатты сынға алынды. Оған келесі сындар тағылды: Еуропалық қауымдастықтардың, әсіресе бірінші ретте «Жалпы нарықтың», құзыреттілігін бұл жоба қозғаса да, Саяси одаққа қызметінің әрекет өрісінің кең келемде берілуіне байланысты қауіптің төну мүмкін, мысалға, Министірлер кеңесінің прерогативасы жақындасу саясаты, «алтылықтың» экономикалық стратегиясын үйлестіру және унификациялау болуы кереқ Француз оппоненттерінің ойынша ұлт үстіндегі бастаманың нығаюы үшін бас хатшы лауазымының орнына қызметі айқындалуға тиіс бас хатшының басшылығымен Саяси хатшылық атты тұтас бір ұлт ұстіндегі орган құру қажет болды, ал Саяси комиссияны Саяси хатшылық тұсындағы қосымша атқарушы орған жасап, Одақтың басты органдарының бірінен шығару керек еді. Францияның оппоненттері Саяси комиссияға қарсы еді, себебі француздық «II Фуше жоспарына» сәйкес ұлт ұстіндегі емес, мемлекетаралық орган ретінде көрсетілді. Сондай-ақ жобаның сынаушылары Парламенттік ассамблеяға шешім қабылдау құқығын беруді талап етеді. Кеңестің талқылауына берілген заң жобасы бір мүше-мемлекеттің ветосына тап болған немесе қабылданбаған жағдайда, Парламенттік ассамблеяда дауысқа салуға жіберілетін.

ГФР, Италия, Люксембург болашақ келісімнің негізі ретінде екінші француздық жобаны қабылдауға келісті. Алайда голландия-бельгиялық қарсылықтарға байланысты Еуропаның Саяси одағын құру жөнінідегі келіссөздер тұйыққа тірелді.

Сыртқы істер министірлерінің Париж саммитінің соңғы аккорды болып 10 қаңтар 1962 жылы жұмысқа кірісетін Фуше Комиссиясына Саяси одақтың жаңа үшінші жобасын жасау құзыреттілігін қайта беру шешімі еді.

Осылайша, Саяси еуропалық одақты құру жөніндегі кезекті фазасы аяқталады. Еуропалықтар ағылшындардың саяси келіссөздерде қатысуы үшін Францияның келісімін ала алмады, ал Франция өз жобасының негізгі пункттерінің бір ауызды қабылдануына қол жеткізген жоқ. Негізінен, француздық жақпен енгізілген өзгертулер мен өз серіктестеріне өкнулеріне қарамастан, «II Фуше жобасының» кептеген жағдайлары өзгеріссіз қалды. Ең бастысы, бас хатшы лауазымын енгізілуіне қарамастан, кездесудің қатысушыларының едәуір бөлігі қарсы болған Еуропаның Саяси одағын құру және қызмет атқарудың мемлекетаралық принципі мызғымас түрде қалды. Францияның осындай қатаң позициясы француз делегациясына тиімсіз болған, өйткені Саяси одақты құру туралы деголльдік идеясының маңызының жойылуына алып келетін Фуше жобасына жаңадан езгертулер енгізілуіне алып келеді.

Фуше Комиссиясы өз жұмысын 10 қаңтар 1962 жылы бастады. Бұл уақытқа дейін голланд үкіметі өзінің бес серіктестеріне келіссөздерде ағылшын делегацияның қатысуынсыз жаңа француз жобасын қарастыру дан бас тартатыны туралы ескерткен меморандум жібереді. Англияны француз жобаларының жеңуі жағдайында болашақ еуропалық саяси конфедерациясындағы ірі континенталды еуропалық державалардың ықпалын тыю үшін қарсылық ретінде көрген Бельгия да Голландия позициясын қолдады.

Француздың жаңа жоба — «III Фуше жоспары» преамбула мен 18 баптан тұрған еді. Жобада сыртқы саясат, қорғаныс және білім мәселелерін талқылауға құқық алған Парламенттік ассамблеяның қызмет аясы ұлғайды (бірінші Фуше жобасының 10 бабында ол тек Кеңеске жай ұсыныстар бере алатын); Одақтың жаңа орғаны— Сырқы істер министірлерінің кабинеті енгізілді. Бірақ Саяси одақтын басты органы болып мемлекетаралық құрылым—Министірлер кеңесі қалды.

 

2.3. Францияның Англияға қатысты жүргізген саясаты

Атлантикалық блок ішіндегі Еуропа елдердің дербес одағын құру француз жоспарлары француз-американ және француз-ағылшын қайшылықтарын шиеленістірді. АҚШ басшылығы бірнеше жылдар бойы өзінің қамқорлығымен батыс еуропалық мемлекеттердің бірігуін жақтады. Сол кезде де Голль жоспарларында американ экономикалық және саяси гегемониясына қауіп тенді.

АҚШ үкіметі сол кезде кең атлантикалық қауымдастықтың ұйымының жобасын кездеді, осы ұйымның мүшелері өзінің қарулы күштері және сауда-экономикалық жүйелерін біріктіру керек еді. Жаңа американ жобасы «Кеннедидің ұлы жобасы» деп аталынды. Жоба бойынша НАТО-ның барлық мүшелері, оның ішінде, Англия кіретін кең экономикалық қауымдастық құру болды[11]. АҚШ жобасы екіжақты мақсатты алға тұтқан болатын: біріншіден, «алтылықка» экономика және саяси-стратегиялық жағынан дербес бірлестік болуға кедергі жасау; екіншіден, Батыс Еуропа мен АҚШ-тың «қырғи-қабақ соғысында» социализмге қарсы бірлігін сақтау.

Англияның үкіметі Кеннедидің жоспарын қолдады және осылайша Еуропа ЕЭҚ және ЕЕСА болып екі бәсекелес экономикалық блокқа белінеді.

Кең атлантикалық экономикалық қауымдастықты құруға ұмтыла отырып, АҚШ пен Англия «алтылық» Еуропаға Англияның қабылдануына бар күшін салды. 1960 жылдың соңы мен 1961 жылдың басында Англия Еуропалық саяси одақты құру туралы келіссөздерге қатысуға ниетті екендігін білдіреді. Шарль де Голль мен Аденауэр өзара кеңестен кейін, егер де Англия Рим келісімінің міндеттемелерін өзіне алса, яғни, жалпы белгіленген негіздерді «Ортақ нарыққа» кірсе ғана «алтылықтың саяси келіссөздерде қатыса алатыны» туралы айтылады. 1961 жылы 31 шілдеде Г.Макмиллан Англия «Ортақ нарыққа» кіру туралы келіссөздерді бастайтыныдығын мәлімдейді.

Мұндай шешім бірқатар экономикалық және саяси себептермен түсіндіріледі: 1) ағылшын экономикасындағы күйзеліс; 2) Англияның халықаралық рөлінің төмендеуі; 3) Франция мен ГФР бастамасымен Батыс Еуропады Ағылшындарға қарсы блоктың құрылу қаупі; 4) өз басқаруымен батыс өлемінде «бірлікке» қол жеткізген АҚШ-тың қысымымен құрлықта американ монополиялары өздерінің экономикалық және саяси-стратегиялық позицияларын сақтау.

Осындай халықаралық жағдайда 18 айға созылған Англияның «Жалпы нарыққа» кіру туралы келіссөздер басталады. 1962 жылы қаңтарда Кеннеди үкіметі сауданың дамуы туралы заң конгресске талқылауға береді. Бұл заң АҚШ пен «Жалпы нарық» мемлекеттерімен сауда қатынаста баж салығының 50%-ке өзара темендетілуі және белгілі бір тауарларға баж салығының толықтай жойылуы көзделді. АҚШ осылайша оқшауланған «кіші Еуропаны» құруға ұмтылған де Голльдің жоспарын жоққа шығарғысы келді.

Кеннедидің бұл жоспарын конгресс қабылдап, 1962 жылы бұл заң күшіне енеді. Осыған қарамастан, француз басшылары өз позициясын өзгерткен жоқ. Керісінше, 1963 жылы қаңтарда генерал де Голль үкіметі Англияның «Ортақ нарыққа» кіруіне вето жариялайды. Оның негізгі себебі, Францияның «атомдық клубта» орын алу жоспарлары мен Батыс Еуропаның АҚШ-тан тәуелсіздікті қамтамасыз етумен байланысты болған.

Сол уақыттарда Англия АҚШ-ң үлкен әріптесі әрі одақтасы болатын. Шарль де Голльдің пікірінше, атлантикалық блокта ерекше орынға ие болған Англияның «Жалпы нарыққа» кіруі АҚШ-пен тығыз байланыста болған «біріккен Еуропада» көшбасшылыққа талаптанған қарсылыастың келуі мүмкін болатын еді.

Алайда, брюссель келіссөздері барысында ресми түрде Англияның «Ортақ рынокқа» кірудің экономикалық шарттары талқыланды. Англия бірқатар жеңілдіктерге жол бере отырып, алайда ЕЭҚ-қа кіру үшін белгілі бір жағдайларды талап етеді. Франция болса, Англия ЕЭҚ-қа қандай да бір маңызды артықшылықтарсыз кіруін талап еткен болатын. Ағылшын дипломатиясы бұған қарсы болғандықтан, генерал де Голльдің бастауымен келіссөздер түйыққа тіреледі. Бірақ бұл істің астыртын жағы да болған. Брюсселдегі ресми келіссөздермен қатар, Шарль де Голль мен Макмиллан арасында бейресми келіссөздер өткен болатын. Олардың барысында генерал де Голль француз атомдық күшін, АҚШ-тан тәуелсіз еуропалық атомдық күштерін құруға және де голльдік еуропалық концепциясын қолдауды сұраған болатын. Бұндай қадамдар ағылшын жағынан жасалынса, де Голль Англияның «Жалпы рынокқа» кіруін қолдайтынын көрсетеді. 1962 жылдың маусымында және желтоқсанында келіссөздер жүргізіледі. Ағылшын-француз жақындасуы Баюм аралдарында Нассауда өткен АҚШ пен Англияның басшыларының кездесуінен кейін бұзылады. Нассаудағы келісімі бойынша, ағылшын ядролық күштері НАТО-ның көпұлтты күштеріне кіретін болды. Макмиланның осындай қадамдарына байланысты де Голль Англияның «Жалпы Рынокқа» енуіне вето жариялайды.

Шарль де Голльдің Англияға қатысты саясаты «Еуропалық еуропа» құру идеясына байланысты болған еді. 1963 жылы қаңтарда Англияға жарияланған ветодан кейін француз-ағылшын қатынастары тұйықққа тіреледі. Бұл 1963-1964 жылдарға дейін, яғни үкімет басына лейбористердің келуіне дейін жалғасты.

Вильсон үкіметі құрылғаннан кейін 1964 жылдың қазан айында Бесінші республика басшылары Англиямен қатынастың жандануына өз мүдделілігін білдіреді. Алайда ағылшын лейбористері сыртқы саясатта басты өзгерістер енгізген жоқ.

1966 жылдың қараша айында Вильсон үкіметі ресми түрде «Ортақ нарыққа» кіру туралы келіссөздерді жалғастыру инициативасын алға тартады.

Сол жылдың қаңтар-наурыз айларында Вильсон «алтылықтың» басқа мемлекеттерімен келіссөздер жүргізеді. Англияның сыртқы істер министрі болған Дж.Браун 5 қазан 1967 жылы былай деген болатын: «Мен үшінші күшіті қаламаймын. Мен одақтар жүйесінде қалғым келеді».

Англия мен оның одақтастарының «Ортақ нарыққа» кірудегі ұстанған бағыты негізінен АҚШ-ң экономикалық, саяси және стратегиялық мүдделеріне сәйкес болған еді.

Англияның «Ортақ нарыққа» кірудегі екінші әрекеті француз жағынан қарсылыққа тап болды. Бұл ретте Шарль де Голль Англияның Еуропалық экономикалық қауымдастыққа кіруіне ғана емес, онымен келіссөздер жүргізуден бас тартады. Бесінші республиканың басшылары Англияның «алтылыққа» кіретін болса, ол жалпы ауылшаруашылық рыногын құру туралы қиындықпен қол жеткізілген келісімнің шарттарын орындамайтындығынан, жалпы француз жағы мүдделі болған шарттарды орындамайтындығынан қауіптенді, сондай-ақ де Голль және оның үкіметі саяси және әскери-стратегиялық себептерге байланысты қарсы болды, өйткені Англия АҚШ-пен ерекше қатынаста еді.

1967 мен 1968 жылдары де Голльдің антиағылшын «блокадасын» жоюмен Вильсон тырысқан болатын. Осылайша Франция Англияның «Ортақ нарыққа» кіру әрекеттерін басып тастады.

 

2.4 Люксембург компромисі

Экономикалық интеграциядағы генерал де Голль саясатының негізі, ЕЭҚ жүйесіне ауылшаруышылықты енгізу еді. Рим келісімінде ең алдымен өнеркәсіптік интеграция көзделсе, ал Франция мүдделі болған ауылшаруашылық интеграция мәселелері жалпы түрде қалды. Бесінші республика ауылшаруашылық өнімі үшін бірыңғай нарықты талап етеді. 1963 жылы ауылшаруашылықты «Ортақ нарыққа» енгізуде голлистер ең шиеленіскен кезенді басынан кешірген болатын.

1963 жылы мамырда Женевада Сауда мен тарифтер бойынша бас мүшелерінің конференциясы ашылады. Онда АҚШ өкілдері ЕЭҚ мүшелеріне  өнеркәсіп  тауарларына  баж  салықтарын  50%-ке темендетуді ұсынады. ЕЭҚ мүшелері оған қарсы болады. Осылай «Кеннеди раунды» атымен тарихқа кірген ұзақ тіке тірес басталады.

Шарль де Голль және оның жақтаушылары «Ортақ рыноктың» толық құрмастан, кедендік барьерлердің төмендеуі, ЕЭҚ, оның ішінде, жалпы «Еуропалық Еуропа» қалыптастыруға кедергі болады деп ойлады.

1964 жылы 15 желтоқсанда Брюссельде 1967 жылдан бастап бидай мәдениеттеріне бірыңғай бағалар туралы келісімге қол қойылды. Унификациялық бағалар бидайға, арпаға, қара бидайға орнатылды. Осылай Франция өзінің шектен тыс өнімін қымбатқа сатуға мүмкіншілік алды. Бұл тек қана экономикалық емес, сонымен қатар саяси жеңіс еді.

Алайда астыққа бірыңғай бағаларды орнату аграрлық интеграция мәселелері бойынша дауды аяқтай алмады.

Астыққа бағалардың унификациясынан кейін күн тәртібінде қаржы унификациясы мәселесі қойылды.

1965 жылы 25 наурызда ЕЭҚ Комиссиясы 1969 жылдың соңына дейін ауылшаруашылық рыногын қаржыландыру бойынша белгілі бір ұсыныстарды енгізді. 1967 жылы 1 шілдеде өнеркәсіптік және ауылшаруашылық тауарлары үшін жалпы нарық құрылуы тиіс еді. Ауылшаруашылық рынокты қаржыландыруды еуропалық фонд іске асыру керек еді. Комиссия осы фондты еуропалық парламенттің бақылауына беруге ұсынды, ал бұл осы органдардың ұлт үстіндегі сипатын арттырған болар еді. Сондықтан бұл Бесінші республика үкіметінің қарсылығын туғызды. Қауымдастықтың министірлер Кеңесінде осы мәселелерді талқылағанда «Ортақ нарықтық» үшінші және ең шиеленісі пайда болды.

«Ортақ нарықтағы» Францияның тұрақты өкілі кері шақырылады. Алғашқыда қаржы-техникалық мәселелерді шешуде пайда болған күйзеліс саяси сипатқа ие болды және ол 1968 жылдың қаңтардың соңына дейін жалғасты. «Алтылық» қандай бағытта «Мемлекеттер Еуропасы» немесе ұлт үстіндегі қауымдастық ретінде дамитыны туралы мәселе еді.

1965 жылы 9 қыркүйекте пресс-конференцияда Шарль де Голль еуропалық дамудың тұжырымдамасын мәлімдейді: «Жеті жыл бойы біз «Жалпы нарықты» құруға белсенді қатыстық, бірақ бұл әділетті қауымдастықтың болатынына сендік». Еуропалық федерацияның басқа да тұжырымдамасы бар, ол бойынша мемлекеттер өзінің ұлттық ерекшелігін жоғалтады. Ал Франция болса, конфедерация құруды ұсынады.

1965 жылғы 23 наурызда Комиссияның шешімін генерал де Голль ұлттық емес деп айыптап, шешімдерді қабылдағанда көпшілік принципінен бас тартады. 1965 жылы желтоқсанда «алтылықтың» сырткы істер министірлерінің кездесуіді 1966 жылдың қаңтар айына жоспарлаған еді. Люксембургте өткен кездесуде Нидерланды мен ГФР-ның қарсылығынан франция өз мақсаттарына жете алмады, тек 1966 жылдың 30 қаңтарында қабылданған шешімдермен қанағаттандырылуы керек болатын. Ауылшаруашылық интеграциясы мәселесі бойынша Люксембургте жұмыс бағдарламасы қабылданды. 1966 жылы 11 мамырда біріккен ауылшаруашылық саясатының қаржысын реттеу туралы келісімге қол қойылды.

1966  жылы 24 шілдеде 1967 жылы 1 маусымынан бастап Франция талап өткен маңызды ауылшаруашылық өнімдеріне жалпы бағлар орнатылатыны туралы шешім қабылданды. Батыс Еуропада голлизмнің ықпалымен алты мемлекеттің кедендік одағы құрылды.

1968 жылы қазанда француз үкіметі Брюссельде «алтылықты» нығайтуға бағытталған жоспарды ұсынады, ол тоғыз пункттерден тұрған болатын: 1) кедендік заңлықтың ғармонизациясы; 2) қауымдастықтың шеңберінде тауарларды айырбастау үшін техникалық кедергілерді жою; 3) біріккен ғылыми және технологиялық саясатты жүргізу; 4) салық саясатын және капиталдар қозғалысы туралы заңдықты қиыстыру; 5) өнеркәсіптік меншік мәселесін шешу; 6) еуропалық түрдегі сауда қауымдастық мәселесін қарастыру; 7) құқықтық мәселелрді шешу; 8)біріккен көлік саясаты; 9) біріккен энергетикалық саясаты[12].

Осылайша  кіші Еуропаның кеңею мәселелері француз басшыларының саясатында маңызды орын ала бастады.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

1960 жылдардағы еуропалық интеграциялық үрдістердің анализі көрсеткендей, оның маңызды элементтерінің бірі бірігу механизміне екі ұстаным – ұлттық және ұлт үсті – арасындағы күрес болып табылады. Голлистік Франция ұлттық суверенитетті сақтау принципін өзгеріссіз қорғады және бұл қатынаста ЕЭҚ-тың басқа мүшелеріне қарсы тұрды. Соңғылары, ең алдымен «кіші» елдер қарсы шықты. Олар өздерінің позицияларының тек еуропалық бірігудің ұлт үсті принциптерінің іске асырылуы кезінде ғана күшеюіне сенді. 1960 жылдардың ортасына қарай ЕЭҚ елдерінің өткен жолы интеграцияның ұлт үсті формаларының іскерлігін көрсетті. Сипатынша, де Голльдің 1969 жылы отставкасынан кейін Бесінші республиканың президенттері еуропалық бірлестіктің мемлекет аралық принципіне өзінің қатынасын қайта қарастырды.

Де Голльдің сыртқысаяси доктринасының ұлттық ерекшеліктері, бұрын айтылып кетілгендей, ел ұлы әлмдік держава болып табылады деген тұрақты іштей келісім болып табылады. Бұл де Голльдің «Франция тек алдыңғы қатарларда тұрған жағдайда ғана нағыз Франция болады» деп құран голлистік дәстүр болып табылады.  

АҚШ-пен салыстырғанда Франция ешқашан бір жақты гегемонизмге талпынған жоқ. Оның қауіпсіздікті қамтамасыз етуі көпполярлы әлем орнауы шеңберіндегі ұлы державалардың ұатысымен дәстүрлі қарастырылады. Бұдан Францияның жұмсақ баланстау саясатын жүргізуге дәстүрлі талпынысы және көпжақты одақтар пайдасына екіжақты одақтардан бас тартуы шығады.

Ұлттық доктринаның негізіне де Голль «ұлттық тәуелсіздік» пен «франция ұлылығы» лозунгтерін қойды.  

Шарль де Голльдің Еуропа континентіндегі жүргізген саясаты халықаралық жағдайға қатты әсер берді. Оның Батыс Еуропада Саяси одақты конфедеративті бастамалары сәтсіздікке ұшыраса да, Еуропа тарихында оның алға тұтқан концепциялары маңызды орынға ие.

«Мемлекеттер Еуропасы» атты концепциясы ұлт үстіндегі принциптерге қарсы шығып, Батыс Еуропа мемлекеттерінің саясатына маңызды өзгерістер енгізеді. 60-жылдары Франция өзінің «Жалпы нарықтағы» серіктестерімен қауымдастықтың ұйымдастырылу құрылымы үшін күресті.

Бесінші республика билеуші топтарының дипломатиялық стратегиясы осы блокта Францияның үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған.

«Мемлекеттер Еуропасын» құру жоспарлары жағдайларға байланысты өзгеріп отырғанына қарамастан, атлантикалық және батысеуропалық саясаттың негізгі мәселелері бойынша Бесінші Республиканың позицияларын анықтауда маңызды рөлді атқарады.

Осы салада ең негізгі назар ГФР-мен қатынастарға аударылды. Бұл тарихи, географиялық, экономикалық, әскери, саяси факторларымен анықталды. Батыс Германиямен ынтымақтастық орнамайынша, Бесінші Республика басшылары «Мемлекеттер Еуропасын» құрай алмады.

«Мемлекеттер еуропасы» мен «Еуропалық Еуропа» құру жобасын іске асыру аспектінде Англиямен де қатынастар ерекше назарға ие. Де Голль түрлі батысеуропалық бірлестіктерге, оның ішінде, ЕЭҚ-қа Англияның кіруіне ешқашан қарсы болған жоқ. Көптеген жылдар бойы ол Англияның «Жалпы нарыққа» кірердің алдында бірнеше шарттарды орындауын талап етті. Ең бастысы, Англия АҚШ-мен «ерекше» қатыснастарды үзуі қажет еді.

Де Голль тұсындағы Францияның және еуропалық интеграцияның арақатынасы бірнеше бағыттарда дамығанын көреміз. Еуропалық интеграцияға қатысты де Голльдің екі аспектіде жүргені анық: ЕЭҚ шеңберінде және әр мүшесімен екі жақты қатынастар негізінде.

Қорытындылай келе, әр кезде де мақсаты бір ғана болатын: Францияның бастауымен АҚШ-тан тәуелсіз конфедерация принципіне негізделген Батысеуропалық мемлекеттердің Саяси одағын құру еді.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Құжаттар, мемуарлар

 

  1. Шарль де Голль. Военнные мемуары. Т.І-М., 1957
  2. Шарль де Голь. Мемуары надежд 1958-1962. –М.-2000.

 

  1. Зерттеулер мен монографиялар
  2. Арзаканян М.К. Де Голль и голлисты на пути к власти — М., 1990
  3. Барановский В.Г. Европейское Сообщество в системе международных отношений — М., 1986
  4. Барановский В.Г. Европейская аграрная интеграция.- М.-1967
  5. Барановский В.Г. Западная Европа: Политическая и военная интеграция — М.-1984
  6. Безруков А.И. Проблемы западноевропейской интеграции.М.,1987
  7. Зубченко П.А. Европейское сообщество на пути к единому рынку.- М.-1976.
  8. Зуева К.П. Советско-французские отношения и разрядка международной напряженности (1958-1986) — М.- 1987
  9. Ибрашев Ж.У. Политическая концепция Шарля де Голля — Алматы,1971
  10. Кашлев Ю.Б. Общеевропейский процесс вчера, сегодня, завтра — М., 1990
  11. Ковалев А.А. Франция на перепутьях мировой политики — М., 1983 Н.Колосков И.А. Внешняя политика Пятой Республики — М., 1976

11.Колосков И.А.Внешняя политика современной Франции — М.1964

  1. Манфред И.А.Париж-Бонн. Франко-западногерманские отношения

во внешней политике Пятой республики— М.1970

13.Молчанов Н.Н. Внешняя политика Франции— М.1961

14.Молчанов Н.Н. Генерал де Голль—М.1988

  1. Павлова М.А. Региональная политика Франции—М.1974

16.Поляниченко М.Ю. Участие Франции в ЕЭС и положение трудящихся страны—М., 1984

17.Славенова В.П. Внешняя политика Франции.—М.1981

  1. Франция и проблема «Европейской обороны»:Научно- аналитический обзор—М.1990
  2. Чубарьян А.О. Европейскаяидея в истории. Проблемы войны и мира.-М.-1987.
  3. Шилов В.С. Политические партии и внешняя политика Франции

(1958-1969)- М., 1977

  1. Шишков Ю.В. Западноевропейская интеграция: современные тенденции развития и противоречия—М.1980

 

 

 

3.Периодикалық басылымдар

1.Богословская О.В. Де Голль и проблемы создания политического союза Европы//Вестник Московского Университета. Серия 8. История-М., 2000.

2.Макашева К.Н. Европейская политика Франции в 50-60 годы// Вестник КазГУ. Серия   международные отношения и международное право—Алматы, 1999

 

3.Окулықтар мен оқу құралдары

  1. История Франции в трех томах. Т.З — М., 1973

           2.Сироткин В.Г. История Франции: Пятая Республика.—М.1989

 

  1. Интернет желісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

 

Халықаралық қатынастар факультеті

 

Халықаралық қатынастар және Қазақстан Республикасының

сыртқы саясаты кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

Сапарбекова Қарлығаш

 

 

 

Шарль де Голь тұсындағы Францияның Еуропалық сыртқы саясаты

(курстық жұмыс)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

[1] Доктрины и концепции национальной безопасности США, Франции и Японии

http://budgetrf.nsu.ru/Publications/Magazines/VestnikSF/2000/vestniksf117-05/vestniksf117-05030.htm

 

[2] Ибрашев Ж.У. Политическая концепция Ш. Де Голля-Алматы,1971-С.101

 

[3] Колосков И.А. Внешняя политика Пятой Республики-М. 1976-С.163

[4] Арзаканян М.К. Де Голль и голлисты на пути к власти—М.1990-С.95

 

 

[5] Колосков И.А. Внешняя политика Пятой республики—М.1976-С.40

[6] Колосков И.А. Внешняя политика Пятой республики—М.1976-С.56-57

 

[7] Манфред И.А. Париж-Бонн.Франко-западногерманские отношения во внешней политике Пятой республики—М.1970-С.68

 

[8] Богословская О.В. Де Голль и проблемы создания политического союза в Европе//Вестник Московского Университета. Серия 8. История.-М.,2000-С.86

 

[9] Богословская О.В. Де Голль и проблемы создания политического сюза Европы//Вестник московского Гос.Унив. Серия8-М.,2000-С.88

 

[10] Шарль де Голь. Военные мемуары. Т.I-М., 1957-С.57

[11] Колосков И.А. Внешняя политика Пятой Республики-М.,1976-С.163

 

[12] Европейская аграрная интеграция-М.,1967-С.60

 

Тегтерreferat adalahreferat alexandru ioan cuzareferat amintiri din copilariereferat apareferat artikelreferat aufbaureferat baltagulreferat bedeutungreferat beethovenreferat beispielreferat beispiel pdfreferat bewertungsbogenreferat bildung und sportreferat biologiereferat boli ale sistemului nervosreferat carol 1referat chimiereferat chinareferat chruszczowareferat circuitul apei in naturareferat co toreferat comunicarereferat de necesitatereferat delta dunariireferat despre apareferat despre drogurireferat despre franta in francezareferat despre spaniareferat dexreferat dudenreferat efreferat ekonomska fakultetareferat engelskreferat epfreferat epf uradne urereferat examplereferat exempelreferat gabarytówreferat geografiereferat george enescureferat germaniareferat gitarrereferat gliederungreferat google translatereferat griechenlandreferat grundschule 4. klasse themenreferat haltenreferat halten beispielreferat handoutreferat haqida malumotreferat hasen plakatreferat hayerenreferat hivreferat holocaustulreferat hund 5. klassereferat ideenreferat in englezareferat ingliz tilidareferat internationales tu dortmundreferat internetreferat ion de liviu rebreanureferat istoriereferat italienreferat jak napisaćreferat jak pisacreferat jak sie piszereferat jak wygladareferat jak zacząćreferat japoniareferat jildireferat johann sebastian bachreferat mallreferat markörerreferat meaningreferat meaning in englishreferat medicalreferat mihai eminescureferat moara cu norocreferat muqovasireferat muqovasi pdfreferat pefreferat poluarea aeruluireferat przykładreferat qanday bo'ladireferat qanday tayyorlanadireferat qanday tuziladireferat qanday yoziladireferat qaraqalpaqshareferat qilishreferat queenreferat queen elizabethreferat queen elizabeth 2 englischreferat quellenangabereferat schreibenreferat schreiben musterreferat sportreferat stefan cel marereferat strona tytułowareferat strukturreferat synonymreferat wikipediareferat william shakespearereferat wolfreferat wzórreferat wzór pdfдиплом грамотадиплом құттықтаудиплом о высшем образованиидипломатдипломат этодипломатиядипломатиялық құқықдипломдық жұмысдипломмен ауылға 2023дипломная работареферат accessреферат adobe photoshopреферат aiреферат big dataреферат chatgptреферат corel drawреферат covid 19реферат docреферат docxреферат englishреферат excelреферат gptреферат htmlреферат in englishреферат javaреферат javascriptреферат microsoft wordреферат pdfреферат pdf скачатьреферат powerpointреферат present simpleреферат pythonреферат python программалау тіліреферат sqlреферат swot анализреферат web программированиереферат windows 10реферат wordреферат word скачатьреферат введениереферат введение что писатьреферат великая отечественная войнареферат видыреферат вода источник жизниреферат волейболреферат волейбол казакшареферат вордреферат вторая мировая войнареферат выводреферат за деньгиреферат заголовокреферат загрязнение атмосферыреферат заключениереферат закон архимедареферат зарубежные теории личностиреферат защита окружающей средыреферат здоровый образ жизниреферат земля наш общий домреферат значение гиперссылокреферат и его видыреферат из чего состоитреферат имеет структурные компонентыреферат информатикареферат информатика 6 сыныпреферат информатика қазақшареферат искусственный интеллектреферат исследователи моего краяреферат история развития компьютерной техникиреферат казахстан многонациональное государствореферат как делатьреферат как писатьреферат кзреферат компьютерлік техниканың дамуыреферат конспектреферат конспект примерреферат красная книга казахстанареферат курылымыреферат қазақшареферат лев толстойреферат легкая атлетикареферат легкая атлетика краткореферат легкая атлетика скачатьреферат лекарственные растенияреферат лечебная физкультурареферат листреферат литературареферат лыжная подготовкареферат лыжный спортреферат на английскомреферат на темуреферат на тему волейболреферат на тему защита окружающей средыреферат на тему казахстан многонациональное государствореферат на тему космосреферат на тему развитие компьютерной техникиреферат на тему роботы в мире техникиреферат на тему футболреферат на тему экологические проблемы казахстанареферат обзорреферат обложкареферат образецреферат образец қазақшареферат образец скачатьреферат образец школьникареферат онлайнреферат онлайн сделатьреферат описаниереферат оформлениереферат развитие компьютерной техникиреферат размер шрифтареферат расул гамзатовреферат резюмереферат резюме этореферат рефератреферат роботреферат роботтар техника әлеміндереферат роботы в мире техникиреферат русский языкреферат тақырыбыреферат тақырыптарыреферат темареферат титулкареферат титулка қазақшареферат титульный листреферат титульный лист казахстанреферат титульный лист қазақшареферат титульный лист скачатьреферат түрлеріреферат углеводыреферат уголовное правореферат уикипедияреферат улгиреферат улгісіреферат улкенге курмет кишиге изетреферат умный домреферат университетреферат уход за теломреферат физикареферат физика 7 классреферат физика казакшареферат физкультурареферат фонреферат формареферат форма обученияреферат фотореферат футболреферат футбол казакшареферат химияреферат химия 7 сыныпреферат химия казакшареферат хиуаз доспанова қазақшареферат хімічний склад і використання мінералівреферат хоблреферат хоккейреферат холерареферат христианствореферат хронический панкреатитскачать реферат