Иманғали Тасмағамбетов ОДКБ-нің бас хатшысы қызметінен кетеді

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ОДКБ) Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов 2025 жылдың соңында өкілеттік мерзімі аяқталған соң қызметінен кетеді. Бұл шешім 27 қарашада Бішкекте өтетін Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысында ресми түрде рәсімделеді. Сол сессияда мүше мемлекеттер 2026–2029 жылдарға арналған жаңа басшыны анықтайды, деп хабарлайды Altyn-orda.kz.
ОДКБ-ні басқарған кезеңде Тасмағамбетов өңірлік қауіпсіздік, терроризмге қарсы іс-қимыл, заңсыз көші-қон және есірткі тасымалына қарсы күрес мәселелеріне ерекше назар аударды. Оның еңбегі ұйымға мүше елдер тарапынан жоғары бағаланып, Қырғызстанда ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін «Достук» орденімен марапатталды.
Иманғали Тасмағамбетов ОДКБ-нің бас хатшысы қызметін 2023 жылғы 1 қаңтардан бері атқарып келеді.










