Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ Бас хатшысы қызметіне кірісті

Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы қызметіне кірісті. Бұл туралы ҰҚШҰ сайтында жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешімімен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Бас хатшысы қызметіне үш жыл мерзімге тағайындалды», — делінген ҰҚШҰ сайтында.
Еске салайық, 2022 жылғы 23 қарашада Ереванда ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысушылар ұйымның Бас хатшысы қызметіне Иманғали Тасмағамбетовты тағайындау туралы шешім қабылдаған болатын.
