Иордания Королі ресми сапармен Астанаға келді

Иордания   Абдалла II бен аль-Хусейн ресми сапармен Астанаға келді. Оны халықаралық әуежайда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды, деп хабарлайды Altyn-orda.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапардың басты мақсаты – екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылайды.

Назар аударарлық шаралардың бірі – қазақстандық-иорданиялық бизнес-форум.

Онда екі елдің іскер топтары бас қосып, бірлескен жобаларды жүзеге асыру және инвестиция тарту мәселелерін қарастырады.

Сапар аясында бизнес, технология және мәдени алмасу салаларында жаңа мүмкіндіктер ашатын бірқатар келісімдерге қол қойылуы күтілуде.

Иордания монархының бұл сапары Астана мен Амман арасындағы тұрақты диалог пен саяси түсіністіктің нығая түскенін айқындайды.

Altyn-orda.kz

Фото shyndyk.kz  алынды