Иран Президенті Астанаға ресми сапармен келеді

Иран Президенті Масуд Пезешкиан 2025 жылдың 10–11 желтоқсанында Астанаға ресми сапар жасайды, деп хабарлайды Altyn-orda.kz.
Сапар аясында Иран басшысы Қазақстан Президентімен және үкіметтің жоғары лауазымды өкілдерімен келіссөздер өткізеді. Тараптар екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқыламақ — сауда, экономика, көлік, логистика және энергетика бағыттары негізгі назарда болады.
Кездесудің басты тақырыптарының бірі көлік дәліздерін дамыту және халықаралық логистикадағы Қазақстан мен Иранның рөлін күшейту болмақ. Сонымен қатар аймақтық қауіпсіздік пен халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралады.
Сапар қорытындысы бойынша екі ел арасындағы саяси және экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған бірқатар келісімдерге қол қою жоспарлануда. Қазақстан мен Иран бұл сапарды стратегиялық серіктестікті тереңдетуге жасалған маңызды қадам деп бағалайды.










