Иранда хиджаб кимеген әйелдердің банк шоттары бұғатталуы мүмкін

Иран билігі хиджаб кимейтін ирандық әйелдердің банктік есепшоттарын бұғаттай бастауы мүмкін, деп хабарлайды РИА Новости Donya-ye Eqtesad басылымына сілтеме жасап. «Хиджаб кимейтіндерге алдымен смс хабарлама арқылы ескерту жіберіледі. Смс хабарламадан кейін ескерту кезеңі бар, содан кейін үшінші кезеңде хиджаб кимеген адамның банктік шоты бұғатталуы мүмкін», — дейді Иран парламентінің мәдениет комитетінің мүшесі Хосейн Джалали.
Сондай-ақ Джалали елдегі тәртіпсіздіктердің күшеюі мен бұзақылар және хиджаб кимейтін әйелдер санының артуы арасындағы тікелей байланысты атап өтті. Оның сөзінше, толқулар тоқтаса, екі фактор бойынша да көрсеткіштер төмендейді. Джалалидің айтуынша, бір-екі аптадан кейін тәртіпсіздіктер аяқталып, «ирандық әйелдердің жүзіне орамала қайта көрік бере бастайды».
