«Итсіңдер!»: Желіде мәжіліс отырысынан шыққан шенеуніктің журналистерді балағаттаған видеосы тарады
Желіде мәжіліс отырысынан шыққан шенеуніктің журналистерді балағаттаған видеосы тарады. |
ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі Мейрамбай Кемаловқа сауал қоюға келген тілшілерге «итсіңдер!» деп жекіген сәті видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Мәліметтер бойынша Бас прокурордың көмекшілерінің бірі «кет дегенде ит те кетеді» деген.
Видеодан ақ жағалының «Итсіңдер! Барыңдаршы! Адам туалетке кірмей ме?» деп журналистерден сытылып кетуге тырысып жатқанын көруге болады.
Аталған видеоны желіге белгілі блогер Жан Ахмадиев жүктеді.