«Қай еңбегі үшін?”: Бүркіттің жары Аиша “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталды

Танымал әнші Бүркіттің жары Аиша “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бүркіт лақап атымен танылған Айбек Жансейтов жақсы жаңалығын Instagram парақшасында бөлісті.

“Сүйінші! Аиша қыздарыңыз бүгін Қазақстан Республикасының “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталды. Махаббаттарыңыз үшін үлкен рахмет! Сенімдеріңізге алғыс білдіремін. Қуанышымда шек жоқ!”, – деді әнші. 

“Құттықтаймын, жастарға керемет үлгісіздер”, “Құтты болсын, сол төсбелгісіне лайық жан”, “Өте мейірімді, ақкөңіл жан, марапатына әбден лайық”, “Не үшін, қай еңбегі үшін, жауап жоқ”, “Өзі де ұялатын сияқты”, “Іштеріңіз күйсін, әбден лайық”, – деп таласты пікір қалдырушылар. 


Еске салсақ, бұған дейін Бүркіт Аишаныңне себепті қазақша сөйлемейтінін түсіндірген еді.