«Қайрат» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты

Алматының «Қайрат» футбол клубы сенсациялық түрде Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне өтіп, Шотландияның «Селтик» клубын пенальти сериясында жеңді, деп хабарлайды Altyn-orda.kz.

27 тамызға қараған түні Алматыда өткен матч негізгі де, қосымша уақыт та голсыз аяқталды. Қазақстандық клубқа жеңісті 3:2 есебімен түйінделген пенальти сериясы сыйлады. Қақпашы Темірлан Анарбеков бірнеше соққыны қайтарып, кездесудің басты қаһарманы атанды.

Чемпиондар лигасының бұрынғы жеңімпазы әрі басты фаворит саналатын «Селтик» өз басымдығын пайдалана алмады. «Қайраттың» топтық кезеңге жолдама алуы — соңғы жылдардағы қазақстандық футболдағы ең ірі жетістіктердің бірі саналады.

Altyn-orda.kz