Қайрат футбол клубы қала бюджетінен қанша ақша алатыны белгілі болды

Ашық деректерге қарасақ, клубқа жыл сайын жүздеген миллион теңге бөлінеді. Бұл ақша Алматы қаласының бюджеті, яғни салық төлеушілердің қаржысы деп хабарлайды Altyn-orda.kz

Клубтың иесі — кәсіпкер Қайрат Боранбаев. Сондықтан көп адамда заңды сұрақ туады:

жеке меншік футбол клубы неге бюджет есебінен қаржылануы керек?

Әкімдік бұл ақшаны:

  • балалар футболын дамытуға,

  • футбол академиясына,

  • қаланың атын шығаратын жобаларға

    бөлеміз деп түсіндіреді.

Бірақ мәселе мынада:

қарапайым халық ақша нақты қайда жұмсалып жатқанын толық көрмейді.

Қанша бөлінді, не істелді, нәтижесі қандай — бұл жағы ашық айтылмайды.

Сондықтан сын айтушылардың пікірі қарапайым:

егер клуб жеке бизнес болса, онда ол демеушілер мен өз табысына өмір сүруі керек. Ал бюджет қаржысы барынша ашық, есеппен жұмсалуы тиіс.

Қысқасы, «Қайрат» — Алматының бренді. Бірақ сол брендке бөлінетін халық ақшасы қоғамға түсінікті әрі ашық болуы керек.