«Қайрат» – «Реал» матчының билеттерін заңсыз сату дерегін ІІМ тексеруге дайын

Ойыннан кейін қазақстандықтар әлеуметтік желілерде билеттердің алдын ала бір қолға жаппай сатылып, кейін бірнеше есе қымбат бағада қайта сатылғанына жаппай шағымдана бастады деп хабарлайды  Altyn-orda.kz

Ішкі істер министрінің орынбасары ,бұл жағдайдан хабарсыз екенін айтты   . Атап өтілгендей, кейбіреулер 50 билетке дейін алып, оларды тым жоғары бағамен сатқан, ал ресми түрде билеттер жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) арқылы сатылған еді.

«Осыған байланысты біз тексеру жүргізуге дайынбыз, бірақ ол үшін міндетті түрде ресми шағым түсуі қажет. Шағым түскен жағдайда тексеріс өткізіп, процессуалдық шешім қабылдаймыз.

Әзірге ондай шағымдарды көрмедім, дегенмен біз тексеру шараларын міндетті түрде жүргіземіз», – деді ол.

Сурет offside.kz  сайтынан алынды