«Қайраттың» жас қақпашысы «Реалға» қарсы ойыны үшін автокөлікке ие болды

18 жастағы қақпашыға құрмет: «Қайраттың» Шерхан Қалмұрза «Реалға» қарсы ойыны үшін автокөлік алды

Алматылық «Қайраттың» 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмұрза мадридтік «Реалға» қарсы өткен ойында әлеуметтік желілердің нағыз қаһарманына айналды.

Оның ойыны жанкүйерлердің ғана емес, бизнес қауымдастықтың да назарын аударды: қазақстандық кәсіпкер Ұлықбек Шәріпов жас спортшының қайсарлығы мен болашағына сенім білдіріп, оған автокөлік сыйлады, деп жазады Altyn-orda.kz.

Кәсіпкердің бұл қадамы әлеуметтік желілерде кең қолдау тапты. Пайдаланушылар Шәріповтің жомарттығын ғана емес, сонымен қатар жас футболшыға көрсеткен рухани қолдауын ерекше атап өтті.

Оқиғаға деген ерекше назардың артуына «Реалдың» Алматыға жасаған сапары мен испан клубы жариялаған қаланың көрікті жерлері туралы вирусқа айналған бейнероликтері де әсер етті.

Бұл роликтер ондаған миллион қаралым жинап, Қазақстанның спорттық дипломатиясында күтпеген, бірақ маңызды рөл атқарды.

Әлемнің ең мықты клубтарының бірімен болған кездесуде «Қайраттың» жеңілісі    жанкүйерлерінің көңіл күйін тұсірмеді бұл ойын қазақстандық футбол үшін жаңа кезеңнің символына айналды. Ал Қалмұрзаға қатысты оқиға — жеңілістің өзі де үлкен өрлеудің бастамасы бола алатынын еске салды.

Altyn-orda.kz