Қандай елдер БРИКС-тің жаңа мүшелері болады?
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, БРИКС қауымдастығы (мемлекетаралық бірлестік, бес мемлекеттің альянсы: Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка. – Ескерту) 5 мемлекетті қамтиды, деп хабарлайды Altyn-orda.kz UOL сайтына сілтеме жасап.
Жақын арада ұйымға Аргентина, Иран, Сауд Арабиясы, Мысыр және Біріккен Араб Әмірліктері кіреді, дейді басылым.
Порталдың мәліметінше, елдерді таңдауда географиялық аспект басты фактор болған. Дәл осы белгінің негізінде басқа Африка елінің ұйымға кіруіне рұқсат етілген.
Бұған дейін Тоқаевтың БРИКС отырысында сөз сөйлейтіні хабарланған болатын.
Altyn-orda.kz