Қар тазалаушыларға көмектескен павлодарлық балақай көпшіліктің жүрегін елжіретті (видео)

Әлеуметтік желіде кішкентай баланың коммуналдық қызметкерлерге қар тазалауға көмектесіп жатқан видеосы тарап, желі қолданушыларын сүйсіндірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Балақайдың өзіне сай кішкентай күрекпен қарды көлікке лақтырып жатқан сәті бейнеленген видео Instagram-дағы «Типичный Павлодар» парақшасында пайда болды.

Баланың қылығына сүйсінген жұрт жарыса пікір қалдырып, оған осындай тәрбие берген ата-анасына алғыс айтуда.

«Қандай сүйкімді. Осылай еңбек етсе, алысқа барады. Күректі дұрыс ұстап тұр», «Жарайсың, балақай. Дұрыс тәрбие», «Ата-анасына алғыс айту керек, қандай адамды тәрбиелеп жатыр. Бұл солардың еңбегі», «Бала сияқты ойнап жүрген жоқ. Кәдімгідей еңбектеніп жүр», «Біздің болашақ әкім», — деп желідегілер түрлі пікір қалдырған. Белгілі болғандай, видеодағы балақай 3 жастағы Павлодар қаласының тұрғыны Адам Бондаренко. Оның еңбегін Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзаипов та назардан тыс қалдырмай, бүлдіршінге ойыншық сыйлаған. «Бірнеше күн бұрын Instagram әлеуметтік желісінде кішкентай қала тұрғынының күрекпен қарды тазалап жатқан әсерлі бейнеролигі жарияланған болатын. Павлодарлықтар баланың еңбекқорлығын, оның ересектерге көмектесуге деген ұмтылысын ерекше бағалады. Мен де өз кезегімде Адамның ата-анасына ұлына беріп жатқан тәрбиесі үшін шын жүректен алғысымды айтамын. Еліміздің болашағы осындай еңбекке құштар бүлдіршіндердің қолында екеніне сенімдімін», – деп жазды

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Типичный Павлодар (@ti.pavlo)

kaz.nur.kz