Қарақат Әбілдинаны туған күнімен ерекше құттықтаған ұлы Бекболат көпті сүйсінтті

Бекболат Болманов анасын туған күнінде қуантпақ болып, күтпеген тосын сый жасады. Қарақат Әбілдина ұлының ерекше құттықтаған сәтін әлеуметтік желідегі парақшасына  жариялады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасған  altyn-orda.kz

Шарларға анасының суреттерін іліп, бір құшақ гүлмен қарсы алған Бекболат анасына Мирас Жүгінісовтің “Мама” деген әнін арнады.

“Жүрегім, баға жетпес байлықтарым менің! Құлыншағым сол. Дауысыңнан айналайын”, – деп жазба қалдырды әнші.

Оқырмандары Қарақатты туған күнімен құттықтап, ақ тілектерін арнады. Ал жұлдызды жұптың тұңғышы Бекболат өзінің бұл әрекетімен көпшілікті тәнті етті. 

“Осындай әдемілікті қыздан бұрын анасына жасаған ұлдан айналдым”, “Қандай керемет құттықтау”, “Бақытты әйел, бақытты ана”, “Кез-келген ана армандайтын әсерлі сәт”, “Дауысы неткен әдемі”, “Балалардың құттықтағанына не жетсін?! Ғұмыр жасыңыз ұзақ болсын”, – деп жылы лебізін арнады желідегілер.