Қарлығашым, кеттің бе? Алматының құсы Кенияда қыстап жатыр

Кения экологтары Орталық Азияның қақ ортасынан – Алматыдан ұшқан тірі қарлығашты тапқанын айтты. Бұл туралы El.kz ақпарат агенттігі жариялады деп хабарлайды altyn-orda.kz
«Біз жаңа ғана Нгулияда «Қазақстан. Алматы» Бұл шамамен 6000 км! Сериялық нөмірі L31677» деп жазылған сақинасы бар жас қарлығашты ұстадық. Мен егжей-тегжейлі бөлісуді асыға күтемін!» деп жазған A Rocha Kenya қорының экологтары.
Мысалы, Қазақстанның қырандары Меккеде қыстай алса, қоқиқаздар Ауғанстан мен Египетке ұшады. Ал қолға әрең сыйатын кішкентай қарлығаштың жер шарының жартысын ұшып өтуі керемет көрінеді.
