«Қашан тұрмысқа шығасың?» деген сұрақты қыздарыңызға қоймаңыздар – Дина Төлепберген

Бастысы – жақсы білім беріп, жарқын өмірге ұмтылу. Ал бақыттың кілті өздігінен табылады.

Танымал тележүргізуші әрі журналист Дина Төлепберген қыз тәрбиелеп отырған ата-аналарға кеңес берді, деп хабарлайды Altyn-orda.kz  Skifnews.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Ол бұл сөздің өзі үшін бір ұранға айналғанын атап өтті.

«Өтініш, қыздарыңызға «Қашан тұрмысқа шығасың?» деген сұрақ қоймаңыздар! Осы ұстанымды ұстануларыңызды шын жүректен сұраймын. 

Меніңше, әр ата-ана қызының өзі отбасын құруға дайын болған кезде ғана шешім қабылдауын күтуі керек. Ең маңыздысы – білім беру, жақсы өмірге талпыну. Сонда бақыттың кілті өзі-ақ табылады», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.