“Қазағым”, “жаным” деп сүйіп жатыр” — Халық солтүстікке келген қандастарды қарсы алды
Ауғанстан, Қытайдан Солтүстік қазақ топырағына, Кереку өңіріне, қоныс тіккен қандастарымызды жергілікті бауырлары құшақ жая қарсы алды. Олардың басты мақсаты — солтүстікті түбегейлі қазақтандырып, шекаралық аудандарды нығайту, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Әлеуметтік желіде солтүстіктегі қазақтың үлесін арттырып, қазақ тілінің тұғынын нығайтуды көздеген қазақтарды қарсы алған бауырдардың бейне-дерегі тарады. Елге жеткен қанжастардың жаңа легі жайлы қоғам белсендісі Бурахан Дақанов жазды:
— Ауғаннан келген қандастарды құшақ жая қарсы алған Павлодарлық жігіттер. Жарайсыңдар. Әр Қазақ менің жалғызым. Елге ел қосылса құт демекші, мына азаматтың 10 баласы бар екен. Осы жігіт секілді 100 қазақ келсе 1000 бала. Ғажап емеспе?
Жазбаны барынша таратып жіберуіңізді сұраймын. Көшке көмегіңіз болсын.
«TAUEKEL». Теріскей бізге аманат, — деп жазды автор.
Қазақтың ортасына оралған қандастарға көпшіліктің ықылас-пейілі айрықша. Олар елге елдің қосылуын құтқа балап, ерекше қуанып жатыр.