Қазақ асханасы Париждегі гастрономиялық фестивальде дебют жасады

Әлемнің гастрономиялық астанасы — Парижде алғаш рет өткен «Столға !» атты гастрономиялық фестивальде қазақ асханасы жарқын дебют жасады. Баурсақ, палау мен самса — Францияның ең танымал аспаздарын таңғалдырды.
Қазақстан павильоны кәсіби мамандар мен мереке қонақтарының ерекше қызығушылығын тудырды, деп хабарлайды Altyn-orda.kz.
Фестиваль 20 елдің асханаларын біріктіріп, нағыз дәм мен мәдениеттің мерекесіне айналды. Қазақстан павильонының басты ерекшелігі — алаңның дәл ортасына тігілген нағыз киіз үй болды. Бұл көптеген француздар үшін күтпеген жаңалыққа айналды.
«Бұл керемет. Біз жаңа әрі қызықты аспаздық мәдениетті таныдық. Парижде осындай тағамдар ұсынатын мейрамхана ашу керек — табысқа кепілдік бар», — деді Les Toques Françaises гастрономиялық қауымдастығының президенті Патрик Дрюар.
Тағамдардан дәм тату ғана емес, қонақтар ұлттық домбырамен орындалған дәстүрлі қазақ музыкасын тыңдап, ерекше атмосфераға бөленді — әуен киіз үй жанында да, сахнада да шырқалды.
«Біздің тағамдар арқылы тек дәм емес, халқымыздың мәдениетін де жеткізгіміз келеді. Әр тағамның негізінде ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлер жатыр», — деді Қазақстан Республикасының Франциядағы елшілігінің бас аспазы Игорь Иванов.
Француз қонақтар беймәлім тағамдарды қызығушылықпен байқап, олардың ерекше әрі бай дәміне жоғары баға берді. Баурсақ пен палау атауы қиын есте қалса да, дәмі ұмытылмас әсер қалдырды.
Дереккөз: 24.kz
Қазақстан мұғалімдері жасанды интеллектіні меңгеруде
08.11.2025, 10:51Тоқаев Вашингтонда қазақстандық студенттермен кездесті
06.11.2025, 20:15Қазақстанда 10 жаңа су қоймасы салынады
05.11.2025, 13:50
Соңғы жаңалықтар
-
Қазақстан мұғалімдері жасанды интеллектіні меңгеруде
08.11.2025, 10:51 -
Тоқаев Вашингтонда қазақстандық студенттермен кездесті
06.11.2025, 20:15 -
Қазақстанда 10 жаңа су қоймасы салынады
05.11.2025, 13:50 -
Жамбыл облысында оқушылар әкімдік ғимаратында оқып жүр
04.11.2025, 11:25 -
Қазақстандық оқушылар робототехникадан әлем чемпионы атанды
03.11.2025, 10:23
Үздік жаңалықтар
-
Тина Канделаки Қазақстанға кіре алмайды – ҚР СІМ ресми өкілі
22.01.2024, 13:17
Біз туралы
Altyn-orda.kz сайты 2009 жылдың қазан айынан бастап жұмыс жасауда. Біз 13 жыл бойы еліміздегі және әлемдегі маңызды ақпараттарды таратудамыз.
Материалды көшіріп басу кезінде Altyn-orda.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.
Бізбен байланыс
Телефон: +7 707 590 77 27
Email: smaleev59@mail.ru










