Қазақ балуандары жастар арасындағы Азия чемпионатында екі алтын жеңіп алды

Қазақ спортшылары Бішкекте өткен грек-рим күресінен жастар арасындағы Азия чемпионатында төрт медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Altyn-orda.kz.

📸 Фото: olympic.kz

Өз салмақ дәрежелерінде Темірлан Турдақын (87 кг дейін) мен Диас Сейітқалиев (82 кг дейін) алтын медаль иеленді.

Күміс медаль — Омар Дюсенбекке (77 кг дейін), ал қола — Мұсан Ерасылға (55 кг дейін) бұйырды.

Қазақстан құрамасы құрлықтық деңгейде өз мықтылығын тағы бір дәлелдеді.

Altyn-orda.kz