Қазақ дәстүрінде бетті тұмшалау деген нәрсе жоқ — Нұрлан имам хиджап туралы айтты

Көпшілікке Нұрлан имам есімімен танымал Нұрлан Асанов сұхбатында хиджап ұғымына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Kznews.kz порталы  Arbat.media сайтына сілтеме жасап.

Динара Сәтжанмен сұхбат кезінде Нұрлан имам хиджаптың қазақ халқына қатысты байланысын түсіндіріп берді.

Бізде хиджап деген сөз болмады. Бірақ орамал, кимешек деген сөздер бар. Әжелеріміз соны киіп жүрді. Әйел адамның басында орамал болуы керек. Бірақ көзіне дейін қап қара қылып жабу біздің салт-дәстүрімізге сай келмейді. Біз оны ашық айтамыз. Ол кейбіреулерге ұнамай жатыр. Бірақ қазақ дәстүрінде бетті тұмшалау деген нәрсе жоқ. Ұзын етекті көйлек, камзол болған. Ол біздің жолымыз. Біз осындаймен дараланған елміз. Біз соған қайтып келуіміз тиіс. Қап-қара болып киініп, қара қолғап киіп, көзіне дейін қара көзілдірікпен жабу бұл жақсы нәрсе емес. Бұл еліктеушіліктен туған нәрсе. Біз осыны қоюымыз керек, — деді Нұрлан имам Асанов.

Сонымен бірге ол жастардың тым еліктегіш екенін алға тартты. Соңын салдарынан олар ата-баба ұстанған дін жолынан басқа бағытқа кетіп қалатынын

Халқымыздың діни сауаты әртүрлі. Белгілі бір деңгейде деп айта алмаймын. Қызығушылық бар. Олардың көбі жастар. Сол үшін біз өзіміздің дініміз ислам екенін біле отырып, ата-бабамыздың салтынан кетпеген дәстүрлі исламды сақтап қалуымыз керек. Ол жолда ұлтымыздың ғасырдан бойы қалыптасқан дәстүріменен салды дінмен бірге байланысып жүру керек. Яғни, бұл жерде исламнан басқа жол деп түсіндіреді бір бауырлар. Бірақ олай емес. Дінді ұстау үшін біздің ата бабамыз өзінше бір салт-дәстүрмен жанастырып ұстап келді. Ол бізге жақсы сінді. Біз сол жолды ұстауымыз керек. Өйткені әр халықтың өзінің дәстүрі жолы бар. Белгілі бір мақсатқа жету қиыншылығы бар. Соны түсіне білу керек. Қазақтың рухын тек қазақ түсінеді. Біз басқа ұлттарға еліктемеуіміз керек. Себебі, олардың салттық дәстүрі бар, — деді имам.

Бұдан бөлек, имам радикалды ағымның салдары елімізде зардап шектіргенін де ерекше атады. Алайда қазіргі уақытта кешенді жұмыстардың нәтижесінде оның алдына тосқауыл болғанын жеткізді.

Әлбетте бұл өте қауіпті нәрсе. Біз осыған дейін бірнеше лаңкестік оқиғаны бастан кешірдік. Алматы, Ақтөбеде болған жағдайлар оны анық көрсетті. Бұл келешек үшін өте қауіпті. Біз осы нәрсемен күресіп келдік. Бұған себеп, оған дейін жүйелі жұмыс болмады. Әркім өзіне тартып жұмыс істей берді. Ортақ жүйе, мүдде болмады. Қазір мемлекет бұны жолға салып жатыр. Оқиғға оның құқықтық негіздемесін арнайы мекемелер бере жатыр. Шариғатта ешкімнің қанын төгуге болмайды. Ол қасірет. Өкінішке қарай ондай нәрселер бар. Ол нәрселер ақталмайды, — деді Нұрлан имам.