Қазақ тазысы халықаралық деңгейдегі жетістікке жетті: Тоқаев айтулы жеңіспен құттықтады

Хельсинкиде өткен “World Dog Show 2025” дүниежүзілік көрмесінде алғаш рет әлемге ресми түрде таныстырылған қазақ тазысы жүлделі орындарға ие болды
Қасым-Жомарт Тоқаев осы қуанышты жаңалыққа орай Қазақстан кинологтер одағына құттықтау жеделхатын жолдады.
Осыған дейін қазақ тазылары Хельсинкидегі Дүниежүзілік иттер көрмесінде әлемге таныстырылғаны туралы жаздық.
Дүниежүзілік іс-шараға Қазақстан делегациясы қатаң талап бойынша іріктелген әрі халықаралық деңгейде өнер көрсетуге барынша үйретілген 8 тазыны апарған. Әлемнің әр түкпірінен келген 25 000 үздік иттің ішінде қазақ тазылары FCI ұйымында тіркелген дербес ит тұқымы ретінде тұңғыш рет жұрт назарына ұсынылды.
