«Қазақ тек сәукеле киетін»: Бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкембайдың жас әйелі көпшіліктің сынына ұшырады

Бокстан әлем чемпионы атанған Санжар Тәшкенбай жақында  тойын дүркіретіп өткізді, деп жазды KYN.KZ тілшісі.

Жас спортшының жүрегін Түркістан  облысы, Шәуілдір елдімекенінің тумасы Аяулым есімді аруға түскен. Тойда боксшының достары, бокстан еліміздің танымал былғары қолғап шеберлері төбе көрсетті. 

Әйтсе де қалыңдық көпшіліктің көңілінен шықпай қалса керек. Желі қолданушылары:  «Басқаларға еліктегенді қашан қоямыз» ,»Қазақ тек сәукеле киетін, мынау басқа қазақ», «Оранып, қымтанып не болды сонша қазіргі қыздарға? Ата-бабаларымыз оранбай-ақ өсті ғой», «Жас қыздарға мынадай орамал жараспайды екен», «Бұл орамал қазақтың дәстүрінен емес,  осыны жастар қашан ұғады екен», деп ойларын ортаға салды.