Қазақ тілі ғана мемлекеттік және ресми тіл болуы тиіс — Арман Шораев
Қоғам қайраткері әрі кәсіпкер Арман Шораев «Тіл туралы» заңға өзгеріс енгізуді талап етті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады»деген мәтінді алып тастауды сұраймын. Қазақ елі аумағында тек қазақ тілі мемлекеттік және ресми тіл болуы тиіс деп санаймын»,—деді ол.
Сондай-ақ белсенді басқа азаматтарды да акцияға қосылуға және қолдауға шақырды.