Қазаққа тіл тигізген қарағандылық әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Әйелдің қазақтарды балағаттауы чат рулеткасына жазылып қалған. Әйелдің Қарағанды қаласында тұратыны белгілі болды деп хабарлайды altyn-orda.kz
«Бейнежазбаны полиция зерттеді. Осы факті бойынша ағымдағы жылдың 24 маусымында 45 жастағы қала тұрғыны анықталды, оған қатысты ҚР ҚК 174-бабы (әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. Тергеу шаралары жүргізілуде», — деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қарағандылық келіншек балағат сөздер айтқан ,болжам бойынша, әйел Грузия азаматымен сөйлескен. Тараптар Украина тақырыбын, Қазақстанның Ресейге қосылу мүмкіндігін талқылады.
