“Қазақпыз дегенде жылап жібердік»: апаттан тірі қалған қырғыз азаматының видеосы тарады (ВИДЕО)
Ақтауда апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының жолаушыларының бірі, Қырғызстан азаматы болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Altyn-orda.kz Bugin.kz порталына сілтеме жасай отырып
Видеоны мына сілтемеден көре аласыз.
24.kz телеарнасының мәліметінше, ер адамның аты – Эрлан Жүнісәлиев. Оның денесінде сынған, көгерген жерлер бар.
Жәбірленуші ұшақ апатынан кейін оқиға орнына қазақстандық құтқарушылар келгенін айтты. Ол кезде жолаушылар ұшақ қай жерге құлағанын білмеген.
«Қатты соққы болды. Есімнен танып қалдым, сондықтан құтқарушылар қашан келгенін түсінбеді», — деді қырғызстандық.
Оның айтуынша, ұшақ аударылып кеткен, сондықтан жолаушылар шалқасынан жатқан. Құтқарушылар зардап шеккендердің қауіпсіздік белдіктерін босатып, шығарып алған.
«Бізді шығарғаннан кейін «кімсіздер?» деп сұрадық. «Қазақпыз» дегенде жылап жібердік. Біз басқа елдеміз деп ойладық», — деді ер адам.