«Қазақша әнді өз үйіңде тыңда»; Көкшетауда сот барбершоптағы жанжалдан кейін әйелді сегіз тәулікке қамауға үкім шығарды (Видео )

Көкшетауда сот барбершоптардың бірінде болған жанжалдан кейін әйелге сегіз тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындады.
Іс материалдарына сәйкес, келуші әйел ғимарат ішінде ойнап тұрған қазақша музыканы өшіріп тастаған. Осыдан кейін ол қазақ әндеріне қатысты қорлайтын сөздер айтып, қызметкерге мұндай әндерді тек үйде тыңдау керек екенін мәлімдеген.
Сот әйелді ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған сегіз тәулік мерзімге әкімшілік қамау жазасын тағайындады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram










