Қазақстан Еуразияның басты көлік көпіріне айналуда

Душанбедегі «Орталық Азия — Ресей» саммитінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орта дәлізді өңірлік саясаттың негізгі бағыты ретінде атады, деп хабарлайды Altyn-Orda.kz.
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан Еуразияның жаңа логистикалық жүйесіндегі басты буынға айналып келеді. Ел аумағы арқылы Азия мен Еуропа арасындағы құрлықтық жүктің 85 пайызы өтеді.
Тоқаев халықаралық банктер мен қорлардың қатысуымен инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыратын бірлескен инвестициялық платформа құруды ұсынды.
Президент Орта дәліздің цифрлық трансформациясына ерекше назар аударып, электронды кеден мен бірыңғай цифрлық платформаны енгізуді ұсынды. Бұл шаралар тасымал уақытын қысқартып, қауіпсіздікті арттыруға бағытталған.
— «Орта дәліз тек нарықтарды емес, технология мен білімді байланыстыратын цифрлық көпірге айналуы тиіс», — деді Тоқаев.
Сонымен қатар, Қазақстан су және жер ресурстарын бақылауға арналған өңірлік онлайн-платформа құруды жоспарлап отыр.
Altyn-Orda.kz










