Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасарлары тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Акбаржон Исмаилов және Аурика Дяк Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында. Сонымен қатар мемлекет басшысының өкімімен бұрын осы лауазымды атқарған Тауфик Каримов және Наталья Дементьева қызметінен босатылды.

Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасарлары болып тағайындалған Аурика Дяк педагогикалық білім алған. 1993 жылдан бері кәсіпкерлікпен айналысады. 1997 жылдан бастап құрылыс саласындағы тауарларды сатумен айналысқан.

Аурика Дяк бірнеше жыл бойы Павлодар облысы бойынша Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының төрағасы және Қазақстан халқы ассамблеясының «Буковина» румын-молдаван этно-мәдени бірлестігінің төрағасы болып қызмет атқарған.

kaz.nur.kz

 

ТегтерАссамблея