«Қазақстан халқы» қоғамдық қорының төрағасы Болат Жәмішев қызметінен кетті

«Қазақстан халқы» қоғамдық қорынының төрағасы Болат Жәмішев қызметінен кетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қордың Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды деп жазады  Altyn-orda.kz 

«Қазақстан халқы» қоғамдық қорын үш жыл бойы басқарған Болат Жәмішев қызметінен кетті. Ол бұл қызметке 2022 жылдың қаңтарында тағайындалған болатын. Басқарма төрағасы болып сайланған өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Болат Жәмішев қордағы жұмысын аяқтау туралы шешім қабылдады.

Басшылық жасаған кезінде Болат Жәмішев қордың қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосты. Қордың қайырымдылық жобалары денсаулық сақтау жүйесін дамытудың, ауылдағы білім беру мен елдегі әлеуметтік қолдаудың, жаңа стандарттарды белгілеудің және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын түбегейлі өзгертудің драйверіне айналды», — делінген хабарламада.

Өз кезегінде Болат Жәмішев қордың бастамаларын қолдаған барлық жанға алғысын айтты. «Қорда жұмыс істеу мен үшін үлкен мәртебе және жауапкершілікті іс болды. Қор қызметінде біздің бастамаларымызды қолдағандардың барлығына шын жүректен алғыс айтамын.

Біз бірігіп айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік және қордың жаңа басшылықпен өз дамуын жалғастыра беретініне сенімім мол. Барлық серіктестерге, донорларға және қызметкерлерге ортақ игі ісімізге қосқан үлесі үшін алғыс айтамын», — деді Болат Жәмішев.

kaz.nur.kz

Фото: «Самұрық Қазынаның» ресми сайты