Қазақстан халық партиясы Арман Шораевты сотқа берді

Қазақстан халық партиясы (бұрынғы Қазақстан Коммунистік Халық партиясы) қоғам қайраткері, мәжіліс депутаттығына кандидат Арман Шораевты сотқа берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Nege.kz сайтына сілтеме жасап.

«Нұрия Балтабайқызының арызымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 104-бабына сәйкес (кандидаттар, саяси партиялар туралы көрiнеу жалған ақпарат тарату) Шораев Арман Төлегенұлын әкiмшiлiк жауапкершілікке тарту туралы арызы бойынша іс жүргізу қабылдансын», – делінген дереккөз жариялаған сот шешімінде.

Істі талқылау 6 наурызға белгіленген.

«Қазақ коммунистік демократиясының атасы» Ермұхамет Ертісбаев бастаған коммунистер ренжіп қалып, мәжіліс депутаттығына кандидат Арман Шораевты сотқа берді. Шораевтың мәлімдемесінен көңілі қалған олар ашық әңгіменің орнына, сотқа жүгінуді жөн көріпті», –  дейді дереккөз.