Қазақстан — Израиль мен Ираннан өз азаматтарын эвакуациялаған жалғыз мемлекет

Қазақстан — қақтығыс аймағынан азаматтарын жедел эвакуациялаған жалғыз ел
Қазақстан өз азаматтарын қауіпке толы аймақтардан эвакуациялау үшін арнайы ұшақтар жіберіп, Израиль мен Ирандағы қақтығыстар аясында жедел әрі ауқымды эвакуация жүргізген жалғыз мемлекет болды, деп хабарлайды Altyn-orda.kz.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Израильден (Египет арқылы) — 66 адам, ал Ираннан (Армения, Әзербайжан және Түрікменстан арқылы) — 78 азамат Қазақстанға аман-есен жеткізілді.
Қауіп төніп тұрған аймақтарда қазақстандық дипломаттар әлі де жұмыс істеуде — олар елден әлі шығып үлгермеген азаматтарға тәулік бойы көмек көрсетіп отыр.
Сыртқы істер министрлігі эвакуацияға көмектескен елдерге алғыс білдіре отырып, қазақстандықтардың қауіпсіздігі — мемлекеттің басты және бұлжымас басымдығы екенін ерекше атап өтті.
