Қазақстан күшті әскер жиырмалығына енбей қалды

Қазақстан әскери күштердің күштілігі рейтингінде алғашқы жиырмалыққа ілікпеді. Ал көршілес Өзбекстан елі 19-орында тұр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі usnews.com сайты ұсынған дерекке сілтеп.
Америкалық U.S. News & World Report басылымының сарапшылары жасаған әлемдегі ең күшті армиялар тізіміне барлығы 89 мемлекет ұсынылған. Аталмыш тізімде Қазақстан 22-орынға жайғасқан. Бізден өзге Орталық Азия елдерінен Өзбекстан 19-орында тұр.
Бұлардан бөлек үздік ондыққа Қытай, Оңтүстік Корея, Иран, Ұлыбритания, Украина, Германия, Түркия кіреді.
Бұрынғы КСРО елдерінен Беларусь тізімде 12-орында тұр. Ал кестенің соңын Жаңа Зеландия, Литва, Люксембург, Латвия және Сингапур сынды елдер тәмамдайды.
Қоса кетейік, бұл деректен бөлек үздік елдердің жалпы рейтингінде Қазақстан 83-орында. Америкалық сарапшылар ұсынған үздік елдер тізімі бойынша Швейцария алғашқы тұр.
