Қазақстан макаронды көп жейтін елдердің қатарында көш бастап тұр.
Биыл Қазақстанда 39,3 мың тонна макарон өнімдері шығарылды. Жан басына шаққанда қазақстандықтар 17-18 келі макарон өнімдерін тұтынады. Айта кетсек, аталған өнім қымбаттаған.
Макарон өнімдері негізінен Қостанай облысы, СҚО, БҚО және Астана, Шымкент қаласында шығарылады. Еліміздегі макарон өнімдерінің 77 пайызы аталған өңірлерге тиесілі.
Рекордтық өндіріс 2020 жылы тіркелді, яғни 178,9 мың тонна.
Биыл үш айдың қорытындысы бойынша елімізде макарон өнімдері 35,1 пайызға қымбаттаған.