Қазақстан мектептері мен балабақшаларында жаңа жоба

1 қыркүйектен бастап барлық білім беру мекемелерінде аптасына 10 минут «қауіпсіздік сабағы» өтеді деп хабарлайды Altyn-orda.kz
Балалар төтенше жағдай қызметтерінің нөмірлерін жаттап, көшеде өзін қалай ұстауды үйренеді. Сондай-ақ кибербуллингтен қорғану, онлайн-қауіптерден сақтану және қаржылық сауаттылық тақырыптары қамтылады.
Мақсат – балалардың алаңдаушылығын азайтып, қауіпті жағдайларға дұрыс әрекет етуге үйрету.
