Қазақстан шекараларында әлсіз дүмпулер тіркелді

Қазақстандық сейсмологтар 19 қараша кешінде магнитудасы 4,4 болатын жер сілкінісін тіркеді. Дүмпулер Астана уақытымен 23:45-те Геофизикалық зерттеулер институтының Ұлттық деректер орталығы арқылы анықталды, деп хабарлайды Altyn-orda.kz.

Жерасты дүмпулерінің ошағы Қытай аумағында, Үрімшінің шығыс жағында, шамамен 10 шақырым тереңдікте орналасқан. Сейсмикалық оқиға энергетикалық класы 11 деңгейінде бағаланды, бұл әлсіз жер сілкіністеріне жатқызылады.

Бұл — екі тәулікте тіркелген екінші эпизод: бұған дейін мамандар Қырғызстан аумағында магнитудасы 4,3 жер сілкінісін болғанын хабарлаған еді.

Аймақ сейсмикалық жағынан белсенді болғанымен, екі жағдай да Қазақстанға қауіп төндірген жоқ және қирау туралы ақпарат болған жоқ.

Altyn-orda.kz